Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Улица Айман-Шолпан
Прежнее название – улица № 000. Жилой массив «Комсомол». Продолжает улицы Қарашаш ана и Ақбаян. Длина – 766,2 м.
«Айман-Шолпан» – лиро-эпическое сказание казахского народа. Впервые записал и предложил опубликовать Ж. Шайхисламулы. В сказании поднимаются проблемы свободы человека, народного благополучия, национального единства. М. Ауезов на основе сказания «Айман-Шолпан» написал одноименную музыкальную драму.
Айнабұлақ көшесі
Бұрынғы атауы – Строительный көшесі. Болашақ көшесінен басталып, Арнасай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 255,4 м.
Айнабұлақ – бұлақтың тұнық, мөлдір бастауының атауы. «Айнадай күнге шағылысқан су» деген мағынаны береді. Сондай-ақ Айнабұлақ елдімекеннің де атауы.
Улица АйнабҰлаҚ
Прежнее название – улица Строительная. Начинается с улицы Болашақ, заканчивается на улице Арнасай. Длина – 255,4 м.
Айнабулак – означает чистый прозрачный родник как зеркало, отражающееся на солнце. Также это название населенного пункта.
айнакөл көшесі
Сарыкөл көшесінен басталып, М. Жұмабаев даңғылын қиып өтеді, Абылай хан даңғылында аяқталады.
Айнакөл – еліміздің бірқатар өңірлерінде осы аттас елдімекендер кездеседі.
улица айнакөл
Начинается с улицы Сарыкөл, пересекается с проспектом М. Жұмабаев и заканчивается на проспекте Абылай хан.
Айнакөл – в некоторых регионах нашей страны встречаются одноименные названия.
айнатас көшесі
Көкбастау көшесінен басталып, Ойыл көшесінде аяқталады. «Өндіріс-2» тұрғын үй алабы.
Айнатас – табиғи, әшекей тас атауы.
улица айнатас
Начинается с улицы Көкбастау и заканчивается на улице Ойыл. Жилой массив «Өндіріс-2».
Айнатас – естественный, декоротивный камень.
айпара көшесі
К. Күмісбеков көшесінен басталып, Кенесары көшесінде аяқталады.
Айпара – әдеби кейіпкер.
улица айпара
Начинается с улицы К. Күмісбеков и заканчивается на улице Кенесары.
Айпара – литературная героиня.
айтаңсық көшесі
Әлімхан Ермеков көшесінен басталады. «Шұбар» тұрғын үй алабы.
Айтаңсық – «Айман-Шолпан» жырында кездесетін атау. Шығыс Қазақстан облысындағы елдімекен атауы.
улица айтаңсық
Начинается с улицы Әлімхан Ермеков. Жилой массив «Шұбар».
Айтаңсық – название встречающиеся в лирическом эпосе «Айман-Шолпан». Название населенного пункта в Восточно-Казахстанской области.
Айша бибі көшесі
Бұрынғы атауы – № 84 көше. Баян сұлу көшесінен басталып, Ақбаян көшесінде аяқталады. Ұлпан орамы, Домалақ ана, Қарашаш ана, Айғаным көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1450,9 м.
Айша Бибі – шамамен XI-XII ғасырда өмір сүрген ару қыз. Айша бибі еліне сапарлап келген Қараханмен жүздесіп, бірін-бірі ұнатады. Алайда тұтқиылдан елін жау шапқанын естіген Қарахан дереу еліне аттанады. «Күйеу жігіттің еліне барып хабарын білейін» деген Айша бибіге әкесі рұқсат бермейді. 40 қыз жолдасын ертіп, Қараханның еліне таянған Айша бибі су бойына тоқтап, жуынады. Сол кезде сәукеленің ішіне жасырынып қалған улы жылан Айшаны басынан шағып өлтіреді. Қыздардың хабарын естіген Қарахан да жетеді. Бірақ Айша тілге келмейді. Қарахан Айша бибінің қабірінің үстіне күмбез салдырады.
Улица Айша бибІ
Прежнее название – улица № 84. Начинается с улицы Баян сұлу, заканчивается на улице Ақбаян. Пересекается с переулком Ұлпан, улицами Домалақ ана, Қарашаш ана, Айғаным. Длина – 1450,9 м.
Айша биби – имя прекрасной девушки, которая жила примерно в XI-XII веках. Она была возлюбненной Карахана – правителя Караханидского государства. Карахан приехал в гости к отцу Айша биби, там они познакомились и влюбились. После известия о вражеском нападении Карахан уезжает на защиту родного края. В установленное время Карахан не приезжает, девушка переживая за его судьбу, спрашивает разрешения у отца поехать и навестить его. Но даже не смотря на запрет, она двинулась в путь в сопровождении сорока девушек. По пути она умирает от укуса змеи на берегу реки Талас. Услышав о кончине Айша биби от девушек, Карахан совершает обряд помолвки, надеясь воссоедениться с нею в другом мире, и в знак любви строит гробницу-мавзолей.
Айыртау көшесі
Бұрынғы атауы – № 34 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Ақсуат көшесінен басталып, Ұлытау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 149,7 м.
Айыртау – Ақмола облысындағы тау.
Улица Айыртау
Прежнее название – улица №34. Жилой массив «Көктал». Продолжает улицы Ақсуат и Ұлытау. Длина – 149,7 м.
Айыртау – гора в Акмолинской области.
Академик Рамазан Сүлейменов көшесі
Бұрынғы атауы – № 1 көше. Айғыржал көшесінен басталып, Бекет ата көшесінде аяқталады. «Үркер» тұрғын үй алабы. Ұзындығы – 597,7 м.
Рамазан Сүлейменов – көрнекті тарихшы-ғалым, Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Зерттеу еңбектері қазақ, Қазақстан мәдениетімен байланысты.
Улица академик Рамазан СҮлейменов
Прежнее название – улица № 1. Начинается с улицы Айғыржал и заканчивается на улице Бекет ата. Жилой массив «Үркер». Длина – 597,7 м.
Рамазан Сулейменов – известный ученый-историк. академик Академии наук Казахской ССР, доктор исторических наук, профессор. Научно-исследовательские работы связаны с культурой Казахстана.
Ақан сері көшесі
Бұрынғы атауы – Оренбургский көшесі. М. Дулатов көшесінен басталып, Қарталы көшесінде аяқталады. Оқжетпес, М. Жәлел, Шақпақ көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1425,6 м.
Ақан сері Қорамсаұлы () – қазақтың әйгілі ақыны, әнші, композиторы. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Ақан серінің «Ақтоқты», «Алтыбасар», «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет», «Майда қоңыр», «Маңмаңгер», «Қараторғай», «Құлагер» т. б. әндері қазақ халқы арасына кеңінен тараған. Серінің өмірі мен тағдыры туралы І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» драмасын, С. Жүнісов «Ақан сері» атты романын жазды.
Улица АҚан серІ
Прежнее название – улица Оренбургская. Начинается с улицы М. Дулатов, пересекается с улицами Оқжетпес, М. Жәлел, Шақпақ, заканчивается на улице Қарталы. Длина – 1425,6 м.
Акан сери, Акжигит Корамсаулы () – известный казахский поэт, певец, композитор. Акан сери с детского возраста отличался особым талантом, позже развив свои поэтические и певческие способности стал знаменит на всю казахскую степь. Он написал популярные среди народа песни: «Ақтокты», «Алтыбасар», «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет» «Қараторғай», «Құлагер» и др. О жизнедеятельности Акана сери И. Жансугуров написал свое произведение «Кулагер», Г. Мусрепов драму «Акан сери – Актокты», С. Жунусов роман «Акан сери».
Ақарыс көшесі
Бұрынғы атауы – №5 көше. Сілеті көшесінен басталып, Хантау, Қаратау, Қозыбасы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1076,7 м.
Ақарыс – Ұлы жүздің атасы. Қазақ халқын құрайтын үш жүз бірде Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деп аталса, енді бірде Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс деп аталады. Аңыз бойынша Қазақ деген кісінің Ақ, Жан, Бек деген үш ұлы болған. «Арыс» сөзі «ер азамат», «ел қамын жеген тұлға» деген ұғымды білдіреді. Демек, Ақарыс қазақ халқының Ұлы жүз тайпалар бірлестігінің тағы бір аты болып табылады. Ақарыстан (Ұлы жүз) жалайыр, қаңлы, албан, суан, дулат, шапырашты, сіргелі, шанышқылы, ысты, ошақты, сарыүйсін, қатаған тарайды.
Улица АҚарыс
Прежнее название – улица № 5. Начинается с улицы Сілеті, пересекается с улицами Хантау, Қаратау, Қозыбасы. Длина – 1076,7 м.
Акарыс – предок Старшего жуза. Три родовых жуза казахского народа называются Старший жуз, Средний жуз, Младший жуз, а второе их название – Акарыс, Жанарыс, Бекарыс. По легенде у человека по имени Казах были три сына – Ак, Жан, Бек. Слово «арыс» означает «мужчина», «защитник народа». Так, потомками Акарыса являются родовые племена Старшего жуза: жалайыр, канлы, албан, суан, дулат, шапырашты, сиргели, шанышкылы, ысты, ошакты, сарыуйсун, катаган.
ақбаян көшесі
Тұмар ханым көшесінен басталып, Айман-Шолпан көшесінде аяқталады. «Комсомол» тұрғын үй алабы.
Ақбаян – қыздың аты, осы аттас ән бар.
улица ақбаян
Начинается с улицы Тұмар ханым и заканчивается на улице Айман-Шолпан. Жилой массив «Комсомол».
Ақбаян – имя девушки. Есть одноименная песня.
Ақбидай көшесі
Бұрынғы атауы – Складский көшесі. Қ.Кемеңгерұлы көшесінен басталып, Теректі, Бейнеу орамдары мен Өндіріс көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 1303,8 м.
Қазақта «ақ» сөзі жақсылыққа байланысты қолданылады. Ол молшылықтың, ырыздықтың белгісі. Осыған байланысты «Ақ бидай» атты халық әні бар.
Улица АҚбидай
Прежнее название – улица Складская. Начинается с улицы Қ.Кемеңгерұлы, пересекается с переулками Теректі, Бейнеу и улицей Өндіріс. Длина – 1303,8 м.
Акбидай – образовано из двух слов «ақ» (белый), «бидай» (зерно). Слово «акбидай» применяется в значении богатства урожая, всеобщего блага. В казахском песенном искусстве есть народная песня «Ақ бидай».
Ақбиік көшесі
Бұрынғы атауы – № 12-48 көше. Жаһанша Сейдалин көшесінен басталады. Ұзындығы – 300.1 м.
Ақбиік – еліміздің кей өңірлерінде кездесетін тау, жота атаулары. Түр-түске байланысты қойылған атау.
Улица АқбиІк
Прежнее название – улица № 12-48. Начинается с улицы Жаһанша Сейдалин. Длина – 300,1 м.
Ақбиик – это название гор и горных хребтов, встречающееся в некоторых окрестностях нашей страны.
Ақбөкен көшесі
Бұрынғы атауы – № 12-117 көше. В. Радлов көшесінен басталып, Дәулеткерей көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 432.5 м.
Ақбөкен – қазақта «Қасиетті аң» деп бағаланатын киік атауы.
Улица АҚбӨкен
Прежнее название улица № 12-117. Начинается с улицы В. Радлова и пересекается с улицей Дәулеткерей. Длина – 432,5 м.
Акбокен – в переводе с казахского означает сайгак. Казахи ценили его как «Благородное животное».
ақбұғы көшесі
Конституция көшесін қиып өтіп, М. Тынышбаев көшесінде аяқталады.
Ақбұғы – бұғы атауына байланысты койылған.
улица ақбұғы
Начинается с улицы Конституция и заканчивается на улице М. Тынышбаев.
Ақбұғы – «ақ» означает белый, «бұғы» означает олень.
Ақдала көшесі
Бұрынғы атауы – № 63 көше. Бекет ата көшесінен басталып, Сыпатай батыр көшесінде аяқталады. «Үркер» тұрғын үй алабы. Ұзындығы – 335.0 м.
Ақдала – Алматы облысының Балқаш ауданындағы құмды дала. Елімізде осы атаумен көптеген елдімекендер кездеседі.
Улица АҚдала
Прежнее название – улица № 63. Начинается с улицы Бекет ата и заканчивается на улице Сыпатай. Жилой массив «Үркер». Длина – 335,0 м.
Акдала – название песчанной местности Алматинской области Балхашского района. В нашей стране под таким названием встречаются населенные пункты.
Ақжайлау көшесі
Бұрынғы атауы – № 50 көше. Мұхамет-Салық Бабажанов көшесінен басталып, Ойсылқара көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 395,0 м.
Ақжайлау – Шығыс Қазақстан облысы Марқакөлдегі шұрайлы алқап.
Улица АҚжайлау
Прежнее название – улица № 50. Начинается с улицы Мұхамет-Салық Бабажанов и заканчивается на улице Ойсылқара. Длина – 335,0 м.
Акжайлау – живописная долина в Маркаколе Восточно-Казахстанской области.
Ақжан көшесі
Бұрынғы атауы – Школьный көшесі. «Тельман» тұрғын алабында орналасқан. Ұзындығы – 188,6 м.
«Ақжан» – адам жанының ақтығын білдіретін сын есім. Елімізде осы аттас адам аттары кездеседі.
Улица АҚжан
Прежнее название – улица Школьная. Расположена в жилом массиве «Тельман». Длина – 188,6 м.
Ақжан – «ақ» (белый), «жан» (душа) – это понятие означает человек с чистой, светлой душой. Встречаются и человеческие имена.
Ақжар көшесі
Бұрынғы атауы – Ленин көшесі. «Железнодорожный» тұрғын алабы. Жамбыл көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1092,4 м.
Ақжар – Солтүстік Қазақстан облысындағы аудан. Орталығы – Талшық кенті.
Улица АҚжар
Прежнее название – улица Ленина. Жилой массив «Железнодорожный». Пересекается с улицей Жамбыл. Длина – 1092,4 м.
Акжар – район в Севера-Казахстанской области. Районный центр – поселок Талшык.
Ақжелкен көшесі
Бұрынғы атауы – Л. Шевцова көшесі. Үшқоңыр, Кеңшалғын көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 408,8 м.
Ақжелкен – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір немесе екі жылдық өсімдік. Поэтикалық атау.
Улица АҚжелкен
Прежнее название – улица Л. Шевцовой. Пересекается с улицами Үшқоңыр, Кеңшалғын. Длина – 408,8 м.
Ақжелкен – одно или двухгодичное растение из семейства зонтичных. Поэтическое название.
Ақжол көшесі
Бұрынғы атауы – Угольный көшесі. Мұнайшылар көшесінен басталып, Ж. Досмұхамедұлы көшесінде аяқталады. Жаңажол, Өндіріс көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 3381,1 м.
«Ақжол» – тілек, ниет ретінде қолданылатын сөз. Ақ (сын есім) + жол (зат есім) сөздерінен құралған. Қазақтар ұрысқа немесе сапарға аттанғанда «Ақ жол болсын!» деп тілек айтқан. Ақжол болашағы жарқын, жолы ақ болсын дегенді білдіреді.
Бұл көшеде нан зауыты, «Астықжан» сауда үйі орналасқан.
Улица АҚжол
Прежнее название – улица Угольная. Начинается с улицы Мұнайшылар, заканчивается на улице Ж. Досмұхамедұлы. Пересекается с улицами Жаңажол, Өндіріс. Длина – 3381,1 м.
«Ақжол» – применяется в обиходе как пожелание. Образовано от двух слов «ақ» (белый) + «жол» (дорога). Казахи при отправлении в дальную дорогу или же просто при выходе из дома с определенной целью (пойти на работу, встретиться с кем-либо и т. д.) желают: «Ақ жол болсын!» (Пусть дорога будет светлой!) - это пожелание аналогично с русским «Доброго пути!». Кроме того оно имеет более глубокий смысл – пожелание светлого жизненного пути, такое желают молодым супругам, человеку, только что вступившему в взрослую жизнь, и новорожденному.
На этой улице расположены хлебный завод, торговый дом «Астықжан».
ақжүніс көшесі
Айғаным көшесінен басталып, Тұмар ханым көшесін қиып өтеді. «Комсомол» тұрғын үй алабы.
Ақжүніс – «Ер Тарғын» эпикалық жырының басты кейіпкері.
улица ақжүніс
Начинается с улицы Айғаным и пересекается с улицей Тұмар ханым. Жилой массив «Комсомол».
Ақжүніс – главная героиня казахской эпической поэмы «Ер Тарғын».
Ақкемер көшесі
Бұрынғы атауы – Р. Люксембург көшесі. Мұғалжар көшесінен басталып, Аңырақай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 980,2 м.
Ақкемер – Қазақстанның барлық түкпірінде кездесетін сай-саланың, кеуіп қалған арнаның, жағаның атауы. Елімізде осы атаумен көптеген елдімекендер кездеседі.
Улица АҚкемер
Прежнее название – улица Р. Люксембурга. Начинается с улицы Мұғалжар, заканчивается на улице Аңырақай. Длина – 980,2 м.
«Ақкемер» – название суши: оврагов, высохших руслов реки, встречающихся в разных уголках Казахстана. В нашей стране под таким названием встречаются населенные пункты.
Ақкербез көшесі
Бұрынғы атауы – № 36-7 көше. Ұзындығы – 352.3 м.
Ақкербез – дәстүрлі атау. Әлбетте қыз-келіншектерге арналып айтылады. «Ақкербез» атты халық әні де бар.
Улица АҚкербез
Прежнее название – улица № 36-7. Длина – 352,3 м.
Ақкербез – это традиционное название употребляемое по отношению к девушкам и молодым женщинам, что означает «изящная, грациозная». «Ақкербез» - это также и народная песня.
Ақкөл көшесі
Ақкөл қысқа көшесінен басталып, Қатаркөл орамында аяқталады. Ұзындығы – 171,4 м.
Ақкөл – Ақмола облысындағы аудан, қала атауы. Көлдің атауына байланысты айтылған және ол республикамыздағы бірнеше елдімекендердің атауы.
Улица АҚКӨл
Продолжает переулки Ақкөл и Қатаркөл. Длина – 171,4 м.
Ақкөл – город, район в Акмолинской области. Слово «ақкөл» – применяется в названиях озер, означает белое озеро. В нашей республике есть несколько населенных пунктов под этим названием.
Аққорған көшесі
Бұрынғы атауы – Новостройка көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Болашақ көшесінен басталады. Ұзындығы – 366,3 м.
Аққорған – Қызылорда облысындағы орта ғасырлық қала атауы. Деректерге қарағанда, Аққорған XV-XVIII ғасырларда болған. Осы тұста ежелгі қаланың орны сақталған.
Улица АҚҚорҒан
Прежнее название – улица Новостройки. Жилой массив «Көктал». Начинается с улицы Болашақ. Длина – 366,3 м.
Аккорган – средневековый город в Кызылординской области. По письменным источникам Аккорган существовал в XV-XVIII веках, расположен в 70 километрах от районного центра Жанакоргана.
Аққұм көшесі
Бұрынғы атауы – Ленин көшесі. «Заречное» тұрғын алабы. Ұшқыштар көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 481,1 м.
Аққұм – Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ұлы Жыланшық өзенінен солтүстік-шығысқа қарай бойлай созылып жатқан құмды алқап.
Улица АҚҚҰм
Прежнее название – улица Ленина. Жилой массив «Заречное». Пересекается с улицей Ұшқыштар. Длина – 481,1 м.
Аккум – песчанная долина, протянувшаяся по берегу реки Улы Жыланшык Жангельдинского района Костанайской области.
Ақмешіт көшесі
Бұрынғы атауы – № 33 көше. Сарайшық көшесінен басталып, Д.Қонаев, Достық, Сығанақ, Алматы, Керей, Жәнібек хандар көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 5607,3 м.
Ақмешіт – қазіргі Қызылорда қаласының орнында болған көне бекініс орны. Бекініс 1817 жылы салынған. Тарихшы-ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, Ақмешіт бекінісін Қоқан ханы Омархан салғызған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған 50-ге жуық үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құдықтар болған. Қазан төңкерісінен кейін бекініске Ақмешіт аты қайта берілді. 1925 жылы оған Қызылорда аты беріліп, ол 1929 жылға дейін Қазақстанның астанасы болды.
Бұл көшеде ҚР Академиялық ұлттық кітапханасы, ҚР Ұлттық мұрағаты, «Дипломат» қонақ үйі орналасқан.
Улица АҚмешІт
Прежнее название – улица № 33 Начинается с улицы Сарайшық, пересекается с улицами Д.Қонаев, Достық, Сығанақ, Керей, Жәнібек хандар. Длина – 5607,3 м.
Акмешит – древняя крепость, которая находилась на месте нынешней Кызылорды. Крепость была построена в 1817 году. По утверждению ученых-историков крепость Акмешит приказал построить Кокандский хан Омархан. В крепости было около 50 глинобитных домов, две мечети, медресе, складские помещения для лекарств и боевых припасов, несколько колодцев. После Октябрьской революции город снова был назван Акмешит. В 1925 году переименован на Кызылорду, которая была столицей Казахстана до 1929 года.
На этой улице расположены Национальная академическая библиотека РК, Государственный архив РК, гостиница «Дипломат».
Ақмола көшесі
Баршын, Ұлытау, Мыңжылқы, Қайнар, Мойылды, Сарыөзен, Зайсан, Ақсуат көшелерін қиып өтіп, Ұлытау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 2114 м.
Ақмола – қала, облыс атауы. Есіл өзенінің бойында, ескі керуен жолы өтетін Қараөткелде болған. «Мола» деген сөз ғұндар тілінде «биік қорған, қамал» деген ұғымды білдіреді. Есіл бойына дуан орталығы салынғаннан кейін Ақмола сол дуанның, одан соң Ақмола қаласының ресми атына айналды. Ақмола облысы – еліміздегі ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі өркендеген облыстардың бірі. Облыс орталығы – Көкшетау қаласы.
Улица АҚмола
Пересекается с улицами Баршын, Ұлытау, Мыңжылқы, Қайнар, Мойылды, Сарыөзен, Зайсан, Ақсуат, Қима, заканчивается на улице Ұлытау. Длина – 2114 м.
Акмола – название города и области. находилась на берегу реки Есиль, на старой караванной дороге в Караоткеле. Слово «мола» с языка древних гуннов означало высокий курган, крепость. Акмола стала названием окружного центра, построенного на берегу реки Есиль, позже официальным названием города Акмола. Акмолинская область – один из развитых промышленных, аграрных регионов страны. Центр области – город Кокшетау.
Ақниет көшесі
Бұрынғы атауы – Юбилейный көшесі. «Заречное» тұрғын алабы. Қаратөбе көшесінен басталып, Жиделі көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 257,4 м.
Ақниет – көңілі таза, пейілі ақ, адал адамның мінезіндегі құнды қасиет. Ақниетті адам өмірінде үнемі ағынан жарылып, ештеңені жасырмай, бар шынын айтады. Халық ондай ашық-жарқын мінезді адамды құрмет тұтып, оған ізет көрсетіп отырған.
Улица АҚниет
Прежнее название – улица Юбилейная. Жилой массив «Заречное». Начинается с улицы Қаратөбе, заканчивается на улице Жиделі. Длина – 257,4 м.
«Ақниет» – ценное человеческое качество, означает доброе, честное намерение. Человек с добрыми намерениями всегда пользовался уважением народа. Казахи считали, что если у человека есть честные намерения по отношению к другим, то этому человеку бог поможет во всем.
Ақсай көшесі
Бұрынғы атауы – Бетонный көшесі. Н. Гоголь көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 725,5 м.
Ақсай – Батыс Қазақстан облысындағы қала. Елімізде осы атаумен көптеген басқа да елдімекендер кездеседі.
Улица АҚсай
Прежнее название – улица Бетонная. Пересекается с улицей Н. Гоголя. Длина – 725,5 м.
Аксай – город в Западно-Казахстанской области. В нашей стране под таким названием встречаются и другие населенные пункты.
АҚселеу көшесі
Бұрынғы атауы – Степной көшесі. «Заречное» тұрғын алабы. Қаратөбе көшесінен басталып, Жиделі көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 224,4 м.
Ақселеу – Сарыарқа даласында ең көп өсетін шөп атауы.
Улица АҚселеу
Прежнее название – улица Степная. Жилой массив «Заречное». Начинается с улицы Қаратөбе, заканчивается на улице Жиделі. Длина – 224,4 м.
«Ақселеу» – трава, которая является основной растительностью просторов Сарыарки.
Аксеңгір көшесі
Бұрынғы атауы – Н. Пирогов көшесі. Үшқоңыр көшесінен басталады. Ұзындығы – 903,8 м.
Ақсеңгір сөзі «биік, заңғар» деген мағынаны білдіреді. Елімізде осы атаумен көптеген елдімекендер кездеседі.
Улица АҚсеҢгІр
Прежнее название – улица Н. Пирогова. Начинается с улицы Үшқоңыр. Длина – 903,8 м.
В нашей стране под таким названием встречаются населенные пункты.
Ақсу көшесі
Бұрынғы атауы – № 20 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Наурыз көшесінен басталып, Зайсан көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 276,2 м.
Ақсу – Алматы облысы Ақсу, Алакөл аудандарындағы өзен. Павлодар облысындағы қала атауы. Елімізде осы атаумен көптеген елдімекендер кездеседі.
Улица АҚсу
Прежнее название – улица № 20. Жилой массив «Көктал». Начинается с улицы Наурыз, заканчивается на улице Зайсан. Длина – 276,2 м.
Аксу – река в Аксуйском и Алакольском районах Алматинской области. Город в Павлодарской области. В нашей стране под таким названием встречаются населенные пункты.
Ақсуат көшесі
Бұрынғы атауы – №17 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Арқалық көшесінен басталып, Зайсан көшесінде аяқталады. Ақмола, Наурыз, Айыртау көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 627,9 м.
Ақсуат – Қостанай облысындағы мыс дәуірінің қонысы және қола дәуірінің бекініс орны. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының орталығы. Қазақстанның көптеген жерлерінде кездесетін жер-су атауы.
Улица АҚсуат
Прежнее название – улица №17. Жилой массив «Көктал». Начинается с улицы Арқалық, заканчивается на улице Зайсан. Пересекается с улицами Ақмола, Наурыз, Айыртау. Длина–627,9 м.
Аксуат – крепость эпохи бронзы в Костанайской области. Центр Тарбагатайского района Восточно-Казахстанской области. В нашей стране под таким названием встречаются населенные пункты.
Ақсу-Аюлы көшесі
Бұрынғы атауы – № 55 көше. «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алабы. Талғар көшесінен басталып, Зеренді көшесінде аяқталады. Обаған көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 544,9 м.
Ақсу-Аюлы – қола дәуірінің орта және соңғы кезеңдерінің ескерткіштері. Қарағанды облысы, Шет ауданының орталығы.
Улица АҚсу-Аюлы
Прежнее название – улица №55. Жилой массив Юго-Восток. Начинается с улицы Талғар, пересекается с улицей Обаған, заканчивается на улице Зеренді. Длина – 544,9 м.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 |


