Практиканың барлық түрлері оқу жоспарымен анықталатын жеке жоспар мерзімдерімен жүзеге асады.
14. Мемлекеттік стипендияны тағайындау реттілігі
Мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқитын студенттерге стипендия тағайындау және төлеу тәртібі ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 000 қаулысымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында оқитын білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендия тағайындау және төлеудің» Ережесіне анықталынады (бұдан әрі – Стипендияны тағайындау және төлеу ережесі).
Мемлекеттік білім беру гранты бойынша бірінші курсқа қабылданған барлық студенттерге, бірінші семестрда мемлекеттік стипендия тағайындалынады.
Оқытудың келесі семестрлерінде мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу емтихандық сессия қорытындысы бойынша (білімді бақылаудың барлық формасын қоса алғанда) білім алушы «жақсы» («В+», «В», «В-») және «өте жақсы» («А», «А-») бағаларын алған жағдайда ғана жүргізіледі. Стипендия ай сайын айдың бірінші күнінен ақ, келесі емтихандық сессияға дейін төленеді. Мемлекеттік стипендияны тағайындау кезінде тек бағалар ескеріледі, ал білім алушының GPA қарамайды. Мемлекеттік білім беру гранты негізінде білім алып жатқан жетім балалар мен ата-аналарының қарауынсыз қалған балаларға мемлекеттік стипендия емтихандық сессия бойынша қарызы жоқ болған жағдайда немесе аралық аттестаттау нәтижесі бойынша қанағаттанарлықсыз бағаларының болмаған жағдайда тағайындалынады. Көктемгі сессия нәтижесі бойынша мемлекеттік стипендияға ұсынылған білім алушыларға жазғы каникул кезеңіне стипендия жазғы каникул айлары үшін (шілде, тамыз) емтихандық сессиядан кейінгі семестрде қаржыландыру мүмкіндігі бойынша бірге төленеді. Өндірістік практика және жазғы каникулдары кезінде стипендиант жалпы негіздемелер бойынша стипендия алуға құқылы.
Академиялық демалыстан қайтып оралған білім алушыға мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу алда тұрған (кезекті) сессия нәтижесі бойынша бекітілген формада төленеді. Денсаулығы бойынша келесі оқу жылына қалдырылған білім алушыға мемлекеттік стипендия келесі емтихандық сессия нәтижесіне дейін жалпы негіздеме бойынша мемлекеттік стипендия төленеді. Бір оқу орнынан екіншіге көшкен білім алушыға осы Ереже бойынша анықталған оқу жоспарындағы айырмашылықтарды жойғаннан кейін төленеді.
Мемлекеттік стипендияны төлеу ҚР заңнамасында қарастырылған жағдайлары бойынша тоқтатылады.
Мемлекеттік стипендияны төлеуді тоқтату ректордың сәйкес бұйрығын шығару арқылы жүзеге асады.
Жәрдем ақы алатын білім алушыларға мемлекеттік стипендия жалпы негіздеме бойынша тағайындалынады және төленеді. Стипендияның басқа түрлерін тағайындау және төлеу ҚР Президентінің стипендиясына және атаулы стипендияларына тағайындауға үміткерлерді таңдауды өткізу ережесіне сәйкес жүргізіледі.
15. Материалдық және ақпарат ресурстарын пайдалану ережелері
Ғылыми кітапхана – университеттің жетекші құрылымдық бөлімдерінің бірі, жалпы көлемі 3153,5 ш. м. 3-қабатты ғимаратта орналасқан.
Ғылыми кітапхананың жалпы қоры 900 мын. экземпляр.
Кітапхананың бірінші қабатына ең күрделі бөлімнің бірі “Әдебиеттерді жинақтау және ғылыми өңдеу” бөлімі орналасқан. Бөлімге жыл сайын 40 мың дана кітаптар түседі. Жаңадан түскен басылымдарды есептеп, жүйелеп және техникалық өңдеуден өткізіп басқа бөлімдерге таратады.
Ең алғашқылардың бірі болып жаңа оқулықтарды “Оқу әдебиеттерінің абонементі” алады. Бұл абонементтен сіздер оқу құралдарын бір жылға немесе семестрге алуға болады.
Екінші қабатта “Алфавиттік”және “Жүйелі” каталогтар қазақ және орыс тілдерінде орналасқан, 1996 жылдан бастап электронды каталогтар жұмыс жасап келеді. Каталогтар мен жұмыс жасауды, реферат, курстық, өзіндік жұмыстар жазуға ең қажетті әдебиеттерді табуға және барлық сұрақтарыңызға библиографиялық анықтама, ғылыми-библиографиялық бөлім беретін
Осы бөлімге іргелес орналасқан “Жалпы білім беретін әдебиеттер абонементі”. Сіздерге көркем әдебиеттер, тарих, этнография, мәдениет,өнер, спортқа байланысты әдебиеттер тауып беруге көмектеседі. Детектив, фантастика сүйіп оқитындар да бұл бөлімнен құр алақан кетпейді.
Бірінші курстан бастап сіздер “Ғылыми әдебиеттер абонементі” бөлімінен кітап алуға мүмкіншіліктеріңіз бар. Бөлімнің қоры 170 мың дана, оның ішінде анықтамалар, монографиялар, институттардың ғылыми еңбектері. Бұл бөлімге түскен кітаптар саны аздығынан кітаптарды бір-екі жұмаға береді. Берілген кітаптарға мұқият болыңыздар.
Осында, екінші қабатта мерзімді басылымдар оқу залы бар. 400 астам атауы бар, отандық, шетелдік газет, журналдар басылымдарын ұсынады. Компьютер көмегімен мерзімді басылымдарға шыққан қажет мәлімдемелермен тез танысасыз.
Кітапханамыздың үшінші қабаты 150 орындық студенттерге берілген оқу залы бар. Кітапханашылар сіздерге әдебиеттерді тез арада тауып, көмек көрсетуге әзір.
Оқытушылар мен студенттерге арнайы компьютермен жабдықталған оқу залы бар. Бұл залда электрондық оқулықтармен, виртуаллды энциклопедиялармен, электрондық каталогтармен, библиографиялық деректер базасымен жұмыс жасауға болады
Ғылыми кітапхананың жұмыс регламенті:
Абонементтер - 9.00 бастап 17.00 дейін.
Оқу залдары - 9.00 бастап 20.00 дейін.
14. Ақылы қызмет түрлерінің тізбесі
Жәнгір хан атындағы БҚАТУ студенттерінің келесі курстар бойынша ақылы негізде қосымша білім алу мүмкіншіліктері бар:
- «Компас-график» курсы - 36 сағат;
- «Автокад» курсы - 36 сағат;
- «Тағам өнімдерінің жалпы технологиясы» курсы - 36 сағат;
- «Ағылшын тілі» курсы - 36 сағат;
Жоғарыда көрсетілген курстардан басқа студенттер (2 курстан жоғары емес) «Кәсіптік коммуникация саласындағы аудармашы» мамандығы бойынша қосымша кәсіптік білім алуға мүмкіншіліктері бар. Оқу мерзімі – 2,5 жыл, ақылы негізде.
Толық мәліметті мына мекен-жайдан алуға болады: Орал қаласы, Жәнгір хан көшесі, 51, Әкімшілік ғимарат, 2 этаж. Ақпараттандыру және қосымша білім беру жөніндегі проректор. Телефон: 8(71E-mail: *****@***ru.
17. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар
Ғылыми және педагогикалық магистратурада ғылыми-зерттеу жұмысы:
- қорғалатын магистерлік диссертацияның мамандығының негізгі мәселесіне сай;
- өзектілігі болу, ғылыми жаңашылдығы мен практикалық мәні болу;
- ғылым мен практиканың заманауи теориялық, әдістемелік және технлогиялық жетістіктерін негізге алу;
- ғылыми зерттеудің заманауи әдістерін пайдаланып орындау;
- негізгі қорғалатын жағдайға байланысты ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдері болу;
- білім аймағына қарай алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге суйену керек.
Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар.
Бейіндік магистратурада эксперименттік-зерттеу жұмысы:
- қорғалатын магистерлік диссертацияның мамандығының негізгі мәселесіне сай;
- ғылым, техника және өндірістің заманауи жетістіктерін негізге алу және басқару міндеттерінің өзіндік шешімдері мен нақты практикалық ұсыныстар болу;
- негізгі қорғалатын жағдайға байланысты эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдері болу қажет.
Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы магистерлік диссертацияны қоса алғанда (МҒЗЖ) 11 кредитті құрайды.
Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысын орындауы магистерлік диссертацияны қоса алғанда (МҒЗЖ) оқу мерзіміне байланысты 4-6 кредит құрайды.
Ғылыми-зерттеу және (немесе) эксперименттік-зерттеу жұмыстары есеп түрінде безендіріледі.
18. Магистерлік диссертацияға қойылатын талаптар
Жалпы жағдайлар
1. Магистерлік диссертация құрамына қарай ғылым аясындағы белгілі пәндік-кәсіптік өзіндік зерттеуімен сипатталады.
2. Магистерлік диссертация магистранттың кәсіби дайындығының деңгейін, ғылыми әдістемені меңгеру дәрежесін және алынған білім, дағды мен құзіреттіліктің мамандығына қарай мемлекеттік білім берудің жалпы стандартына сәйкестігін анықтайды.
3. Магистерлік диссертация жетекшінің басшылығымен орындалады. Қажетіне қарай магистрантқа ғылыми кеңесші тағайындалуы мүмкін. Ғылыми жетекшінің (ғылыми кеңесші) ғылыми дәрежесі (ғылым докторы немесе кандидаты) немесе PhD докторы академиялық дәрежесі болу керек және ғылымның белгілі саласында ғылыми зерттеулермен белсенді айналысуы қажет.
4. Ғылыми жетекшілердің кандидатурасы университеттің ғылыми кеңесімен қаралып, бірінші курстың алғашқы айларында ректордың бұйрығымен бекітіледі.
5. Магистерлік диссертация түлекке магистр академиялық дәрежесін беруге негіз болады.
6. Магситерлік диссертация келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
-қорғалатын магистерлік диссертацияның мамандығының негізгі мәселесіне сай;
- өзектілігі болу, ғылыми жаңашылдығы мен практикалық мәні болу;
- ғылым мен практиканың заманауи теориялық, әдістемелік және технлогиялық жетістіктерін негізге алу;
- ғылыми зерттеудің заманауи әдістерін пайдаланып орындау;
- негізгі қорғалатын жағдайға байланысты ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдері болу;
- білім аймағына қарай алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге суйену керек.
7. Магистерлік диссертацияның тақырыбы кафедрамен өңделіп, университеттің ғылыми кеңсімен қаралады және бекітіледі.
8. Магистерлік диссертациялардың тақырыбы жыл сайын 30% дейін өзгеріп отыруы тиіс.
9. соңғы жылы эксперттік комиссия жұмысы басталуға 2 ай уақыт қалғанда кафедра қорытындысы негізінде магистерлік диссертацияның тақырыбына түзету енгізуге болды.
10. Магистерлік диссертацияның құрылымы мен тақырыбы, магистерлік диссертацияны орындау жоспары мен мерзімдері, ғылыми басылымдар мен іссапарлардың жоспарлары магистранттың жеке жұмыс жоспарында көрсетіледі.
11. Магистерлік диссертацияның ғылыми жетекшісі (ғылыми кеңесші):
- магистерлік диссертацияны орындауға тапсырма береді;
- магистерлік диссертацияны орындау үшін жұмыстың күнтізбелік графигін өңдеуге көмектеседі;
-магистранттың ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмыстарының бағдарламасын қалыптастырады;
- магистрантқа қажетті негізгі әдебиеттерді, анықтамалық және мұрағаттық материалдарды, типтік жобаларды және тақырып бойынша басқа да ақпарат көздерін ұсынады;
- магистерлік диссертацияның орындалу күнтізбесі тексерілетін кеңестер кестесін бекітеді;
- магистерлік диссертацияның барлық бөлімдерінің көлемін анықтайды және магистранттың жұмысын бағыттайды;
- магистанттың ғылыми іссапарын жоспарлайды.
12. магистерлік диссертацияның қорғауға шығарылатын негізгі нәтижелері ғылыми басылымдарға және халықаралық немесе республикалық конференцияларға ұсынылуы керек.
Магистерлік диссертацияның құрылымы
13. магистерлік диссертацияның көлемі бейіндік бағыт үшін – 60 бет, ғылыми-педагогикалық бағыт үшін – 80 бетті құрайды.
Қосымшалар магистерлік диссертация көлеміне кірмейді.
14. диссертация мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде орындалады.
15.магистерлік диссертацияның құрылымдық элементтеріне мыналар жатады: бастапқы бет, мазмұны, нормативтік сілтемелер; анықтамалар; белгілеулер мен қысқартулар; кіріспе; негізгі бөлім; қорытынды; пайдаланылған ақпарат көздерінің тізімі; қосымшалар.
16. магистерлік диссертацияның рефераты келесі мәліметтерді қамтуы тиіс: диссертацияның құрылымы мен көлемі; иллюстрация, кесте және пайдаланылған әдебиеттер саны; кілт сөздер тізімі (15-20 сөз); зерттеудің өзектілігі; зерттеудің мақсаты; зерттеу обьектісі; зерттеу әдістері; алынған нәтижелер, олардың жаңашылдығы, ғылыми және практикалық мәні; басылымдар жайында мәлімет.
17. диссертацияның титулды беті диссертацияның бірінші беті болып табылады және құжатты іздеу, өңдеу үшін ақпарат көзі қызметін атқарады.
Титулды бетте келесі мәліметтер келтіріледі:
- диссертация орындалған ұйымның атауы;
- шектеулі гриф (қажет болса);
- магистранттың фамилиясы, аты, әкесінің аты;
- жұмыстың атауы;
- мамандықтың коды мен атауы;
- күтілетін академиялық дәрежесі;
- ғылыми жетекшінің фамилиясы, инициалы, ғылыми/академиялық дәрежесі;
- диссертацияны орындау орыны және аяқтау жылы.
18. Титулды бетті диссертацияның парақ санына кіргізеді. Титулды бетке бет нөмірі жазылмайды.
Екі немесе одан да көп бөлімнен тұратын диссертацияны дайындаған кезде әр бөлімге сай мәліметтері келтірілген титулды беттері болуы қажет. Титулды бет А қосымшасына сәйкес безендіріледі. Титулды бетте диссертанттың қара тушьпен жазылған жеке қолы болу керек.
Магистерлік диссертацияның мазмұны
19. магистерлік диссертация мазмұнына кіріспе, барлық бөлімдердің, пункттерідің рет сандары мен атаулары, қорытынды, пайдаланылған ақпарат көздерінің тізімдері мен бет нөмірі көрсетілген қосымшалар атаулары кіреді.
Екі немесе одан да көп бөлімнен тұратын диссертацияны дайындаған кезде олардың әрқайсысында мазмұны болуы керек. Бұл жағдайда бірінші бөлімге барлық диссертацияның мазмұны мен бет нөмірлері жазылады, келесі бөлімдерге сәйкес бөлімдердің мазмұндары жазылады. Бірінші бөлімге келесі бөлім мазмұнының орнына олардың тек атауын ғана жазуға рұқсат етіледі.
20. «Нормативтік сілтемелер» құрылымдық элементі диссертацияда сілтеме жасалған стандарттар тізімін құрайды.
Сілтеме стандарттарының тізімі келесі сөздерден басталады: « Осы диссертацияда келесі стандарттарға сілтемелер қолданылды».
Белгілеулердің тіркеу нөмірлері өсу ретіне қарай олардың атаулары мен стандартты белгілеулер сілтемелер тізіміне қосады.
21. « Анықтамалар» құрылымдық элементі диссертацияда қолданылатын терминдердің анықтамасын толықтыруларды қамтиды.
Анықтамалар тізімі былай басталады: «Осы диссертацияда келесі терминдер сәйкес анықтамаларымен пайдаланылады».
22. «Белгілер мен қысқартулар» құрылымдық элементі диссертацияда қолданылатын белгілер мен қысқартулар тізімін қамтиды.
Белгілер мен қысқартуларды жазу диссертацияда пайдалану реттілгіне немесе алфавиттік ретте орналастырады.
Анықтамалар, белгілер мен қысқартуларды бір құрылымдық элементке жазуға болады « Анықтамалар, белгілер және қысқартулар».
23. Кіріспе құрамы келесідей болуға тиісті: ғылыми немесе инновациялық сипаттағы шешілетін ғылыми, ғылыми-техникалық немесе технологиялық мәселенің заманауи жағдайына баға беру, тақырыпты өңдеу үшін ақпараттар мен негіздер, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігінің негіздемесі, жоспарланып отырған ғылыми-техникалық өңдеудің деңгейі, патенттік зерттеулер мен олардан шыққан қорытынды туралы ақпарат, диссертацияның метрологиялық қамтамасыздандырылғаны туралы мәлімет.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі мен жаңашылдығы, басқа ғылыми-зерттеу жұмыстармен байланысы, сонымен қатар мақсаты, обьект және зерттеу заты, зерттеу міндеттері, олардың ғылыми-зерттеу жұмысындағы рөлі, әдістемелік базасы, қорғауға ұсынылатын жағдайлар көрстетілуі керек.
24. Диссертацияның негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың маңыздылығын көрсететін негізгі нәтижелері мен әдістемесі келтіріледі.
25. Негізгі бөлім құрамына:
- зерттеу бағытының негіздемесін қамтитын зерттеу бағытын таңдау, міндеттерді шешу әдістері мен олардың салыстырмалы бағасы, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудегі жалпы әдістемеге сипаттама беру;
- теориялық зерттеулердің сипаттамасын және мазмұнын анықтау, зерттеу әдістері, есептеу әдістері, эксперименттік жұмыстарды өткізу қажеттілігне негіздеме, өңделген обьектілердің әрекет ету принциптері;
-қойылған міндеттерді шешудің толықтығы мен жұмыстың бағытына ұсыныс даярлау бағасын, алынған нәтижелердің дұрыстығы мен шетелдік және отандық жұмыстардың нәтижелерімен салыстыру бағасын қамтитын зерттеу нәтижелерінің бағасы мен жалпыландыру кіреді.
26. Қорытынды мынадай құрамда болу керек:
- диссертациялық зерттеудің нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылар;
- қойылған міндеттердің шешілу толықтығының бағасы;
- нақты нәтижелерді пайдалануына қарай ұсыныстар мен мәліметтерді өңдеу;
- енгізудің техникалық-экономикалық тиімділігінің бағасы;
- берілген аймаққа байланысты жақсы жетістіктермен салыстыру арқылы орындалған жұмыстың ғылыми деңгейінің бағасы.
27. Пайдаланылған ақпарат көздері диссертация жазу кезінде қолданылған ақпарат көздері туралы мәлімет жинақтйды.
Тізім Б қосымшасына сай безендіріледі.
28. Қосымшаларға диссертацияны орындаумен байланысты кейбір себептермен негізгі бөлімге кірістірілмеген материалдарды салуды ұсынады.
Қосымшаларға кіруі мүмкін:
- аралық математикалық дәлелдеулер, формулалар, есептеулер;
- көмекші сандық мәліметтердің кестелері;
- зерттеулер хаттамалары;
- өлшеулер, эксперименттер жүргізген кездегі аппаратура мен приборларға сипаттама;
- диссертациялық жұмысты орындау барысында өңделген инструкциялар, әдістемелер, компьютер техникасымен шешілетін міндеттер бағдарламасы мен алгоритмдердің сипаттамасы;
- көмекші сипаттағы иллюстрациялар;
- ғылыми-техникалық кеңесте диссертациялық жұмысты қарағаны туралы хаттама;
- диссертациялық жұмыстың нәтижелерін енгізу актілері.
Магистерлік диссертцияны безендіру ережелері
29. Диссертациялық жұмыстағы мәтін беттері мен ондағы кестелер, иллюстрациялар А4 форматына сай болу керек.
30. Диссертация А4 форматының бір жағында бір интервалмен компьютер және принтер көмегімен орындалуы тиіс. Шрифт – Times New Roman, кегль 14.
Диссертация мәтінін жолдың келесі өлшемдерін сақтай отырып басу қажет: оң – 10мм, жоғары – 20мм, сол – 30мм, төмен – 20мм.
Кейбір формулалар, терминдер, теоремаларға әртүрлі шрифттерді пайдалануға болады.
31. Диссертацияны орындау тәсіліне қарамастан терілген мәтін мен кестелер, иллюстрацияларды безендіру сапасы талапқа сай болуы қажет.
32. Диссертацияны орындау кезінде суреттерде бір өлшемді тығыздықты, дәлдікті сақтауы керек. Диссертацияда әріптер, сандар мен белгілер дәл көрінуі қажет. Бүлінген мәтін парақтары, бұрын жойылған мәтіннің іздеріне жол берілмейді.
33. Диссертациядағы фамилия, ұйымның атауы, бұйымның атаулары түпнұсқа тілінде жазылады.
Жеке атаулар мен ұйыи атауларын диссертация тіліне аударуға болады.
34. Диссертациядағы құрылымдық элементтердің атаулары «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» диссертацияның құрылымдық элементтерінің тақырыптары ретінде қызмет атқарады.
35. Негізгі бөлімді бөлімдерге, бөлімшелер және пункттерге бөлген жөн. Қажетіне қарай пункттерді пункт астына бөлуге болады. Мәтінді пункттерге бөлгенде әр пунктте қорытынды ақпарат болуы тиіс.
36. Бөлімдер мен бөлімше тақырып атаулары болу керек. Ереже бойынша пункттерде тақырып атаулары болмайды. Тақырып атаулары бөлімдер мен бөлімшелердің қысқа әрі нақты мазмұнын көретеді.
38. Бөлімдер мен пункттердің тақырып атауларын басқанда абзацтан бастап соңына нүкте қойылмай жазылады.
Егер тақырып атаулары екі сөйлемнен тұрса онда оларды нүктемен бөледі.
Диссертацияның беттерін араб сандарымен нөмірлейді. Беттің нөмірін беттің төменгі жағына ортасына нүктесіз жазылады.
39. Титулдық бетті беттерді жалпы нөмірлеуге қосады. Титулдық бетке бет нөмірі жазылмайды.
40. Бөлек бетке орналастырылған иллюстрациялар мен кестелер диссертацияның жалпы нөмірленуіне қосылады.
А3 форматындағы иллюстрациялар мен кестелерді бір бет ретінде санайды.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 |


