Әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер.

, “ Flash MX и Action Script ” , Питер - СПб, 2004 г. “Action Script 2.0. Программироние во Flash MX 2004” ,

Питер-СПб, 2004

Джоди Китинг Flash MX Исскуство создания Webсайтов, Питер - СПб, 2004 Создание анимационных эффектов в Macromedia Flash MX 2004” , Москва, “NT Press”, 2005 г.

Қосымша әдебиеттер:

1. Мухамбетова Ғ.Г. „Macromedia Flash прогмаммасы құралдары көмегімен анимациялық эффект жасау” , Орал, БҚМУ баспа орталығы, 2007 ж.

2.“Масromedia Flash MX”, “Flash 5” электрондық оқулықтары.

Периодтық әдебиеттер:

Журнал “Информатика негіздері”, Алматы. периодтық баспа оқу залы

Журнал “Информатика и образование”, Москва. периодтық баспа оқу залы

Газета “Информатика ”, Москва. периодтық баспа оқу залы

Интернет-көздер:

www.informika.ru- информациялық сайт

www. *****, www. ***** –рефераттар жинағы

3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ

п/п

Жұмыс түрі

Тапсырманың мазмұны мен мақсаты

Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Практикалық жұмыс тапсырмаларын орындау

Теорялық материалды меңгеруін тексеру

Жұмыс тақырыбына сәйкес

1-15 аптада

2

Компьютерде Flash анимация жасау.

1

СООӨЖ тапсырмаларын орындау

Өтілген тақырып бойынша негізгі элементтерді бекіту

Жұмыс тақырыбына сәйкес

1-14 аптада

1

Анимациялық эффект жасау, бақылау сұрақтарын ауызша тапсыру

2

Бақылау жұмысы

Алған білімдерін тексеру

Жұмыс тақырыбына сәйкес

6- апта

2

Жазба жұмысы.

3

Коллоквиум.

Алған білімдерін тексеру

Жұмыс тақырыбына сәйкес

7,14- апта

2

Ауызша сұрау.

4

Шығармашылық жұмыс

шығармашылық еңбекке, логикалық ойлауға тәрбиелеу

Жұмыс тақырыбына сәйкес

3,5,7 ,11, 15- апта

0,5

Компьютерлік оқыту программасын презентациялау

Емтихан

Білімді кешенді тексеру

Тест

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ

Кафедра ___информатика____тьютор _Мухамбетова Ғ.Г.

Пән Flash технологиясы

Кредит саны____2____

п/п

әдебиеттер

тізімі

Қамтылуы

ескерту

кітап-ханада

кафедрада

Студенттер дің қамтылуы (%)

Электрондық түрі

1

2

3

4

5

6

7

2

“Action Script 2.0. Программироние во Flash MX 2004” ,

Питер-СПб, 2004

1

6

№2 оқу залында

3

, “ Flash MX и Action Script ” , Питер - СПб, 2004 г.

1

6

№2 оқу залында

4

Джоди Китинг Flash MX Исскуство создания Webсайтов, Питер - СПб, 2004

1

6

№2 оқу залында

5

Мухамбетова Ғ.Г. „Macromedia Flash прогмаммасы құралдары көмегімен анимациялық эффект жасау” , Орал, БҚМУ баспа орталығы, 2007 ж.

10

66

№2 оқу залында

5. Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі).

1- апта

1- кредит сағат.

Тақырыбы: Flash технологияға кіріспе. Flash МХ программасының қызметі және экрандық интерфейсі, негізгі ұғымдары.

Дәріс мазмұны:

1. Flash технологияға кіріспе.

2. Программаның қызметі және мүмкіндігі

3. Flash MX-тің экрандық интерфейсі.

Macromedia фирмасының Flash программалық өнімі Web-беттің мультимедиялық компонентін жасауға арналған. Flash технологиясы Shockwave Flash (SWF) форматтағы векторлық графиканы қолдануға негізделген. Macromedia көмегімен қарапайым батырмадан бастап күрделі мультипликацияға дейінгі анимацияланған бейне жасалынады.

Flashпен жұмыс істеуде *.fla (flash animation) типті файл жасалады. Mұндай файл Flash редакторының ішкі форматы болып табылады және осы программа арқылы ашылады. Web-броузер көмегімен қарауға арналған фильмдер HTML форматына экспортталуы қажет. Ол үшін Flash-тің менюінен File\Publish командасы орындалады. Нәтижеде Microsoft Internet Explorer борузері арқылы қарауға болатын *.htm типті және Flash-плеер көмегімен қарауға мүмкіндік беретін *.swf типті файл жасалады. Flash - фильмді avi форматта сақтап, оны Windows-тың әмбебап ойнатқышы (Windows Media Player) арқылы да қарауға болады. Flash-тің жұмыс столының цетрінде мондаждау столы орналасқан. (оны қысқаша стол деп атаймыз.) Фильмді жасау осы столда жүзеге асады.

Оның үстінде сцена атауы көрсетіледі: Scene1,2 . Осы қатардың оң жағында сценаны таңдау батырмасы (Edit Scene) орналасқан.

Экранның сол жағында фильм объектілерін жасайтын және редакциялайтын құралдар панелі орналасқан. Бұл құралдардың көпшілігі қолданушыға графиктік редакторлардан белгілі. Жұмыс жасауға ыңғайлы болу үшін құралдар панелі 4 бөлікке бөлінген.

Әдебиеттер: [1] [2] [3] қ[1]

2- апта

1- кредит сағат.

Тақырыбы: Flash - тің түспен жұмыс істеу құралдары. Уақыт диаграммасы. Қабат атрибуттары. Анимация, оның түрлері. Кадрлық анимация жасау.

Дәріс мазмұны:

1. Түспен жұмыс істеу құралдары.

2. Уақыт диаграммасы оның элементтері, атқаратын қызметі.

3. Қабат атрибуттары.

4. Анимация, оның түрлері.

5. Кадрлық анимация жасау.

Flash-тің жұмыс аймағының үстінде уақыт диаграммасының (TimeLine) панелі орналасады. Ол арқылы фильм анимациясы жасалады. Уақыт диаграммасы қабаттардың өзара орналасуын, сценадағы объект жағдайының өзгеру тізбегін сипаттау т. б. әрекеттерді орындайды. Ол анимация жасаудағы және фильмнің интерактивті элементінің күйін сипаттаудағы негізгі құрал болып табылады.

Уақыт диаграммасы төмендегі элементтерден құралады:

- Қабат және оның сипаттамасы, яғни қабат аты (Layer1), және объект атрибуттары (көрінуін басқару -Show/Hide, блокировкалау - Lock/Unlock, контурын көрсету -OutLines ).

Қабат- қандай да бір өзіндік атрибуттарды орнатуға болатындай фильм сценасының бөлігі. Ол бірінің үстіне бірі салынған түссіз қағаз беттері (калька) тәрізді. Flash-те қабат саны - 16000. Қабат саны файл көлемін өзгертпейді. Қабат қосу және оны жою үшін, контекстік менюден сәйкес Insert Layer, Delete Layer командалары таңдалады.

- Уақыт диаграммасы. Ол кадрлар шкаласынан, “оқу бастиегінен” (счытывающая головка), әр қабат үшін уақыт диаграммасынан тұрады. Кадрлар шкаласы барлық қабат үшін жалпы және 5 қадамнан өсу ретімен нөмірленеді. Оқу бастиегі (Play head)- анимацияның ағымдық кадрын көрсететін индикатор. Кезекті кадрды жасау және фильмді орындату кезінде оқу бастиегі уақыт диаграммасы бойымен автоматты жылжиды.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9