ӘОЖ 378.016.091.279.1:51:336.77(574) Қолжазба құқығында
ИСКАКОВА МАКПАЛ ТОЛЕУГАЛИЕВНА
Кредиттік технология негізінде жоғары математика
курсы бойынша студенттердің білімін бағалаудың
әдістемелік ерекшеліктері
13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі
(математика)
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Жұмыс Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде орындалды
Ғылыми жетекшісі педагогика ғылымдарының докторы
Қағазбаева Ә.К.
Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы
,
педагогика ғылымдарының кандидаты
Тұяқов Е. А.
Жетекші ұйым Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Қорғау 2009 жылы 25 желтоқсан сағат 1400 Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.08.05. диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86, 4-қабат, 415 бөлме
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады ( Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30)
Автореферат 2009 жылдың 25 қарашада таратылды
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы Ж.Ә. Шоқыбаев
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі. Әр мемлекеттің интеллектуалды, экономикалық және мәдени потенциалы сол елдің білім беру жүйесінің заман талабына сәйкес дамытылуына байланысты.
Заман талабына сай білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үдерісі. Нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінде білімалушы тек білім қорын жинақтап қана қоймай, сонымен қатар қажетті және жеткілікті дәрежеде жаңа іске бейім, өз бетімен шешім қабылдай алатын, жаңа эстетикалық, мәдени, тарихи құндылықтарды бағалай алатындай, алған білімдерін өз бетімен әрі қарай тереңдетіп, әртүрлі жаңа жағдайларда кеңінен қолдана алатындай жоғары деңгейдегі ойлау қабілеті дамыған тұлға болып қалыптасуы тиіс.
Оқытудың жаңа технологияларын енгізу білім беру жүйесін реформалаудың басым міндеттерінің бірі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы кредиттік оқыту жүйесіне көшуде қатаң бейімделу үдерісін басынан өткізуде. Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында кредиттік технологияны енгізудің негізгі мақсаты – республикамызда білім беру жүйесінің ұлттық моделін қалыптастыру мен әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу негізінде келешекте студенттермен, оқытушылармен, мамандармен алмасуды қамтамасыз ететін шарттарды жүзеге асыруға қажетті халықаралық өзара сынақ жүйесін құру.
Жоғарғы оқу орындарында мамандар дайындаудың бұрыннан қолданылып келген бірдеңгейлік жүйесі қазіргі нарық талаптарын қанағаттандыра алмайды. Дәстүрлі оқыту үдерісінде білім алушыға қойылатын талаптар мен нақты кәсіби қызметке қойылатын талаптар арасындағы алшақтық байқалуда. Сондықтан да күрделі кәсіби-өндірістік және ғылыми мәселелерді өзбетінше шешуге қабілетті шығармашыл қасиетке ие маманды қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану қажетттігі туындайды. Оқыту жүйесін кредиттік оқыту технологиясын енгізу арқылы жетілдіру мамандықтардың пәндерін, соның ішінде математикалық пәндер циклін ғылыми тұрғыдан әдістемелік қамтамасыз етуді, студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің жаңа инновациялық әдістемесін дайындауды талап етеді. Олай болса жоғары оқу орындарында оқу үдерісі деңгейінің сапасын көтеру мақсатында дәстүрлі оқыту формасын жаңалауға мүмкіндік беретін білім беру технологияларын дайындау және оны оқыту үдерісіне енгізу көкейтесті мәселе болып табылады.
Оқу-ағарту саласының қалыптасуы мен даму кезеңдеріне, оқыту тәсілдері мен бағалау жолдарына көптеген әдіскер-ғалымдар, психологиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізіп, әртүрлі тәжірибелердің сынақ нәтижелеріне сүйеніп, көптеген ой тұжырымдамаларын жасады.
Кеңестік дәуірдегі дидакт ғалымдар , , М. Н. Талызина және басқалар тексеру – оқу үрдісіне әсер ететін басшы құрал және оның білімді тексеру барысын қамтамасыз етуде әсері зор екенін көрсетті.
Тексеру барысының сипаттамасы, ұйымдастыру мен жүргізу жолдары ң, ң, ің және т. б., ал тексерудің әртүрлі әдіс-тәсілдерінің тиімділігін анықтау ң, ң, ң, ң және т. б. ғылыми еңбектерінде қарастырылды. , , секілді ғалымдар өз еңбектерінде білімді тексерудің әртүрлі әдістемелік аспектілерін оқу үдерісінің басты компоненті, құрылымы ретінде ұсынған. Педагогикада, жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде білімді тексеру мен бағалау, жоғары кәсіптік білімнің теориялық және әдістемелік проблемаларына ң, ң, ң, ің, ң, ң, ң, ң, ң және т. б. жұмыстары арналса, жалпы теориялық аспектілерге, білімді тексерудің дербес түрі мен тәсілдеріне ң, ң, ің, ң, ң, ң, ң және басқалардың еңбектері арналды.
Қазіргі таңда білімді тексеру мен бағалаудың рейтингтік – модульдік жүйесі кең көлемде қолданылуда. Бұл жүйе жоғары оқу орындарында қолданылатын білімді жеке-даралық тексеру құрылымының негізін қалайды.
Студенттерді оқытудың нәтижелерін, яғни білімін, біліктілігін және дағдысын бақылау оқыту жүйесінің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Бақылаудың психологиялық және педагогикалық мәні – студенттерге дер кезінде көмек көрсету, олардың шығармашылық ізденісіне, қабілетіне сенім білдіру, сонымен қатар бағдарламалық талаптарды нәтижелі етіп орындауға ынталандыру, сапалы еңбекке баулу болып табылады. Жүйелі бақылау барысында студенттердің алған білімінің тек сандық сипатын ғана емес сапалық көрсеткішін де толық алуға мүмкіндік туады.
Білімді бақылаудың модульдік-рейтингтік жүйесіне В. Наделяев, , С. Ершиков, , ң ізденістері арналды.
Мұндай түбегейлі зерттеулерден қазақстандық әдіскер-ғалымдар да тыс қалған жоқ. Олар оқытудың нәтижелерін тексеруде әрбір студентке жекелеген тапсырмалар берудің барынша тиімді екенін өз еңбектерінде дәлелдеп отыр. Атап айтсақ, математиканы оқыту барысында білімді тексеру мен бағалауды тиімді ұйымдастыруда А. Е. Әбілқасымованың, А. К. Көбесовтың, ің, ң, ң, ғұловтың, М. Есмұханның, ұхановтың, ң, Е. Медеуовтың, Ә.К. Қағазбаеваның, ң және кандидаттық зерттеу жұмыстары: Ә.С. Кенештің, Ә.П. Мұстафаевтың, Б. К. Өтеджанованың, Е. А. Тұяқовтың және т. б. еңбектерінің маңызы зор. Бұл ғалымдар еңбектерінде білімді тексеру мен бағалаудың нақты тәсілдерін қарастырып қана қоймай, студенттердің педагогикалық ой-өрісін кеңейту, оқу қызметін ұйымдастыру түрлері мен әдістерінің жалпы қағидаларын айқындап көрсетті.
Алайда білімді тексерудің өзі – кең ауқымды ұғым. Оған білімді тексеру жүйесі, тексеру жолы әдіс-тәсілдері, талап-талғамдары, ұйымдастыру жолы, мазмұндық құрылымы және т. б. жатады. Психолого-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге, жоғары оқу орындарында студенттердің білімдерін тексеру мен бағалаудың практикалық жағдайына талдау жасау білім сапасын бағалауды ұйымдастырудың инновациялық формасының жоғары жалпытеориялық деңгейде жеткілікті қарастырылғанымен оны білімді үздіксіз бақылау жүйесінде қолдану деңгейінің төмен екендігін көрсетті.
Бұл қайшылық оқытушының үлкен көлемді ақпаратты студенттер тобына бере алу мүмкіндігінің мол болуы мен ол ақпараттарды студенттердің игеру деңгейлері туралы, тек дәстүрлі әдістермен тексеру арқылы, толық мәлімет алудың шектеулігі арасындағы қарама-қайшылықпен толығады.
Аталған қайшылықтарды шешуде, яғни қазіргі таңда жоғары білім беруде математиканы оқыту үдерісін ұйымдастыруда студенттердің білімін тексеру мен бағалаудың тиімді жүйесін айқындау қажеттігі зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Кредиттік технология негізінде жоғары математика курсы бойынша студенттердің білімін бағалаудың әдістемелік ерекшеліктері» деп атауымызға себеп болды.
Зерттеудің мәселесі: Білім берудің әрбір сатысында – білімді бағалаудың теориялық және әдістемелік негізін жасаудың маңызы артуына байланысты, білім сапасының объективтік рейтингін анықтайтын ғылыми дәлелденген әдістеме жасау.
Зерттеу объектісі: Жоғары оқу орындарында студенттерге математиканы оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: Кредиттік оқыту жүйесінде жоғары математика курсы бойынша студенттердің білімін бақылау мен бағалау әдістемесі.
Зерттеудің мақсаты: Жоғары оқу орындарында студенттерді математикаға оқытуды жетілдіруге, оның тиімділігін арттыруға әсер ететін кредиттік оқыту технологиясы негізінде білімді тексеру мен бағалаудың теориялық және практикалық негіздемелерін дайындау және оны эксперименттік тәжірибе арқылы тексеру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту жүйесі жағдайында студенттерді математиканы игертуге технологиялық тұрғыдан келудің ерекшеліктеріне және оқыту үдерісінің технологиялық сипатының критерийлеріне, ал студенттердің білімін тексеру мен бағалау балдық-рейтигтік жүйенің ерекшеліктеріне сүйене отырып жүзеге асырылса, онда студенттердің танымдық іс-әрекеттерінің белсенділігі мен дербестігі артады, студенттер білімін тексеру мен бағалаудың объективті деңгейі көтеріледі, студенттердің оқу материалын меңгерудегі оқу-танымдық іс-әрекеттерін циклді және бағытты басқаруға мүмкіндік жасалады және студенттер білімдерінің сапасы артады.
Зерттеудің мақсаты, пәні және зертеудің ғылыми болжамы зерттеудің келесідей міндеттерін айқындайды:
– жоғары білім беру жүйесіне жаңа технологияларды, соның ішінде кредиттік технологияны енгізу арқылы білім сапасын көтеру мәселелеріне және оны енгізуді негіздейтін нормативтік құжаттар мен оның талаптарының практикада жүзеге асырылу жағдайларына талдау жасау;
– зерттеу мәселесіне байланысты жоғары оқу орындарында математиканы оқытуды, студенттер білімін тексеру мен бағалауды жетілдіру жолдарына арналған зерттеу жұмыстарына сараптау және талдау жүргізу;
– кредиттік оқыту жүйесінде жоғары математика курсынан студенттердің білімін бағалаудың әдістемелік ерекшеліктерін дәстүрлі бағалау әдісімен салыстыра отырып айқындау;
– кредиттік оқыту жүйесінде жоғары математика курсынан студенттердің білімін тексеру мен бағалау әдістемесін (балдық-рейтінгтік жүйесін) құру;
– мемлекеттік стандартқа сәйкес математикадан тақырыптар мен негізгі анықтамаларды сипаттай отырып, дидактикалық бірліктерді анықтау негізінде бақылаулық-тестілік материалдар дайындау;
– кредиттік оқыту жүйесінде жоғары математика курсынан студенттердің білімін бағалау әдістемесіннің тиімділігін эксперимент арқылы анықтау.
Зерттеудің жетекші идеясы: Жоғары білім беру сапасын әлемдік білім беру талаптарына сәйкестендіру үшін білім беру жүйесіне жаңа технологияны енгізу жағдайында студенттердің математикадан білімдерін бағалаудың әдістемелік жүйесін жаңарту.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Таным теориясы, дамыта оқыту мен ақыл ой әрекеттерін сабақтастыра қалыптастыру теориясы, педагогикалық–психологиялық ғылымдардың іргелі зерттеулері мен «сапа» категориясы туралы ойлары, дидактиканың және математика әдістемесінің негіздері, білім берудегі жеке-даралық теориялар, білім беру жүйесінің жұмысын ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құжаттар: «Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы», «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы», Республикамыздың жоғары білім білім беру жүйесінің әрбір сатысына арналған «Білім берудің мемлекеттік міндетті стандарттары».
Зерттеудің ғылыми және теориялық жаңалығы:
– жоғары оқу орындарында математикадан білім беру жүйесіне технологиялық тұрғыдан келу ұғымының мәні анықталды және оқыту үдерісінің технологиялық сипатының критерийлері нақтыланды;
– кредиттік оқыту жүйесі жағдайында жоғары оқу орындарында студенттерге сапалы білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері талданды және соған сәйкес қорытындылар жасалды;
– студенттер білімінің сапасын үздіксіз тексеру мен бағалаудың дидактикалық әдіс-тәсілдері жүйеленіп, кредиттік оқыту жүйесінде білімді тексеру мен бағалаудың ерекшеліктері нақтыланды;
– кредиттік оқыту жүйесі жағдайында математикадан студенттер білімін тексеру мен бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу әдістемесі жасалды.
Зерттеудің практикалық маңызы: Жоғары оқу орындарында мамандық бағыттары бойынша математика пәндерін студенттерге оқытуда кредиттік оқыту технологиясы принциптері жүзеге асырылып, оқу-әдістемелік кешендер дайындалды. Құрамына дәстүрлі емес дәрістер, студенттің өздігімен жұмыс істеу түрлері, бақылаудың ойын түрлері, бақылаудың баллдық-рейтінгтік жүйесі тиісті болатын дидактикалық кешен дайындалып, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің іс-тәжірибесіне енгізілді. Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарының оқытушылары іс-тәжірибелерінде және ғылыми ізденістерінде пайдалана алады.
Зерттеу әдістері:
– теориялық және эмпирикалық зерттеулерге негіз болатын жалпығылыми: зерттеу тақырыбына байланысты педагогикалық-психологиялық, дидактикалық-әдістемелік зерттеу жұмыстарына, оқу құралдарына, математикалық оқулықтар мен оқыту стандарттарына, нормативтік құжаттарға талдау жасау және олардағы мәліметтерді жалпылау мен нақтылау;
– теориялық: салыстырмалы талдау, кредиттік оқыту жүйесінде жоғары математика курсынан студенттердің білімін бағалаудың әдістемелік ерекшеліктерін айқындау және теориялық негіздеу;
– эмпирикалық: кредиттік оқыту технологиясы жағдайында оқытушылар мен студенттердің оқыту үдерісіне байланысты іс-әрекеттерін зерттеу (бақылау, рейтинг, педагогикалық эксперимент);
– диагностикалық: анкеталық сауалнама, бақылаулық-тестілік әдістер;
– статистикалық: білімді бақылау мен бағалаудың ғылыми тұрғыда негізделген әдістерін қолдану.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
1. Студенттерді мамандыққа дайындау деңгейі негізінен жоғары оқу орындарында пәндерді оқу барысында алған білімдерінің сапасының объективті бағалануымен анықталады. Білім сапасын объективті анықтаудың тиімділігі оқу процесінде білімді тексеру мен бағалауда қолданылатын дидактикалық әдіс-тәсілдер жүйесімен қамтамасыз етіледі.
2. Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында жоғары оқу орындарының студенттерінің білімдерін тексеру мен бағалау – білімді тексеру, бағалау және білім сапасын диагностикалаудың дәстүрлі және инновациялық түрлерінің сабақтастық жүйесі болып табылады және ол баллдық-рейтингтік технология арқылы тиімді жүзеге асырылады.
3. Баллдық рейтингтік жүйе, жоғары оқу орындарында білім сапасын үздіксіз тексеру мен бағалау құралы ретінде, дидактиканың жүйелі концепциясы мен жаңа рейтингтік аттестациялау әдістемесі жағдайларына сәйкес құрылған әдістемелік модельдің құндылығын үйлестіре отырып, оқыту субъектілерінің «оқытушы-студент» жүйесінде үзіліссіз әрекеттесулерін қамтамасыз етеді.
Зерттеудің кезеңдері: Зерттеу үш кезеңнен тұрады:
І-кезең ( ж.) – мазмұнды іздену. Бұл кезеңде:
1. Зерттеудің бастапқы жағдайы анықталды, жоғары оқу орындарындағы студенттердің білімдерінің сапасын бағалаудың тиімділігін арттыру жолдарын іздеу жүзеге асырылды.
2. Зерттеудің негізгі мәселелерінің теория мен практикадағы жағдайы талданды, әдіснамалық және теориялық негіздері анықталды.
3. Кредиттік оқыту жағдайында математиканы оқытуды жетілдіру бағытында зерттеудің мақсаты мен міндеттері, жетекші идеясы, ғылыми болжамы, аппараты айқындалды, жұмыс жоспары құрылды.
ІІ-кезең ( жж.) – эксперименттік-тәжірибе. Зерттеу мәселесіне сәйкес дәлелді педагогикалық, әдістемелік фактілерді жинақтау, талдау және топтау, кредиттік оқыту жағдайында студенттердің математикадан алған білімдерін баллдық-рейтінгтік жүйемен бақылау мен бағалаудың нәтижелерін жинақтау, салыстырмалы талдаулар жасау жүзеге асырылды, түзетулер енгізілді, педагогикалық эксперимент жүргізіліп, ғылыми болжам тексерілді.
ІІІ-кезең ( жж.) – қорытынды жалпылау. Эксперимент нәтижелерін талдау және өңдеу, зерттеу жұмысын рәсімдеу жүзеге асырылды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге енгізу:
Зерттеу жұмысының нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге енгізу Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенттерін экономикалық, техникалық және жаратылыстану-математикалық бағытындағы мамандықтар бойынша дайындау барысында математикалық пәндерді жүйелі оқыту арқылы жүзеге асырылды.
Жұмыс нәтижелері халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда талқылаудан өтті: «Математикалық марафон» // Математикалық система мен физикалық құбылыстарды математикалық модельдеу (халықаралық конференция материалдары). – Алматы, 2001; «Студенттерді кәсіби шеберлікке баулу» // Халықаралық конференция. – Кокшетау, 2002; «Тест деңгейін айқындау», «Дистанттық оқыту арқылы студенттердің математикалық сауаттылығын жетілдіру мәселелері» // XXI ғасырдағы білім технологиясы: проблемалары мен даму бағыттары (халықаралық конференция материалдары). – Ақтөбе, 2002); «Дәріс сабағындағы кері байланыстың қажеттілігі жайында» // Функциялар теориясы, функционалдық анализ және олардың қолданулары (халықаралық конференция материалдары). – Семей, 2003; «Практикалық сабаққа арналған оқу құралы құрылымы хақында» // Үшінші мыңжылдықтың оқулығы: жасау, шығару және тарату (халықаралық конференция материалдары). – Алматы, 2003; «Дамыта оқыту жағдайында анализ бен синтездің маңыздылығына бірер мысал» // Оценка качества высшего образования: опыт, проблема, перспективы (халқаралық конференция материалдары). – Семей, 2004; «Кредиттік оқыту жүйесінде білім сапасын бағалау математикасы» // Ғылыми ізденістердің негізгі мәселелері және перспективалық бағыттары (халықаралық конференция материалдары). – Алматы, 2008; «Кредиттік оқыту жүйесінде «Математика» пәні бойынша СОӨЖ-ді ұйымдастыру» // Физика және математика. Компьютер. Білім (республикалық конференция материалдары). – Семей, 2008; «Жазғы семестрде «Математика» пәнін оқыту ерекшеліктері» (республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары). – Павлодар, 2008.
Мақалалар ғылыми-әдістемелік журналдарда жарық көрді: «Математикалық дәлелдеу бастамаларын оқытудың логикасы мен технологиясы», «Білімді нақтылаудың бір жолы» (Математика және информатика. – №3, №4, 2001); «Тақырып арасындағы сабақтастықты сақтаудың тиімділігі», «Бір теориямен бірнеше тақырыпты қамту» (Физика және математика. – №2, 2002; №5, 2003); «Математикалық эстафета», «Қосалқы жауапты тапсырмалар тиімділігі» (Білім-Образование. – №1, 2004, №5, 2005).
Оқу құралдары оқыту процесіне қолданысқа енгізілді: «Дифференциалдық теңдеулер және вариациялық есептеулер» (2005 ж.), «Курс лекции по функциональному анализу (по кредитной технологии для студентов специальности «Математика»), «Ықтималдықтар теориясы» (2006 г.).
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі зерттеу проблемасы бойынша ғылыми еңбектерді зерделеу мен талдау жасаумен; зерттеу әдістерінің зерттеудің мақсатына, объектісі мен пәніне, мәселелері мен логикасына сәйкестігімен; бастапқы теориялық жағдайлардың қатаң дәлелденгендігімен; жұмыстың логикалық қорытындыларымен; зерттеу жұмысының негізгі қағидаларының дәлелді эксперименттік тексеру нәтижелерімен; зерттеудің әртүрлі кезеңдеріндегі алынған нәтижелердің қайшылықсыздығымен және бір-бірінің сабақтастығымен анықталады.
Диссертацияның құрылымы алға қойылған міндеттерді шешудің логикасымен, реттілігімен анықталады. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі; объектісі; пәні; мақсаты; зерттеудің ғылыми болжамы; зерттеудің міндеттері; әдістемелік негізі, әдістері жетекші идеясы; зерттеудің ғылыми жаңалығы, негізгі тұжырымдары; теориялық, практикалық маңыздылығы; қорғауға ұсынылған қағидалар баяндалған.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 |


