- release- тышқанның сол жақ батырмасын жіберген кездегі оқиға (яғни, батырмада шерткен кезде)
- releaseOutside- қолданушы тышқан курсорын батырманың белсенді аймағынан тыс жерге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын жіберген кезде;
- keyPress - қолданушы пернетақтадағы белгілі бір пернені басқан кезде; т. с.с.
Батырма үшін де сценарий жазуға болады. Батырма жасап алғаннан кейін жасалған батырмада шертіп, F9 пернесін басу арқылы Action - Button тақырыбы бар Action панелін шақыру керек. Панель терезесінде қажет код теріледі. Алдыңғы сабақтарда Action Script тілінің командаларын қолданылды. Мысалы: stop() –фильмді тоқтату командасы.
Сонымен қатар gotoAndPlay(кадр нөмірі) командасы басқаруды нөмірі көрсетілген кадрға беруді жүзеге асырса, stop() командасы фильмді тоқтатуды жүзеге асырады. Батырма үшін on (оқиға){әрекет} оқиға өңдеушісі анықталған.
Мысалы: on (release){
gotoAndPlay(“Scene 2”,5)}
Нәтижеде басқару 2- сценаның 5- кадрына беріледі.
Әдебиеттер:[1] - [4], қ[1]
13- апта
1- кредит сағат.
Тақырыбы: ActionScript тілін қолданып программалау. Қарапайым сценариийлер жазу.
Дәріс мазмұны:
1. ActionScript тілін қолданып программалау.
2. Тілдің операторлары.
3. Қарапайым сценариийлер жазу
Trace() командасы. Айнымалаларды қолдану. Цикл. Функция. Массивтер.
Клипті көшіру операциясы арқылы әртүрлі визуальды эффект жасауға болады. Онда кездейсоқ сандар генераторын қолдануға болады. Бұл ActionScript- тің екі функциясы арқылы жүзеге асады.
1) Random();
Бұл функция 0 мен n-1 аралығындағы кездейсоқ бүтін санды береді.
2) кездейсоқ сан алудың екніші тәсілі Math объекісінің әдісін шақыру.
Кездейсоқ, хаостық анимацияны жасаудың кең қолданылатын мысалдарының бірі- жауған қар немесе жаңбырдың эффектісі.
Программасын қарастыру.
Жанған майшам жалынының имитациясын жасау программасы.
Әдебиеттер:[1]- [4] , [4] б. 86-93 бет.
14- апта
1- кредит сағат.
Тақырыбы: Баннер. Баннер түрлері. Баннер тиімділігін арттыру.
Дәріс мазмұны:
1.Баннер.
2. Баннер түрлері: GIF, JPEG, JAVA, HTML, FLASH баннерлер.
3. Баннер тиімділігін арттырудың 25 ережесі.
Баннер- интернет бетке орналасатын шағын картина немесе анимация. Ол әдетте жарнама жасау үшін қолданылады. Баннерді MXFlash құралдары көмегімен жасауға болады.
Баннер түрлері: GIF, JPEG, JAVA, HTML, FLASH баннерлер. Баннер тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру.
Әдебиеттер: [1]- [4] , [1]
15- апта
1- кредит сағат.
Тақырыбы: Визуальды эффект жасаудың қондырылған құралдары.
Дәріс мазмұны:
1. Визуальды эффект жасаудың қондырылған құралдары.
2. Объект көлеңкесін жасау, жайылу эффектілері.
3. Объект жарылысы.
4.Кеңейтілу, өту эффектілері.
Macromedia Flash MX 2004 әртүрлі визуальды эффектілерді тез жасаудың (автоматты) бірнеше құралдарар жиынтығынан тұрады.
Эффектілерді автоматты жасау тез нәтиже алу үшін қажет.
Insert/TimeLine Effects пунктінде эффектілердің 3 тобы орналасқан:
Assistant (Көмек)
Effects (Эффектілер)
Transform/Transition (Түрлендіру/Өту)
Объект көлеңкесін жасау, жайылу эффектілерін қарастыру.
Macromedia Flash MX визуальды эффект жасаудың қондырылған құралдары арқылы объект жарылысын қарастыру.
Кеңейтілу, өту эффектілерін жүзеге асыруды қарастыру.
Әдебиеттер: [1]- [4] , [4] 45-61 бет.
6. Практикалық жұмыстардың жоспары.
№ | Тақырыбы | Практикалық жұмыс мазмұны | Апта | Әдебиеттер |
1 | Flash МХ – тің экрандық интерфейсі. Сурет салу құралдарын қолдану. | 1. Flash МХ – тің экрандық интерфейсімен танысу. 2. Сурет салу құралдарын қолданып суреттер салу. | 1 | [1]-[4] |
2 | Уақыт диаграммасы-мен жұмыс. Кадрлық анимация жасау. | 1. Уақыт диаграммасымен жұмыс. 2. Кадрлық анимация жасау. | 2 | [1] 30-35 б. қ[1] 9-10 б. |
3 | Бірнеше сценалы кадрлық анимация жасау. Калька режимі. | 1. Калька режимі. 2. Объектіні редакциялау құралдарын қолдана отырып, екі сценалы кадрлық анимацияны жүзеге асыру. | 3 | [1]-[4] қ[1] 12-13 б |
4 | Объект қозғалысының және трансформациясының tweened анимациясы. | 1. Объект қозғалысының tweened анимациясы. 2. Объект трансформациясының tweened анимациясы. | 4 | [1]-[4] қ[1] 18-23 б. |
5 | Объект қозғалысын жетекші қабат арқылы ұйымдастыру. | 1Объектіні берілген траектория бойынша қозғалту. 2. Guide қабатымен жұмыс. 3. Объект қозғалысын жетекші қабат арқылы ұйымдастыру. | 5 | [1]-[4] қ[1] 24-26 б |
6 | Мәтін анимациясын жүзеге асыру. Айналатын, жоғарыдан төмен түсетін әріптер және жүгірмелі жол эффектісін жасау. | 1. Айналатын мәтін эффектісін жасау. 2. жоғарыдан төмен түсетін әріптер эффектісін жасау. 3. жүгірмелі жол эффектісін жасау. | 6 | [1]-[4] қ[1]- 29-31 б |
7 | Дыбыстық эффектімен қамтылған фильм жасау. | 1.Дыбыс параметрлері 2. Flash фильмді дыбыспен қамтамасыз ету. | 7 | [1]-[4], қ[1] 34-37 б. |
8 | Символдар библиотекасын қолданып фильм жасау. | 1. Символ типі. 2. Символ жасау және редакциялау. 3. Символдар библиотекасын қолданып фильм жасау. | 8 | [1]-[4], қ[1] |
9 | Клип жасау. Жасалған анимацияны клипке айналдыру. | 1. Клип жасауды жүзеге асыру құралдары. 2. Дөңгелек анимациясын жасап, оны клипке түрлендіру және оны фильмде қолдану. | 9 | [1]-[4], қ[1] 14-18 бет. |
10 | Маска қабатын қолданып анимация жасау. | 1. Маска қабаты. 2.Маска қабатының жұмысы. 3. Сурет салушы сызық эффектісін жасау. | 10 | [1]-[4], қ[1] 31-34 бет. |
11 | ActionScript программалау тілінің элементтерін қолдану. | 1.Action панелі. 2. Режимдері: Normal, Expert 3. ActionScript программалау тілінің элементтерін қолданып тестілеу программасын жасау. | 11 | [1]-[4], қ[1] 41-46 бет. |
12 | ActionScript тілінің элементтерін қолданып батырма сценарийін жасау. | 1. Батырмалар библиотекасы. 2. Батырма жасау. 3. «Басу машинкасы» жаттығуын жасау. 4. Батырма жасап, оған программа кодын жазу. | 12 | [1]-[4], [1] 104-106 б. қ[1] |
13 | ActionScript тілінің элементтерін қолданып фильм жасау. | 1. ActionScript тілін қолданып программалау. 2. Тілдің операторлары. 3. Қарапайым сценариийлер жазу: жауған қар қозғалысының анимациясы, от жалынының эффектісі. | 13 | [1]-[4] [1] 124-134 б. |
14 | Баннер. Түрлері және оны жасау. | 1.Баннер. 2. Баннер түрлері: GIF, JPEG, JAVA, HTML, FLASH баннерлер. 3. Flash құралдарын қолданып, баннер жасау. | 14 | [1]-[4], [1] |
15 | Визуальды эффект жасаудың қондырылған құралдарын қолдану. | 1. Визуальды эффект жасаудың қондырылған құралдары. 2. Объект көлеңкесін жасау, жайылу эффектілері. 3. Объект жарылысы, кеңейтілу, өту эффектілері. | 15 | [1]-[4], [4] 45-61 б. |
7. Пәнді оқыту жөнінде әдістемелік нұсқаулар.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 |


