Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Шынгырлау – река, район в Западно-Казахстанской области.
ШЫҢҒЫСТАУ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Теміржолшылар кенті көшесі. Н. Тілендиев даңғылынан басталады. Ұзындығы – 703,8 м.
Шыңғыстау – Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы тау атауы. Бұл өңір Абай өмірімен тығыз байланысты.
УЛИЦА ШЫҢҒЫСТАУ
Прежнее название – улица Поселок железнодорожников. Начинается с улицы Н. Тілендиев. Длина – 703,8 м.
Шынгыстау – горный хребет в Абайском районе Восточно – Казахстанской области. Регион тесно связан с жизнью великого Абая.
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – К. Тимирязев көшесі. Жеңіс даңғылынан басталып, И. Гёте көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 758,6 м.
Ыбырай Алтынсарин () – ұлы ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклор танушы, қоғам қайраткері. Ол 1864 жылы Торғайда қазақ-орыс мектебін, 1883 жылы Ырғызда қазақ қыздары үшін жанында интернаты бар мектеп аштырған. 1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы жарық көреді. «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Аурудан аяған күштірек», «Асыл шөп», «Шеше мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Таза бұлақ», т. б. әңгімелері мен аудармалары бар.
УЛИЦА ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН
Прежнее название – улица К. Тимирязева. Расположена между проспектом Жеңіс и улицей И. Гёте. Длина – 758,6 м.
Ы. Алтынсарин () – великий просветитель, педагог, писатель, этнограф, фольклорист, общественный деятель. Ы. Алтынсарин в 1864 году в Тургае, а в Ыргызе открыл школу, при котором имелся интернат для девочек. В 1879 году издал учебник «Казахская хрестоматия». Сочинения: «Кипчак Сеиткул», «Юрта и деревянный дом» и рассказы «Целебная трава», «Мать и дитя», «Чистый родник» и др.
ЫҚЫЛАС ДҮКЕНҰЛЫ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Дружба көшесі. Бейбітшілік көшесінен басталып, И. Панфилов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1683,2 м.
Ықылас Дүкенұлы () – ұлы күйші-қобызшы, композитор. «Қорқыт», «Кертолғау», «Қоңыр», «Ықылас», «Жезкиік», «Аққу», «Бестөре» – азаматтық ойын айқындайтын саяси-әлеуметтік мәні бар, терң толғаныстан туған күйлер. Сүгір, Ашай, Әйкен – Ықылас мектебінің белгілі өкілдері.
УЛИЦА ЫҚЫЛАС ДҮКЕНҰЛЫ
Прежнее название – улица Дружбы. Начинается с улицы Бейбітшілік, заканчивается на улице И. Панфилова. Длина – 1683,2 м.
Ыкылас Дукенулы () – великий кюши, кобызист, композитор. Он написал кюи социально-политического значения, в которых выражены гражданские идеи. Например: «Қорқыт», «Кертолғау», «Қоңыр», «Ықылас» и др. Его учениками - последователями были Сугир, Ашай, Айкен.
ЫНТАЛЫ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Магнитогорский көшесі. Ақшағыл көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 250,7 м.
Ынталы – «ықылас-ынтасы зор, талапты» деген мағынаны білдіреді.
УЛИЦА ЫНТАЛЫ
Прежнее название – улица Магнитогорская. Заканчивается на улице Ақшағыл. Длина – 250,7 м.
Ынталы – означает целеустремленный, требовательный, ответственный.
ЫНТЫМАҚ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Паровозный көшесі. Қ.Кемеңгерұлы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 447,7 м.
Ынтымақ – «береке-бірлік, ұйымшылдық, татулық» деген мағынаны береді. Елімізде Ынтымақ атты елді мекендер көп кездеседі.
УЛИЦА ЫНТЫМАҚ
Прежнее название – улица Паровозная. Заканчивается на улице Қ.Кемеңгерұлы. Длина – 447,7 м.
Ынтымақ – означает единство, согласие, солидарность. В нашей стране встречаются много населенных пунктов под названием Ынтымак.
ЫРҒЫЗ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – №18 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Ғ.Мұстафин көшесінен басталып, Бурабай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 595,3 м.
Ырғыз – Ақтөбе облысындағы өзен, аудан, кент атауы.
УЛИЦА ЫРҒЫЗ
Прежнее название – улица №18. Жилой массив Юго-Восток (левая сторона). Расположена между улицами Ғ.Мұстафин и Бурабай. Длина–595,3м.
Ыргыз – река, район, поселок в Актюбинской области.
ІЛЕ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – №16 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Абылай хан даңғылынан басталып, Хантау, Қаратау, Қозыбасы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1232 м.
Іле – Алматы облысындағы өзен.
УЛИЦА ІЛЕ
Прежнее название – улица №16. Жилой массив Юго-Восток (левая сторона). Начинается с проспекта Абылай хан, пересекается с улицами Хантау, Қаратау, Қозыбасы. Длина – 1232 м.
Или – река в Алматинской области.
ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – І. Есенберлин және Ақжайық көшелері. Конституция көшесінен басталып, Республика даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 1391,1 м.
Ілияс Есенберлин () – Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Қазақфильм» киностудиясының аға редакторы, «Жазушы» баспасының директоры қызметтерін атқарған. «Көшпенділер», «Алтын Орда» трилогияларының, «Айқас», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар» және т. б. романдарының авторы.
Бұл көшеде Қаржы-экономикалық академиясы, К. Байсейітова атындағы опера және балет театры орналасқан.
УЛИЦА ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН
Прежнее название – улица І. Есенберлин и улица Ақжайық. Начинается с улицы Конституции и заканчивается на проспекте Республики. Длина – 1391,1м.
Илияс Есенберлин () – народный писатель, лауреат Государственной премии. Участник Великой Отечественной войны. Автор трилогий «Кочевники», «Золотая Орда» и «Айқас», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар» и др. романов.
На этой улице расположен Финансово-экономическая академия, театр оперы и балета имени К. Байсейітовой.
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРҰЛЫ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Училищный көшесі. Абылай хан даңғылынан басталып, Мақтымқұлы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1218,2 м.
Ілияс Жансүгірұлы () – көрнекті ақын. Ол «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмаларын жазды. Бұл шығармалар Жансүгіровтің эпикалық жанрдағы ізденістерінің сәтті жемісі. І. Жансүгірұлы драматургия жанрында да жемісті еңбек етіп, «Кек», «Түрксиб», «Исатай – Махамбет», т. б. пьесалар жазды.
Бұл көшеде Астана гуманитарлық колледжі орналасқан.
УЛИЦА ІЛИЯС ЖАНСҮГІРҰЛЫ
Прежнее название – улица Училищная. Начинается с проспекта Абылай хан и заканчивается на улице улице Мақтымқұлы. Длина – 1218,2 м.
Илияс Жансугуров () – выдающиеся поэт. Он написал поэмы «Кюй», «Кюйши», «Кулагер». Эти произведения стали творческими плодами его исканий в эпическом жанре. Он также плодотворно трудился и в жанре драматургии, здесь он написал такие пьессы, как «Кек», «Турксиб», «Исатай – Махамбет» и др.
На этой улице расположен Астанинский гуманитарный колледж.
ЮЖНЫЙ КӨШЕСІ
Р.Қошқарбаев көшесінен басталып, Сарайшық көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 787,2 м.
Южный – «оңтүстік» деген мағынаны білдіреді.
УЛИЦА ЮЖНАЯ
Начинается с улицы Р.Қошкарбаева, заканчивается на улице Сарайшық. Длина – 787,2 м.
ЮРИЙ ГАГАРИН КӨШЕСІ
Конституция көшесінен басталып, М. Дулатов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 574,9 м.
Юрий Гагарин () – ғарышқа тұңғыш ұшқан адам, Кеңес Одағының Батыры. 1961 жылы 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты.
УЛИЦА ЮРИЙ ГАГАРИНА
Расположена между улицами Конституции и М. Дулатов. Длина –574,9 м.
Юрий Алексеевич Гагарин () – первый космонавт Земли, Герой Советского Союза. Впервые в истории человечества, 12 апреля 1961 года на космическом корабле «Восток» с космодрома Байконыр совершил полет в открытый космос.
ЮРИЙ МАЛАХОВ КӨШЕСІ
Сусамыр көшесінен басталып, Жерұйық көшесінде аяқталады. Жетісай орамы мен Кеншілер көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 1834,1 м.
Юрий Николаевич Малахов – Кеңес Одағының Батыры.
УЛИЦА ЮРИЙ МАЛАХОВА
Расположена между улицами Сусамыр и Жерұйық. Длина – 1834,1 м.
Юрий Николаевич Малахов – Герой Советского Союза.
ЯКОВ СВЕРДЛОВ КӨШЕСІ
Бестерек көшесінен басталады. Ұзындығы – 399,4 м.
() – мемлекет қайраткері.
УЛИЦА ЯКОВА СВЕРДЛОВА
Начинается с улицы Бестерек. Длина – 399,4 м.
() – государственный деятель.
ТАСЖОЛДАР, ШОССЕ
АЛАШ ТАСЖОЛЫ
Бұрынғы атауы – Софиев тасжолы. Ш. Жиенқұлова көшесінен басталып, Ақжол, Жолымбет көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 14717,3 м.
Алаш (ежелгі түрік сөзі – «бауырластар, қандастар, туыстар») – көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым. «Алаш» сөзі «қазақ» атауының баламасы ретінде берілген. «Атамыз – Алаш, керегеміз – ағаш» деген қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінде ежелгі «Алаш» ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің ұраны етіп алды. ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалыс – «Алаш қозғалысы» деп аталды. Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған қазақтың саяси-демократиялық қозғалысы. Алаш қозғалысының басты мақсаты – қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету, егішілік пен өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 жылдың ақпан және желтоқсан аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. 1917 жылы Алаш партиясының құрылуы мен Алашорда үкіметінің құрылуы бұл қозғалыстың нәтижесі болды.
Бұл тасжолда Орталық базар, Көк базар орналасқан.
ШОССЕ АЛАШ
Прежнее название – Софиевская трасса. Начинается с улицы Ш. Жиенкулова, пересекается с улицами Ақжол, Жолымбет. Длина–14717,3 м.
Алаш (древнетюркское слово означает родственники, братья) – понятие, появившее в древности, когда тюркские народы жили одной общиной. Слово «алаш» использовалось, как вариант слова «казах». Казахи на пути национальной независимости вновь вернулись древнему понятию «Алаш» и сделали его девизом свободы и единства народа. Национальное-освободительное движение в начало ХХ века называлось «Движение Алаш». Движение Алаш – это политико-демократическое движение казахов в первой четверти ХХ века, против колонизаторской политики Российской империи. Главная цель движения – это самоуправление казахов, т. е. создание государственного устройства, которые могли защищать национальные интересы, ввести ограничение переселенцев, применяя передовые опыты возродить скотоводство, развитие земледелия и развитии промышленности, открыть пути к рыночным отношениям, развивать национальную культуру, образование и язык. В 1917 году народно-освободительное движение «Алаш» создает Алашординское правительство и партию «Алаш».
На этой трассе расположены Центральный рынок, рынок «Көк базар»
ҚАРАҒАНДЫ ТАСЖОЛЫ
Абылай хан даңғылынан басталып, Ж. Жабаев, М. Төлебаев, Армандастар көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 14359,4 м.
Қарағанды тасжолы – Қарағанды мен Астана қалаларын жалғастырып жатқан жол. Қарағанды – қала, облыс атауы. Әуе, автомобиль, теміржол қатынастарының маңызды торабы орналасқан республикадағы ең үлкен қалалардың бірі. Қалада көмір, машина жасау, тамақ өнеркәсібі дамыған. Қарағанды облысы көлемі жағынан Қазақстандағы ең үлкен облыс. Облыста темір, көмір, түсті металдар, машина жасау, жеңіл, тамақ, балық, кондитер өнеркәсібі қатты дамыған.
ШОССЕ КАРАҒАНДЫ
Начинается с проспекта Абылай хана. Пересекается с улицами Ж. Жабаев, М. Төлебаев, Армандастар. Длина – 14359,4 м.
Трасса Караганда соединяет между собой эти города. Караганда – название города, области. Город – один из крупнейших авиационных, автомобильных, железнодорожных узлов республики. В городе развита угольная, машиностроительная, пищевая промышленность. Карагандинская область – самая большая область Казахстана по территории. В области сильно развита металлургическая, угольная, машиностроительная, пищевая, кондитерская, легкая промышленность.
ҚАРҚАРАЛЫ ТАСЖОЛЫ
Бұрынғы атауы – Рождественский трассасы. Ұзындығы–7408м.
Қарқаралы – Қарағанды облысындағы қала, қазақ жеріндегі көне қоныстардың бірі, тарихи өңір. Ғылыми-жадығаттық зерттеу жұмыстары бұларда біздің заманымыздан бұрынғы 1 мың жылдықтың бас кезінде өмір сүрген адамдардың мал бағумен, егін шаруашылығымен, кен ісімен айналысқанын айғақтайды. Қарқаралыдан 2010 жылдың жазында табылған «Алтын адам» бұл өңірді мекендеген адамдардың мәдениеті жоғары болғандығын білдіреді. Сондай-ақ Қарқаралы - тау атауы. Сарыарқадағы ұзындығы қырық, ені жиырма бес шақырымдай жатаған тау. Биігі – Жиренсақал деп аталатын 1338 метрлік шоқы. Атаудың шығу тегін тау шоқыларының қарқара деп аталатын әйел бас киімінің бітіміне ұқсастығынан деп те санайды. Алайда осы тауды мекендейтін қарқара атты құстың да жерге атау болуы мүмкін екендігін де атап өтеміз.
ШОССЕ ҚАРҚАРАЛЫ
Прежнее название – трасса Рождественская. Длина – 7408 м.
Каркаралы – город в Карагандинской области, гора. У подножья Каркаралинских гор испокон веков жили люди. Каркаралинск исторический край. Научные исследования доказали, что в 1 веке до нашей эры здесь жили люди, которые занимались скотоводством, земледелием и добывали полезные ископаемые. Найденный в 2010 году памятник «Золотой человек» лишний раз доказывает о том, что культура, населявших здешние места людей, была высокой.
ҚОРҒАЛЖЫН ТАСЖОЛЫ
Қорғалжын тасжолы Қабанбай батыр даңғылынан басталып, Тұран даңғылымен қиылысады. Ұзындығы – 16154 м.
Қорғалжын – Ақмола облысындағы аудан, кент. Қорғалжын қорығы – еліміздегі ірі қорықтардың бірі.
Бұл тасжолда Қазақ гуманитарлық университеті, Техникалық лицей орналасқан.
ШОССЕ ҚОРҒАЛЖЫН
Трасса Қорғалжын начинается с проспекта Қабанбай батыр и пересекается с проспектом Тұран. Длина – 16154 м.
Коргалжин – район, поселок в Акмолинской области. Коргалжынский заповедник – один из крупных заповедников Казахстана.
На этой трассе расположены Казахский гуманитарный университет, Технический лицей.
ЖЕЛЕКЖОЛДАР, БУЛЬВАРЫ
АКАДЕМИК АЛЕКСАНДР СКРЯБИН ЖЕЛЕКЖОЛЫ
Бұрынғы атауы – Заводской желекжолы. Бейбітшілік көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 202,5 м.
Александр Николаевич Скрябин () – гельминтолог-ғалым. КСРО Ғылым Академиясының академигі, КСРО Медицина Ғылым Академиясының академигі.
БУЛЬВАР АКАДЕМИКА АЛЕКСАНДРА СКРЯБИНА
Прежнее название – бульвар Заводской. Скрябина заканчивается на улице Бейбітшілік. Длина – 202,5 м.
Александр Николаевич Скрябин () – ученый - гельминтолог. Академик Академии наук СССР, академик Медицинской Академии наук СССР.
«НҰРЖОЛ» ЖЕЛЕКЖОЛЫ
Жаңа әкімшілік орталықта орналасқан. Ұзындығы – 1252 м.
Нұржол – екі сөздің бірігуінен жасалған. «Нұр» сөзі сәуле, жарық, шұғыла дегенді білдіреді. Ал «жол» сөзі қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде өте қасиетті ұғым.
Желекжолда «Бәйтерек», «Нұрсая» тұрғын үй кешені, «Транспорт тауэр» ғимараты орналасқан.
БУЛЬВАР «НҰРЖОЛ»
Расположен в новом административном центре. Длина – 1252 м.
Нуржол – образовано из двух слов: «нұр» означает луч, свет, «жол» дорога, путь. В традиционном понятии казахского народа слово «нуржол» - подразумевает светлый жизненный путь.
Здесь расположены жилой комплекс «Байтерек», «Нурсая», здание «Транспорт тауэр».
ҚЫСҚА КӨШЕЛЕР МЕН ОРАМДАР, ПЕРЕУЛКИ
АБАЙ ҚЫСҚА КӨШЕСІ
С. Кубрин көшесінен басталып, С. Сейфуллин көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 402,5 м.
Абай (Ибраһим) () – қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушы, композитор.
ПЕРЕУЛОК АБАЙ
Начинается с улицы С. Кубрина, пересекается с улицей С. Сейфуллин. Длина – 402,5 м.
Абай (Ибрагим) () – великий казахский поэт, философ, просветитель, композитор.
АБЫРАЛЫ ОРАМЫ
Бұрынғы атауы – С. Лазо қысқа көшесі. Л. Толстой көшесінен басталып, Ш. Жиенқұлова көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 327,1 м.
Абыралы – Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарындағы тау.
ПЕРЕУЛОК АБЫРАЛЫ
Прежнее название – переулок С. Лазо. Начинается с улицы Л. Толстого, заканчивается на улице Ш. Жиенқұлова. Длина – 327,1 м.
Абыралы – гора, расположенная в Карагандинской и Восточно-Казахстанской области.
АЙДЫН ОРАМЫ
Бұрынғы атауы – Депутатский қысқа көшесі. Ақан сері көшесінен басталып, Сүмбе орамында аяқталады. Ұзындығы – 687,1 м.
Айдын – жайылып жатқан су алабы.
ПЕРЕУЛОК АЙДЫН
Прежнее название – переулок Депутатский. Начинается с улицы Ақан сері, заканчивается на переулке Сүмбе. Рауан. Длина – 687,1 м.
Айдын – означает обширные водные просторы.
АЙСАРЫ ОРАМЫ
Бұрынғы атауы – № 12-116 қысқа көше. Айдархан Тұрлыбаев көшесінен басталады. Ұзындығы – 157 м.
Айсары – Ақмола облысындағы теміржол стансасы.
ПЕРЕУЛОК АЙСАРЫ
Прежнее название – короткая улица № 12-116. Начинается с улицы Айдархан Тұрлыбаев. Длина – 157 м.
Айсары – железнодорожная станция в Акмолинской области.
АҚБАСТАУ ОРАМЫ
Бұрынғы атауы – Братский қысқа көшесі. Алқатерек орамынан басталып, Қоянды орамында аяқталады. Ұзындығы – 117,6 м.
Ақбастау – еліміздің бірқатар өңірлерінде кездесетін жер-су атауы.
ПЕРЕУЛОК АҚБАСТАУ
Прежнее название – переулок Братский. Начинается с улицы Алқатерек, заканчивается на переулке Қоянды. Длина – 117,6 м.
Акбастау – топонимическое название которое встречается в некоторых регионах нашей страны.
АҚБЕРЕН ОРАМЫ
Бұрынғы атауы – № 21 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Қарқабат көшесінен басталып, Талғар көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 165,5 м.
Ақберен – мылтықтың ауыз әдебиетінде кездесетін ежелгі атауы. «Берен» сөзі тілімізде «асыл, болат» деген мағынаны білдіреді.
ПЕРЕУЛОК АҚБЕРЕН
Прежнее название – переулок № 21. Жилой массив Юго-Восток (правая сторона). Расположен между улицами Қарқабат и Талғар. Длина – 165,5 м.
Ақберен – древнее название ружья, встречающее в произведениях устного народного творчества. Слово «берен» означает «благородный булат».
АҚЖЕЛЕҢ ОРАМЫ
Бұрынғы атауы – № 21 тұйық көше. Аягөз көшесінен басталады. Ұзындығы – 372,9 м.
Ақжелең – күй өнерінде қалыптасқан музыкалық жанр. Ел арасында «Алпыс екі Ақжелең», «Алпыс екі тамырлы Ақжелең» деген сөз қалған.
ПЕРЕУЛОК АҚЖЕЛЕҢ
Прежнее название – улица № 21. Начинается с улицы Аягөз. Длина – 372,9 м.
Акжелен – это музыкальный жанр, сформированный в искусстве кюй. В народе сохранилось высказывание «Алпыс екі Ақжелең», «Алпыс екі тамырлы Ақжелең».
АҚКЕНТ ОРАМЫ
Бұрынғы атауы – В. Жуковский қысқа көшесі. А. Кравцов көшесінен басталып, Ж. Тәшенов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 255,6 м.
Ақкент – Алматы облысы, Панфилов ауданындағы ауыл.
ПЕРЕУЛОК АҚКЕНТ
Прежнее название – переулок В. Жуковского. Начинается с улицы А. Кравцова и продолжается до переулка Ж. Тәшенов. Длина – 255,6 м.
«Ақкент» – название аула Панфиловского района Алматинской области.
АҚКӨЛ ОРАМЫ
Бұрынғы атауы – № 11 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Таскескен көшесінен басталып, Құмкент көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 202,4 м.
Ақкөл – Ақмола облысындағы аудан,қала атауы. Еліміздің бірқатар өңірлерінде кездеседі.
ПЕРЕУЛОК АҚКӨЛ
Прежнее название – переулок № 11. Жилой массив Юго-Восток (правая сторона). Начинается с улицы Таскескен, пересекается с улицей Құмкент. Длина – 202,4 м.
Аккол – названия города, района в Акмолинской области. Встречается в некоторых регионах нашей страны.
АҚҚАЙЫҢ ҚЫСҚА КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – №11 қысқа көше. «Көктал» тұрғын алабы. Жаңақоныс көшесінен басталып, Бидайық қысқа көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 335,8 м.
Аққайың – қайың тұқымдасына жататын ағаш.
ПЕРЕУЛОК АҚҚАЙЫҢ
Прежнее название – переулок №11. Жилой массив «Көктал». Начинается с улицы Жаңақоныс, пересекается с переулком Бидайық. Длина – 335,8 м.
«Аққайың» (белая береза) – дерево из семейства березовых.
АҚМАЯ ОРАМЫ
Бұрынғы атауы – Пролетарский қысқа көшесі. Қоянды орамынан басталып, Алқатерек орамында аяқталады. Ұзындығы – 135,1 м.
Ақмая – Қарағанды облысындағы қола дәуірінің қонысы.
ПЕРЕУЛОК АҚМАЯ
Прежнее название – переулок Пролетарский. Начинается с переулка Қоянды, заканчивается на переулке Алқатерек. Длина – 135,1 м.
Акмая – поселение эпохи бронзы в Карагандинской области.
АҚПАН ОРАМЫ
Бұрынғы атауы – Ремонтный қысқа көшесі. Үшқоңыр көшесінен басталады. Ұзындығы – 563,1 м.
Ақпан – қыстың соңғы айы. Осы аттас елдімекендер бар.
ПЕРЕУЛОК АҚПАН
Прежнее название – переулок Ремонтный. Начинается с улицы Үшқоңыр. Длина – 563,1 м.
Акпан – последний зимний месяц. Встречаются населенные пункты с таким названием.
АҚСҰҢҚАР ОРАМЫ
Бұрынғы атауы – №27 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Обаған көшесінен басталып, Жанкент көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 303,8 м.
Ақсұңқар – сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс.
ПЕРЕУЛОК АҚСҰҢКАР
Прежнее название – переулок № 27. Жилой массив Юго-Восток (правая сторона). Расположен между улицами Обаған и Жанкент. Длина – 303,8 м.
Ақсұңқар (белый сокол) – хищная птица из семейства соколинных.
АҚСҮМБЕ ОРАМЫ
А. Пушкин көшесінен басталады. Ұзындығы – 603.4м
Ақсүмбе – Қаратаудың солтүстігінде осы аттас өзеннің жағалауында орналасқан Х-ХҮ ғасырлардағы ежелгі қала атауы.
ПЕРЕУЛОК АҚСҮМБЕ
Начинается с улицы А. Пушкина. Длина – 603,4 м.
Аксумбе – это название древнего города Х-ХV в., расположенного на севере Каратау на берегу одноимённой реки.
АҚТОҒАН ОРАМЫ
Бұрынғы атауы № 000 қысқа көше. Ақтоған орамы Бірімжановтар көшесінен басталады. Ұзындығы – 136.8 м.
Ақтоған – Қазақстанның кейбір өңірлерінде кездесетін жер-су атауы. Әдетте маңында тоғаны бар елдімекендер осылай аталады.
ПЕРЕУЛОК АҚТОҒАН
Прежнее название улица № 000. Переулок Ақтоған начинается с улицы Бірімжановтар. Длина – 136,8 м.
Актоган –это топонимическое название местностей, рек и озёр, встречающееся в некоторых населённых пунктах Казахстана.
АҚТҮБЕК ОРАМЫ
Бұрынғы атауы – Пролетарский қысқа көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Жаңақоныс көшесінен басталып, Бидайық қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 237,3 м.
Ақтүбек – түбектің түсі мен кең аумағына байланысты қойылған атау.
ПЕРЕУЛОК АҚТҮБЕК
Прежнее название – переулок Пролетарский. Жилой массив «Көктал». Расположен между улицами Жаңақоныс и переулком Бидайық. Длина – 237,3 м.
Актубек – по отношению цвета применяется в названиях полуостровов, перешейков. Означает большая территория.
АҚШАТАУ ОРАМЫ
Бұрынғы атауы - №10 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Үштөбе көшесінен басталып, Айнакөл көшесінде аяқталады. Таскескен көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 197,5 м.
Ақшатау – еліміздің бірқатар өңірлерінде кездесетін жер атауы.
ПЕРЕУЛОК АҚШАТАУ
Прежнее название – переулок №10. Жилой массив Юго-Восток (правая сторона). Расположен между улицами Үштөбе и Айнакөл. Пересекается с улицей Таскескен. Длина – 197,5 м.
Ақшатау – топонимическое название которое встречается в некоторых регионах нашей страны.
АҚШОҚЫ ОРАМЫ
Бұрынғы атауы № 000 тұйық көше. «Қараөткел» шағын ауданы, Есіл ауданында орналасқан. Ұзындығы – 299,3 м.
Ақшоқы – Абайдың қонысы. Осы жерде ұлы ақынның бірқатар шығармалары дүниеге келген.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 |


