Бұндай жағдайларда (ауырып қалғанда, жанұялық жағдайлармен, нақты себептермен) ЖОО-нан кейінгі білім бөлімінің бастығы білім алушыға жеке график бойынша емтихан тапсыруға рұқсат береді. Егер келмеудің сындарлы себебі анықталмаса, емтиханға қатыспау «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңеліп, қайта тапсыру тәртібі белгіленеді.
Транскриптке магистранттың, докторанттың барлық қорытынды бағалары, соның ішінде емтихандарды қайта тапсыру бағалары да түсіріледі.
Оқу жылы аяқталған соң емтихандық сессия нәтижелерінің негізінде ЖОО бастығының бұйрығымен білім алушылар келесі курсқа көшіріледі.
6.4. Магистранттардың қорытынды аттестациясын жүргізу тәртібі
ЖОО-да білім алушылардың қорытынды аттестациясы академиялық күнтізбеде қарастырылған мерзімдерге және мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларына сәйкес кешенді емтихан магистрлік диссертацияны қорғау түрінде өткізіледі.
Қорытынды аттестацияға білім беру үрдісін оқу жұмыс жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес тәмамдап шыққан білім алушылар жіберіледі.
Соңғы курстағы оқу жұмыс жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарын орындай алмаған білім алушылар жазғы семестрден өту құқығынан айрылып, оқудың курсын қайталап өтуі тиіс.
Білім алушылардан кешенді емтихан қабылдау және магистрлік диссертацияларды қарап шығу үшін ЖОО-да Мемлекеттік аттестациялық комиссия (МАК) құрылады.
Магистранттарға қорытынды аттестацияға өту рұқсаты тізім бойынша ЖОО бастығының бұйрығымен қорытынды аттестациядан кем дегенде екі апта бұрын ресімделіп, Мемлекеттік аттестациялық комиссиясына табыс етіледі.
Мамандық бойынша кешенді емтиханға магистратураның кәсіби оқу бағдарламасының базалық және арнайы пәндер циклының міндетті компонентінің пәндері кіреді.
Кешенді емтихан бекітілген бағдарлама көлеміндегі жазбаша, ауызша, тест және аралас формаларда өтеді.
Кешенді емтихан бағдарламасын, оның өту формасы мен тапсырмалар мазмұнын ЖОО осы кешенді емтиханға енгізілген пәндер негізінде өзі анықтайды.
Кешенді емтихан магистрлік диссертацияны қорғаудан кем дегенде 1ай бұрын қабылдануы тиіс;
Оң бағаны жоғарылату мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
Кешенді емтихан бағасымен келіспейтін магистрант емтихан өткеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешікпей наразылығын (апелляция) білдіре алады.
Апелляцияны жүргізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен біліктілігі наразылық білдірілген пәндерге сәйкес келетін оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.
Наразылық қанағаттандырылған жағдайда Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының отырысының хаттамасы қайта ресімделеді.
Қорытынды аттестация нәтижесінде қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар білім беру мекемесі бастығының бұйрығымен ЖОО-нан шығарылып, білім алушыға оқуын аяқтамағаны жөнінде анықтама беріледі.
Қорытынды аттестация кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған тұлғаларға қайта тапсыруға магистратурада рұқсат берілмейді.
Кешенді емтиханды тапсырған магистрант диссертациялық жұмысты қорғауға жіберіледі. Диссертацияны қорғауға өту рұқсаты ЖОО бастығының бұйрығымен ресімделеді.
Диссертацияларда авторға сілтеменің және ақпарат алу көзіне сілтеменің бар-жоқтығын (диссертациядағы плагиат белгілерін тексеру) тексеру жоғары білімнен кейінгі магистратураның мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Магистрлік диссертацияны қорғау мына жағдайларда жүзеге асырылады:
ғылыми басылымдарда диссертация тақырыбы бойынша кем дегенде бір жарияланымы немесе халықаралық немесе республикалық ғылыми конференциялардағы баяндамасы болуы керек;
түлек шығарушы кафедраның қорғауға ұсыну туралы шешімі (кафедра отырысының хаттамасынан үзінді);
мамандығы бойынша біліктілігі (ғылыми немесе академиялық дәрежесі) қорғалатын жұмыс сипатына сәйкес келетін рецензенттің пікірі, онда диссертацияға сипаттама беріліп, тиісті мамандығы бойынша магистрдың академиялық дәрежесін беруге болатындығы жайлы дәйекті тұжырым жасалады.
Егер ғылыми жетекші немесе түлек шығарушы кафедра «қорғауға жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсынылмайды» деп ұйғарса, магистрант магистрлік диссертацияны қорғауға жіберілмейді.
Магистрлік диссертацияны қорғау нәтижелері хаттамамен ресімделеді.
Қорытынды аттестациядан өткен, магистратураның тиісті кәсіби оқу бағдарламасын меңгерген, көпшілік алдында магистрлік диссертациясын қорғап шыққан білім алушыға Мемлекеттік аттестациялық комиссия шешімімен тиісті мамандығы бойынша «магистр» академиялық дәрежесі тағайындалып, магистрлік диссертацияны қорғағаннан кейінгі 30 күн ішінде қосымшасы жалғанған мемлекеттік үлгідегі диплом табыс етіледі.
Қорытынды аттестация аяқталғаннан кейін Мемлекеттік аттестациялық комиссияның төрағасы магистранттардың қорытынды аттестациясының нәтижелері жөнінде есеп құрып, оны екі апталық мерзімде ЖОО немесе ғылыми мекеменің бастығына ұсынады.
Магистранттардың қорытынды аттестациясының нәтижелері жөнінде есепке Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының төрағасы қолын қойып, ЖОО ғалымдар кеңесінің отырысында талқыланып, бекітіледі.
ЖОО магистранттардың қорытынды аттестациясы аяқталғаннан кейін бір ай мерзім ішінде магистранттардың қорытынды аттестациясының нәтижелері жөнінде ҚР ҒБМ-не есеп береді.
7. Білім алушылардың білімін бағалау критерийлері
Білім алушылардың барлық бақылау түрлері бойынша ББД, құзыреттіліктері ара қатынастары тепе-тең ұпайлық-рейтингілік әріптік жүйемен бағаланады.
«Үздік» бағасына сандық эквиваленті 4,0 және пайыздық мөлшері 95-100%-на тең А бағалары және сандық эквиваленті 3,67 және пайыздық мөлшері 90-94% болатын А бағалары сәйкес келеді.
Бұл баға егер оқушы бағдарламалық материалды толық меңгеріп, ешқандай қателер, олқылықтар, дәлсіздіктерге жол бермей, бақылау және зертханалық жұмыстарды уақытында және дұрыс тапсырып, есептерін уақытында құрып, бірегей ойлауға қабілеттілігін көрсеткен, коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын қатесіз, уақытында орындаған, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқан, өз бетімен ғылыми қосымша әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалды өз бетімен жүйелей алатын жағдайда қойылады.
«Жақсы» бағасына сандық эквиваленті 3,33 және пайыздық мөлшері 85-89% В+, сандық эквиваленті 3,0 және пайыздық мөлшері 80-84% В және сандық эквиваленті 2,67 және пайыздық мөлшері 75-79% В - бағалары сәйкес келеді.
Бұл баға егер оқушы бағдарламалық материалдың кем дегенде 75%-ын меңгеріп, өрескел қателер жібермей, бақылау және зертханалық жұмыстарды уақытында және дұрыс тапсырып, оларды маңызды ескертпелерсіз орындағаны үшін, коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын маңызды ескертпелерсіз уақытында орындаған, оқытушының сілтемесі бойынша қосымша әдебиетті пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқан жағдайда қойылады.
8. Білімді бағалаудың апелляциялық процедурасы
Білім алушы рейтинг немесе қорытынды бағасын апелляцияға бере алады. Осы мақсатпен апелляцияға берілетін пәннің профиліне квалификациясы сай келетін оқытушылардан құралған апелляциялық комииссия құрылады.
Апелляция төмендегідей кезектілікпен жүргізіледі. Білім алушы бағасы айтылып, рейтинг ведомосіне қол қойған күні арыз береді. Бұл жағдайда білім алушы факультет деканының атына арыз жазады, содан кейін факультет деканы мен кафедра меңгерушісі осы арызбен танысып, құрамына кафедра меңгерушісі, оқытушы және апелляцияға берілген пән бойынша доцент немесе аға оқытушылар кіретін комиссия жасақтайды. Апелляция кезінде білім алушының сабаққа қатысы, тапсырмаларды орындауы, түрлі жұмыстарға қойылған бағалары ескеріледі. Егер білім алушының апелляциясы орынды деп танылса, оқытушы апелляция есебімен рейтингтік ведомості қайта толтырады.
Білім алушы ереже бойынша емтихандарды тестілеу орталығында тапсырады. Бұл жағдайда ол қорытынды бқылаудың бағасына келесі жағдайларда апелляциялық арыз бере алады:
а) тест тапсырмалары дұрыс құрастырылмаса;
б) екі дұрыс жауап болса;
в) дұрыс жауап болмаса;
г) техникалық қателіктер болса.
Берілген жағдайда білім алушы апелляциялық тесттің нөмірін көрсетеді, құрамында тестілеу орталығының эксперті болатын комиссия сәйкессіздікті анықтайды. Егер сәйкессіздік орын алса, онда комиссия білім алушыға автоматты түрде балл қосады.
Жақсы немесе қанағаттанарлықсыз бағаны қайта тапсыру қорытынды бақылаумен шешілмейді. Бұрынғы және ағымдағы академиялық кезеңдерде қарыздары бар білім алушылар берілген пәндерді жазғы семестрде ақылы түрде қайта оқиды.
9. Академиялық транскрипт
Академиялық транскрипт – бұл оқу кезеңіне сәйкес келетін оқылған дисциплиналардың жоспарға сай бағалары және кредит саны көрсетілген бекітілген құжат.
Семестр соңында білім алушының бағалары академиялық транскриптке енгізіледі. Білім алушы академиялық үлгерімі туралы мәліметтерді «Офис Регистратор» бағдарламасында қарауға мүмкіндігі бар. Білім алушы транскриптті тіркеу бөлімінен сұрауға құқылы. Тіркеу бөлімінде оқу ісі жөніндегі проректорының қатысуымен жазбаша түрдегі арызды қабылдайды. Транскрипт білім алушының қолына беріледі.
Транскрипт құрамында: ЖОО-ның атауы, аты-жөні, факультет атауы, мамандығы, түскен жылы, оқу тілі, кредит саны, әріптік және сандық түріндегі бағалары, кәсіби практика, қорытынды мемлекеттік аттестация және дипломдық жұмыстың тақырыбы, үлгерімнің орташа балы (GPA), кредит жалпы саны және берілген күні болады. Транскрипт тіркеу бөлімінде басылып, тіркеу бөлімінің инспекторы, жетекшісі және ректоры қол қойып, университет мөрімен куәландырылады.
10. Білім алушыны ауыстыру, қайта қабылдау және оқудан шығару тәртібі
Білім алушылар бір жоғары оқу орнынан басқа жоғары оқу орнына, жұмыс оқу жоспарларындағыы айырмашылықтарды қысқы және жазғы демалыс кездерінде белгіленген формада тапсыру арқылы бір мамандықтан басқа мамандыққа ауысуға құқылы.
Ақылы бөлімде оқитын білім алушы мемлекеттік білім алу грантының бос орнына сәйкес мамандық бойынша конкурс негізінде ауысуға құқығы бар.
Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау.
Ауыстыру немесе қайта қабылдаудың міндетті шарты бірінші академиялық кезеңдегі оқу жұмыс жоспарының барлық талаптарын орындау және аралық аттестацияларды тапсыру болып табылады.
Ауыстыру және қайта қабылдау сол курс бойынша егер магистратура және докторантура үшін оқу жоспарларындағы айырмашылық міндетті компоненттердің 3 оқу дисциплинасынан көп болмаса жүзеге асады.
Дисциплиналардағы айырмашылықтарды анықтағанда қорытынды бақылаудың формасы ескерілмейді.
Сынақ әріптік жүйедегі бағаларға келтіріліп минималды D (1,0; 50-54%) максималды А (4,0;95-100%) диапазонына келтіріледі.
Білім алушыларды курстан курсқа көшіру жазғы семестр нәтижелерін ескеру арқылы жазғы емтихан сессиясының қорытындысы және жинаған ауыстыру балы бойынша жүзеге асады.
Білім алушыны курстан курсқа көшіру ректордың бұйрығымен безендіріледі.
Бекітілген ауысу балын жинаған және келесі курсқа ауыстырылған академиялық қарызы бар мемлекеттік грантпен білім алушы білім грантын жоғалпайды, академиялық қарыздарын ақылы негізде жабады.
Қайта оқу курсына қалдырылған білім грантымен оқитын білім алушы гранттан айырылып, болашақта ақылы негізде оқуын жалғастырады.
Магистранттар мен докторанттарды бір жоғары оқу орнынан басқасына ауыстыру тек қана ақылы оқу негізінде іске асады.
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нен басқа жоғары оқу орнына ауысу төмендегідей тәртіппен орындалады:
1) басқа жоғары оқу орнына ауысуға тілегі бар білім алушы ректордың атына ауысу туралы арыз жазады, мөрмен бекітілген ауысуға жазбаша келісім алып, оны қызықтыратын жоғары оқу орнының ректорына хабарласады.
2) ауысу туралы арызға қосымша тіркеу бөлімі мен оқу ісі жөніндегі проректор қол қойған және мөрмен бекітілген транскрипт көшірмелері; шет тілінен тусу емтиханын тапсырғаны туралы сертификат; білім гранты иегерінің куәлігі (егер болса); ректор атына жазылған арыздың көшірмесі (жетекшінің қолымен және мөрмен) салынады.
Білім алушы ауысатын жоғары оқу орнының жетекшісі бұйрық шыққан күннен бастап 3 жұмыс күні уақыты аралығында бізге білім алушының ауысу жөніндегі жеке ісін өзіне жіберу туралы жазбаша сұраныс жіберуі қажет.
Осындай сұраныс алғаннан кейін «(жоо-ның атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылды» үлгідегі бұйрық шығарылады, бұйрық шыққаннан кейін 3 жұмыс күні аралығында білім алушының жеке ісін қабылдаушы жоғары оқу орнының мекен-жайына жібереді.
Ақылы негізде білім алушы оқу ақысын төлемегені үшін оқудан шығарылған болса, оқу ақысының қарызын толық жапқаннан кейін оқудан шығарылған күннен бастап санағанда 4 апта ішінде оқуға қайта қабылданады.
Оқуға қайта қабылдау және оқу жұмыс жоспарындағы дисциплиналардың айырмашылықтарын жою тек қана ақылы негізде жүзеге асады.
Оқуға қайта қабылдау келесідей тәртіпте орындалады:
1) білім алушы ректордың атына арыз жазады. Арызға қосымша академиялық анықтама тіркеледі (түпнұсқа);
2) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі ұсынылған анықтама негізінде оқу курсы және оқу жұмыс жоспары бойынша дисциплиналардағы айырмашылықтарды анықтайды;
3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің жетекшісі және оқу ісі жөніндегі департаментінің директорының қатысуымен ректор білім алушыны оқуға қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады.
Оқуға қайта қабылдау жөніндегі арыз кезекті академиялық кезең басталғанға дейін 5 күн ішінде әкелінуі тиіс.
Оқуға қайта қабылдау туралы шешімді жоғары оқу орнының жетекшісі оқу басталғанға дейін 3 жұмыс күні уақыты аралығында қабылдауы керек.
Оқу жоспарындағы дисциплинадағы айырмашылықтарды жоюдың тәртібі мен күндерін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің жетекшісі рұқсатымен белгіленеді.
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нен шығару ережесі
Білім алушы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нен шығарылуы мүмкін:
- өз еркімен;
- келісімшартты орындамағаны үшін;
- Жәңгір хан атындағы БҚАТУ жарғысын, ішкі тәртіп ережесін бұзғаны үшін;
- басқа жоғары оқу орнына ауысқаны үшін.
Университеттен шыққысы келетін білім алушы ректор атына оқудан шығару туралы өтініш жазуы керек.
Емтихан сессиясының нәтижесі бойынша академиялық қарыздары бар білім алушылар университеттен шығарылмайды, бірақ қарыздары бар дисциплиналар бойынша қайтадан оқуы тиіс.
Семестр ағымында оқу ақысын төлемегені үшін оқудан шығарылған ақылы негізде білім алушылар, оқудан шығарылған сәттен бастап 4 жұма ішінде төлем бойынша қарыздарын өтеген жағдайда, университетке қайта алынады. Бұл жағдайда білім алушы ректордың атына қайта алыну өтінішін жазады да, оған оқу ақысын төлегені туралы түбіртекті қосады. Білім алушының оқудан шығарылған сәтіне дейінгі пәндер бойынша жинаған балдар саны оны қайта алған кезде толық көлемде ескеріледі.
Университеттен шығып кеткен білім алушыға бекітілген формада академиялық анықтама беріледі.
Білім алушыны курстан курсқа көшіру
Оқу процесінің аяқталуының негізгі критерийі оқу жоспарына сай кредит санын меңгеру болып табылады.
Білім алушының баға жүйесінде жылдық академиялық үлгерімі орташа балл түрінде анықталады (GPA), ол дисциплина бойынша қорытынды баға мен кредит санының көбейтіндісінің қосындысының ағымдағы оқу кезеңіндегі кредиттер санының қосындысына қатынасымен есептелінеді.
Орташа балл мына формуламен есептелінеді:
GPA(СБ)= И1*К1+И2*К2+И3*К3...
К1+К2+К3...
Мұндағы:
И1, И2, И3 – сандық эквиваленттегі дисциплиналар бойынша қорытынды бағалар;
К1,К2,К3 – кредит түріндегі оқылған дисциплиналар көлемі.
Білім алушы келесі оқу жылына көктемгі емтихан сессиясының қорытындысы бойынша, жазғы семестр енгізілсе жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша көшіріледі.
Келесі оқу жылына ауысу үшін оқу жылындағы емтихан сессиясының қорытындысы негізінде бекітілген ауысу GPA балын жинауы керек.
Курстың оқу жоспарының барлық талаптарын орындаған, сынақтар мен емтихандарды тапсырған және бекітілген ауысу балын 1-ден 2-ге дейін жинаған білім алушы ректордың бұйрығымен келесі оқу жылына ауыстырылады.
11. Білім алушыларға академиялық демалыс беру.
Академиялық демалыс – бұл білім алушының денсаулық жағдайы, соның ішінде жүктілік пен босану бойынша уақытша өз оқуын тоқтатуы.
Білім алушы академиялық демалысты алуға емтихандық сессия басталғанға дейін, алдын-ала өтініш береді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқып жатқан білім алушыға академиялық демалысты берген кезде, одан әрі мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға құқы сақталады. Бұл жағдайда академиялық демалыстың берілу мерзімінде оқуды қаржыландыру тоқтатылады және оның аяқталу сәтінен бастап қайта басталады.
Академиялық демалыс білім алушыға тек медициналық-кеңес комиссиясының ұйғарымымен (бұдан әрі - МКК) 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімінде, ерекше жағдайда 2 жылға дейінгі мерзімде беріледі.
Академиялық демалысты алу үшін білім алушы ректордың атына өтініш жазады және оған МКК анықтамасын қосады. Содан кейін ректор білім алушыға академиялық демалыс беру және оның басталу мен аяқталу мерзімі туралы бұйрық шығарады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыға академиялық демалыс берулі туралы бұйрығының көшірмесі ҚР БҒМ қаржыландыру соммасын түзету үшін жіберіледі.
Білім алушы академиялық демалыстан келесі семестрдың басталуына дейін келіп, сәйкес оқу жылына қайта алыну туралы өтініш жазуы және оған оның қаралған емдеу ұйымынан денсаулығы туралы МКК анықтамасын қоса беруі керек. Ректор анықтама негізінде білім алушыны мамандығы мен оқу жылын көрсете отырып қайта алу бұйрығын шығарады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыға тұлғаны қайта алу жөніндегі бұйрық көшірмесі ҚР БҒМ қаржыландыру соммасын түзету үшін жіберіледі. Академиялық демалыстан қайтып келген білім алушы жұмыс оқу жоспарларындағы айырмашылықты, егер ол болған жағдайда тіркеу бөлімі бекіткен уақытта жою керек.
12. Білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру
Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында үлкен мағына білім алушылардың өзіндік жұмысына бөлінеді: магистрантардың өзіндік жұмысы (МӨЖ), магистранттардың оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы (МОӨЖ). Білім алушы өз бетімен үй тапсырмаларын орындай алуы, кейстерді талдай білуі, курстық және басқа да зерттеу жұмыстарын жаза білуі қажет.
Өзіндік жұмыстың барлық түрлері нақты тапсырмалар мен бағалау өлшемдерін көрсету арқылы пәннің силлабусында жазылуы керек.
13. Кәсіби практиканы ұйымдастыру
Ғылыми және педагогикалық магистратураның білім бағдарламасы пратиканың 2 түрін қамтиды:
- педагогикалық – білім беру ұйымдарында;
- зерттеу – диссертацияны орындау орыны бойынша.
Педагогикалық практика арнайы пәндерді оқыту әдістемесі мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Педагогикалық практика теориялық оқу кезінде жүргізілуі мүмкін.
Магистрант кафедраның оқу процесіне қатысып, практика жетекшісінің бақылауымен дәріс, зертханалық және практикалық сабақтарды өткізіп, оларды талқылауы қажет.
Педагогикалық практиканың бағдарламасы кафедрамен өңделіп бекітіледі.
Практика жетекшісі магистранттарға практика бағдарламасының орындалуы туралы кеңес береді, практиканың өтуін қадағалайды, практика есебін тексереді, практикадан өткені туралы кафедраға хабарлайды және комиссия құрамында практика есебінің қорғауын өткізеді.
Практика қорытындысы бойынша магистрант кафедраға практика жетекшісімен тексерілген, кафедра меңгерушісінің бұйрығымен құрылған комиссия алдында қорғалған есепті (практика күнделігімен) тапсырады. Есепті қорғау нәтижелері дифференциалды сынақ түрінде балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесімен бағаланады.
Педагогикалық практика кезінде магистрант:
1) практика бағдарламасын толық орындау, кафедра бекіткен формада күнделік жүргізу;
2) кафедра оқытушыларының (ғылым докторлары мен кандидаттары) 16-дан аз емес сабақтарына қатысу;
3) жетекшінің бақылауымен 3 дәріс және 5 зертханалық-практикалық сабақ өткізу;
4) магистранттар арасында 1 немесе одан да көп тәрбиелік іс-шаралар өткізу;
5) кафедраға практикадан өткені туралы есеп пен күнделік тапсыру қажет.
Магистранттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерімен, берілгендерді эксперименттеудің, өңдеудің және ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерімен танысу мақсатында жүргізіледі.
Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламасы өндірістік практиканы қамтуы тиіс. Магистранттың өндірістік практикасы оқу барысында алынған теориялық білімді бекітуге, практикалық машықты сонымен қатар алдыңғы қатарлы тәжірибені меңгеруге бағытталған.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 |


