Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:
Баға | |||
Әріптік жүйе бойынша | Ұпай саны бойынша | %-дық көрсетілуі | Дәстүрлі жүйе бойынша |
А | 4,0 | 95 – 100 | өте жақсы |
А- | 3,67 | 90 – 94 | |
В+ | 3,33 | 85 – 89 | жақсы |
В | 3,0 | 80 – 84 | |
В- | 2,67 | 75 – 79 | |
С+ | 2,33 | 70 – 74 | қанағаттанарлық |
С | 2,0 | 65 – 69 | |
С- | 1,67 | 60 – 64 | |
Д+ | 1,33 | 55 – 59 | |
Д | 1,0 | 50 – 54 | |
F | 0 | 0 - 49 | қанағаттанғысыз |
Бағалау саясаты.
Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайылық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.
Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.
Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау
• Семестрдің 7(8)- аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15- аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.
• Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі
U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4
P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті
Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
Курс саясаты.
Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.
Студенттер міндетті:
1. Сабаққа кешікпеуге.
2. Сабақ үстінде қатты сөйлемеуге.
3. Сабаққа таза келуге.
4. Себепсіз сабақ жібермеуге, ауырып қалған жағдайда ол жөнінде анықтама қағаз әкелуге.
5. Жіберілген сабақты оқытушы белгілеген уақытта тапсыруға.
6. Оқу процесіне белсенді араласуға.
7. Тапсырмаларды ұқыпты орындауға.
8. Оқытушылар мен курстастарына сыйлы, шыдамды, байсалды болуға.
9. Барлық сабақтарда кері байланысты жүзеге асыруға.
10. Пунктуальді және жауапты болуға.
11. Сабақ үстінде ұялы телефонмен сөйлеспеуге.
Студенттерге қойылатын талаптар:
1. Сабаққа қатысу.
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Әрбір қатыспаған сабақ оқу-әдістемелік кешенде көрсетілгендей көлемде тапсырылады. Курстың үштен бір бөлігіндей көлемінде себепсіз сабақ қалдырған студент курстан шығарылады.
2. Дәрісханадағы тәртіп
Студент сабаққа кешікпей келуі, сабаққа белсенді қатысуы тиіс. Сабақты қабылдауға бөгет болатын нәрселерді ұстамауы (телефон, газет, журнал, фотосуреттер) керек.
3. Жеке тапсырмалар
Семестрде жеке тапсырмаларды орындау міндетті болып есептеледі. Ол реферат түрінде орындалып немесе электрондық нұсқада құрылып, студенттер алдында қорғалады. Әрбір жеке тапсырма бағаланады және ол қорытынды бағалауға әсер етеді.
4. Өзіндік жұмыс
СОБӨЖ сабақ кестесінде бөлінген уақытта орындалады және сабақ соңында тапсырылады. Сабақтан кейін қабылданбайды, бағаланбайды.
Қосымша материалдарды іздеу, берілген тақырыптың мазмұнын тереңдету, практикалық мәнділігін анықтау, т. с.с. тапсырмалар студентке жүктеледі. СӨЖ тапсырмаларды орындау мен тапсыру графигіне сәйкес қабылданады.
5. Білімді бақылау..
Оқу материалын меңгергендігін практикалық тапсырмаларды орындау, тестілеуден өту, тақырып бойынша жазбаша жауап арқылы тексеріледі.
Бақылау сабақта жүргізіледі, сабақ соңында тапсырылады, сабақ соңынан қабылданбайды және бағаланбайды.
Әңгімелесу.Әңгімелесу әр топ үшін кесте бойынша жүргізіледі.
БІЛІМДІ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР.
Эмтиханға дайындық сұрақтары:
1. Macromedia Flash программасы қандай қызмет атқарады?
2. Macromedia Flash программасының экрандық интерфейсі қандай элементтерден тұрады?
3. Сурет салу құралдары, олардың қызметі қандай?
4. Объектіні ерекшелеу құралдары, қызметі?
5. Объектіні бояу қандай құрал арқылы жүзеге асырылады?
6. Macromedia Flash программасы көмегімен жасалған файл кеңейтілулері қандай?
7. Уақыт диаграммасы қандай элементтерден тұрады?
8. Қабат және оның атрибуттары қандай?
9. Кадрдың қандай түрлері бар?
10. Кілттік кадр қалай қойылады?
11. Flashте анимацияның қандай түрлері бар?
12. Қалыпты жағдайда 1 секундта неше кадр өтеді және ол шаманың өлшем бірлігі қандай?
13. Фильмге жаңа сцена қосу қалай жүзеге асырылады?
14. Қажет сценаны редакциялау үшін орындалатын команда?
15. Кадрларды қараудың қандай режимдері бар?
16. Объектіні трансформациялау құралы, оның қызметі?
17. Трансформациялау нүктесі деген не?
18. Кадрлық және автоматты анимацияның айырмашылығы қандай?
19. Color Mixer панелінің қызметі қандай?
20. Тұйық облысты бояудың қандай түрлері бар?
21. Градиентті бояу түрлері?
22. Символ деген не?
23. Flash-те символдың қандай түрлері бар?
24. Фильмнің символдар кітапханасын ашу үшін қандай команда орындалады?
25. Автоматты аимация деген не?
26. Flash - те tweened- анимация қалай жасалады?
27. “Твининг” сөзінің мағынасы қандай?
28. Tweened - анимацияның қандай түрлері бар?
29. Объектіні топтау әрекеті қалай жүзеге асырылады?
30. Объект қозғалысына негізделген автоматты анимация жасау үшін Tween тізімінен қандай пункт таңдалады?
31. Объект трансформациясына негізделген автоматты анимация жасау үшін Tween тізімінен қандай пункт таңдалады?
32. Объект қозғалысына және трансформациясына негізделген анимацияларда уақыт қатарында кадрлар түрі қандай болады?
33. Бос кадр болғандағы уақыт диаграммасының кадрлар түрі?
34. Фильмді тоқтату үшін жазылатын команда?
35. Жаттығуда жаңбыр тамшыларын салу үшін қандай құрал қолданылады?
36. Жетекші қабаттың атқаратын қызметі?
37. Жетекші қабат жасау қалай жүзеге асырылады?
38. Салынған траектория бойынша объектіні қозғалту үшін орындалатын әрекеттер?
39. Orient To Path, Snap пункттерінің қызметі қандай?
40. Фильмді орындатқанда сызылған траектория экранда көрініп тұру үшін қандай әрекет орындалады?
41. Салынған объектіні графиктік символға айналдыру үшін қандай әрекеттер орындалады?
42. Планетаны өз осінен айналдыру эффектісі қалай жүзеге асырылады?
43. Fill Transform құралы қандай қызмет атқарады?
44. Бұл жаттығуда жетекші қабаттың атқаратын қызметі қандай?
45. Eraser Tool құралының қызметі және оның параметрлері?
46. Қандай команда мәтін символдарын бөлу үшін қолданылады?
47. Flash - те мәтіннің қандай түрлері бар?
48. Мәтінді редакциялау құралдары қайда орналасқан?
49. Мәтінге қандай түрлендірулер жасауға болады?
50. Меню қатарының Modify\ TimeLine\ Distribute to Layers командасы қандай әрекет атқарады?
51. Маска - қабат қандай қызмет атқарады?
52. Маска - қабат қалай жасалады?
53. Бұл жаттығуда қарындашты траекторияға “байлау нүктесін” оның ұшына әкелу қалай жүзеге асырылады?
54. Жаттығуда маска- қабаттың атқаратын қызметі қандай?
55. Жол қабатын Қарындаш қабатының бағыттаушы қабаты ету үшін қандай әрекеттер орындалады?
56. Flash - фильм кітапханасына дыбыстық файл қалай қойылады?
57. Фильм кітапханасынан дыбыстық файлды фильмге әкеліп қою үшін қандай әрекет орындалады?
58. Фильм кітапханасындағы дыбыстық файлдарды қарау үшін қандай команда орындалады?
59. Дыбыстың қандай параметрлерін өзгеруге болады?
60. Дыбыстың орындалу ұзақтығын қандай қоманда басқарады?
61. Action Script программалау тілінің атқаратын қызметі қандай?
62. Flash-роликті тоқтату және жүргізу үшін Action Script тілінің қандай командалары қолданылады?
63. Қолданушы батырмасын жасау үшін қандай әрекеттер орындалады?
64. Қолданушы батырмасын жасауда батырманы редакциялау режимі қандай кадрлардан тұрады және олардың мәні қандай?
65. Action Script тілінің gotoAndPlay() командасы қандай әрекет орындайды?
66. Батырма үшін оқиға өңдеушісінің коды жалпы түрі қалай жазылады?
67. Батырма үшін қандай оқиғалар анықталған?
68. Тестінің сұрақтары мен жауаптарын жасау үшін қандай мәтін түрі қолданылады?
69. Енгізу мәтіні тестінің қандай элементін жасау үшін қолданылады?
70. Тестілеу программасы кодында p және s айнымалыларының қызметі?
71. Жаттығудағы nomer, nomer1, nomer 2, nomer 3 атты мәтіндік өрістер қандай қызмет атқарады?
72. Белгілі бір сценаның n - кадрына өту командасының жазылуы?
Емтиханға дайындық тестілері:
1. Flash-тегі базалық түсінік:
А) кадрлар,қабаттар
В) символдар
С) Уақыт шкаласы
Д)Аталғандардың барлығы
2. Батырманың (button) - Up күйі нені білдіреді?
А) маусты батырманың үстіне алып барған күйі
В) маусты батырмаға алып барып, шерткен кездегі күйі
С) батырманың қалыпты жағдайы
Д) маус батырмасының шерту аймағын анықтайды
3. Қандай құралдар Colors құралдар панелінің бөлігін құрайды?
А)таңдау және сурет салу құралдары
В) кескінді қарайтын құралдар басқармасы
С) таңдалған құралдар үшін қосымша параметрледі орнатуды қамтамасыз
ететін батырмалар
Д) объектінің жиегін және баяудың бөлек түстерін қамтамасыз ететін батырмалар
4. Таңдау құралдары құралдар панелінің қай бөлігінде орналасқан?
А) View
В) Tools
С) Colors
Д) Options
5. қосымша параметрі қандай құралға жатады (Round Rectangle Radius)?
А) Rectangle Tool
В) Brush Tool
С) Pencil Tool
Д) Oval Tool
6.Pencil Tool құралына қандай қосымша параметр жатады?
А) Smooth (Тегістеу)
В) Faucet (Кран)
С) Brush Mode (Қыл қалам режимі)
Д) Eraser Mode (Кетіргіш режимі)
7.Paint Bucket Tool (бояу ыдысы) құралының қандай қосымша параметрі бар?
А) Pencil Mode (Қарындаш режимі)
В) Gap Size (Аралық режимі)
С) Brush Mode (Қылқалам режимі)
Д) Round Rectangle Radius (Тік
төртбұрвыштың дөңгелету радиусы)
8. Color Mixer (Түстерді араластыру) панелі келесілерді орындауға мүмкіндік береді?
А) Таңдалған және жасалып жатқан объектінің бояуын орнату
В) градиентткі бояуларды өңдеу
С) Бояу ретінде қолданылатын растарлық кескінді таңдай
Д) Аталғандардың барлығы
9. Flash-те мәзір пунктінің қай командасы көмегімен растрлық кескінді өңдеуге
болады?
А) Modify => Optimize (Өзгерту => ықшамдау)
В) Modify => Trace Bitmap (Өзгерту => растрға ауыстыру)
С) Modify => Break Apart (Өзгерту => Бөлу)
Д) Modify => Ungroup (Өзгерту => Біріктіруді болғызбау)
10. Динамикалық текст (Dynamic Text) - бұл:
А) ActionScript арқылы өзгертілетін текстік өріст
В) Фильмнің дубликациясы кезінде өзгермейтін текстік өріс
С) Веб-беттерді қолдауншылардың өңдейтін және еңгізілетін текстік өріс
Д) Бұндай текстік өріс жоқ
11.Flash-те символын неше типі бар?
А) 2
В) 4
С) 3
Д) 5
12. Графикалық символ (Graphic symbol) - бұл:
А) Батырма
В) тұрақты немесе анимацияланған кескін
С) клип
Д) звук
13.Қандай пернелердің комбинациясымен фильмді қарауға болады:
А) Alt+F4
В) Alt+Ctrl+Delete
С) Ctrl+Enter
Д) Alt+Tab
14. Қабаттың төмеңгі жағында орналасқан белгісінің мәні?
А) Жаңа қабат жасау
В) Жеткші қабат қою
С) Қабаттар бумасын қою
Д) Қабатты жою
15. Flash MX-ң құрамындағы жалпы кітапханаға кіретін элементтер?
А) Buttons (Батырма)
В) Learning Interactions (Интерактивті оқыту)
С) Sounds (Әуен)
Д) Аталғандардың барлығы
16. Алдыңғы кадрды қайталайтын кілттік кадр қою:
А) Insert - Clear Keyframe, Shift+F6
В) Insert - Frame, F5
С) Insert - Blank Keyframe, F7
Д) Insert - Keyframe, F6
17. Батырманың (button) - Down күйі нені білдіреді?
А) маусты батырманың үстіне алып барған күйі
В) батырманың қалыпты жағдайы
С) маусты батырмаға алып барып, шерткен кездегі күйі
Д) маус батырмасының шерту аймағын анықтайды
18. Кадрды жою:
А) Insert - Frame, F5
В) Insert - Blank Keyframe, F7
С) Insert - Clear Keyframe, Shift+F6
Д) Insert - Remove Frames, Shift+F5
19. Flash технологиясы векторлық графиканы қандай форматта қолдану
үшін негізделген?
А) SWF
В) TIFF
С) JPEG
Д) PSD
20. Қандай команда арқылы кілттік кадрды бос кадрға айналдырады?
А) Clear Keyframe (Кілттік кадрды тазарту)
В) Copy Frames (Кадрларды көшіру)
С) Insert Blank Keyframe (Бос кілттік кадр қою)
Д) Insert Keyframe (Кілттік кадр қою)
12. Пән бойынша қолданылатын программалық және мультимедиалық құралдар.
1. MX Flash программасы. (№9, 306-311 каб, (№4, 209-каб)
2. Электрондық оқулық- MX Flash 6. (№9, 306-311 каб, (№4, 209 к.)
3. Электрондық оқулық- MX Flash 5. (№9, 306-311 каб, (№4, 209 к.)
4. MX Flash 8 интерактивті электрондық оқулық.
(Copyright (C) 2006 Новая Школа) (№9, 306-311 каб, (№4, 209-каб)
13. Мамандандырылған дәрісханалар мен зертханалар тізімі.
Корпус нөмірі | Дәрісхана нөмірі | Қызметі |
№8 | 302 | компьютерлік класс |
№8 | 304 | компьютерлік класс |
№8 | 305 | компьютерлік класс |
№8 | 306 | компьютерлік класс |
№8 | 307 | компьютерлік класс |
№8 | 308 | компьютерлік класс |
№8 | 310 | компьютерлік класс |
№8 | 311 | компьютерлік класс |
№8 | 405 | компьютерлік класс |
№1 | 209 | интернет-класс |
№1 | 102 | электрондық оқу залы |
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 |


