Келесі бір назар аударатын жайт – Қожа Ахмет Яссауидің шыққан тегі туралы дер едік. Яссауи тегі жайында зерттеуде Насаб-наманың құндылығы зор. Бірақ мұндай деректерге аса үлкен жауапкершілік артылатынын ескере отырып, егжей-тегжейлі зерделеу, тексеру қажет. Насаб-нама бойынша Яссауи Ысқақ бабтың он екінші ұрпағы екені көрсетілген. “Шежіреде Ысқақ бабтың Сайрам қаласында мешіт салдырғаны, алғашқы ірге тасын Ысқақ бабтың өзі қалағаны, отыз мың бес жүз алтын теңгені осы мешітке салуға жұмсағаны айтылған. Ысқақ бабтың жерленген жері - көне Баба Ата қаласы. Ол қаланың Баба Ата атануының өзі Ысқақ баб есімімен тікелей байланысты”, “Басқа тарихи шығармалардың ішінен Ысқақ баб туралы деректер кездеспейді”-дейді зерттеуші З. Жандарбеков. Тарихта 1239 жылы «түркілер еркіндігі» деп аталатын көтерілісті басқарған дәруіштер шейхі Баба Исқақ есімі ғана әйгілі деп көрсетілген. Дж. С. Тримингэм Яссауи силсила кестесінде Ахмет Яссауи мазхабын жалғастырушы Бақырғани Мансур Арслан бабаны, Лұқман перендені көрсете келе, Лұқманнан кейінгі халифа Исқақ баба (өлген жылы 1239) деп белгіленген. А. Ахметбектің пікірінше: «Яссауи қожамын деп көрсетуінде, қожа әулиетінен қатыстылығынан бұрын, ислам дінін жетік білуші деген мағынада қолданған. Өйткені, біріншіден, Арыстан Баб қожа әулиетіне жатқандықтан, оның қолында өскен Ахмет Яссауи де өзін қожа деп санауы мүмкін, екіншіден, орта ғасырларда молда, имам, жалпы дін жолын ұстаушылар тек қожалардан қалыптасып, мұрагерлік кәсібін сақтап отырғандықтан, дін тарапынан болатын түртпектерден сақтануда өзін қожа деп атау қалыптасуы да ықтимал. Үшіншіден, ел ішінде көзі ашық , білімді адамдарды қожа-молда деген атаумен атағаны белгілі. Сондықтан да Яссауи тегін тек «Насабнамамен» белгілеу асығыстық сияқты. Яссауи тегін әлі де қарастыру керек». - деп түйіндеді.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Осы күнгі кейбір кісілер мәселенің анық-қанығына жетпей, кейде білсе де білмеген сыңай танытып, «Түрік тұқымынан шыққан» дегенді айтып, ал «Қожа Ахмет» деп аталу себебін ол «өзіне өзі қожа болған соң айтқан» деген пікір ұсынады. Бұл жолдастарды да түсінуге болады. Қазақ жеріндегі Сайрам қаласында туып, «Яссауи» деген ат алып, «туған жерім қасиетті Түркістан» деп жырлайтын ақынды қалайша өзге ұлтқа қиярсың. Бірақ бәрінен де шындық қымбат, әділет жолы жоғары Түркістанда жатыр. Мәдениеттің рухсыз тіршілік ете алмайтындығы сияқты, қоғам да мәдениетсіз, тарихсыз, яғни рухани ұстындарсыз өз болмысы мен дамуын баянды ете алмайды. Ал ұлттық рухани жаңғыруы оның төл мәдени –рухани арналарымен үндестігіне байланысты екендігін тарих тәжірибесі айқындап отыр. Сондай рухани бастау болып табылатын қазақ философиясы тарихындағы Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымы қазақ мәдениеті мен адам әлемінің ділдік түлеу құбылысы тұрғысынан маңызды орынға ие болып отыр. Бүгінгі таңда Яссауи ілімінің мәнін, маңызы мен ерекшелігін анықтау – тарихымыздың өткені мен бүгіні арасындағы рухани арналар сабақтастығын қалпына келтіруге ықпал етеді. Өзінің өлмес, өшпес асыл туындысын да Йасыда жазған ұлы шайыр қашан да бізбен кіндіктес, бөлінбес егіз.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. З. Жандарбек. Түркістанның қысқаша тарихы. Түркістан: Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті. 20

2. С. Нұрмұратов Рухани құндылықтар жүйесі. Алматы: 2000.

3. ірманов Қожа Ахмет Яссауидің имандылық Ғибраты // Түркістан тарихы мен мәдениеті. Ғылым мақалалар жинағы. Түркістан: 20

4. А. Қалиұлы Суфизм тағылымының шығыс өңірге таралуы // Түркістан тарихымен мәдениеті. Ғылыми мақалалар жинағы. – Түрістан: Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ – түрік университеті. 2000 –216

5. Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмет. Анкара: 1993. – хикмет)

УДК 1.005.44

ЖАҺАНДАНУ ҮРДІСІ - ЖАСТАР МӘДЕНИЕТІНЕ ӘСЕРІ

, КО 11-12 тобының студенті; Ғыл. жет.: Ғазизова А. Е.

Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Е-mail: Ainura. *****@***ru

Қазақ елі өз алдына мемлекет болып іргетасын қалап, өзге елдермен терезесі тең деңгейде ғұмыр кешіп келе жатқанына жиырма жылға жуық уақыт болды. Бұл уақыт аралығында біз оң-солымызды тануға толық мүмкіншілік алдық. Әлемде болып жатқан саяси-экономикалық ахуал мен мәдени-әлеуметтік көріністің аққан ағымы қалай өрбіп, жаһандық интеграциялық идеология қаншалықты дамып жатқанын ұзынқұлақтан емес, күнделікті тіршілігімізден де көріп, байқап отырмыз. Егеменді ел болып, өз тұғырымызды, ұлттық болмысымызды, ұлттық құндылықтарымызды түгендеуге жол ашқанымызда, жер бетінде қалыптасып, қанатын кеңінен жайып келе жатқан жаһандану атты ғаламда саяси, мәдени, әлеуметтік және экономикалық бағытта үстемдік еткен идеологиямен санасуға тура келді. Себебі кеңестік темір құрсаудан босағаннан бергі уақытта жаһандану элементтері біздің өміріміздің барлық саласында ептеп орын алғанына көзіміз жетіп отыр. Барлық елдерге қонысын салған жаһанданудың саяси астарын анықтап көрелік. Сонымен қоса, жаһандану үрдісінде ұлттық тәрбие діңгектерін үйлестіру бағыты да өзекті мәнге ие болып отыр.

І. Батыстық жаһанданудың аражігі қандай?

Қазіргі кезде жаһандану үрдісіне әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Әлемде мойындалған жаһанданудың басты принципі – қоғамның әртүрлі саласында әлемдік ортақ құндылықтар қалыптасу керек деген қағидадан тұрады. Демек, біз әлемдік қауымдастықтың субъектісі болғаннан кейін қаласақ та, қаламасақ та, жаһанданумен бетпе – бет келіп тұрмыз. Осы орайда «Ұлттық мәдени құндылықтарымызды қайтсек сақтап қалуға болады?» деген заңды сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап беру баршаға ортақ міндет екені белгілі. Өйткені, бүгінгі қоғамда жаһандану үрдісі қарқынын үдетпесе, бәсеңдетпейтіні анық. Оны ұлттық синтез елегінен өткізіп, еліміздің сан ғасырлардан келе жатқан салт – дәстүр, әдет – ғұрып және тілі мен дәстүрлі діні шеңберінде үйлестіру – баршамызға жүктелетін абзал міндет. Бұл міндеттің үдесінен шығу үшін әр қазақ ұлттық тәрбиені баз қалпында сақтай отырып, заман талабына сай орнықтыруымыз керек. Кейбір батысшыл ғалымдар мұны ескінің сарқыншағы деп қабылдары анық. Дегенмен сол батыстың өзі дәстүрлі қоғамына қайта оралғысы келетінін ақпарат бетінде жиі айтуда. Жаппай технократттық өркениетке бет алған Батыс қоғамында дәл бүгінгідей зорлық – зомбылық, ұрлық – қарлық және де өзге де адамшылықтан бездірер жағдайлар бұрындары қарқынды түрде болып көрген емес.

«Еуропа білімді жұрт осы күнде,

Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде

Терең ойлап сөзімнің түбін біл де,

Іштен жыла, жарқыным,

Сырттан күл де», -

деп Шәкәрім қажы айтқандай, Батыс қоғамының да өз ішін салмақтайтын тұстары жетерлік. Біз осы орайда «жақсыдан үйрен, жаманна жирен» деген нақылымызға арқа сүйеуіміз асте қажет.

Дәстүрлі отбасылық тәрбиеден бойы алыстаған Батыс қоғамы қазір салы суға кеткен адамның күнін кешкендей кейіпте отырғанын басқадан жасырса да, өзінен жасыра алмайды. Мәселе бұл жерде Батыс қоғамын қаралау емес, қалыптасқан жағдайды әділетті айту. Абай атамыз «Жетінші қарасөзінде»: «Жас бала анадан алғаш туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады, бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды һәм өзі өспейді, қуат таппайды» деп тән құмарын ашықтайды. Жаһандану аясындағы Батыс қоғамы осы тән құмарына қатты көңіл бөліп келеді. Қазіргі Батыс футурологтары, мәселен, Френсис Фукуяма былай дейді: «Осы заманғы ғылымның дамуы барлық қоғамға бірдей әсер етті. Оның екі себебі бар. Біріншіден, техника – оған иелік етіп отырған елдерге белгілі бір дәрежеде әскери артықшылықтар береді. Ал халықаралық қатынастарда кез келген уақытта болуы мүмкін соғысты ескерген, өзінің тәуелсіздігін бағалайтын әрбір мемлекет қорғанысын жетілдіру қажеттігін ескермеуі мүмкін емес. Екіншіден, қазіргі заман ғылымы – экономикалық өнімділіктің өсіміне бірдей кеңістік жасап береді. Техника – шексіз байлық жиюға, адамның үнемі, тоқтаусыз өсіп отыратын қалауларын қанағаттандыруға жол ашады».

ІІ. Ұлттық тәрбие елегіндегі жаһандану үрдістері

Жаһандануды шартты түрде саяси-экономикалық жаһандану және идеологиялық жаһандану деп екіге бөлетін болсақ, біз осының алғашқысын қабылдап, кейінгісін ысыруға тиіспіз. Себебі идеологиялық жаһанданудың қай-қайсысы болса да (батыстық субмәдениеттер мен діни фундаментализм) ұлтымыздың діліне жат. Әлемдік жаһандану заманында тұтастай бірнеше мемлекеттер саяси-экономикалық одақ құрып, бір арнанын бастауында сусындап, бір идеология шеңберінде қарыштап келе жатқаны айқын. Бұл – Батыс елдері көтерген бірлесіп өмір сүру концепциясы. Бұл концепция бойын­ша одақтасқан елдердің халқы өз таным көкжиегінде қала береді. Сонымен қоса, қалыптасып келе жатқан ортақ құндылыққа бой түзеймін десе де есік ашық. Ол дегеніміз – ортақ ақпараттық кеңістік, ортақ технологияларды тұтыну. Қазіргі Батыс елдері импорттап отырған идеология – ойын-сауық өндірістік кешені (РПП – развлекательно-промышленный комплекс). Бұл – біздің қоғамымызға ақпараттық технологиялар арқылы сіңіп жатқан ең арзан идеология. Бұған 15-30 жас аралығындағы жас­тар ілінуде. Бұл біздің тұтастай болашағымызға жасалып жатқан ақпараттық шабуыл екені анық. «Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама» дегендей, оған тек мәдени саясатпен жауап қататынымыз анық. Бәлки, Елбасының ұлттық тәрбиені қолға алу мәселесін соңғы кездері жиі айтуы сол батыстық идеологияға қарсы тұрар қалқанды қалыптастырудың алғышарты болуы ғажап емес. Себебі біздің ертеңгі үмітіміз – жастар жоғарыда аталған идеология шеңгелінде кетсе, олардан тарар ұрпақтың есерсоқ, марғау болуы бек қиын жағдайға соқтыратыны айқын. Айтылған жерден аулақ, әрине!
Әлемді шарпыған жаһандану үрдісімен тек ұлттық мемлекет есебінде ғана өзара үйлесімге келе аламыз. Ежелден Батыс пен Шығыстың бір-біріне «үш қайнаса сорпасы қосылмайтын» тұстары жетерлік. Біздің қазақы болмыс, салт-санамыз, тұрмыс-тіршілігіміз қазіргі заманға сай айқындалғанымен, ғасырлар тереңіне үнілген дініміз, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымыз, ерлікке толы тарихымыз батыстанбақ түгілі, оңдай ұғымды да мойындай қоймайды. Өйткені ұлттық рухтың түп-тамыр қазығы ұлттық тәрбие діңгектеріне негізделген. Ұлттық тәрбиенің негізгі діңгектері – ұлттық сана, ұлттық тіл, ұлттық мәдениет, ұлттық діл, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрып катего­рия­ларына сүйенеді. Сол себепті «кімде-кім өткеніне терең үңілсе, болашағын көреді» деп Шығыс ойшылы М. Руми айтқандай, бізді болашаққа апарар жол ұлттық тәрбиенің негізгі діңгектерінде жатыр. Одан біз бас тартпақ емеспіз!

Осы тұрғыда, бізге керегі – қоғамда болып жатқан жаһанданудың пайда-зиянын саралап, ұлттық құндылықтарымызға жат мәдениеттен арылу. Рас, еліміздің басқару моделінің өзі батыстық үлгіден алынған. Бірақ біздің саясатымыздағы шығыстық басқару Елбасының саясатында өзара үйлесім тауып келе жатқанынан бәріміз хабардармыз. Еліміздің мәдениеті және әлеуетінің жоғары болуы үшін ең басты құндылық тыныштық екені белгілі. «Ханның жақсы болмағы – қарашының елдігі» деп Бұқар жырау айтса айтқандай. Расында, Елбасының тұғырлы саясатының негізгі қызметтік көрсеткіші елімізді алапат соғыстардан, діни экстремизм жанжалдарынан қорғау, батыстық мәдени агрессиядан сақтау болып келеді. Бұл біздің ұлттық мүддеміздің көрсеткіші болып табылады. Бұл мәселеге біздер, ең алдымен, қазақ халқының ұлттық, рухани, мәдени, діни, әлеуметтік даму мүдделерінің берік қорғалынуы тұрғысынан қарауға тиістіміз.

Батыстың болашақты болжағыш футурологтары П. Бьюкенен, Э. Тоффлер, С. Хантингтон сияқты ғалымдары ХХІ ғасырды ақпараттық, идеологиялық күрестің ғасыры ретінде айтып отыр. Бұған жол бермеу үшін тең дәрежеде діни сауаттылық, саяси мәдениет пен саяси сананы қалыптастыру, жалпы алғанда, ең бірінші ұлттық мәдениетті, дәстүрді және білімділікті жоғары деңгейін көтеруіміз керек.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. http://www. .

2. Қазақ халқының философиялық мұрасы. 2-кітап.

3. Философия.-А.:Бастау, 2008.-644 б.

4. Есім Ғ. Данышпан Шәкәрім. — Алматы: Атамұра, 20б.

УДК 37.01

РЕТРОСПЕКТИВНЫЙ ВЗГЛЯД НА ОБРАЗОВАНИЕ КАЗАХСТАНА

ЗА 20 ЛЕТ НЕЗАВИСИМОСТИ

, студентка 2 курса ФИиИТ, гр. ПО-11-2; Науч. рук.: , к. и.н., доцент

Алматинский технологический университет, г. Алматы, Республика Казахстан

Е-mail: samal. *****@***ru

Сегодня я хочу проинформировать вас о наиболее значимых моментах в развитии системы образования в Казахстане

Уже в сложнейшие 90-е годы по инициативе Президента страны были запущены уникальные образовательные проекты, аналогов которым не было в мире.

Главной особенностью данной Госпрограммы является ее акцент на повышение конкурентоспособности образования, развитие человеческого капитала для улучшения материального и духовного благосостояния граждан, устойчивого роста экономики путем обеспечения доступности качественного образования для всех.

Прежде всего - Президентская программа подготовки молодежи в лучших университетах мира «Болашак», стартовавшая в 1993 году.

В это же время была сформирована принципиально новая законодательная база.

Она дала импульс формированию рынка образовательных услуг и реальной конкурентной среды, усилила самостоятельность учебных учреждений и полномочия местных органов. В 1991 год является началом нового периода в развитии отечественной науки.

15 января 1992 принят закон «О научной и научно-технической политике Республики Казахстан», в том же году образовано Министерство науки и новых технологии.

С 1993 года введена государственная экспертиза научно-технических программ, финансируемых из государственного бюджета.

В 1995 году в Казахстане принята новая Конституция, в которой объявлено о всеобщем обязательном бесплатном среднем образовании.

В 1997 году принята Государственная программа информатизации системы среднего образования в целях обеспечения школ республики компьютерными классами.

Реализованы государственные программы развития образования в Республики Казахстан на годы, Принят Закон «Об образовании» в новой редакции и Государственная программа развития науки Республики Казахстан на годы, которые обеспечивают системное развитие данных сфер. Программа «О подготовке и издании для общеобразовательных школ учебников и учебно-методических комплексов» предусматривают введение новых технологии.

В учебных году функционировало 7576 общеобразовательных школ, в них обучались 2 486 303 детей.

По сравнению с 1991 годом значительно улучшился качественный состав педагогов. В 1991 году в школах работали – 270228 педагогов, из них 178634(66,1%) – среднее профессиональное, 11929(4,2%)- незаконченное высшее, 9432(3,3%)- общее среднее образование.

В 2010 году в общеобразовательных школах республики трудились 274914 педагогических работников, из них 236271(85,9%) имеют высшее образование, что на 19,8% больше чем в 1991году.

Республика Казахстан присоединилась к Болонской декларации. 30 вузов подписали Великую Хартию университетов.

Функционируют Международный университет новых информационных технологий (г. Алматы), Назарбаев Университет (г. Астана).

Введена процедура государственной аккредитации с учетом международной практики оценки качества высшего образования.

Одобрена Концепция государственной молодежной политики Республики Казахстан.

Для поддержки талантливой молодежи учреждена молодежная Государственная молодежная премия «Дарын». Так, в 1997 году была разработана госпрограмма информатизации системы среднего образования. Год спустя внедрена программа «Дарын». В 2001–2005 годах реализуется госпрограмма «Образование». В 2001 году разрабатывается программа по подготовке и выпуску учебников, учебно-методических комплексов по специальным дисциплинам для системы начального и среднего профессионального образования, которая реализуется в период с 2002 по 2005 год. Затем были госпрограмма «Ауыл мектебi» («Сельская школа») на 2003–2005 годы, государственная программа развития образования РК на 2005–2010 гг., государственная программа развития технического и профессионального образования в РК на 2008–2012 годы, программа по обеспечению дошкольным воспитанием и обучением «Балапан» на 2010–2014 годы, программа «Студенческое жилье» (2011 г.), государственная программа развития образования на 2011–2020 годы.

Только в 2007 году для проведения фундаментальных и прикладных исследований в области обра-зования государством выделено 136 млн тенге. В 2006–2008 годах по заказу комитета науки МОН РК вы-полнены 12 фундаментальных и 41 прикладных научно-исследовательских работ в области образования.

В 2009–2011 годах по заказу комитета науки МОН РК выполнены 21 фундаментальная и 30 прикладных научно-исследовательских работ. Кроме этих исследований были проведены научные исследования учеными инициативного характера, результатами которых стали кандидатские и докторские диссертации.

Известные ученые , К. Кунантаева, , Н. Нурахметов, С. Калиев, , Б. Баймуханов, , Н. Оралбай, , Б. Абдыкаримов, К. Кабдыкаиров, , Ш. Таубаева, , К. Болеев, , и многие другие внесли большой вклад в подготовку научных кадров, развитие педагогической науки и реформирование системы образования.

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ

1. . Книга – душа образования (пособие для педагогов) / :– СПб.: Издательство «Левша. Санкт-Петербург», 2006. – 72 с.

2. Методология образовательной деятельности: Монография.- Алматы: Издательство RON&A, 2011.-180с.

3. Борибеков. К. К., , Шамельханова. образование Казахстана: опыт и перспекетивы/.- Алматы: RON&A, c.

УДК 677

МНОГООБРАЗИЕ ПРОЦЕССА ПЕРЕВОДА ТЕКСТОВ В СФЕРЕ ТЕКСТИЛЬНОЙ ПРОМЫШЛЕННОСТИ

студентка 2 курса ФЛПиД; Науч. рук.: , к. ф.н., доцент

Алматинский технологический университет, г. Алматы, Республика Казахстан

Е-mail: zauresh.59@mail.ru

Процесс интеграции Казахстана в мировое пространство охватывает различные области науки и техники, в том числе и лингвистику. И это наглядно наблюдается в развитии текстильной промышленности и таким образом расширяется словарный запас каждого народа. «Термин текстильная промышленность (от латинского texere, ткать) изначально применялся для обозначения процесса изготовления тканей из волокон, но теперь он включает широкий спектр других процессов, таких как изготовление трикотажных изделий, ворсование (tufting), свойлачивание и т. Этот термин также обозначает изготовление пряжи из натуральных и синтетических волокон, а также отделку и окраску тканей. В доисторические времена для изготовления волокон использовались шерсть животных, растения и семена. Шелк появился в Китае примерно в 2600 году до нашей эры, а в середине 18 века нашей эры были получены первые синтетические волокна. Несмотря на то, что синтетические волокна, изготовленные из целлюлозы и нефтепродуктов, как сами по себе, так и в сочетании с другими синтетическими и/или натуральными волокнами, стали применяться очень широко, они не смогли полностью заменить ткани, изготовленные из натуральных волокон, таких как шерсть, хлопок, лен и шелк» [1].

Впоследствиибыстрого и прогрессивного развития текстильной промышленности в результате открытия новых явлений, разработки новых понятий, создания новых машин, аппаратов, приборов и осуществления новых производственных процессов быстро появляются термины для их обозначения. «Термины служат специализирующими, ограничительными обозначениями характерных для этой сферы предметов, явлений, их свойств и отношений. В отличие от слов общей лексики, которые зачастую многозначны и несут эмоциональную окраску, термины в пределах сферы применения однозначны и лишены экспрессии» [2].

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7