Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
6М090300-«Жерге орналастыру» мамандығы бойынша магистранттың анықтамалық-жолсілтегіші
Орал - 2012
Кіріспе
Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Қазақ ССР Министрлігі Кеңесінің қаулысымен 1963 жылы ауыл шаруашылығы институты болып құрылды.
2000 жылы Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің құрамына кіріп, ал 2002 жылы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті болып қайта құрылды. Қазір Университет қазақ халқының ұлы ағартушысы Жәнгір ханның есімімен аталды.
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің ректоры ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Бозымов Қазыбай Қараевич.
Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті – жоғары кәсіптік білім берудің 33 мамандығы бойынша (бакалавриат), жоғары арнайы білім берудің 2 мамандығы және 22 ғылыми мамандығы бойынша – магистратура, 4 мамандықтың аспирантурасы бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын аймақтағы жалғыз және жетекші, көп профильді аграрлық техникалық оқу орындарының бірі.
БҚАТУ миссиясы – ғылыми-техникалық прогресстің және Батыс Қазақстанның экономикасының өркендеуінің алға жылжытушы күші.
Мақсаты – қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның әртүрлі жоғары сапалы білім алу қызығушылығын қанағаттандыру.
1.Жоғары оқу орнының әкімшілігі мен оның құрылымдық бөлімдері туралы ақпарат
Жоғары оқу орынының құрамына бiртұтас оқу-ғылыми, өндiрiстік кешен және басқа да құрылымдық бiрлiктерi кiредi. Жоғары оқу орыны құрылымдық бөлiмшелері өз қызметтерін оқу орнының жарғысы негізінде бiлiм беру бағдарламалары арқылы жүзеге асырады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі – университет құрылымдық бөлiмшесі магистратура және доктарантурада оқу процесiн әбден жетiлдiруiн және қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің жетекшісі -
.
Бөлімнің жетекші мамандары –
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің диспетчері– Шакетова Маралдым Мухамбеткалиевна.
Мекен жайымыз: Орал қаласы, Жангир хана көшесі 51 (Университеттің әкімшілік ғимараты, 1 этаж – жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі. Телефон: 8 (71
Тіркеу бөлімі - студенттердің оқитын сабақтарын, олардың оқу кезеңі бойындағы оқу жетiстiктерiн тіркеумен және апталық, жылдық қорытынды бақылауды ұйымдастырумен және академиялық рейтингтi есептеумен айналысады.
Тіркеу бөлімі Бас ғимараттың 2- этажында орналасқан, 205 аудитория. Телефон: 8(71
Факультет бұл оқу - ғылыми, әкiмшiлiк құрылымдық бөлім. Мұнда ұқсас мамандықтарды оқытады, мұнда әр мамандықтың кафедрасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын және лабораториядағы зерттеулерін бақылап, қадағалап отырады.
Жоғары оқу орындары өздерінің факультеттер туралы өз ережелерін бекiтедi. Факультет жетекшісі өзінің көмекшілерімен бірге оқу кеңесін ұйымдастырады. Факультеттiң кеңесi жоғары оқу орынының кеңес орнатылған ережелермен сәйкестiкте жұмыс iстеудi ұйымдастырады.
Кафедра жоғары оқу орнының негізгі құрылымдық бөлiмшесі. Мұнда оқу, әдiстемелiк және ғылыми зерттеу жұмыстарды бір не бірнеше ұқсас мамандықтар бойынша жүргізеді сонымен қатар студенттердің арасында тәрбиелiк жұмыстар да жүргізіледі.
Кафедрада арнайы оқу дисциплиналары бекітілген.
Кафедраның оқу әдістемелік жұмысына кіреді:
- қазiргi бiлiм беретiн технологияларды пайдалану және оқу материалын меңгеруi үшiн оқу формаларын жетілдіру;
- курстық және (жұмыстармен ) дипломдық жобалар, магистерлiк диссертация жазу үшін әдiстемелiк құралдармен, қамтамасыз ету ;
- кафедра түлектерінің жұмысқа орналасуына көмек көрсету;
-мамандарды дайындауда, ұйымдармен, мекемелермен кәсiпорындармен iскерлiк ынтымақтастықтың әр түрлi пiшiндерiн дамыту;
- кафедраның бағытына сәйкес мамандарды қайта даярлауға, әзiрлеуге және мамандығын жетiлдiру бойымен оқу бағдарламаларын жүзеге асыру;
Кафедрадағы ғылыми зерттеу жұмысына кіреді:
- ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау магистратураның негізінде іске асырылады; клиникалық ординатура, адъюнктура, бірге іздену, аспирантура, докторантура;
- білім алушылардың, ғылыми-зерттеу және басқару жұмысын қадағалау және ұйымдастыру;
Кафедраның тәрбие жұмысына кіреді:
- Білім алушылардың шешімді дұрыс және өз бетімен қабылдауға үйрету;
- отан сүйгiштiкті, азаматшылықты, интернационализмді, биiк мораль және адамгершiлiктiк қасиеттерді қалыптастыру;
- салауатты өмiр салтын қалыптастыру, кафедраның қоғамдық шараларында белсендi қатысуға ынталандыру;
- Білім алушыларға орта бiлiм ұйымдарында, кәсiби мектептерде, кәсiби лицейлерде, колледждерде арасында кәсiби бағдарлау жұмыстарын жүргiзуді үйрету;
2.Анықтамада пайдаланылатын терминдер.
Академиялық дәреже (Academic Degree) – білім алушының қорытынды мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша оларға білім беру ұйымдары беретін тиісті білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеру дәрежесі;
Академиялық күнтізбе (Academic Calendar) – оқу жылы бойынша демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шаралары мен практикаларды өткізу күнтізбесі;
Академиялық кезең (Academic Term) – теоретикалық кезең – ұзақтылығы 15 жұмалық семестр, үш нысан – ұзақтылығы он жұма;
Академиялық рейтинг (Academic Rating) – қорытынды аттестаттаудың (аралық аттестаттау) нәтижелері бойынша құрылған білім алушылардың бағдарламалық материалды игеру деңгейінің сандық көрсеткіші;
Академиялық сағат (Academic hour) – дәрістік, практикалық (семинарлық), сабақтартың 1 байланыс сағатына (50 минутқа), немесе студиялық сабақтардың 1,5 байланыс сағатына (75 минутқа), немесе зертханалық сабақтың және, дене тәрбиесі сабағының 2 байланыс сағатына (100 минутқа), сондай – ақ оқу практикаларының барлық түрлерінің 1 байланыс сағатына, педагогикалық практикалардың барлық түрлерінің 2 байланыс сағатына (100 мин), өндірістік практиканың барлық түрлерінің 5 байланыс сағатына (250 мин) тең;
Белсенді үлестірмелі материалдар (Handouts) – білім алушының тақырыпты шығармашылық табысты игеруі үшін сабақ үдерісінде таратылатын көрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, мысалдар, глоссарийлер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар);
Апелляция (Appeal) – білім алушының білімін объективті түрде бағаламауға әсер еткен факторларды анықтау және жою үшін жүргізілетін үдеріс;
Бітіруші кафедра - өзінің бейіні бойынша мамандарды даярлаушы және шығарушы кафедра;
Таңдау бойынша пәндер (Elective Courses) – білім алушының кәсіптік білім беру бағдарламасын игеру қисынының тәртібін сақтай отырып, академиялық кезеңдердің біреуінде таңдау бойынша оқылатын элективті оқу пәндері;
Оқу пәндеріне жазылу/Тіркелу (Enrollment/Registration) – білім алушының оқу пәндеріне алдын-ала жазылу үдерісі;
Магистранттың жеке жұмыс жоспары оқу процесінің барлық кезеңіне құрылады, мынадай бөлімдерден тұрады
- жеке жұмыс жоспары (қажет болса толықтырылып тұрады);
- ғылыми-зерттеу/экспериментальдық-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, есептің мерзімі мен түрі өзгеріп тұрады);
- практика (бағдарлама, база, есептің мерзімі мен түрі);
- магистірлік диссертацияның тақырыбы, негіздерген құрылымымен бірге;
- магистрлік диссертацияның орындалу жоспары;
- ғылыми мақалалар жоспары, тағылымдама (керек болса).
Магистрант өзінің оқу жоспарын элективтық пәндер каталогынан бір үлгідегі оқу бағдарламасының тәртiбі негізінде эдвайзераның көмегiмен құрады. Жоспарда міндетті деп берілген пәндердің барлығы болуы керек, олардың көлемі ГОСО бойынша артық болмаса кем болмауы тиіс.
Мемлекеттік қорытынды аттестаттау (Qualification Examination) – білім алушылардың білім беру деңгейінің сәйкес бағдарламаны меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін, нәтижелері бойынша білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат (диплом) берілетін үдеріс;
Қорытынды мемлекеттік аттестаттау (Final Examination) – білім алушының білім деңгейіне сәйкес бағдарламаларды меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін, нәтижесі бойынша білімі туралы мемлекеттік үлгідегі (диплом) құжат берілетін үдеріс;
Таңдау бойынша пәндер (Elective Courses) – білім алушының кәсіптік білім беру бағдарламасын игеру қисынының тәртібін сақтай отырып, академиялық кезеңдердің біреуінде таңдау бойынша оқылатын элективті оқу пәндері;
Кредит (Credit Hour) – білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін біріздендірілген бірлік;
Бір кредит 1 академиялық сағатқа тең, ол аптадағы профилдi магистратурада магистранттың өзiндiк жұмыстың 3 сағаттарымен бiрге жүредi және ғылыми - педагогикалық магистратурада магистранттың өзiндiк жұмыстың 4 сағаттарымен бірге жүреді.
Кредиттік оқыту технологиясы (Credit Education) – білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде оқыту;
Магистр – академиялық дәреже, магистратураның кәсiби оқу бағдарламасын меңгерген адамдарға беріледі;
Магистрант – магистратурада оқитын тұлға;
Магистратура - жоғары оқу орындарындағы ғылыми, ғылыми -
педагогикалық және ғылыми ұйымдарға басқару кадрларды дайындау;
Диссертация – ғылыми жұмыс, белгiлi бір пәндiк - кәсiби ғылым саласы
бойынша магистранттың дербес зерттеуi, пiшiн бойымен нәтижелердi қорыту;
Ғылыми - педагогикалық магистратура – ЖОО-да ғылыми-зерттеуде терең білімі бар болашақ кадр дайындау мақсатында ЖОО-нан кейінгі бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру;
Магистратураның оқыту бағдарламасы–Магистранттарды дайындаудың жалпы сипаттамасы, оқытылған пәндердің түрі мен көлемі, ғылыми зерттеу/экспериментальды жұмыстан, кәсіптік практика мен бақылау түрінен көруімізге болады.
Міндетті пәндер (Core Subjects) – бакалавриат/магистратура бағдарламасы бойынша білім алушының міндетті түрде оқитын пәндері;
Тіркеуші бөлім/Тіркеушінің офисі (Office of the Registrar) – білім алушылардың оқу пәндеріне жазылуды, оқытудың барлық кезеңінде олардың оқудағы жетістіктерін тіркеуді, аралық және қорытынды бақылауды ұйымдастыруды және академиялық рейтингті есептеуді қамтамасыз ететін қызмет;
Қайта тіркеу кезеңі (Add/Drop Period) – білім алушының бір курстан бас тартып басқа курсқа жазылу арқылы ЖОЖ өзгерте алатын кезеңі;
Пәнді қайта оқу (Retake) – қорытынды баға «қанағаттанарлықсыз» - F болған жағдайда пәнді қайта оқу;
Пререквизиттер (Prerequisites) – оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер тізімі;
Постреквизиттер (Postrequisites) – аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер тізімі;
Пән бағдарламасы (студенттің ОӘК - Syllabus) – оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаты мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, тақырыбы мен әрбір сабақтың тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыстардың тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, оқытушының талаптарын, бағалау өлшемдерін, аралық бақылау кестесін және әдебиеттер тізімін қамтитын оқу бағдарламасы;
Бейімдік магистратура – Терең кәсіптік дайындығы бар, қызмет көрсету және бизнес, өнер, экономика салаларының мамандарына арнайы жоғары оқу орнынан кейінгі оқу бағдарламасын іске асыру;
Жұмыс оқу жоспары (Curriculum) – типтік оқу жоспары негізінде жасалынатын және ректормен бекітілінетін құжат. Жоспар білім алушының меңгеруіне қажетті кредиттерді көрсете отырып міндетті және таңдау компоненттері бойынша оқу пәндерінің толық тізімін құрайды;
Регистрация – оқу пәндерін тіркеу жазбалары бiр үлгiдегi оқу жоспарымен сәйкес әр оқу жылына орнатылған кезеңге сай типтік оқу жоспарымен және элективтік пәндер каталогы тәртiбімен жүргізіледі; Тiркеудiң рәсiмi оқытушыларды таңдауды ескередi;
Рубежный контроль (Mid-term Examination)–Оқытушының студенттердің оқу жетiстiктерiн тексеру (семестрдiң 8 және 15 аптасы) академиялық күнтiзбеге сәйкес;
Білім берудің мазмұны – Бұл әр білім деңгейінің кешені, бiлiктiлiктiң қалыптастыруы үшiн негiз болып көрiнетiн тұлғаның жан-жақты дамуы;
Магистр дайындау мамандығы – ғылыми, педагогикалық, басқару не басқа қызметке қажет нақты ғылымның бір саласы бойынша мақсатты түрде игерілген машық, іскерлік, білімнің магистратурадағы оқу бағдарламасының кешені;
Жол сілтемегіш – ЖОО - ның iшкi тәртiбi ережелерi туралы және жүйеленген қысқа хабар-ошарлар үшiн қолайлы ақпараттық көздi ұйымдастыру және бiлiм беретiн процестiң процедура нормалары;
Үлгерімнің орташа балы GPA (Grade Point Average) – таңдап алған бағдарлама бойынша бір оқу жылы ішінде білім алушының қол жеткізген білім деңгейінің орташа өлшемді бағасы (ағымды оқу мерзім ішіндегі кредиттердің жалпы санына пәндер бойынша аралық аттестаттау бағалары балдарының сандық эквивалентіндегі кредиттер қосындысы сомасының қатынасы);
Транскрипт (Transcript) – кредиттер мен бағаларды әріппен және санмен көрсететін тиісті оқыту кезеңінде өтілген пәндердің тізбесі бар белгіленген нысандағы құжат;
Тьютор – білім алушыларға оқытушы оқытатын пәнді игеруге көмектесетін тұлға;
Эдвайзер (Advisor) – тисті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы.
3. Оқу процессін ұйымдастыру
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ кредиттік оқыту технологиясы бойынша жоғары кәсіби білім беру (бакалавр, магистратура, жоғары арнайы білім) бағдарламалары арқылы оқу үдерісін реттеу және кредиттер түрінде білім көлемін есептеу мен білім беру траекториясын таңдау негізінде білім алушыларда өз бетімен ұйымдастыру және өз бетімен білім алуға қабілеттіліктерін дамытуды негізгі міндет ете отырып мамандарды даярлауды жүзеге асырады.
Магистратурадағы оқу процессі мына стандарт бойынша ұйымдастырылады.ГОСО РК 5.04. Магистратура. Негізгі ережелер, ҚР ның жоғары оқу және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу мамандықтарының классификаторы, мамандықтардың ГОСО, оқу бағдарламалық құжат, магистранттың жеке жұмыс жоспары, басқа құжаттармен, белгіленген тәртіпте бекітілген.
Бiлiм беретiн - кәсiби бағдарламалар, ГОСО РК 5.03. «Қазақстан Республикасының Білім жүйесі. Бiлiм беретiн - кәсiби бағдарламалар» сәйкес, тиісті мамандықтың мамандарын дайындауға және біліктіліктерін жоғарлатуға бағытталған, біртіндеп білім алушылардың орта бiлiмін және кәсiби деңгейiн жоғарлату;
Магистратурадағы оқу бағдарламасының құрылымы
Магистратурада кадр дайындау екі бағыт бойынша жүргізіледі: бейіндік және ғылыми педагогикалық бағыт;
Магистранттарды дайындау талаптарының деңгейі магистратураның оқу бағдарламасының мазмұнына байланысты.
Магистратурадағы оқу бағдарламасының мазмұны:
- теориялық оқыту, негізгі және бейіндік пәндерді оқыту кіреді, Теориялық оқыту негізгі компонент және таңдау компонентінен тұрады.
- кәсіптік практика;
-ғылыми-зерттеу жұмысы, магистрлік диссертацияны орындау кіргізіледі;
- арнайы ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша;
-экспериментальды-зерттеу жұмысы, магистрлік диссертацияны орындау кіргізіледі, арнайы бейіндік бағыт бойынша;
- аралық және қорытынды аттестация
Магистратураның ғылыми және педагогикалық бағыты бойынша оқу бағдарламасының мазмұны
|
Пән атаулары
|
Кредит саны
|
1. | Негізгі пәндер (НП) | 16 |
1.1 | Міндетті компонент: ( МК) | 8 |
Ғылым тарихы және философиясы | 2 | |
Шет тілі (кәсіптік) | 2 | |
Педагогика | 2 | |
Психология | 2 | |
1.2 | Таңдау бойынша (ТБ) | 8 |
2 | Бейіндік пәндер (БП) | 18 |
2.1 | Міндетті компонент: ( МК) | 2 |
2.2 | Таңдау бойынша (ТБ) | 16 |
3 | Практика (педагогикалық, зерттеу)* | 6- дан кем емес |
4 | Магистранттың ғылыми зерттеу жұмысы, магистрлік диссертацияны орындауды қосқанда | 7-ден кем емес |
5 | Қорытынды аттестация аттестация (ҚА) | 4 |
5.1 | Кешендік емтихан (КЕ) | 1 |
5.2 | Магистрлік диссертацияны қорғау (МДҚ) | 3 |
Барлығы | 51-ден кем емес | |
* Iс жүзiнде практиға бөлінетін кредит саны жалпы еңбек сыйымдылығына кiрмейдi. Қажет жағдайда ЖОО - ны практикаға бөлінетін кредит санын көбейтеді. |
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 |


