41. Диссертацияның бөлімдері абзацтан бастап, нүктесіз араб сандарымен реттік нөмірмен жазылады. Бөлімшелер әр бөлім бойынша нөмірленеді. Бөлімшелердің нөмірлері бөлімдер мен бөлімшелердің нүктемен бөлінген нөмірлерінен тұрды. Бөлімше нөмірінің соңына нүкте қойылмайды. Бөлімдер бөлімшелер сияқты бір немесе бірнеше пункттерден тұруы мүмкін.
42. Егер диссертацияда бөлімшелер болмаса, олардың нөмірленуі әр бөлім бойынша жазылып, пункттердің нөмірлері нүктемен бөлінген бөлім және пункт нөмірлерімен жазылады.
Мысалы
1 Типтері мен негізг өлшемдері
1.1
1.2 – диссертацияның бірінші бөлімінің пункттерін нөмірлеу
1.3
2 Техникалық талаптар
2.1
2.2 - диссертацияның еікнші бөлімінің пункттерін нөмірлеу
2.3
Егер диссертацияның бөлімшелері болса онда пункттерді нөмірлеу бөлімше және пункт нөмірлері аясында нүктемен бөлінген бөлім, бөлімше және пункт нөмірлерінен тұрады, мысалы:
3 Сынақтан өткізу тәсілдері
3.1 Аппараттар, материалдар и реактивтер
3.1.1
3.1.2 – Диссертацияның үшінші бөлімінің бірінші бөлімшесінің пункттерінің нөмірленуі
3.1.3
3.2 Сынақтан өткізуге дайындық
3.2.1
3.2.2 - Диссертацияның үшінші бөлімінің екінші бөлімшесінің пункттерінің нөмірленуі
3.2.3
Егер бөлім бір бөлімшеден тұрса бөлімше нөмірленбейді. Егер бөлімше бір пункттен тұрса пункт нөмірленбейді.
43. Егер мәтін тек пункттерге бөлінсе онда олар диссертациялық жұмыстың шеңберінде реттік нөмірмен нөмірленеді.
44. Қажетіне қарай пункттер пунктшелерге бөлінуі мүмкін. Бұл жағдайда пункттер шеңберінде реттік нөмірмен нөмірленеді, мысалы: 4.2.1.1, 4.2.1.2.
45. Бөлімдер мен бөлімшелерде тізбелер болуы мүмкін.
Әр тізбенің алдына дефис немесе қажетіне қарай құжат мәтініндегі бір тізбеге сілтемелер нүктесіз жазылады. (ё, з, й, о, ч, ь, ы, ъ әріптерінен басқасы).
Тізбелерді әрі қарай бөлшектеу үшін абзацтан басталып, араб сандарымен жазылып олардан кейін жақша салынады.
Мысалы:
а) __________
б) __________
1) _____
2) _____
в) __________
46. Диссертацияның әр құрылымдық элементін жаңа беттен бастау керек.
47. Диссертация мен қосымшаларды нөмірлеу бір ретпен жүргізіледі.
48. Иллюстрацияларды (сызбалар, графиктер, карталар, сұлбалар, диаграммалар, фототүсірістер) мәтінге қатысына қарай мәтіннен кейін орналастырылады.
Иллюстрациялар компьютермен немесе түрлі түсті түрде орындалуы мүмкін. Барлық иллюстрацияға сілтемелер жасалынуы керек.
49. Дисссертациядағы сызбалар, графиктер, диаграммалар, сұлбалар мен иллюстрациялар Конструкторлық құжаттаудың бірыңғай жүйесі стандартына сай жасалу керек (Единой системы конструкторской документации (ЕСКД)).
Сызбалар, графиктер, диаграммалар мен сұлбаларды компьютер техникасының көмегімен жасауға болады.
50. А4 форматынан өлшемі кіші фототүсірістер стандартты ақ түсті бетке жапсырылады.
51. Иллюстрацияның қосымшаларынан басқа иллюстрацияларды араб сандарымен белгілейді.
Егер бірінші сурет болса онда « Сурет 1» деп белгіленеді де оның атауы жолдың ортасына сызықша арқылы жазылады.
52. Иллюстрацияларды бөлім шеңберінде нөмірлейді. Бұл жағдайда иллюстрация нөмірі бөлім нөмірі мен иллюстрацияның реттік нөмірінен тұрады, нүктемен бөлінеді. Мысалы: Сурет 1.1.
53. Иллюстрацияларда қажетіне қарай атаулары мен түсіндірме ақпараттары болуы мүмкін. « Сурет» сөзі және оның түсіндірме жазбаларынан кейін атаулары жазылып келесідей түрде орналастырады: Сурет 1 – прибор бөлшектері.
54. Әр қосымшаның иллюстрациясы қосымшаның атымен бірге араб сандарымен белгіленеді.
Мысалы: 3
Иллюстрациялар В қосымшасына сай безендіріледі.
55. Иллюстрацияларға сілтеме жасағанда былай жазу керек: «... сурет 2 сәйкес» және «... сурет 1.2 сәйкес».
56. Кестелерді жақсы көрнекілік және көрсеткіштерді салыстыруға ыңғайлы болу үшін қолданады. Кесте атауы оның мазмұнын көрсетуге тиісті және ол нақты әрі қысқа болып, кесте үстіне оның нөмірімен бір жолда абзац қалдырылмай сол жақтан бастап сызықша арқылы жазылады. Кестенің бөлігін келесі бетке көшіргенде бірінші беттегі горизонталь сызықты жаппай, келесі беттің үстіне « Жалғасы» деп жазып кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: « Жалғасы кесте 1».
57. Диссертацияда кестелерді мәтінді кесте жөнінде келтірілгеннен кейін ғана қою керек. Сілтеме жасағанда кесте мен кестенің нөмірі көрсетіледі. Қосымшалардағы кестелерді қоспағанда кестелерді нөмірлеу араб сандарымен жазылады. Кестелерді нөмірлеу бөлім шеңберінде нөмірлеуге болады. Бұл жағдайда кесте нөмірі нүктемен бөлінген бөлім нөмірі мен кесте нөмірінен тұрады. Қосымшаның кестелері қосымша белгілеуі жазылған араб сандарымен нөмірленеді.
58. кестелер ереже бойынша сол, оң және төменгі жағынан сызықтармен тұйықталады. Кесте ішінді шрифт өлшемін мәтіндегіден кіші етіп алуға рұқсат етіледі (12). Егер горизонталь және вертикаль сызықтардың жоқтығы кестелерді пайдалануда қиындық тудырмаса оларды салу міндетті емес.
Кестенің төменгі сызығы мен мәтін арасындағы қашықтық 2 бос жол болу керек.
Кестелерді безендіру жөніндегі толық ақпарат ГОСТ 2.105 берілген.
59. Ескертулерді абзацтан бастап жазба әріптерімен теру және астын сызбау керек. Диссертацияда мәтін мазмұнына, кестелер мен графикалық материалдарға түсініктемелер және анықтамалық мәліметтер қажет болғанда ескертулерді келтіреді. Ескертулерді мәтіндік, графикалық материалдар мен кестелерден кейін орналастыру керек. Егер ескерту біреу болса «Ескерту» сөзінен соң сызықша қойылады. Бір ескертуді нөмірлемейді. Бірнеше ескертулерді араларына нүкте қоймай араб сандарымен ретімен нөмірлейді. Кестеге ескертулерді кесте соңын білдіретін сызықтың үстіне орналастырады.
60. Формулалар мен теңдеулерді мәтіннен бөлек жолға орналастырған жөн.
Әр формула немесе теңдеу араларында жоғарынан және төменінен бір жол бос орын қалуға тиісті. Егер теңдеу бір жолға сыймаса оны келесі жолға көшіру мына белгілерден кейін жүзеге асады: (=), (+), (-), (х), (:) және осы белгілер келесі жолдың басында қайтадан жазылады. Көбейту амалын білдіретін формуланы көшіргенде «х» белгісі пайдаланылады.
Символдар мен сандық коэффициенттерге түсініктеме сәйкес формуланың астына формулада орналасуына байланысты жазылады. Формулаларды диссертациядағы барлық формулаларымен бір есепте жолдың оң жақ бөлігіне жақшаға алынып жазылады. Формулаларды бөлім шеңберінде нөмірлеуге рұқсат беріледі, онда формула нөмірі арасына нүкте қою арқылы бөлім нөмірі мен формула нөмірін жазады.
Қосымшаға орналастырылған формулалар әр қосымша шеңберінде нөмірленіп, қосымша белгісін жазып араб сандарымен жазылады, мысалы формула (В1). Формулалар мен теңдеулерді қара түсті бояумен қолдан жазуға рұқсат етіледі.
61. Қолданылған ақпарат көздеріне сілтемені квадрат жақшада жазады. Бүкіл құжатқа немесе бөлімдері мен қосымшаларға сілтеме жасау керек. Бөлімшелер, пункттер, кестелер мен иллюстрацияларға сілтеме жасалмайды. Егер пайдаланылған ақпарат көздерінде стандарттың бекітілген жылы мен сипаттамасы берілсе онда стандарттар мен техникалық шарттарға сілтеме тек оның белгіленуімен жазылады.
62. Белгілеулер мен қысқартулар диссертацияда орналасуына байланысты бағана түрінде түсіндірмелерімен орналастырылады.
Анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар бір құрылымдық элементке жазылуы мүмкін: « Анықтамалар, белгілеулер және қысқартулар».
63. Қолданылған ақпарат көздерінің тізімі диссертация мәтініндегі сілтемелердің орналсуына қарай нүктесіз араб сандарымен жазылады. Абзац қалдырмай жазу керек.
64. Қосымшаларды диссертацияның жалғасы ретінде келесі беттерде безендіреді немесе бөлек құжат түрінде шығарады.
Қосымшалар барлық құжат бөлімдері секілді нөмірленеді.
Диссертация мәтініндегі барлық қосымшаларға сілтемелер жасалады. Қосымшалар диссертация мәтінінде болуына қарай орналасады.
Әр қосымша жаңа беттен басталып, беттің жоғарына, ортасына «ҚОСЫМША» сөзі жазылады. Қосымшаның бөлек жолға жазбаша әріптермен жазылған атауы болуға тиісті. Қосымшаларды орыс алфавитінің Е, З, Й, О, Ч, Ь, Ы, Ъ әріптерінен басқа А әріпінен бастап белгілейді. «ҚОСЫМША» сөзінен кейін оның кезектілігін білдіретін әріп жазылады. Орыс алфавитінің барлық әріптері қолданылған жағдайда I, O әріптерінен басқа латын алфавитін әрі қарай араб сандарын қолдануға болады.
65. МАК қорытындысы бойынша теріс шешім алған диссертация осындай шешім шыққаннан кейін өңделіп бір жылдан соң қайтадан қорғауға ұсынылады.
66. Диссертациялық жұмыстарды қорғаудың нәтижесін оны өткізген күні айтады.
67. Магистерлік диссертациясын ойдағыдай қорғаған магистрантқа сәйкес мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесі беріледі.
19. Кафедра туралы ақпарат және 6М090400 – жерге орнластыру мамандығының магистріне қойылатын талаптар.
Факультет жоғары оқу орнының негізгі оқу,ғылыми және әкімшілік құрылымдық бөлімі болып табылады. Мұнда бірнеше мамандықтар оқылады және лабораториялар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады.
Факультетті басқарып келеді т.ғ.к Оқу үрдісін және оқу зерттеулерін кәсіби жоғары 119 оқытушы соның ішінде 3 доктор және 30 астам ғылым кандидаттары іске асырады.
Білім беру қызметтері нарығындағы факультет имиджінің қалыптасуы, оның түлектерінің дайындығының жоғары деңгейі, сондай-ақ бұл мамандықтардың аймақтық және аймақаралық нарықтарда қажеттілігімен негізделетін студенттер саны жыл санап өсіп келеді. Бұған қаладағы барлық жоғары оқу орындарының техникалық, қызмет көрсету саласы, өміртіршілік саласы бағыттағы мамандар дайындайтындығына қарамастан қол жеткізіліп отыр.
Біздің мекен-жайымыз: Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі 51 үй (политехникалық факультет корпусы А блогы, 2-ші қабат - деканат (ауд 202), телефон: 8(71, Б блогы, 2- қабат – « Механикаландыру технологиялары мен жерге орналастыру» кафедрасы, 225-ші ауд.
Қазіргі уақытта кафедрада 15 оқытушы, соның ішінде 2 кандидат, 3 магистр жұмыс істейді. Кафедраға доцент М.Қ.Бралиев жетекшілік етеді. Олардың ішінде ғылым кандидаттары 4, магистр академиялық дәрежесі бар оқытушылар – 8. Кафедрада студенттерді қажетті ақпараттармен қамтамасыз ететін эдвайзерлер жұмыс жасайды.
«Механикаландыру технологиялары және жерге орналастыру» кафедрасының жерге орналастыру мамандығында сабақ жүргізетін оқытушылар тізімі
№ | Аты-жөні | Атқаратын қызметі | Ғылыми немесе академиялық дәрежесі | Телефон |
1 | Оңаев Марат Қайырлыұлы | доцент | Техника ғылымдарының кандидаты | сот: |
2 | Ахмеденов Кажмурат Максутович | доцент | География ғылымдарының кандидаты, экология магистрі | сот: |
3 | Бекназаров Жолдыбай Бекназарович | доцент | Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты |
|
4 | Кенжегалиев Гиният Гайсиевич | доцент | Техника ғылымдарының кандидаты |
|
5 | Ожанов Гали Саттибаевич | доцент | Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты |
|
6 |
| ст. преподаватель | Биология магистрі | сот: |
7 | Садыров Санжар Карлович | ст. преподаватель | экология магистрі | сот: |
8 |
| преподаватель | - | сот: |
9 | Тасанова Жадыра Байжановна | преподаватель | - | сот: |
10 |
| преподаватель | - | сот: |
11 | Мусаева Бибинур Мусалимовна | преподаватель | - | сот: |
12 | Ахмеденова Саягуль Гусмановна | преподаватель | экология магистрі | - |
13 |
| преподаватель | - | сот: |
2. 6М090400 – Жерге орналастыру мамандығының магистріне қойылатын талаптар:
Бейіндік бағыт бойынша:
түсінік болу керек:
Жерге орналастыру ғылымының әдістемесі, жерге орналастырудың жағдайы мен әлемдік қарқыны туралы;
білу керек:
- фундаменталды ғылым негіздерін;
- жерге орналастыру мен жер қатынастарының даму процесінің заңдылықтары мен механизмдерін;
жасай білу:
- жерге орналастырудың әртүрлі салаларында фундаменталды ғылым жайындағы білімдерін практика жүзінде зерттеу, іздестіру және әдістемелік міндеттерді шешуге пайдалану;
- өз жұмысында заманауи лабораториялық және компьютерлік құрылғыларды қолдану;
- ғылыми зерттеулер мен өндірістік жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу;
- жоғары оқу орнында психология және педагогика пәндерінен алған білімдерін практика жүзінде қолдану керек;
дағдылары:
- шетел тілінде ғылыми-әдістемелік құжаттарды құрастыру және сөйлесе білу;
- ғылыми-әдістемелік материалдарды, ғылыми мақалаларды және әдістемелік нұсқаулықтарды жаза білу;
- ғылымның ғылыми-теориялық аппараты мен жалпы ғылыми әдістеме;
- ақпараттарды компьютермен жинау, өңдеу және сақтау;
құзіреттілігі:
- конкурсқа қатысу үшін ғылыми-зерртеу және оқу құжаттамасын құрастырғанда;
- ұйымдарда ғылым-зерттеу және оқу-тәрбие жұмыстарында.
6М090400 – Жерге орналастыру мамандығының түлегіне академиялық дәреже – ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі 6М090400 – Жерге орналастыру мамандығы бойынша (ғылыми-педгогикалық) және ауыл шаруашылығының магистрі 6М090400 – Жерге орналастыру мамандығы бойынша (бейіндік) беріледі.
Кәсіби іс-әрекетінің объекттері
Бейіндік бағыт бойынша:колледждер, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-өндірістік, ауылшаруашылық, табиғат қорғау, жобалау, әкімшілік мекемелері; салалық лабораториялар, департаменттер, жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық, облыстық және республикалық құрылымдық комитеттері.
Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша: жоғары, арнайы орта және кәсіби-техникалық аграрлық бағыттағы оқу орындары, ғылыми-өндірістік мекемелер, Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі агеттіктің жергілікті, аудандық, облыстық және республикалық құрылымдық аппараттары.
Кәсіби іс-әрекетінің түрлері
6М090400 – Жерге орналастыру мамандығының магистратура түлегі келесі кәсіби іс-әрекеттерді атқара алады:
Бейіндік бағыт бойынша: жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік жүйесіндегі өндірістік және жобалау-іздестіру мекемелерінің ұйымдастыру-технологиялық және жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау, басқару іс-әрекетін жүзеге асыру.
Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша: жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік жүйесіндегі өндірістік және жобалау-іздестіру мекемелерінің ұйымдастыру-технологиялық және жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау, «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша аграрлық ЖОО-да білім беру.
ҚОСЫМША А
_____________________________________________________________
Аты-жөні
Диссертация атауы
Мамандықтың коды мен атауы
(ЖООКБ мамандықтар классификаторы бойынша беріледі)
Магистр академиялық дәрежесін алу үшін диссертация ___________
Ғылыми жетекші:
Ғылыми жетекші (болған жағдайда):
ҚОСЫМША Б
Пайдаланылған ақпараттар тізімі
1. Васильева трансплантированных опухолей. Алматы,2003, 216с.
2. , Васильева биологические ритмы и злокачественный рост // Усп. совр. биологии, 2003, Т. 103, № 2, С. 255-270.
3. Патент № 000. СССР. Способ переработки сырья. Опубл. 21.02.03.
4. А. с. № 000. СССР. Способ извлечения металлов. Опубл. 12.09.03.
5. Георгиева в системе свертывания крови у больных злокачественными опухолями //Сб. научн. трудов Института биологии. Алматы,2004, С.214-217.
6. , , Сорочинская ИЯ. Сезонные изменения содержания иммуноглобулинов в крови клинически здоровых лиц. Тез. докл. Ш Всес. конф. по хронобиол. и хрономед. Ташкент, 1990,320 с.
7. , Березовская изменения показателей свертывания крови у крыс и кроликов. М., Деп. в ВИНИТИ, 13.09.89, V, 21 с., № 000 - В 89.
8. Отчет № . ИМиО АН КазССР. Изучение кинетики и химизма процессов. Алматы, 2003,240 с.
9. Свиногеева терапия саркомы Т-1 в зависимости от ее митотической активности. Автореф. ... канд. биол. наук: 04.03.04. М.: МГУ, 2004.16 с.
10. Vachaspati T., Viderkin A. Evolution of cosmic nets // Phys. Rev., V. 46, №2, Р. .
11. Паустовский роза // Собр. соч.: В 7 т. М., 1984. Т. 3. с. 287-528.
ҚОСЫМША В
I – лейкоцит құрамының тәуліктік тебелісі. Қисықтардың белгіленуі: бақылау (1); 2-3 күн ісіктің өсуі (2); 3-7 өсудің күні (3); II – тәуліктік кезеңділік коэффициенті (а); тәуліктік адаптацияның көрсеткіші (б): А – адаптацияның жоқтығы, Б - әлсіз адаптация, В - қалыпты адаптация, Г – күн мен түннің ауысуна байланысты күшті адаптация.
Сурет 1. Периферилді қандағы лейкоцит құрамының тербелісі
Кесте 1. Лейкоцитар формуласындағы жеке клеткалардың КСП бөлінуі
Клетка типтері | Бақылау | ЛСП, 7 күн | ||
қыс | жаз | қыс | жаз | |
0,93 | 0,87 | 0,91 | 1,09 | |
Эозинофилдер | 1,30 | 2,46 | 0,75 | 1,46 |
Моноциттер | 1,07 | 1,54 | 0,79 | 1.14 |
Лимфоциттер | 1,01 | 1,03 | 1,04 | 0,93 |
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 |


