Бейіндік бағыт бойынша магистратураның оқу бағдарламасының мазмұны

п/п

Пән атауы

Кредит саны

Оқу мерзімі **

1 жыл

1,5 жыл

1

Негізгі пәндер (НП)

9

10

1.1.

Негізгі компоненттер (НК)

5

5

Шет тілі (кәсіптік)

2

2

Менеджмент

1

1

Психология

2

2

1.2.

Таңдау бойынша компоненті

4

5

2

Бейіндік пәндер (БП)

9

18

2.1

Негізгі компонент

1

3

2.2

Таңдау бойынша компонент

8

15

3

Практика (өндірістік)

2-кем

емес

3-кем емес

4

магистранттың эксперименталды-зерттеу жұмысы, магистрлік диссертацияны қосқанда (ЭИРМ)

2-кем емес

3-кем емес

5

Қорытынды аттестация (ИА)

4

4

5.1

Кешенді экзамен (КЭ)

1

1

5.2

Магистрлік диссертацияның қорғалуы (МДҚ)

3

3

Барлығы

26-дан кем емес

38-ден кем емес

* Iс жүзiнде практиға бөлінетін кредит саны жалпы еңбек сыйымдылығына кiрмейдi. **Оқу мерзімінің ұзақтығы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттің жалпы білім беру стандарттарына сәйкес анықталады және оқудың ұзақтығы магистранттың алдыңғы дайындық деңгейіне байланысты болады.

Жасалған барлық жұмыс түрі берілген материалдардың көлемі мен игерілуіне байланысты кредиттік негізде есептелінеді.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

 Оқу бағдарламасын игерудің нормативтік ұзақтығы

- ғылыми және педагогикалық бағыт 2 жыл;

- магистратураның бейіндік бағыты 1-1,5 жыл

Магистратурада оқу тек күндiзгi бөлімде жүргізіледі.

Магистратураның бiлiм беретiн бағдарламасын мезгiлiнен бұрын игерген жағдайда және міндетті деп бекітілген талаптар орындалса мерзiмiнен тәуелсiз «магистр» академиялық дәрежесі беріледі. Бейіндік бағытты бітірген магистранттар, ғылыми және педагогикалық қызметпен айналыса алады, егер педагогикалық практика мен педагогикалық бағыттың пәндерін игерген жағдайда. Бұл цикл қосымша академиялық кезең бойынша меңгеріледі, осы айналым аяқталғаннан кейін негізгі дипломға тиісті сертификат беріледі.

Бейіндік бағытты бітіргендерге, педагогикалық бағыттың оқу бағдарламасы цикылының мазмұны

Пән атауы

Кредит саны

1.

Міндетті компонент

5

Ғылым философиясы және тарихы

2

Педагогика

3

Таңдау бойынша компонент

2

2.

Практика (педагогикалық)*

6 –дан кем емес

Қорытынды

7-ден кем емес

* Iс жүзiнде практиға бөлінетін кредит саны жалпы еңбек сыйымдылығына кiрмейдi. Қажет жағдайда ЖОО ны практикаға бөлінетін кредит санын көбейтеді.

Магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша толық теориялық оқу курсын игерген, бірақ белгіленген мерзімде магистрлік диссертациясын қорғай алмаған магистрант үшін оқу мерзімін ақылы негіздегі магистратурада жалғастыру ұсынылуы мүмкін.

Кәсіби білім беру бағдарламалары мамандықтың оқу-әдістемелік кешені (МОӘК) және пәннің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) негізінде жүзеге асырылады.

Мамандықтың оқу-әдістемелік кешені (МОӘК) –бұл мамандарды даярлау тұжырымдамасын, мамандық бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру, жоспарлау және жүргізуді, магистранттарды оқыту мақсаттарын, мазмұнын, әдістерін анықтайтын міндетті нормативтік және оқу-әдістемелік құжат.

Электронды түрдегі МОӘК кафедра меңгерушісінің жетекшілік етуімен кафедрада құрылып, кафедра отырысында, факультеттің оқу-әдістемелік бюросында (ОӘБ) талқыланып, университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітіледі.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) бұл осы пән бойынша оқу үрдісін басқа пәндермен үйлесімді түрде ұштастыра отырып, ұйымдастыруды, жоспарлау мен жүргізуді анықтайтын, болашақ маманның сапалы даярлығын қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік құжаттардың бірыңғай оңтайлы жүйесі. ПОӘК сондай-ақ мақсаттарын, мазмұнын, әдістерін, пәнді меңгеру барысында қалыптасатын шәкірттердің білім, білік, дағдылары мен құзыреттіліктерін анықтайды.

Электронды түрдегі ПОӘК кафедраның профессорлары мен оқытушылары құрып, кафедра отырысында, факультеттің ОӘБ-да талқыланып, университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің (ОӘК) отырысында бекітіледі.

Негізгі кәсіби білім беру бағдарламасы мамандардың жалпы білімдік және кәсіби даярлығынан тұрады.

Маманның жалпы білім даярлығы оның жалпы зиялылығын және әлеуметтік-жеке тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.

Маманның кәсіби даярлығы жалпы кәсіби және арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған.

Негізгі кәсіби білім беру бағдарламасы төмендегі екі циклға біріктірілген пәндер тізімінен құралған:

базалық пәндер циклы (БП циклы);

арнайы пәндері циклы (АП циклы).

Әр цикл міндетті компонент және таңдау компоненті пәндерінен тұрады.

Міндетті компонент пәндерінің тізімі мен тиісті кредиттердің ең кіші көлемдері 5.04. Магистратура ҚР МЕБС бойынша анықталады, онда магистратураның негізгі ережелері мен мамандықтардың тиісті жалпы білім стандарттары берілген.

Таңдау компоненті пәндерінің тізімі мен тиісті кредиттердің ең кіші көлемдерін жоғарғы оқу орны өз бетімен анықтайды. Сонымен бірге жұмыс берушілердің талап-тілектері, еңбек нарығының сұраныстары, сондай-ақ шәкірттердің жеке қызығушылықтары ескеріледі.

Кәсіби білім беру бағдарламаларының негізінде білім алушылардың жеке оқу жоспарлары мен мамандыққа оқытудың жұмыс жоспары, жұмыс оқу бағдарламалары мен пәндер бойынша силлабустар құрылады.

Оқу жүктемесінің көлемі оқу жылы бойына әр пән бойынша игерілетін кредиттермен өлшенеді.

Оқу пәндерінің саны жұмыс оқу жоспарларында көрсетіледі. Әр пән бойынша әр оқушының оқу жұмысының көлемі 1 - 6 кредиттен тұрады.

Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық сынақ/ қорытынды бақылау кезеңдерінен, практикалар мен демалыс кезеңдерінен құралады. Жәңгір хан ат. БҚАТУ-дегі академиялық кезең курсқа (семестр, триместр) байланысты аралық бақылау аптасын қосқанда 10-15 аптадан тұрады. Бір оқу жылы 30 аптадан тұрады, олардың ішіндегі 30 –теориялық оқу (2 семестр), 8 –қорытынды бақылау. Жазғы семестр енгізілген жағдайда ұзақтығы 6 аптадан аспауы тиіс.

Оқушыларға демалыс әр академиялық кезең аяқталған сайын беріледі. Жалпы оқу жылындағы демалыс мерзімі 7 аптадан кем болмауы тиіс.

Білім беру үрдісінің аяқталғандығының негізгі критерийі оқушының оқу жоспары бойынша талап етілетін кредит санын игеруі болып табылады:

-ғылыми және педагогикалық магистратура кезіндекредит саны 51-ден кем болмайды;

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8