Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетіне қабылданған студенттердің Ұлттық біріңғай тестілеуде жинаған орташа балдарының жылдар бойы көрсеткіштері келесі 2-кестеде келтірілген:
2-кесте – Талапкерлердің 2005–2008 жылдардағы орташа балл көрсеткіштері
Пайыз
Мамандық бағыты | Орташа балл | |||
2005 ж. | 2006 ж. | 2007 ж. | 2008 ж. | |
Экономикалық | 54 | 60 | 63 | 58 |
Техникалық | 60 | 62 | 69 | 65 |
Жаратылыстану | 68 | 73 | 77 | 78 |
Жүргізілген эксперимент нәтижелері әрбір мамандыққа сәйкес соңғы төрт (үш) жылдың қорытындыларын салыстыру арқылы анықталды. Эксперименттік топтағы студенттердің математиканың нақты салалары бойынша білімдерінің сапалық өсу динамикасы келесі 3-кестеде келтірілген:
3-кесте – Эксперименттік топтардағы студенттердің бірыңғай ұлттық тестілеу орташа балл көрсеткіштері мен әрбір оқу жылындағы математикадан базалық білім сапасының орташа көрсеткішінің өсу динамикасы
Мамандық бағыты | Пән аттары | 2005/2006 | 2006/2007 | 2007/2008 | 2008/2009 |
| |||
ҰБТ | МББ | ҰБТ | МББ | ҰБТ | МББ | ҰБТ | МББ | ||
Экономикалық | Математика | 54 | 3,7 | 60 | 3,9 | 63 | 3,9 | 58 | 4,1 |
Техникалық | Математика – 1 | 60 | 3,9 | 62 | 4 | 69 | 4 | 65 | 4,3 |
Жаратылыстану | Дифференциалдық теңдеулер | 68 | 3,3 | 73 | 3,6 | 77 | 3,7 | 78 | 3,9 |
Нәтижесінде студенттерге математикадан базалық білім беруді және студенттер білімін тексеру мен бағалау жүйесін жылдан жылға жетілдіру арқасында бірінші және екінші бағыттар бойынша студенттердің соңғы жылдағы ҰБТ көрсеткіштерінің төмен болғанына қарамастан оқудағы жетістік көрсеткіштерінің жоғарылағанын, ал жаратылыстану-математикалық бағытындағы студенттердің білімдерінде тұрақты өзгеріс бар екенін көруге болады.
Эксперимент жүргізу барысында студентердің математиканы игеру деңгейлерін оқу мақсаттарының категориясы бойынша анықтау да жүзеге асырылды (4-кесте). Төменде эксперименттік және бақылау топтарындағы студенттердің математика пәні бойынша білімді игерулерінің салыстырмалы көрсеткіштері нәтижелер деңгейлері бойынша келтірілген:
4-кесте – Эксперименттік және бақылау топтарындағы студенттердің (экономикалық бағыт бойынша) математикадан игерген білімдерінің оқу мақсаттарының категориялары бойынша салыстырмалы көрсеткіштері
Пайыз
Оқу мақсаттарының негізгі категориялары | ||||||||||||
білім алу | игеру | қолдану | анализ | синтез | бағалау | |||||||
б/т | э/т | б/т | э/т | б/т | э/т | б/т | э/т | б/т | э/т | б/т | э/т | |
Бастапқы нәтиже | 73 | 75 | 23 | 24 | 30 | 30 | - | - | - | - | - | - |
Аралық нәтиже | 81 | 84 | 28 | 37 | 50 | 70 | 40 | 48 | 43 | 50 | 57 | 80 |
Соңғы нәтиже | 93 | 100 | 30 | 52 | 60 | 80 | 60 | 70 | 54 | 60 | 60 | 90 |
Ескерту 1 э/т – эксперименттік топтарындағы. 2 б/т – бақылау топтарындағы. | ||||||||||||
Кредиттік оқыту жүйесінде студенттерге математикадан базалық білім беруді жобалау мен жүзеге асыру нәтижесін баллдық-рейтингтік жүйемен тексеру мен бағалау жетістіктерінің динамикасын анықтауда қолданылған критерийлер мен нақты нәтижелер келесідей:
1. Ағымдық бақылауда басты назар аударлыған мәселелер: студенттің сабаққа қатысуы; студенттің сабақтағы белсенділігі; студенттің өз бетімен орындайтын жұмыстарын орындауы. Сабақ барысында студенттердің оқу әрекеттерінің белсенділік деңгейін бағалауда келесі мәселелер ескерілді: дәріс барысында ауызша сұраққа жауап беруі; практикалық сабақта тақырып бойынша есептерді белсенді шығару (тақтада, орнында отырып); тақырып бойынша қосымша тапсырма орындау.
2. Жалпы ағымдық бақылаудың пайыздық көрсеткішін есептеу келесідей жүзеге асырылды: А%=(Қ%+Ш%+Е%+СӨЖ%)/4.
3. Рубеждік бақылау семестрдің 8-ші және 15-ші аптасында қойылады. Ал жалпы рубеждік рейтингті есептеу Р%=(А%+PБ%)/2 формуласымен анықталды.
4. Студенттердің қорытынды балын есептеу келесі тәсілмен жүзеге асырылды: ҚБ(%) = Рорт·0,6 + Е %·0,4, мұнда Рорт – 2 рубеждік(аралық) бақылау рейтингісінің орташа баллы; Е% – емтихан бағасы (%); 0,4 – қорытынды бағалаудағы емтихан бойынша баллдың үлес салмақ көрсеткіші; 0,6 – қорытынды бағалау рейтингісінің үлес салмағының көрсеткіші. Қорытынды баға цифрлық, әріптік және дәстүрлі эквивалентке аударылады.
Оқыту эксперименті бойынша эксперименттік топтағы және бақылау тобындағы барлық студенттердің жоғарыда көрсетілген үлгі бойынша білімдерін бағалаудың жалпы көрсеткіштері келесідей:
а) , , оқу жылдары бойынша экономика бағытында оқитын студенттердің абсолюттік үлгерім көрсеткіштері (5-кесте,
1-сурет);
ә) , , оқу жылдары бойынша техникалық бағытта оқитын студенттердің абсолюттік үлгерім көрсеткіштері (6-кесте,
2-сурет);
б) , , оқу жылдары бойынша жаратылыстану математикалық бағыт бойынша оқитын студенттердің абсолюттік үлгерім көрсеткіштері (7-кесте, 3-сурет).
5-кесте
Пайыз
Э/Б | оқу жылы (студенттер саны: 39э+28э+21э+33б+21б+10б=152) | оқу жылы (студенттер саны: 41э+32э+25э+31б+31б+9б=169) | оқу жылы (студенттер саны: 27э+45э+33э+31б+38б+39б=213) | |||
І топ (экспер) | 69,2 | 72,2 | 73,4 | 80,1 | 80,2 | 85,7 |
ІІ топ (экспер) | 74,5 | 78 | 84 | |||
ІІІ топ (экспер) | 73 | 89 | 93 | |||
І топ (бақ-у) | 67 | 71,3 | 68 | 74,3 | 72 | 80 |
ІІ топ (бақ-у) | 74 | 82 | 83 | |||
ІІ топ (бақ-у) | 73 | 73 | 85 |

|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 |


