Ескертпе:* МӨЖ арналған ұпайлар апталар бойынша еңбек сыйымдылығы 50 минутқа тең оқу сағаттарының көлеміне қарай орнатылған, (1 сағат -100 ұпай).
Олардың сомасы өз бетімен зерттеуге арналған тапсырмалар санына қарай өзгеруі мүмкін, дегенмен ең жоғарғы межеден аспауы тиіс. Ол үшін оқытушы МӨЖ тапсырмаларының санын алдын-ала анықтап, пәннің бағдарламасында (Syllabus) көрсетіп, 100 ұпайлық бағанмен өлшейді.
6.2. Межелік бақылау 2 рет (100 ұпайлық бағанмен – әр межелік бақылау) өтеді: бір оқу пәні аясындағы бір академиялық кезең барысындағы 8-ші және 15-ші рейтингілік апталарда. 2-ші және 3-ші семестрлерде пәнді зерттеп-үйрену барысында бағалардың жинақ кестесіндегі рейтинг-ұпайлар да келесі академиялық кезеңнің 8-ші және 15-ші рейтингілік апталарында қойылады, демек 4 немесе 6 межелік бақылау саны шықты.
Межелік бақылаудың формасын (ауызша, жазбаша, тест) оқытушы өзі анықтайды.
Әр межелік бақылаудан соң бірінші және екінші рейтинг қорытындыланады. Сонымен қатар бірінші ағымдық және межелік бақылаулар бірінші рейтингтің нәтижесін, ал екінші ағымдық және межелік бақылаулар екінші рейтинг нәтижесін анықтайды. Магистранттың әр рейтингілік бағасы ағымдық және межелік бақылау бағаларынан құралып, ағымдық және межелік бақылаудың орташа арифметикалық қосындысы ретінде есептеледі:
РК1 = | Тк1 + Рк1 | РК2 = | Тк2 + Рк2 |
2 | 2 |
мұндағы: РБ 1 – 1-ші рейтингілік бақылау;
РБ 2 – 2-ші рейтингілік бақылау;
Аб 1/2 – 1-ші/2-ші ағымдық бақылау;
Мб 1/2 – 1-ші/2-ші межелік бақылау;
Бірінші және екінші рейтинг нәтижелері рейтингілік және аттестациялық баға жинақ кестелеріне рейтингілік аптадан кейінгі дүйсенбіден кешіктірмей түсірілуі тиіс.
Өткізу рейтингісінің бағасы екі рейтингтің орташа арифметикалық қосындысы түрінде шығарылады және пайыздық мөлшермен келесі формула бойынша есептеледі:
Рорт = | РБ1 + РБ2 |
2 |
мұндағы: Рорт – орташа рейтингілік баға;
РК 1/2 – 1-ші/2-ші рейтингілік бақылау;
6.3. Қорытынды бақылау (емтихан) жазбаша, ауызша, тест және аралас формаларда өтеді.
Әр пән бойынша емтихан (қорытынды бақылау) өткізу формасы мен тәртібі университеттің Ғалымдар кеңесінің ұйғарымы бойынша академиялық кезең басталғаннан кейінгі 1 ай ішінде белгіленуі тиіс.
Тест формасы кезінде пәндердің өзгеше және ортақ белгілерінің қағидатын ұстана отырып, екі немесе одан көп пәндер бойынша кешенді емтихан өткізуге болады.
Әр пәннен емтихан тапсырған сайын магистрантқа қорытынды баға қойылады, ол жағымды бағалардан (50% және одан астам), өткізу рейтингісінен және қорытынды бақылаудан тұрады.
Ағымдық оқу үлгерімін бағалау бағасы пән бойынша қойылатын қорытынды бағаның 70%-ын құрайды, ал емтихан бағасы пән бойынша қойылатын қорытынды бағаның 30%-ын құрайды:
ҚБ = Рорт х 0,7 + Қбақ х 0,3 |
мұндағы: ҚБ –қорытынды баға
Рорт – орташа рейтингілік баға;
Қбақ – қорытынды бақылау.
Өткізу рейтингілік бағасымен немесе қорытынды бағамен келіспейтін магистрант рейтингілік баға/ емтихан бағасы қойылған күннің ертеңінен кешікпей наразылығын (апелляция) білдіре алады. Апелляциялық комиссия отырысы хаттамамен ресімделеді.
Қорытынды бақылау бағасын көтеру мақсатында қайта тапсыру үшін білім алушы осы пән бойынша қарастырылған жұмыс оқу жоспарының барлық сабақтарына қайтадан қатысып, өтуге рұқсат алып, қорытынды бақылаудан өтеді. Қанағаттанарлықсыз баға алған магистранттың емтиханды қайта тапсыру тәртібі де алдыңғыға ұқсас.
Саралық сынақтар бағалардың ұпайлық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес қойылып, өту ұпайын жинау кезінде ескеріліп, осы жұмыс түрлеріне сәйкес тиісті кредиттер саны анықталады.
Курстық жобалар/ жұмыстар емтихандық сессиялар басталғанша тапсырылып, осы пән бойынша емтиханға өтуде ескеріледі (егер жұмыс оң бағаланса, яғни 50% және одан жоғары).
Курстық жобалар/ жұмыстардың мазмұны мен құрылымы курстық жобалар/ жұмыстар жөніндегі әдістемелік нұсқауларда және сілтемелерде анықталып, бағасы қорғаушының көрсеткен біліміне сәйкес қойылады (7-кесте).
7-кесте – Курстық жоба/ жұмыс бойынша бағалардың таратылуы
Балл бойынша компоненттерді орналастыру | |
Курстық жұмыс (Орындау) жазу (жоба) | 35-70 |
Курстық жұмысты қорғау (жоба) | 15-30 |
Барлығы | 50-100 |
8-кесте – Педагогикалық практика нәтижесі бойынша ұпайлардың таратылуы
№ | Компоненттер | Балл саны |
Практика жетекшісінің балл анықтауы | ||
1 | Жеке жұмыс жоспарын орындау | 10-20 |
2 | Ашық дәрістерді бағалау (сабақ) | 10-20 |
3 | Тәрбие жұмысын жүргізу | 7-15 |
4 | Мінездеме жазу | 3-5 |
5 | Есепті жазу және уақтылы орындау | 5-10 |
Қорытынды | 35-70 | |
Есепті қорғау бойынша балл анықтау | ||
6 | Есептің мазмұны | до 15 |
7 | Сұраққа жауап және презентация | до 15 |
Қорытынды | 15-30 | |
Барлығы | 50-100 |
9-кесте – Өндірістік практика (диплом алдындағы) нәтижелері бойынша ұпайлардың таратылуы
№ | Компоненттер | Кол-во баллов |
Практика жетекшісінің балл анықтауы | ||
1 | Жеке жұмыс жоспарын орындау | 10-20 |
2 | Зерттеу жұмысын жүргізу | 7-15 |
3 | Білім алушының мінездемесі | 3-5 |
4 | Мәлімет жинау | 10-20 |
5 | Есепті жазу және уақтылы орындау | 5-10 |
Қорытынды | 35-70 | |
Распределение баллов по защите отчета | ||
6 | Есептің мазмұны | до 15 |
7 | Есепті қорғау | до 15 |
Қорытынды | 15-30 | |
Барлығы | 50-100 |
Емтихандар кестесін тіркеу бөлімі ЖОО-нан кейінгі білім бөліммен келісе отырып жасақтайды.
Емтихандар кестесін оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор бекітіп, емтихан сессиясы басталардан 2 аптадай бұрын білім алушылар мен оқытушылардың назарына ұсынылады.
Емтиханға жіберу ағымдық үлгерімді бақылау бағаларының негізінде жүзеге асырылады, олардың нәтижесі бойынша нақты пәндер бойынша өткізу рейтингілік бағасы анықталады.
Осы пән бойынша оң өткізу рейтингілік бағасына қол жеткізбеген білім алушы қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.
Курстық жобалар/ жұмыстар тапсырмаған білім алушылар да тиісті пән бойынша қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.
Кей жағдайларда (ауырып қалғанда, жанұялық жағдайлармен, нақты себептермен) ЖОО-нан кейінгі білім бөлімінің бастығы білім алушыға жеке график бойынша емтихан тапсыруға рұқсат береді.
Жеке график бойынша емтихан тапсыруға рұқсат алу үшін ЖОО-нан кейінгі білім бөлімінің бастығына дәлелді құжаттар (анықтамалар) тапсырылуы тиіс: сырқаттану туралы, баланың дүниеге келуі, жақын туыстардың қазасы, қызметтік немесе оқу іс сапарларына байланысты.
Емтихан сессиясы (аралық аттестация) кезеңінде ЖОО басшысының бұйрығымен біліктілігі наразылық білдірілген пәндерге сәйкес келетін оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.
Емтихандар жазбаша, ауызша, тест немесе аралас формаларда өтеді.
Тест формасы кезінде пәндердің өзгеше және ортақ белгілерінің қағидатын ұстана отырып, екі немесе одан көп пәндер бойынша кешенді емтихан өткізуге болады.
Оқу пәні бойынша аралық аттестация кезінде емтиханда алған баға мен академиялық кезеңдегі оқу үлгерімін ағымдық бақылаудың орташа ұпайы (өту рейтингілік бағасы) ескеріледі.
Әр пән бойынша емтихан аяқталғаннан кейін білім алушыға ЖОО студенттеріне қойылатын баға сияқты қорытынды баға беріледі.
Емтиханның жинақ кестесі барлық оқу мерзімі бойына білім алушылардың кредиттер санын есепке алу және жинақтап-қорытумен айналысатын тіркеу кеңсесіне тапсырылады.
Соңынан емтиханның жинақ кестесі тіркеу кеңсесінен ЖОО-нан кейінгі білім бөлімге тапсырылады. Осы емтиханның жинақ кестелері негізінде ЖОО-нан кейінгі білім бөлім аралық аттестация бойынша жиынтық кестесін жүргізеді.
Білім алушылар барлық емтихандарды қатаң түрде жұмыс және жеке оқу жоспарларына сәйкес, сондай-ақ пәндік оқу бағдарламаларына сәйкес тапсырады.
Олар сондай-ақ емтихандарды қосымша оқу түрлері пәндері бойынша да тапсыра алады, тапсыру нәтижелері емтиханның жинақ кестесіне және білім алушының жеке жинақ кітапшасына енгізіледі.
Қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда қайта тапсыру үшін білім алушы осы пән бойынша қарастырылған жұмыс оқу жоспарының барлық сабақтарына қайтадан қатысып, өтуге рұқсат алып, қорытынды бақылаудан өтеді.
Оң бағаны одан әрі жоғарылату мақсатымен емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
Қорытынды бақылау бағасымен келіспейтін магистрант емтихан өткеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешікпей наразылығын (апелляция) білдіре алады.
Егер пән бағдарламасын толық көлемде меңгерген білім алушы емтиханға келмей қалса, емтиханның жинақ кестесінде оның аты-жөні тұсына «келмеді» деген белгі қойылады.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 |


