Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Улица Аманат

Прежнее название – улица № 000. Начинается с улицы Талғар и пересекается с проспектом Б. Момышұлы. Длина – 852,7 м.

Аманат – это понятие, имеющее для казахов свой особый смысл. Аманат – имущество, вверяемое на время одним человеком другому на основе доверия. Пословица «Аманатқа қиянат жүрмейді» (то есть «всё, что вверено в качестве аманат, нужно хранить с честью») полностью соответствует тому значению, которое придаётся этому понятию.

АманКелді Иманов көшесі

Ә.Бөкейхан көшесінен басталып, А. Янушкевич көшесінде аяқталады. Республика даңғылын және М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Ш. Уәлиханов, Ә.Сембинов, А. Жұбанов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 4917,2 м.

Аманкелді Үдербайұлы Иманов () – халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі. Аманкелді батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы Ресей патшасының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында бұрқ еткен ұлт-азаттық көтерілісі барысында айқын көрінді. Көтерілісшілер Қоғалыкөлде бас қосып, Әбдіғапарды хан, Аманкелдіні көтеріліс қолбасшысы етіп сайлайды. Аманкелдінің ерлікке толы ғұмыры көптеген ақын-жазушылардың, суретшілер мен композиторлардың шығармаларына арқау болды.

Бұл көшеде «Самұрық» кинотеатры, «Қазына» сауда үйі, Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы орналасқан.

Улица АманКелдІ Иманов

Начинается с улицы Ә.Бөкейхан, пересекается с проспектом Республика, улицами М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Ш. Уәлиханов, Ә.Сембинов, А. Жұбанов, заканчивается на улице А. Янушкевича. Длина – 4917,2 м.

Аманкелди Удербайулы Иманов () – народный герой, один из предводителей национально-освободительного восстания казахского народа. Амангельды батыр проявил себя как талантливый предводитель и организатор в ходе национально-освободительного восстания 1916 года в городе Торгай, когда народный протест против июньского указа Российского императора внезапно вылился в крупное восстание. На Когалыколе повстанцы Абдигапара избрали казахским ханом, Амангельды руководителем восстания. Героическую судьбу Амангельды многие поэты и писатели, художники и композиторы ярко изобразили в своих многочисленных произведениях.

На этой улице расположены кинотеатр «Самұрық», торговый дом «Қазына», центр недвижимости по городу Астана.

Аманқарағай көшесі

Бұрынғы атауы – Стадионный көшесі. Ш. Бейсекова көшесінен басталып, С. Мұхамеджанов көшесінде аяқталады. Конституция көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 431,3 м.

Аманқарағай – Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы шоқ қарағай, елдімекен атауы.

Улица АманҚараҒай

Прежнее название – улица Стадионная. Начинается с улицы Ш. Бейсековой, заканчивается на улице С. Мұхамеджанова. Пересекается с улицей Конституции. Длина – 431,3 м.

Аманкарагай – сосновая роща в Аулиекольском районе Костанайской области, название населенного пункта.

Амантоғай көшесі

Бұрынғы атауы – № 39 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Шаңтөбе көшесінен басталып, Ұлытау көшесінде аяқталады. Бостандық, Қызбел көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 266,2 м.

Амантоғай – Қостанай облысының Амангелді ауданындағы ауыл. Торғай өзенінің оң жақ саласында орналасқан.

Улица Амантоғай

Прежнее название – улица № 39. Жилой массив «Көктал». Начинается с улицы Шаңтөбе, заканчивается на улице Ұлытау. Пересекается с улицами Бостандық, Қызбел. Длина – 266,2 м.

Амантоғайназвание аула в Амангелдинском районе Костанайской области.

АММАН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 77 көше. Ж. Тәшенов көшесінен басталып, Сарайшық көшесінде аяқталады.

Амман – Иорданияның астанасы. Көне эллиндік, римдік дәуірлерден белгілі қала. 1946 жылдан бері Иордания Хашимиттік Корольдігінің астанасы.

Улица Амман

Прежнее название – улица № 77. Начинается с улицы Ж. Тәшенов и заканчивается на улице Сарайшық.

Амман столица Иордании. Город известен с древней эллинистической, римской эпохи. С 1946 года столица Иорданского Хашимитского Королевства.

Анар көшесі

В. Вишневский көшесінен басталып, С. Сәдуақасов көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 2220,4 м.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Анар – Ақмола облысы Аршалы ауданындағы ауыл.

Улица Анар

Начинается с улицы В. Вишневского, пересекается с улицей С. Сәдуақасов. Длина – 2220,4 м.

Анар – село в Аршалинском районе Акмолинской области.

Антон Чехов көшесі

М. Дулатов көшесінен басталып, М. Жәлел көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1239,1 м.

Антон Павлович Чехов () – орыстың ұлы жазушысы. Тұңғыш әңгімелер жинағы – «Мельпоменаның хикаялары» 1884 жылы шықты. Еңбектері: «Дала», «Жуан мен жіңішке», «Махаббат туралы» т. б. Чеховтың шығармалары дүниежүзінің көптеген тілдеріне аударылып, әлем әдебиетінің алтын қазынасына қосылды.

Улица Антона Чехова

Начинается с улицы М. Дулатов, пересекается с улицей М. Жәлел. Длина – 1239,1 м.

Антон Павлович Чехов () – великий русский писатель. В 1884 году выпустил первый сборник рассказов – «Истории Мельпомены». Сочинения: «Степь», «Толстый и тонкий», «О Любви» и др. Произведения Чехова переведены на многие языки мира и вошли в золотой фонд мировой литературы.

Аңырақай көшесі

Бұрынғы атауы – К. Цеткина көшесі. Мұғалжар көшесінен басталып, Ақкемер, Жайсаң көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 8176,6 м.

Аңырақай – біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Болат ханның бастауымен үш жүздің хандары, билері, сұлтандары мен батырлары қатысқан Ордабасы жиынында бүкіл қазақ қолының бірігуі – жауға қарсы бірыңғай стратегиялық шабуылға шығуға мүмкіндік туғызды. Аңырақай жеңісі тәуелсіздікті аңсаған қазақ елінің тұтастығын сақтап қала алатындығын айқын дәлелдеді.

Улица АҢыраҚай

Прежнее название – улица К. Цеткиной. Начинается с улицы Мұғалжар, пересекается с улицами Ақкемер, Жайсаң. Длина – 8176,6 м.

Аныракай – самая крупная победа объединенных казахских войск в столетней освободительной войне против джунгарского нашествия. По инициативе Болат хана целью всеобщего собрания казахов на горе Ордабасы, с участием всех ханов трех жузов, биев, султанов, батыров стало объединение всех казахских войск для единой стратегической атаки против врага. Победа Аныракай убедила казахский народ в необходимости сохранения единства и сплоченности во имя независимости.

Арай көшесі

Космонавтар көшесінен басталып, Ә.Марғұлан, Тобылғысай, Толағай, Құлагер көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1259,3 м.

Арай – «күн нұрының шұғыласы, сәулесі» дегенді білдіреді. Қазақстанда Арай атты бірқатар елдімекендер бар.

Улица Арай

Начинается с улицы Космонавтов, пересекается с улицами Ә.Марғұлан, Тобылғысай, Толағай, Құлагер. Длина – 1259,3 м.

Арай – означает сияние солнечного света, солнечный луч. В Казахстане есть несколько населенных пунктов под этим названием, кроме того, Арай служит как имя собственное.

Аралқұм көшесі

Бұрынғы атауы – Степной көшесі. Нұрлыжол көшесінен басталып, Алтындала көшесімен, Ұлан орамын қиып өтеді. Ұзындығы – 628,9 м.

Аралқұм – Арал теңізінің солтүстік-шығысында жатқан құмды шөл.

Улица АралҚҰм

Прежнее название – улица Степная. Начинается с улицы Нұрлыжол, пересекается с улицей Алтындала и переулком Ұлан. Длина – 628,9 м.

Аралкум – пустыня на северо-восточном побережье Аральского моря.

Арам Хачатурян көшесі

И. Дунаевский көшесінен басталып, Жолымбет көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 167,7 м.

Арам Ильич Хачатурян () – композитор, дирижер, педагог, музыка және қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі.

Продолжает улицы И. Дунаевского и Жолымбет. Длина-167,7 м.

Арам Ильич Хачатурян () – композитор, дирижер, педагог, общественный и музыкальный деятель, народный артист СССР.

Арасан көшесі

Алпамыс көшесімен қиылысып, А. Тоқпанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 423,1 м.

Арасан шипалы, емдеуге қолданылатын жылы жер асты су көздері. Қазақстанның арасан сулары емдік қасиеттері бойынша дүние жүзіндегі атақты шипалы сулардан кем түспейді.

Улица Арасан

Пересекается с улицей Алпамыс и заканчивается на улице А. Тоқпанов. Длина – 423,1 м.

Арасан – горячие источники целебных подземных вод. Арасанские воды Казахстана целебными свойствами не уступают известным мировым аналогам.

Арғанаты көшесі

Бұрынғы атауы – № 59 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы. Құндызды көшесінен басталып, Марқакөл көшесінде аяқталады. Шертер, Талғар көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 946,4 м.

Арғанаты – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының солтүстігіндегі тау сілемдері.

Улица АрҒанаты

Прежнее название – улица № 59. Жилой массив Юго-Восток. Начинается с улицы Құндызды, пересекается с улицами Шертер, Талғар, заканчивается на улице Марқакөл. Длина – 946,4 м.

Арганаты – горные хребты на севере Улытауского района Карагандинской области.

Ардагерлер көшесі

Бұрынғы атауы – Целинный көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Д. Бабатайұлы көшесінен басталып, Шұғыла көшесінде аяқталады. Нарын, Қайыңды, Сұлукөл көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1310,5 м.

Ардагер – «құрметті, қадірлі, ардақты» деген мағынаны білдіретін этикалық ұғым. Ел қамын ойлап, елге еңбек сіңірген абыройлы адамды халық «Ардагер» деп жоғары бағалаған.

Улица Ардагерлер

Прежнее название – улица Целинная. Жилой массив «Көктал». Начинается с улицы Д. Бабатайұлы, пересекается с улицами Нарын, Қайыңды, Сұлукөл, заканчивается на улице Шұғыла. Длина – 1310,5 м.

Ардагерозначает уважаемый, почтенный человек. Казахский народ высоко ценил людей, служивших во благо народа, называл их Ардагер.

Арқайым көшесі

Бұрынғы атауы – № 24 көше. Ұзындығы – 509,1 м. М. Төлебаев көшесінен басталып, Абылай хан даңғылында аяқталады. Ер Көкше, Ер Қосай, Ер Тарғын көшелерін қиып өтеді.

Арқайым – орта қола кезеңінен (б. з.б. 2-мыңжылдық) сақталған тарихи және мәдени ескерткіштер кешені. Арқайым Қостанай облысында орналасқан.

Улица АрҚайым

Прежнее название – улица № 24. Начинается с улицы М. Төлебаев, пересекается с улицами Ер Көкше, Ер Қосай, Ер Тарғын, заканчивается на проспекте Абылай хан. Длина – 509,1 м.

Арқайым – исторические и культурные памятники, сохранившиеся с середины эпохи бронзы (ІІ тысячилетие до н. э.) Расположены в Костанайской области.

Арқалық көшесі

Бұрынғы атауы – № 25 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Баршын көшесінен басталып, Ұлытау, Қайнар көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1419,8 м.

Арқалық – Қостанай облысының оңтүстік-шығысындағы қала, теміржол стансасы. Кезінде Торғай облысының орталығы болған.

Улица АрҚалық

Прежнее название – улица № 25. Жилой массив «Коктал». Начинается с улицы Баршын, пересекается с улицами Ұлытау, Қайнар. Длина – 1419,8 м.

Аркалык – город, железнодорожная станция на юго-востоке Костанайской области. В свое время был центром Тургайской области.

АРҚАРЛЫ КӨШЕСІ

Қамысты, Көксеңгір көшелерін қиып өтіп, Бестөбе көшесінде аяқталады.

Арқарлы – жер-су атауы, елімізде осы атаумен бірнеше елдімекендер кездеседі.

УЛИЦА АРҚАРЛЫ

Пересекатся с улицами Қамысты, Көксеңгір и заканчивается на улице Бестөбе.

Арқарлы – топонимическое название, встречающиеся в некоторых регионах нашей страны.

Армандастар көшесі

Бұрынғы атауы – Молодежный. «Интернациональный» тұрғын алабы. Қарағанды-Астана тас жолынан басталып, Мереке көшесінде аяқталады. Нұрлыжол көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 745,5 м.

Армандастар – көкейіндегі ізгі ниеті, болашақтан күтер үміті, алға қойған мақсаты бір, ортақ адамдар. Осыған байланысты «Армандастар» деген ән бар.

Улица Армандастар

Жилой массив «Интернациональный». Начинается с трассы Қарағанды-Астана, заканчивается на улице Мереке. Пересекается с улицей Нұрлыжол. Длина – 745,5 м.

Армандастарцелеустремленные люди, с большими надеждами на будущее и полные благих намерений. Слово «армандастар» производное от слова «арман» (мечта), переводится как люди с единой мечтой, большими надеждами на жизнь.

Арна көшесі

Бұрынғы атауы – № 36-15 көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Ұзындығы – 376,9 м.

Арна – өзен аңғарының су ағатын бөлігі. Оқтын-оқтын немесе қысқа мерзімге құрғап қалатын өзен аңғарын «арна» деп атайды.

Улица Арна

Прежнее название – улица № 36-15. Микрорайон «Караөткел». Длина – 376,9 м.

Арна – русло реки. Также арна называют высыхающие на короткий срок речные притоки.

Арнасай көшесі

Бұрынғы атауы – Комсомольский көшесі. «Пригородный» тұрғын алабы. Айнабұлақ көшесінен басталып, Қабанбай батыр даңғылында аяқталады. Сарытоғай көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1452,6 м.

Арнасайелді мекеннің, өзеннің атауы.

Улица Арнасай

Прежнее название – улица Комсомольская. Жилой массив «Пригородный». Начинается с улицы Айнабұлақ, заканчивается на проспекте Қабанбай батыр. Пересекается с улицей Сарытоғай. Длина – 1452,6 м.

Арнасайназвание населенного пункта и реки.

Арықты көшесі

Бұрынғы атауы – № 72 көше. Абайдың 150 жылдығы көшесінен басталып, Қарақожа орамында аяқталады. Ұзындығы – 446,4 м.

Арықты – Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы ауыл атауы. Еліміздің кейбір өңірлерінде осындай атаулар кездеседі.

Улица Арыкты

Прежнее название – улица № 72. Начинается с улицы Абайдың 150 жылдығы, заканчивается на переулке Қарақожа. Длина – 446,4 м.

Арыкты – название села в Коргалжинском районе Акмолинской области. Это название встречается в ряде регионов Казахстана.

Асан қайғы көшесі

Бұрынғы атауы – Н. Гастелло көшесі. А. Кравцов көшесінен басталып, Жәнібек тархан, Ағыбай батыр, А. Иманов, Кенесары, Абай даңғылы, С. Сейфуллин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2237,8 м.

Асанқайғы (XIV ғ. – XV ғ.) – мемлекет қайраткері, ақын жырау, би, философ. Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған. Қазақ ордасы құрылған кезде Асанқайғы жаңа мемлекеттің ұраншысына айналады. Асанқайғы елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, «Адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін» мамыражай, еркін өмір сүретін «Жерұйықты» аңсады.

Бұл көшеде № 8 қазақ мектебі орналасқан.

Улица Асан Қайғы

Прежнее название – улица Н. Гастелло. Начинается с улицы А. Кравцова, пересекается с улицами Жәнібек тархан, Ағыбай батыр, А. Иманов, Кенесары, С. Сейфуллин, Ә.Жангелдин и проспектом Абай. Длина – 2237,8 м.

Асанкайгы (XIV ғ. – XV ғ.) – государственный деятель, акын, жырау, бий, философ. Был советником Керей хана и Жанибек хана. Асанкайгы стал идеологом нового государства – Казахской Орды. Асанкайгы мечтал о земле обетованной - «Жерұйық», благодатной земле для своего народа, густой и сочной растительностью, где «человек мог прожить свободным и с достатком до ста лет».

На этой улице расположена казахская швола № 8.

Асқар Тоқпанов көшесі

Ж. Тәшенов көшесінен басталып, Арасан, Саргүл, Өлеңті көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1077,7 м.

Асқар Тоқпанов () – режиссер, педагог, Қазақ КСР-інің халық әртісі. «Абай», «Марабай», «Еңлік-Кебек», «Жеңіс жыры» секілді спектакльдерді сахнаға шығарды. А. Тоқпанов көптеген өнер қайраткерлерін тәрбиелеген.

Улица Асқар Тоқпанов

Начинается с улицы Ж. Тәшенов, пересекается с улицами Арасан, Саргүл, Өлеңті. Длина – 1077,7 м.

Аскар Токпанов () – режиссер, педагог, литературный критик, народный артист Казахской ССР. На сцене поставил такие спектакли, как «Абай», «Марабай», «Енлик-Кебек», «Песня Победы». Под руководством А. Токпанова в казахстанской культуре появились многие талантливые деятели искусства.

Асқартау көшесі

Бұрынғы атауы – Садовый көшесі. «Мичурино» тұрғын алабы. Бастау, Алакөл көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 735,3 м.

Асқартау – «биік, заңғар тау» деген мағынаны білдіреді.

Улица Аскартау

Прежнее название – улица Садовая. Жилой массив «Мичурино». Пересекается с улицами Бастау, Алакөл. Длина – 735,3 м.

Асқартау означает высочайшая гора.

Аспара көшесі

Бұрынғы атауы – Г. Котовский көшесі. Жерұйық көшесінен басталып, Қарасай батыр даңғылын, Медеу, М. Дулатов, Орда көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1264,1 м.

Аспара – Жамбыл облысындағы өзен.

Улица Аспара

Прежнее название – улица Г. Котовского. Начинается с улицы Жерұйық, пересекается с проспектом Қарасай батыр, улицами Медеу, М. Дулатов, Орда. Длина – 1264,1 м.

Аспара – река в Жамбылской области.

Асы көшесі

Бұрынғы атауы № 000 көше. Батыр Баян көшесінен басталып, Асы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 173,7 м.

Асы – көне түркі тілінен аударғанда «дала», «жазық», «кең алқап» деген мағынаны білдіреді.

Улица Асы

Прежнее название – улица № 000. Начинается с улицы Батыр Баян и заканчивается на улице Асы. Длина – 173,7 м.

Асы – в переводе с древнетюркского означает «степь», «равнина», «широкая лощина».

Атақоныс көшесі

Бұрынғы атауы – Мир көшесі. «Күйгенжар» тұрғын алабы. Жаңатұрмыс көшесімен қиылысып, Шапағат көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 870,5 м.

Атақоныс – қазақ халқының ұғымында ежелден бері өмір сүріп келе жатқан тарихи мекен. Ұрпағы түрлі себеппен өзге өңірге қоныс аударса да ата қонысын ұмытпай ұрпағының санасына сіңіріп отырған. Жалпы «атақоныс» ұғымы қазақ халқының түсінігінде тарихи мекен ғана емес, қасиетті топырақ ретінде қалыптасқан.

Улица Атақоныс

Прежнее название – улица Мира. Жилой массив «Күйгенжар». Пересекается с улицей Жаңатұрмыс, заканчивается на улице Шапағат. Длина – 870,5 м.

Атаконыс – в народном понимании святая земля – земля дедов. Это историческое место, где из покон веков жили предки казахского народа. Если потомки по каким-либо причинам покидали это место, то его значение как Родины было всегда вечным дорогим чувством, которое они передавали своим потомкам.

Атамұра көшесі

Бұрынғы атауы – Хлебоприемный көшесі. «Промышленный» тұрғын алабы. Шарбақты көшесінен басталып, Құлагер көшесінде аяқталады. Шалгөде көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1268,3 м.

Атамұра – әкеден балаға мал-мүлік, жер, қазына, байлық ретінде бөліп берген еншісі. Қазақ қауымында ерте заманнан қалыптасқан бұл дәстүр Қасым хан мен Есім хан дәуірінде ресми заң ережесімен бекітілген.

Улица Атамұра

Прежнее название – улица Хлебоприемная. Жилой массив «Промышленный». Начинается с улицы Шарбақты, пересекается с улицей Шалгөде, заканчивается на улице Құлагер. Длина–1268,3 м.

Атамұранаследие предков, это: земля, имущество, ремесло, оставленное продолжителям рода. Традиция, сформированная еще в древности, в эпоху Касым хана и Есим хана, утвердилась официальными правилами Закона. Во время наследования имущества учитывается завещание отца.

Атасу көшесі

Бұрынғы атауы – Планетный көшесі. Қабанбай батыр даңғылынан басталып, Алпамыс батыр көшесінде аяқталады. Қарасақал Ерімбет, Жекебатыр, Х. Досмұхамедұлы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 425,7 м.

Атасу – Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының орталығы.

Улица Атасу

Прежнее название – улица Планетная. Начинается с проспекта Қабанбай батыр, пересекается с улицами Қарасақал Ерімбет, Жекебатыр, Х. Досмұхамедұлы, заканчивается на улице Алпамыс батыр. Длина – 425,7 м.

Атасу – центр Жанааркинского района Карагандинской области.

Атбасар көшесі

Н. Тілендиев даңғылынан басталып, Қарталы көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 655,7 м.

Атбасар – Ақмола облысы, Атбасар ауданының орталығы. Атбасар станица ретінде 1876 жылы салынған. Қазан төңкерісіне дейін мұнда жыл сайын Атбасар жәрмеңкесі өткізілген.

Улица Атбасар

Начинается с проспекта Н. Тілендиев, пересекается с улицей Қарталы. Длина – 655,7 м.

Атбасар – центр Атбасарского района Акмолинской области. Атбасар как станица, была построена в 1846 году. До Октябрькой революции, здесь ежегодно проводилась Атбасарская ярмарка.

Атырау көшесі

Бұрынғы атауы – № 36-3 көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Сұлутөр, Машат орамы, Жылыой көшесімен қиылысып, Аягөз көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 508 м.

Атырау – қала, облыс орталығы. Каспий теңізінен солтүстікке қарай 30 шақырым жерде, Жайықтың екі жағасын бойлай орналасқан. Қала өнеркәсібінің басты саласы – мұнай мен химия өндірісі. Мұнай айыру, полиэтилен, машина жасау, металл өңдеу, кеме жөндеу, балық құтылау, басқа да тамақ, жеңіл өнеркәсіп орындары бар.

Улица Атырау

Прежнее название – улица № 36-3. Микрорайон «Қараөткел». Пересекается с улицами Сұлутөр, Жылыой и переулком Машат, заканчивается на улице Аягөз. Длина – 508 м.

Атырау – город, областной центр расположен в 30 километрах к северу от Каспийского моря, на обеих берегах реки Жайык (Урал). Основная сфера промышленности города – нефтехимическая
промышленность" href="/text/category/himicheskaya_i_neftehimicheskaya_promishlennostmz/" rel="bookmark">химическая промышленность и нефтепроизводство. Здесь работают организации по добычи нефти, производство полиэтилена, машиностроению, обработке металла, судоремонтные организации, комбинаты по консервированию рыбы, пищевой и легкой промышленности.

Ахмет БайтұрсынҰЛЫ көшесі

Бұрынғы атауы – № 23-21 көше. Р.Қошқарбаев даңғылынан басталып, Тәуелсіздік даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 7200 м.

Ахмет Байтұрсынұлы () – қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қоғам және ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілерінің бірі, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы.

Ахмет Байтұрсынұлы Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебін 1891 жылы бітіреді. Ол жылдары Ә.Бөкейханмен, М. Дулатовпен бірігіп, тұңғыш жалпы ұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газеті арқылы қазақ ауылдарын жедел, жаппай отырықшы тұрмысқа көшуден сақтандырды, жеке қожалық иелерін егін және мал шаруашылығын жүргізудің, тауарлы өндіріспен айналысудың озық үлгілерімен таныстырды. Өктемшіл биліктің түрлі саяси айласына ұлттық бірлік пен парастты қарсы қоюға үндеді, туған жердің байлығын өз игілігіне жарату үшін халқын өнер, білімді игеруге шақырды. 1917 жылы төңкерістік өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында із қалдырған қазақ сиездері мен қазақ комитеттері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүріп, «Қазақ» газеті арқылы халыққа саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды. Алашорда үкіметі құрамын бекіткен Екінші жалпықазақ сиезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп, Ахмет Байтұрсынұлын бекітеді.

Ахмет Байтұрсынұлы «Қырық мысал», «Маса», «Әдебиет танытқыш» секілді жинақтарын жарыққа шығарды. Ахмет Байтұрсынұлының ақын аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі зор бағаға ие болды.

Бұл көшеде Бейбітшілік және келісім сарайы, «Шабыт» концерт залы, «Хайвилл» тұрғын үй кешені орналасқан.

ҰрсынҰЛЫ

Прежнее название – улица № 23-21. Начинается с проспекта Р.Қошқарбаев, пересекается с проспектом Тәуелсіздік. Длина – 7200 м.

Ахмет Байтурсынулы () – один из руководителей национального освободительного движения казахского народа в начале ХХ века, государственный и общественный деятель, поэт, публицист, ученый, основатель казахской лингвистики и литературоведения, реформатор национальной письменности, просветитель. Ахмет Байтурсынулы 1891 году закончил начальную русско-казахскую школу в Торгае. В 1913-18 годах вместе своими верными товарищами А. Бокейханом, М. Дулатовым. выпускал первую общенациональную газету «Казах», Ахмет Байтурсынулы, посредством газеты «Казах» призывал к национальному единению в борьбе против колониализма, для освоения богатств родной земли и общего блага призывал казахский народ к повышению грамотности, культуры, предостерегал казахские кочевые аулы от поспешного перехода к оседлой жизни, владельцев частных хозяйств с знакомил передовыми методами земледелия и животноводства
, ведения товарного производства. После революционных измений 1917 года, он принимал активное участие в казахских съездах и казахских комитетах, оставивших глубокий след в истории казахского народа. Через газету «Казах» давал имполитические и теоритические направления. Второй общеказахский съезд, утвердивший состав правительства Алашорда, создал Учебно-просветительскую комиссию, под председательством Ахмет Байтурсынулы. Ахмет Байтурсынулы выпустил такие сборники, как «Қырық мысал» (Сорок примеров), «Маса» (Комар), «Әдебиет танытқыш» (Познаватель литературы). Ахмет Байтурсынулы как поэт, переводчик, ученый, литератор внес огромный вклад в развитие науки и просвещения казахского народа.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27