- арнайы магистратура кезінде (1 жылдық) –26 кредиттен кем емес
- арнайы магистратура кезінде (1,5 жылдық жылдық) –38 кредиттен кем емес.
Курстың оқу жоспарының талаптарын толығымен орындаған, барлық сынақтар мен емтихандарды ойдағыдай тапсырған, 1 курстан 2 курсқа өтуге қажетті 2,0 ұпай жинаған шәкірттер ректордың бұйрығымен келесі оқу жылына көшіріледі.
Академиялық берешегі бар, алайда келесі оқу жылына көшірілген оқушы тиісті пәндерді ақылы негізде қайталап оқып-үйренуі тиіс.
Магистранттардың өзіндік жұмысы меңгерілген білім мен біліктердің тереңдігі мен оларды практикалық іс-әрекет барысында шығармашылықпен қолдана білу деңгейін анықтайтын оқу үрдісінің ең маңызды факторы.
Магистранттардың өзіндік жұмысына мыналар жатады:
- дәріс конспектілері, оқулықтар мен оқу құралдары бойынша өтілген дәріс материалдарын зерттеп-тану;
- үй тапсырмаларын орындау;
- практикалық, зертханалық және семинарлық сабақтарға әзірлену;
- коллоквиумдарға даярлану және зертханалық жұмыстардың нәтижелерін өңдеу;
- бақылау жұмыстарына әзірлену;
- семестрлік тапсырмаларды орындау және оларды қорғауға дайындалу;
- магистрлік диссертацияны орындау және оны қорғауға әзірлену.
Мамандық бойынша оқу үрдісінде қолданылатын барлық әдебиет, оқу-әдістемелік әдебиет, ғылыми әдебиет, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер университеттің кітапханалық қорында жинақтаулы тұр.
Магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғап шыққан тұлғаларға «магистр» академиялық дәрежесі тағайындалады.
4. ЖОО-ның ішкі тәртібінің ережелері, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері
СМК/СЭМ. 08.ПД.02 «Университетте білім алушылардың білімін бағалау тәртібі туралы» ережелерге сәйкес, оқушылар ОКТ бойынша оқу үрдісінің ұйымдастырылу ережелерімен танысуы тиіс.
Өзінің жеке оқу жоспарын құру барысында білім алушы ОКТ бойынша өз оқу үрдісін ұйымдастыру ережелерін басшылыққа алып, сондай-ақ оқу пәндерін тіркеу мен жеке оқу жоспарына (ЖОЖ) өзгеріс енгізу мерзімдерін ұстануы тиіс. Білім алушылар оқу пәндерін қатаң түрде ЖОЖ-на сәйкес игеруі керек.
Университетте білім алушы аудиториялық сабақтар кестесіне сәйкес ЖОЖ-да қарастырылған барлық сабақтарға қатысуға міндетті. Ерекше жағдайларда университет әкімшілігімен келісе отырып, білім алушы сабақтарға қатысудың жеке графигін құруға рұқсат ала алады.
Оқуын әрі қарай жалғастырғысы келмеген оқушы өз еркі бойынша оқудан шығуға құқылы.
ЖОО Жарғысында қарастырылған міндеттерді, Университет әкімшілігі орнатқан ішкі еңбек тәртібі ережелерін бұзғаны үшін оқушыға келесі тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін:
1) ескертпе;
2) ескерту;
3) сөгіс;
4) жеке ісіне жазылатын қатаң сөгіс;
5) Университеттен шығару.
Белгілі тәртіппен білім алып жатқан оқушы оқу және қоғамдық іс-әрекет мәселелерімен басшылыққа жүгіне алады.
5. Білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу және қайта тіркеу тәртібі 5.1 Кредитттің технология бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері
Магистратураның білім беру бағдарламасы 1 – 1,5 жыл (арнайы бағыт), 2 жыл (ғылыми және педагогикалық бағыт) бойына жүзеге асырылады. Оқудың аяқталғандығының міндетті шарты білім алушының міндетті және таңдау (элективті) компоненттері бойынша белгілі бір кредиттер санына қол жеткізуі болып табылады. Қосымша элективті пәндер пәндерді ЖОО даярлық бағытына және білім беру қызметін сапалы ұсыну мүмкіндіктеріне қарай өзі таңдайды.
Оқуының барлық мерзімі бойына магистрант кем дегенде 51 кредит (ғылыми-педагогикалық бағыт), кем дегенде 26 кредит (1 жылдық), 38 кредит (1,5 жылдық) игеруі тиіс.
Академиялық таңдау бостандығы – ОКТ басты артықшылықтарының бірі: білім алушылар өздерінің білім алу кеңістігін қалыптастыруға, оқытушыларды таңдауға мүмкіндік алады. Осыған байланысты білім алушылар эдвайзерлердің көмегімен өздерінің жеке оқу жоспарын (ЖОЖ) толтырып, білім беру мазмұны мен оқытуды ұйымдастыру аясын айқындайды.
Эдвайзер (Advisor) –мамандық бойынша білім алушының тәлімгерінің міндетін атқаратын оқытушы, ол білім алушыға оқу траекториясын (жеке оқу жоспарын) қалыптастыруға және оқу мерзімі барысында білім беру бағдарламасын игеруге көмек береді. Эдвайзерлер оқушылардың академиялық мүдделерін қорғай отырып, оқу үрдісінің ұйымдастырушылық сипатына қатысты ақпараттық материалдарды (жол сілтеуші анықтама, ЖОЖ, элективті пәндер каталогы, белсендіруші тарату материалы, т. б.) әзірлеуге қатысты мәселелерді шешуге қатысады.
Тьютор (Tutor) –білім алушыға оқу пәнін меңгеруге көмек беруші тұлға.
Тьюторлардың міндетін оқу пәндерінен дәріс беретін оқытушылар атқарып, міндетті, сондай-ақ элективті пәндерді игеруде көмектерін ұсынады.
Тьютор әр оқушының курсты игеру үрдісін бақылауға алып, оның орындаған тапсырмаларына, семинарлардағы жұмысын жеке бағалап, қажет болғанда көмек пен кеңесін береді. Тьютор сондай-ақ нақты курсты зерттеп-үйренудің жалпы жай-күйіне талдау жасайды.
Алғашқы оқу жылының басында бірінші курста оқитындар үшін ұйымдастыру апталығы өткізіледі. Бұл кезеңде бірінші курстықтар ЖОО кейінгі білім бөлімімен, деканатпен, факультетпен, кафедралармен, кураторлармен, эдвайзерлермен, кітапханамен, университет мұражайымен танысады. Кафедралар осы апта бойына таңдау пәндерін, тьютор мен дәріс берушілерді, оқу пәндерін таныстыруларын өткізеді. Пәндердің таныстырылымдары білім алушыларға оқу траекториясын дұрыс таңдауға және ЖОЖ (жеке оқу жоспарын) құруға көмектеседі. Осы таныстырылымдар нәтижесінде білім алушылар университеттегі барлық мерзіміне элективті пәндерді, сондай-ақ осы оқу жылында барлық пәндер бойынша білім беретін оқытушыларды таңдайды. Пәндерге жазылу университеттің тіркеу бөлімінде жүргізіледі.
ОКТ кезінде оқу траекториясын еркін таңдауды жүзеге асыру мақсатында университетте кеңесшілердің, яғни тьюторлар мен эдвайзерлердің академиялық қызметі құрылған.
5.2. Білім алушылардың білім траекториясын таңдау ресімі
Білім алушы өзінің жеке оқу жоспарын (ЖОЖ) мамандық бойынша оқыту жұмыс жоспары аясында өз бетімен құрады. Білімнің тиісті деңгейін игеру үшін білім алушы өзінің жеке оқу жоспарын табысты орындап, оқу жоспары бойынша талап етілетін тиісті кредит санын жинауы тиіс.
Білім алушының ЖОЖ әр академиялық кезеңге арналып түлек шығарушы кафедрадағы мамандық бойынша дәріс беретін, тәжірибелі эдвайзер оқытушының көмегімен жасақталады. Эдвайзердің басты міндеті - білім алушының оқу траекториясын таңдауына көмектесу. Эдвайзер болмаған жағдайда түлек шығарушы кафедраның меңгерушісі білім алушыларға жеке оқу жоспарын құру жөніндегі кеңестерін береді. Эдвайзерлердің саны ректордың бұйрығы бойынша білім алушылардың санына қарай тағайындалады.
Өзінің ЖОЖ құру кезінде білім алушының міндеттері:
оқытудың кредиттік технологиясы (ОКТ) бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережелерімен танысу;
оқу пәндеріне тіркелу және қайта тіркелу мерзімдерін ұстану;
тиісті деңгейдегі білім бағдарламасын игеру үшін оқу жылына арналып бекітілген тиісті кредиттерге жазылу.
Ақылы негізде білім алушы өз жеке оқу жоспарын тиісті деңгейдегі білім бағдарламасын игеру үшін оқу жылына арналып бекітілген тиісті кредиттерден аз кредитпен қалыптастыра алады, алайда оқу мерзімі ұзарып кетеді.
Жасақталған ЖОЖ-ын (3 дана) білім алушы келісімін алу үшін ғылыми жетекшісіне, кафедра меңгерушісіне ұсынады, оны ЖОО-нан кейінгі білім бөлімінің басшысы бекітеді. Келісілгеннен кейін бір данасы білім алушының қолында қалады, екінші данасы эдвайзерге аттестацияларды ұйымдастыру үшін Тіркеу бөліміне жіберіледі, ал үшінші данасы ЖОО-нан кейінгі білім бөліміне тапсырылады, ол білім алушының оқу жоспарын орындауына бақылау жасауға негіз болмақ.
Білім алушы элективті пәндер (таңдау компоненттері) бойынша мамандығының оқу жұмысы жоспары аясында ЖОЖ-дағы пәндер құрамын өзгертуге құқылы.
Оқу жоспарының әр блогы бойынша элективті пәндер каталогы (ЭПК) кафедраларда құрылып, кафедра отырыстарында, факультет кеңестерінде талқыланып, Оқу кеңесінде бекітіледі.
Білім алушының ЖОЖ-на енгізілген кредиттер саны тиісті семестрдегі білім алушының мамандығы бойынша жұмыс оқу жоспарындағы бекітілген кредиттер санына сәйкес болуы тиіс.
Білім алушыларды пәндерге жазуды кафедралардың, деканаттардың және эдвайзерлердің әдістемелік және кеңесшілік көмегімен Тіркеу бөлімі жүзеге асырады.
Тіркеу басталғанша білім алушыларға өзіндік жеке оқу траекториясын анықтау үшін эдвайзерлерге жүгіну қажет. Эдвайзер бекітілген жұмыс оқу жоспарлары мен таңдау пәндерінің тізіміне сәйкес пәнді таңдау мәселесі бойынша білім алушыларға кеңес пен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Университетке жаңадан түскен білім алушылар бағдар алу аптасынан кейін бірінші семестрдің теориялық оқу бөлімі басталғанша тіркеліп болулары тиіс.
Бұл санаттағы білім алушыларды тіркеуде негізге алынады:
білім алушылар санатына енгізу туралы бұйрық;
семестрдің төлем ақысы (егер ақылы негізде оқитын болса).
Қалған оқушылар пәндерге келесі оқу жылынан бастап тіркеледі, пәндерді тіркеудің академиялық күнтізбесінде көрсетілген мерзімі ішінде оқу жылының аяғында қайталап өтеді. Олар тіркеу мерзімінен (таныстырылымдар, кеңестер) міндетті түрде өтулері тиіс.
Тіркелу үшін олар мына шарттарға сәйкес болулары тиіс:
белгілі бір пәнді оқып-зерттеуге қажетті барлық пререквизиттерден өту;
оқуы үшін қаржылық берешегінің болмауы;
кешенді медициналық байқаудан өту (оқу жылына кем дегенде 1 рет).
Ақылы негізде білім алушылар оқу ақысын жасалған келісім шарт негізінде төлейді.
Таңдалған курстардан бас тарту және баламалық пәндерге қайта жазылу үшін 27 тамызға дейін мына себептермен арыз жазу қажет:
топтың жиналмауы (қалыптаспауы);
кафедраның штаттық кестесіндегі өзгерістерге байланысты.
Кредиттік оқу жүйесі кезінде академиялық жиымдар мен топтар оқу пәндеріне және оқытушыларға жазылу арқылы құрылады.
Академиялық жиымдар белгілі бір пәнге жазылған білім алушылар саны жеткілікті болған жағдайда құрылады. Міндетті пәндерге тіркелгендер саны кем дегенде: дәрістерге – 30 және одан астам, семинарлар мен практикалық сабақтарға –20, зертханалық жұмыстарға –10 адам (тілдік пәндер, информатика бойынша практикалық сабақтарда 10-15 адамнан тұратын қосалқы топтар құрылады), тек оқушылар саны аз мамандықтар бойынша пәндерді қоспағанда. Таңдау пәндерінен кем дегенде 12 адамнан тұратын топ құралуы керек.
Қосымша білім беру мен академиялық берешекті жою немесе ақылы негіздегі оқу жоспарларындағы айырмаларды тапсыруға мүмкіндік беру мақсатында жазғы семестр –жазғы демалыс кезіндегі қосымша оқу мерзімі ұйымдастырылады.
ЖС өтуге құқылы оқушылар:
қосымша оқу кезінде үздік үлгерушілер;
өткен академиялық кезеңдерден қалған берешектері барлар;
қайта орналасу, ауысу кезінде академиялық айырманы тапсырушылар;
рейтинг-бақылаудың нәтижесі бойынша сессияға жіберілмегендер.
Сессия нәтижесі бойынша академиялық берешектері барлар түлек шығарушы кафедрамен келісе отырып, басқа элективті пәндер курсын таңдай алады.
ЖЗ ұзақтығы мамандықтар мен курстарға қарай оқу үрдісінің академиялық күнтізбесі арқылы анықталады және 6 аптадан аспауы тиіс.
ЖЗ ресімдеу регламентке сәйкес жүргізіледі;
жазғы емтихан сессиясын аяқтағаннан кейін білім алушылар 10 күн ішінде тіркеу бөліміне ақы төлегені жөніндегі түбіршекті жалғай отырып, үлгі бойынша ЖС-ге қатысуға ниет білдіретіні туралы арыз жазады;
Пәндерге жазылу аяқталғаннан кейін Тіркеу бөлімі топтарды жинақтайды;
ЖЗ-ге тіркелу аяқталғаннан кейін ЖЗ-ге тартылатын дәріс берушілер мен тьюторлардың (оқытушылардың) жұмысбастылығын ескере отырып, сабақтар кестесі құрылады.
Жазғы семестрді ұйымдастыру ұпайлық-рейтингілік жүйе (ҰРЖ) және білім алушылардың білімін тәуелсіз бағалау қағидатына сәйкес жүзеге асырылады; білім алушылардың білімінің қорытынды бағасын жазғы семестрде дәріс оқитын оқытушы немесе практикалық сабақтарды жүргізуші тьютор қояды.
ЖЗ кезінде тест түрінде (компьютерлік немесе қағаз нұсқада) рейтингілік және қорытынды бақылау жүргізіледі.
ЖЗ кезінде өту ұпайын жинақтай алмаған білім алушылар оқудың келесі курсына көше алмайды. Магистратурадағы өту ұпайының деңгейі (GPA) 2,0*, сол арқылы магистранттар ректордың бұйрығымен келесі оқу жылына көшіріледі.
Пәнді қайталап өту барлық мамандықтар және оқу формалары бойынша тек ақылы негізде жүзеге асырылады. Бір кредиттің құны оқу жылына бекітілген оқу құнының осы мерзімде игерілетін кредиттер санына қатынасы арқылы есептеледі.
*-өту ұпайы Ғалымдар Кеңесінің ұйғарымымен оқу жылы аяғында өзгертілуі мүмкін.
6. Білім алушылардың білімін ағымдық, аралық және қорытынды бағалау мен бақылауды ұйымдастыру тәртібі
Білім алушылардың білімін бағалау мен бақылау ұпайлық-рейтингілік әріптік жүйе бойынша келесі бақылау түрлерін қолданып, жүргізіледі:
1. ағымдық бақылау;
2. межелік бақылау;
3. қорытынды бақылау;
4. қорытынды сынақ.
6.1. Магистратура мен докторантурада білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау пәннің әр тақырыбы бойынша аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы білім бақылау түрінде өткізіледі.
Күндіз оқитындардың оқу үлгерімін ағымдық бақылау қабылданған сызба бойынша оқу сабақтарының кестесіне сәйкес жүргізіледі (4-кесте).
4-кесте – Оқу үлгерімін ағымдық бақылау сызбасы (зертханалық және практикалық сабақтар қосылған пәндер мысалға алынған)
Кредиттер саны | Сабақ түрлерінің кестесі (академиялық сағаты ) | ||
1 апта | 2 апта | 3 апта | |
1 кредит | 1 сағ СӨЖ | 1 час практ.* 1 сағ СӨЖ | 1 сағ зерт.* сағ СӨЖ |
2 кредит | 1 сағ зерт.* 2 сағ СӨЖ | 1 сағ зерт.* 2 сағ СӨЖ | 2 часа прак.* 3 сағ СӨЖ |
3 кредит | 1 сағ прак.* 1 сағ зерт.* 4 сағ СӨЖ | 1 час прак.* 1 сағ зерт.* 4 сағ СӨЖ | 1 час прак.* 1 сағ зерт.* 3 сағ СӨЖ |
4 кредит | 2 сағ лаб.* 4 сағ СӨЖ | 2 сағ зерт.* 4 сағ СӨЖ | 4 часа прак.* 6 сағ СӨЖ |
5 кредит | 1 час прак.* 2 сағ зерт.* 6 сағ СӨЖ | 1 час прак.* 2 сағ зерт.* 6 часов сағ СӨЖ | 3 часа прак.* 1 сағ зерт.* 6 сағ СӨЖ |
6 кредит | 2 часа прак.* 2 часа лаб.* 8 сағ СӨЖ | 2 часа прак.* 2 часа лаб.* 7 сағ СӨЖ | 2 часа прак.* 2 сағ зерт.* 7 сағ СӨЖ |
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 |


