Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Улица КҮЛӘШ БАЙСЕЙІТОВА
Прежнее название – улица А. Байтұрсынов. Начинается с переулка Шыңтас и пересекается с улицами Қарасай батыр, М. Дулатов, Абат-Байтақ, М. Жәлел и Шақпақ. Длина – 2447,8 м.
Куляш Байсеитова () – известная певица, одна из основателей казахского оперного искусства, общественный деятель, заслуженная артистка Казахстана, народная артистка СССР. Исполняла партии Жибек в опере «Кыз Жибек», Акжунис в опере «Ер Таргын» и Енлик в опере «Енлик-Кебек» М. Ауезова.
КҮРЕҢБЕЛ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – № 36-16 көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Таңбалытас көшесінен басталып, Шарбақкөл көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 446,1 м.
Күреңбел – Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы елдімекен атауы.
УЛИЦА КҮРЕҢБЕЛ
Прежнее название – улица № 36-16. Микрорайон Қараөткел. Начинается с улицы Таңбалытас, пересикается с улицей Шарбақкөл. Длина – 446,1 м.
Куренбел – название населенного пункта в Мойынкумском районе Жамбылской области.
ҚАДЫРҒАЛИ ЖАЛАЙЫРИ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – № 74 көше. «Ақбұлақ» тұрғын алабы. А. Тоқпанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1004,8 м.
Қадырғали Жалайыри (1555 жылдар шамасында туылған - 1605) – орта ғасырдағы қазақтың ғұлама ғалымы, белгілі биі. Сырдария бойын мекендеген Ұлы жүздің тарақ таңбалы Жалайыр тайпасынан шыққан. Қадырғали Жалайыри ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жете меңгеріп, Шығыстың классикалық озық әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын терең білген. Қадырғали Жалайыри Қасым ханның қасында 1600 жылы өзінің «Жами ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы» деп те аталады) атты атақты шежіре кітабын жаза бастап, оны 1602 жылы аяқтады. Шежіре 157 беттен тұрады, Автор жылнамада Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, қазақ сахарасын мекендеген жалайыр, жарғын, қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, алшын т. б. түркі ру-тайпаларына тарихи анықтама береді. Қадырғали Жалайыридың шежіресі – ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығарма.
УЛИЦА ҚАДЫРҒАЛИ ЖАЛАЙЫРИ
Прежнее название – улица № 74. Жилой массив «Ақбұлақ». Заканчивается на улице А. Тоқпанов. Длина – 1004,8 м.
Кадыргали Жалайыри (родился приблизительно 1555 годах - 1605) – ученый, бий, известная личность в средних веках. Выходец из рода жалайыр Старшего жуза, жившего на берегах Сырдарии. Кадыргали Жалайыри помимо родного языка владел арабским, персидским языками, хорошо знал передовую литературу, науку и культуру востока. Кадыргали Жалайыри в 1600 году в эпоху правления Касым хана начал писать Родословную «Жами ат-тауарих», которую закончил в 1602 году. Родословная состоит из 157 страниц. Автор в родословной сделал краткое обозрение истории восточных народов и дал историческую справку таким тюрским родовым племенах, как жалайыр, аргын, кыпшак, канлы, найман, конырат, керей, алшын и другим. Родословная Кадыргали Жалайыри – стала первым историческим произведением, написанным на казахском языке.
ҚАЖЫМҰҚАН КӨШЕСІ
Тәуелсіздік даңғылынан басталып, Л. Мирзоян, Ж. Жирентаев көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1628,3 м.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы () – қазақтың әйгілі палуаны, классикалық күрестің шебері. Әлемнің бірталай ірі қалаларында болып, балуандық өнерін көрсеткен. Бірнеше рет күрес аренасына шығып, 48 алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталған. 1937 жылы Орынборда өткен ең ірі чемпионатта бірінші орын алуына байланысты Қазақстан Орталық Атқару комитеті «Қазақ даласының батыры» деген атақ берген.
Бұл көшеде «Түркістан» әмбебап дүкені, «Қазақстан» спорт сарайы, атындағы Еуразия ұлттық университеті орналасқан.
УЛИЦА ҚАЖЫМҰҚАН
Начинается с проспекта Тәуелсіздік, пересекается с улицами Л. Мирзоян, Ж. Жирентаев. Длина – 1628,3 м.
Кажымукан Мунайтпасулы () – известный казахский борец. Был многих городах мира, участвовал в спортивных соревнованиях. Завоевал в общей сложности 48 золотых, серебрянных и бронзовых медалей. В 1937 году занял первое место в крупном чемпионате в Оренбурге, после чего по решению Центрального Исполнительного комитета ему было присуждено звание «Батыр казахской степи».
На этой улице расположены супермаркет «Туркестан», дворец спорта «Казахстан», Евразииский национальный университет имени .
ҚАЗАНАТ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – № 36-5 көше. Манкент орамынан басталып, Жылыой, Аягөз көшелерін қиып өтеді, Тұран даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 694 м.
Қазанат – батырлардың жауынгерлік аты.
УЛИЦА ҚАЗАНАТ
Прежнее название – улица № 36-5. Начинается с переулка Манкент орамынан басталып, Жылыой, Аягөз көшелерін қиып өтеді, Тұран даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 694 м.
Казанат – конь батыра для походов.
ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – № 52 көше. Исатай батыр көшесінен басталып, Айғыржал көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 429 м.
Қазтуған жырау Сүйінішұлы (ХҮ ғ.) – халық эпосының негізін салушылардың бірі. Ел аңызына сүйенсек, жырау қолбасшы болған. Шығармалары: «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір», «Мадақ жыры», «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы». |
УЛИЦА ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУ
Прежнее название – улица № 52. Начинается с улицы Исатай батыр и заканчивается на улице Айғыржал. Длина – 429 м.
Казтуган жырау Суюнишулы (XV в.) – один из создателей народного эпоса. Согласно народным легендам, Казтуган жырау был полководцем-батыром. Его произведения: «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір», «Мадақ жыры», «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы».
ҚАЗЫҒҰРТ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Деповский көшесі. Жидебай көшесінен басталып, Қарталы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 234,8 м.
Қазығұрт – Талас Алатауының оңтүстік-батыс сілеміндегі аласа келген жота. Ежелгі аңызда дүниені топтан су басқанда, Нұх пайғамбар кемесі Қазығұрт тауының шыңында тұрып қалған. Топан су қайтқан соң адамзаттың жаңа ұрпағының тіршілігі осы Қазығұрт тауынан басталған. Қазығұрт тауының сыртқы сұлбасы шынында да қайырлап тұрған алып кемені елестетеді. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында бір аудан және оның орталығы Қазығұрт атымен аталады.
УЛИЦА ҚАЗЫҒҰРТ
Прежнее название – улица Деповская. Расположена между улицами Жидебай и Қарталы. Длина – 234,8 м.
Казыгурт – невысокая горная возвышенность в юго-западной части Таласского Алатау. По старой легенде во время всемирного потока Ноев ковчег сел на вершину горы Казыгурт. После потопа жизнедеятельность новых потомков человечества началось именно на этой горе. Внешний вид горы Казыгурт напоминает разворачиваемый ковчег. В нынешнее время район в Южно-Казахстанской области и его центр называется Казыгурт.
ҚАЙНАР КӨШЕСІ
Н. Тілендиев даңғылынан басталып, Арқалық, Ақмола, Тарбағатай, Ұлытау, Баршын көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2180,4 м.
Қайнар – елімізде кеңінен кездесетін жер-су атауы.
УЛИЦА ҚАЙНАР
Начинается с проспекта Н. Тілендиев, пересекается с улицами Арқалық, Ақмола, Тарбағатай, Ұлытау, Баршын. Длина – 2180,4 м.
Кайнар – источник, топонимическое название часто встречающиеся в Казахстане.
ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВ КӨШЕСІ
Абылай хан даңғылынан басталып, Ш.Құдайбердіұлы даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 671,7 м.
Қайрат Рысқұлбеков () – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы. Көтеріліс басылған соң абақтыға қамалады. Семей түрмесінде қайтыс болған. Қайрат есімі халық есінде азаттық жолындағы күрескер, қаһарман ұл ретінде қалды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қ.Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы берілді.
УЛИЦА ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВ
Расположена между проспектами Абылай хан и Ш.Құдайбердіұлы. Длина – 671,7 м.
Кайрат Рыскулбеков () – герой декабрьского восстания 1986 года. После подавления востания был заключен под стражу. Умер в тюрьме в г. Семей. Кайрат в памяти народа остался, как герой, борец за независимость. После получения независимости Республики Рыскулбекову было присуждено звание «Народный Герой».
ҚАЙЫҢДЫ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Спортивный көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Ардагер көшесінен басталады. Ұзындығы – 634,5 м.
Қайыңды – қайың мол өскен жер дегенді білдіреді. Осы аттас елімізде бірнеше жер атаулары бар.
УЛИЦА ҚАЙЫҢДЫ
Прежнее название – улица Спортивная. Жилой массив «Көктал». Начинается с улицы Ардагер. Длина – 634,5 м.
Кайыңды – место, где растет много берез, означает березовый. В Казахстане имеется множества топонимических названии под таким названием.
ҚАЛБА КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – № 58 көше. Оңтүстік-шығыс тұрғын алабы. Тәуелсіздік даңғылынан басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 370,6 м.
Қалба – Шығыс Қазақстан облысындағы жота атауы.
УЛИЦА ҚАЛБА
Прежнее название – улица № 58. Жилой массив Юго-Восток. Расположена между проспектом Тәуелсіздік и улицей Балқантау. Длина – 370,6 м.
Калба – гора в Восточно-Казахстанской области.
ҚАЛҚАМАН КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Мостовой көшесі. Қабанбай батыр даңғылынан басталып, Р. Зорге, С. Мұқанов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 437,6 м.
Қалқаман – Қазақстанның бірқатар өңірлеріндегі елдімекен атауы.
УЛИЦА ҚАЛҚАМАН
Прежнее название – улица Мостовая. Начинается с проспекта Қабанбай батыр, пересекается с улицами Р. Зорге, С. Мұқанов. Длина – 437,6 м.
Калкаман – название встречающиеся в некоторых областях Казахстана.
ҚАМБАР АТА КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – № 46 көшесі. Доспамбет жырау көшесінен басталып, Малайсары көшесінде аяқталады. «Үркер» тұрғын үй алабы. Ұзындығы – 702 м.
Қамбар ата – қазақтың сенім-нанымында жылқы малының пірі, иесі.
УЛИЦА ҚАМБАР АТА
Прежнее название – улица № 46. Начинается с улицы Доспамбет жырау и заканчивается на улице Малайсары. Жилой массив «Үркер». Длина – 702 м.
Камбар ата – в казахской мифологии покровитель лошадей и коневодства.
ҚАМЫСТЫ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Гидростроительдер көшесі. Шет көшесінен басталып, Көксеңгір, Арқарлы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1725,9 м.
Қамысты – қамысы мол деген мағынаны білдіреді.
УЛИЦА ҚАМЫСТЫ
Прежнее название – улица Гидростроителей. Начинается с улицы Шет, пересекается с улицами Көксеңгір, Арқарлы. Длина – 1725,9 м.
Камысты – означает камышовый.
ҚАПАЛ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Е. Зайчукова көшесі. М. Төлебаев көшесінен басталады. Ұзындығы – 491,7 м.
Қапал – Ақсу алабындағы, Алматы облысындағы кент және Ақсу ауылындағы өзен атауы.
УЛИЦА ҚАПАЛ
Прежнее название – улица Е. Зайчуковой. Начинается с улицы М. Төлебаев. Длина – 491,7 м.
Капал – река в бассейне реки Аксу и название населенного пункта в Аксуском районе Алматинской области.
ҚАПШАҒАЙ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – № 29 көшесі. М.-С. Бабажанов көшесінен басталып, Байғозы батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 395 м.
Капшағай – Алматы облысындағы қала.
УЛИЦА ҚАПШАҒАЙ
Прежнее название – улица № 29. Начинается с улицы М.-С. Бабажанов и заканчивается на улице Байғозы батыр. Длина – 395 м.
Капчагай – город в Алматинской области.
ҚАРАҒАНДЫ КӨШЕСІ
С. Торайғыров көшесінен басталып, Ш. Айманов, Ж. Аймауытов, Тараз, Асанқайғы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2906,9 м.
Қарағанды – қала, облыс атауы. Әуе, автомобиль, теміржол қатынастарының маңызды торабы орналасқан республикадағы ең үлкен қалалардың бірі. Қалада көмір, машина жасау, тамақ өнеркәсібі дамыған. Қарағанды облысы көлемі жағынан Қазақстандағы ең үлкен облыс. Облыста темір, көмір, түсті металдар, машина жасау, жеңіл, тамақ, балық, кондитер өнеркәсібі қатты дамыған.
УЛИЦА ҚАРАҒАНДЫ
Начинается с улицы С. Торайғыров, пересекается с улицами Ш. Айманов, Ж. Аймауытов, Тараз, Асанқайғы. Длина – 2906,9 м.
Караганда – название города, области. Город – один из крупнейших авиационных, автомобильных, железнодорожных узлов республики. В городе развита угольная, машиностроительная, пищевая промышленность. Карагандинская область – самая большая область Казахстана по территории. В области сильно развита металлургическая, угольная, машиностроительная, пищевая, кондитерская, легкая промышленность.
ҚАРАЖАЛ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Қарағанды көшесі. Нұрлыжол көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 380,1 м.
Қаражал – Қарағанды облысындағы қала.
УЛИЦА ҚАРАЖАЛ
Прежнее название – улица Қарағанды. Заканчивается на улице «Нұрлыжол». Длина – 380,1 м.
Каражал – город в Карагандинской области.
ҚАРАКЕМЕР КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – № 64 көшесі. Сыпатай батыр көшесінен басталып, Бекет ата көшесінде аяқталады. «Үркер» тұрғын үй алабы. Ұзындығы – 335 м.
Қаракемер – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл.
УЛИЦА ҚАРАКЕМЕР
Прежнее название – улица № 64. Начинается с улицы Сыпатай батыр и заканчивается на улице Бекет ата. Жилой массив «Үркер». Длина – 335 м.
Каракемер – село в Алматинской области Енбекшиказахского района.
ҚАРАҚҰМ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Песчаный көшесі. Анар көшесінен басталып, С. Сәдуақасов, Алтынқұм, Сарысу көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 366 м.
Қарақұм – құмды, құмдауытты жерлерге байланысты қойылатын атау.
УЛИЦА ҚАРАҚҰМ
Прежнее название – улица Песчаная.
Каракум – название песчанной местности.
ҚАРАӨТКЕЛ КӨШЕСІ
Толағай, Р.Қошқарбаев, Құлагер, Ә.Ермеков, Темірқазык көшелерін қиып өтіп, Сарайшық көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1130,9 м.
Қараөткел – Ақмола өңірінің байырғы жер атауы.
УЛИЦА ҚАРАӨТКЕЛ
Пересекается с улицами Толағай, Р.Қошқарбаев, Құлагер, Ә.Ермеков, Темірқазық и заканчивается на улице Сарайшық. Длина – 1130,9 м.
Караоткел – одно из названии Акмолинского региона.
ҚАРАСАЗ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – № 61 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Тәуелсіздік даңғылынан басталып, Айнакөл көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 751,5 м.
Қарасаз – Алматы облысының Райымбек ауданындағы ауыл.
УЛИЦА ҚАРАСАЗ
Прежнее название – улица № 61. Жилой массив Юго-Восток. Расположена между проспектом Тәуелсіздік и улицей Айнакөл. Длина – 751,5 м.
Карасаз – аул в Райымбекском районе Алматинской области.
ҚАРАСАЙ БАТЫР КӨШЕСІ
М. Тынышбаев көшесінен басталып, Аспара көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1431,1 м.
Қарасай батыр () – Қарғалы, Ұзынағаш, Қарақыстақ, Қастек, Жиренайғыр, Ыңғайты өзендері бойындағы, Қарақия, Ақтасты, Сарыжазық, Суықтөбе тауларында т. б. жерлердегі ұрыстарды жау шебін бұзып, Суықтөбе басына туын тіккен батыр. Сол жеңістен бастап Шапыраштының, одан тарайтын рулардың ұраны «Қарасай» болды. 1643 жылы Жәңгір хан мен Жалаңтөс батыр бастаған Орбұлақ шайқасына қатысқан. 1652 жылғы соғыстарда Қарасай батыр қазақ қазақ әскерлерінің басшыларының бірі болған. Көкшетау жерінде болған соғыстардың бірінде ауыр жараланып, дүние салады. Сүйегі өзімен бірге сол ұрыста қазаға ұшыраған арғын Ағынтай батырмен бірге жерленген.
УЛИЦА ҚАРАСАЙ БАТЫР
Расположена между улицами М. Тынышпаев и Аспара. Длина – 1431,1 м.
Қарасай батыр Алтынайулы () – известный казахский батыр, воевавший на берегах рек Каргалы, Узынагаш, Каракыстак, Кастек, Жиренайгыр, Ыргайты, в горах Каракия, Актасты, Сарыжазық, Суыктобе. После его сокрушительных побед стало имя батыра «Карасай». В 1643 году участвовал в сраждении Орбулак под руководством Жангир хана и Жалантос батыра. В сражениях 1652 года Карасай батыр был одним из полководцев казахских войск. В битвах на земле Кокшетау получил тяжелое ранение и погиб. Был похоронен вместе в аргынцем Агынтай батыром, тоже погибшем на этой же битве.
ҚАРАСАҚАЛ ЕРІМБЕТ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Марсовый көшесі. Атасу көшесінен басталып, Сарайшық көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 923,8 м.
Қарасақал Ерімбет () – ақын, жыршы. Сыр өңіріндегі ақын-жыраулық, жыршылық, әншілік, айтыскерлік, сал-серілік өнердің ірі өкілі.
УЛИЦА ҚАРАСАҚАЛ ЕРІМБЕТ
Прежнее название – улица Марсовая. Начинается с улицы Атасу и заканчивается на улице Сарайшық. Длина – 923,8 м.
Карасакал Еримбет () – крупный представитель поэтической традиции Сырдаринского региона. Он был известен как поэт-сказитель, исполнитель жыров и песен, поэт-импровазитор.
ҚАРАСУ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – № 10 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Ұлытау көшесінен басталып, Тастақ көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 848,8 м.
Қарасу – елімізде жиі кездесетін жер-су атауы.
УЛИЦА ҚАРАСУ
Прежнее название – улица № 10. Жилой массив «Көктал». Расположена между улицами Ұлытау и Тастақ. Длина – 539,6 м.
Карасу – топонимическое название часто встречающиеся в Казахстане.
ҚАРАТАЙ ТҰРЫСОВ КӨШЕСІ
Қарасақал Ерімбет көшесінен басталып, Қараөткел көшесінде аяқталады. «Шұбар» тұрғын үй алабы.
Қаратай Тұрысов – мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор.
УЛИЦА ҚАРАТАЙ ТҰРЫСОВ
Начинается с улицы Қарасақал Ерімбет и заканчивается на улице Қараөткел. Жилой массив «Шұбар».
Қаратай Тұрысов – государственный и общественный деятель, доктор экономических наук, профессор.
ҚАРАТАЛ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – № 36 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы. М. Төлебаев көшесінен басталып, Айнакөл көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 848,8 м.
Қаратал – Алматы облысындағы өзен, аудан атауы. Қаратал атауымен Қазақстандағы бірнеше елдімекендер аталады.
Улица Қаратал
Прежнее название – улица № 36. Жилой массив Юго-Восток. Начинается с улицы М. Төлебаев и заканчивается на улице Айнакөл. Длина – 848,8 м.
Каратал – название реки, района в Алматинской области. В Казахстане многие населенные пункты имеют название Каратал.
ҚАРАТАУ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – № 3 көше. Оңтүстік-Шыңыс тұрғын алабы (сол жақ). Ғ.Мұстафин көшесінен басталып, Ақарыс, Бекарыс, Бурабай, Іле көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1636,3 м.
Қаратау – қазақ халқы көнеден қоныстанған биіктігі орташа және аласа тау жоталары, байырғы мекен. Атақты «Елім-ай» тарихи әні осы жерде туған. Алатаумен салыстырғанда, Қаратауда жаз айларында қар жамылғысы болмайтындықтан осылай аталады. Қаратау – Жамбыл облысындағы қала.
УЛИЦА ҚАРАТАУ
Прежнее название – улица № 3. Юго-Восток (левая сторона). Начинается с улицы Ғ.Мұстафина, пересекается с улицами Ақарыс, Бекарыс, Бурабай, Іле. Длина – 1636,3 м.
Каратау – горные хребты средней и низкой высоты на территории, где издавно проживают казахи. Здесь родилась знаменитая историческая песня «Елім-ай». Это название произошло от того, что по сравнению с Алатау на Каратау в летнее месяцы не бывает снежного покрова. Каратау – город в Жамбылской области.
ҚАРАТӨБЕ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Н. Некрасов көшесі. Жиделі, Ақселеу көшелерін қиып өтіп, Үшкөпір көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 719,8 м.
Қаратөбе – Батыс Қазақстан облысындағы аудан атауы.
УЛИЦА ҚАРАТӨБЕ
Прежнее название – улица Н. Некрасова. Пересекается с улицами Жиделі, Ақселеу и заканчивается на улице Үшкөпір. Длина – 719,8 м.
Каратобе – название района в Западно-Казахстанской области.
ҚАРАУЫЛ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Зеленый переезд. Г. Потанин көшесінен басталып, Ә.Молдағұлова көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 976 м.
Қарауыл – Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы.
УЛИЦА ҚАРАУЫЛ
Прежнее название – Зеленый переезд. Начинается с улицы Г. Потанина и заканчивается на улице Ә.Молдағұлова. Длина – 976 м.
Карауыл – центр Абайского района Восточно-Казахстанской области.
ҚАРАШАШ КӨШЕСІ
Қарасақал Ерімбет көшесінен басталып, Х. Досмұхамедұлы, Н. Оңдасынов, Қараөткел көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1023,1 м.
Қарашаш – қазақтың Жиренше шешенге байланысты тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкері.
УЛИЦА ҚАРАШАШ
Начинается с улицы Қарасақал Ерімбет, пересекается с улицами Х. Досмұхамедұлы, Н. Оңдасынов, Қараөткел. Длина – 1023,1 м.
Карашаш – персонаж казахских легенд об ораторе Жиренше.
ҚАРАШАШ АНА КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – № 22 көше. Ақын Сара көшесінен басталып, Ұмай ана, Тұмар ханым, Қыз Жібек көшелерімен қиылысады.
Қарашаш ана – Қожа Ахмет Иассауидің анасы. Қарашаш ананың әкесі Мұса Шейх Ибраһим ата (Ибрахим Шейх) шәкірттерінің бірі болған. Ең көрнекті тарихи дерек ХІІ-ХІҮ ғасырларда тұрғызылған Қарашаш ана күмбезі.
УЛИЦА ҚАРАШАШ АНА
Прежнее название – улица № 000. Начинается с улицы ақын Сара, пересекается с улицами Ұмай ана, Қыз Жібек. Длина–898,5 м.
Карашаш ана – мать Ходжа Ахмета Яссауи. Отец Карашаш ана Муса был одним из учеников Шейха Ибрагима ата (Ибрагим Шейх). Самым наглядным историческим свидетельством о Карашаш ана является мавзолей Карашаш ана, воздвигнутый в ХІІ-ХІҮ веках.
ҚАРҚАБАТ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – № 57 көше. Балбырауын көшесінен басталып, Қызыларай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 654,9 м.
Қарқабат – аты аңызға айналған ел анасы.
УЛИЦА ҚАРҚАБАТ
Прежнее название – улица № 57. Расположена между улицами Балбырауын и Қызыларай. Длина – 654,9 м.
Каркабат – легендарная женшина-мать.
ҚАРЛЫҒАШ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы Л. Андреев көшесі. Ы. Алтынсарин көшесінен басталады. Ұзындығы – 239,5 м.
Қарлығаш – құс, поэтикалық атау.
УЛИЦА ҚАРЛЫҒАШ
Прежнее название – улица Л. Андреева. Начинается с улицы Ы. Алтынсарин. Длина – 239,5 м.
Карлыгаш – название птицы, имеет поэтический смысл.
ҚАРМАҚШЫ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – № 65 көшесі. Сыпатай батыр көшесінен басталып, Бекет ата көшесінде аяқталады. «Үркер» тұрғын үй алабы. Ұзындығы – 335 м.
Қармақшы – Қызылорда облысындағы аудан атауы.
УЛИЦА ҚАРМАҚШЫ
Прежнее название – улица № 65. Начинается с улицы Сыпатай батыр и заканчивается на улице Бекет ата. Жилой массив «Үркер». Длина – 335 м.
Кармакшы – название района Кызылординской области.
ҚАРТАЛЫ КӨШЕСІ
Шыңтас орамы, Қарасай батыр, М. Дулатов, Оқжетпес көшелерімен қиылысып, М. Жәлел көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 3247,9 м.
Қарталы – өзен, елдімекен атауы.
УЛИЦА ҚАРТАЛЫ
Пересекается с кварталом Шыңтас, с улицами Қарасай батыр, М. Дулатов, Оқжетпес, заканчивается на улице М. Жәлел. Длина – 3247,9 м.
Карталы – названия реки, населенного пункта.
ҚАСТЕК КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – № 72 көшесі. Ә.Қашаубаев көшесінен басталып, Бекет ата көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 168 м.
Қастек – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.
УЛИЦА КАСТЕК
Прежнее название – улица № 72. Начинается с улицы Ә.қашаубаев и заканчивается на улице Бекет ата. Длина – 168 м.
Кастек – село Алматинской области Жамбылского района.
ҚАШАҒАН КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Машинистер қысқа көшесі. Оқжетпес көшесінен басталып, М. Жәлел көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 395,6 м.
Қашаған – ақын, 1841 жылы Түркіменстанның Ташауыз облысы, Мырзабасы ауылында дүниеге келіп, 1929 жылы Маңғыстау облысы, Қырықкез ауылында қайтыс болады. 16-17 жасынан ақын атанған. Әйгілі жыраулар дәстүрімен толғайтын ақынның «Қырымның қырық батыры» жырлары мен халықтың көне шежіресі мен тарихын толғайтын «Атамекен», «Адай тегі», «Әзіреті Ғали», «Топан», т. б. дастаендары ел арасына кең тараған.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 |


