Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Улица ДулыҒа
Прежнее название – улица Металлистов. Начинается с улицы Нагорной, пересекается с улицей Ноғайлы. Длина – 931,7м.
Дулыга – боевой железный шлем воина. У тюркских воинов боковые и задняя сделаны железной сеткой. По методу изготовления дулыги делились на несколько видов.
Дінмұхамед Қонаев көшесі
Бұрынғы атауы – №1 көше. Тұран даңғылынан басталып, Ақмешіт, Түркістан көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2250,2 м.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. 1960-62 және 1964-86 жылдары Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы. Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері. Қазақстанның дамуына ірі үлес қосқан тұлға.
Бұл көшеде ҚР Сыртқы істер министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы, «RIXOS», «Дипломат» қонақүйлері, елшіліктер орналасқан.
Улица Дінмұхамед қонаев
Прежнее название – улица №1. Начинается с проспекто Тұран, пересекается с улицами Ақмешіт, Түркістан. Длина – 2250,2 м.
Динмухамед Ахметович Кунаев – выдающиеся государственый и общественный деятель. В 1960-62 и 1964-86 годах первый секретарь ЦК КП Казахстана. Трижды герой Социалистического Труда. Внес огромный вклад в развитий Казахстана.
На этой улице расположены Министерство иностранных дел РК, национальная компания «Қазақстан темір жолы», гостиницы «RIXOS» и «Дипломат», посольства иностранных государств.
ДЭУ-3 көшесі
С.Қожанұлы көшесінен басталып, Лесной көшесінде аяқталады. Тұран даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 526,6м.
Улица ДЭУ-3
Начинается с улицы С.Қожанұлы, пересекается с проспектом Тұран, заканчивается на улица Лесной. Длина – 526,6 м.
Евгений Брусиловский көшесі
Жәнібек тархан көшесінен басталып, Абай даңғылын және А. Иманов, Кенесары көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1751,9 м.
Евгений Григорьевич Брусиловский () – композитор, Қазақстанның халық әртісі. Қаз ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Шығармалары: «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Жалбыр» опералары және т. б.
Бұл көшеде «Астана-Полиграфия» баспасы орналасқан.
Начинается с улицы Жәнібек тархан, пересекается с улицами А. Иманов, Кенесары, проспектом Абай. Длина – 1751,9 м.
Евгений Григорьевич Брусиловский () – композитор, народный артист Казахстана. Лауреат Государственной премии Каз ССР. Сочинения: оперы «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Жалбыр» и др.
На этой улице расположен издательство «Астана-Полиграфия».
«Егемен қазақстан» газеті көшесі
Бұрынғы атауы – М. Ломоносов көшесі. «Алатау» ықшам ауданынан басталып, А. Иманов, Кенесары көшелерін, Абай даңғылын қиып өтіп, С. Сейфуллин көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1147 м.
«Егемен Қазақстан» газеті алғаш рет 1919 жылдың 17 желтоқсанында жарық көрді. Газет атауы қазіргі күнге дейін бірнеше рет ауысқан: «Еңбек туы» (1920), «Еңбекшіл қазақ» (), «Еңбекші қазақ» (), «Социалды Қазақстан» (), «Социалистік Қазақстан» (), «Егеменді Қазақстан» (). Қазір «Егемен Қазақстан» деп аталады.
Бұл көшеде республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясы орналасқан.
улица газеты «егемен қазақстан»
прежнее название – улица М. Ломоносова. начинается с микрорайона «Алатау», пересекается с улицами А. Иманов, Кенесары, проспектом Абай и заканчивается на улице С. Сейфуллин. Длина – 1147 м.
Газета «Егемен Казахстан» впервые вышло в свет 17 декабря 1919 году в Оренбурге. Названия издания неоднократно менялось: «Еңбек туы» (1920), «Еңбекшіл қазақ» (), «Еңбекші қазақ» (), «Социалды Қазақстан» (), «Социалистік Қазақстан» (), «Егеменді Қазақстан» (). Ныне называется «Егемен Қазақстан».
Еділ көшесі
Бұрынғы атауы – № 19 көше. Абылай хан даңғылынан басталып, Қаратау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 647 м.
Еділ – Еуропадағы ең ұзын өзен. Ұзындығы – 3530 шақырым. Еділ өзені бастауын Валдай қыратынан алып, Каспий теңізіне құяды.
Улица ЕдІл
Прежнее название – улица № 000. Начинается с проспекта Абылай хан, заканчивается на улице Қаратау. Длина – 647 м.
Едиль (Волга) – самая длинная река Европы. Длина – 3530 километров. Истоки Едиля начинаются с горного склоно Валдай. Едиль впадает в Каспийское море.
Екібастұз көшесі
Бұрынғы атауы – Советский көшесі. Ж. Жабаев көшесінен басталып, В. Маяковский көшесімен қиылысады.Ұзындығы–1385,4 м.
Екібастуз – Павлодар облысындағы қала. Қала – Қазақстандағы ірі көмір өндіру және энергетика орталығы.
Улица ЕкІбастҰз
Прежнее название – улица Советская. Начинается с улицы Ж. Жабаев, пересекается с улицей М. Маяковского. Длина – 1385,4 м.
Екибастуз – город в Павлодарской области. Город – крупный центр энергетики и добычи угля.
ІІ Алматы көшесі
Н. Тілендиев даңғылынан аяқталады.
Алматы қаласының құрметіне қойылған.
Улица Алматы ІІ
Заканчивается на проспекте Н. Тілендиев.
Названа в честь города Алматы.
Елубай Тайбеков көшесі
Құлынды көшесінен басталып, Сарайшық көшесінде аяқталады. Атасу, Р.Қошқарбаев, Қарашаш көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1331,7 м.
Елубай Тайбеков () – мемлекет және қоғам қайраткері, жоғары мектептің еңбек сіңірген қызметкері.
Улица Елубай Тайбеков
Начинается с улицы Құлынды, заканчивается на улице Сарайшық. пересекается с улицами Атасу, Р.Қошқарбаев, Қарашаш. Длина – 1331,7 м.
Елубай Тайбеков () – государственный и общественный деятель, заслуженный работник высшей школы.
Елім-ай көшесі
Бұрынғы атауы № 40-9 көше. Қ.Жалайыри көшесінен басталады. Ұзындығы – 932,5 м.
Елім-ай – қазақ халқының әні. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» – оқиғасына байланысты туған ән.
Улица ЕлІм-ай
Прежнее название – улица № 40-9. Начинается с улицы Қ.Жалайыри. Длина – 932,5 м.
Елим-ай – казахская народная песня. Песни, связанные с событиями «Актабан шубырынды, Алкакол сулама» (Годы нашествия джунгар).
Енесай көшесі
Бұрынғы атауы – № 000 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабындағы (оң жақ) көше. Ұзындығы – 416 м.
Енесай – жер шарындағы аса ірі өзендерінің бірі, бұл өзеннің бойында түркі халықтарына ортақ жазба ескерткіштері табылған. Ғылымда олар «Орхон-Енесай жазба ескерткіштері» деп аталады.
Улица Енесай
Прежнее название – улица № 000. Расположена в жилом массиве Юго-Восток (правая сторона). Длина – 416 м.
Енесай (Енисей) – одна из крупнейших рек земного шара. Она образована с слияния двух рек Бий Хем (Большой Енисей) и Ка-Хем (Малый Енисей) рядом с Республикой Тува. В науке известны «Орхон-Енисейские письменные памятники».
Еңбекшілер көшесі
Бұрынғы атауы – Трудовой көшесі. «Заречное» тұрғын алабы. Жиделі, Үшкөпір көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1181,7 м.
Еңбекшілер – еңбек адамдарының құрметіне қойылған атау.
Улица ЕҢбекшІлер
Прежнее название – улица Трудовая. Жилой массив «Заречное». Пересекается с улицами Жиделі, Үшкөпір. Длина – 1181,7 м.
Еңлік-Кебек көшесі
Бұрынғы атауы – Садовый көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Болашақ көшесінен басталады. Ұзындығы – 1188,8 м.
«Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін, XVIII ғасырдан бастап кең тараған дастанның бірі. Бүгінде жыр түрінде жеткен «Еңлік-Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – Абайдың айтуымен Шәкәрім нұсқасы. Екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған нұсқа. «Еңлік-Кебек» – М.Әуезовтің белгілі шығармасы.
Улица ЕҢлІк-Кебек
Прежнее название – улица Садовая. Жилой массив «Көктал». Начинается с улицы Болашақ. Длина – 1188,8 м.
«Енлік–Кебек» – поэма XVIII века, о любви двух молодых людей. В нынешнее время известны два варианта поэмы. Первый из них, по словам Абая, написанная Шакаримом. Вторая – Магауия Абайулы. Поэма «Енлик-Кебек» – легла в основу одноименного драматического произведения М. Ауезова.
Еңлік-Кебек көшесі
Болашақ көшесінен басталады. «Көктал-1» тұрғын үй алабы.
Улица ЕҢлІк-Кебек
Начинается с улицы Болашақ. Жилой массив «Көктал-1».
Ер Көкше көшесі
Бұрынғы атауы - № 22 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Арқайым көшесінен басталып, Бурабай көшесінде аяқталады. Жаңаарқа көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 580 м.
«Ер Көкше» – тарихи жыр. Бұл дастанның бірнеше нұсқасы бар.
Улица Ер Кокше
Прежнее название – улица № 22. Жилой массив Юго-Восток (правая сторона). Начинается с улицы Арқайым, заканчивается на улице Бурабай. Пересекается с улицей Жаңаарка. Длина – 580 м.
«Ер Кокше» – исторический эпос. Есть несколько вариантов данного произведения.
Ер Қосай көшесі
Бұрынғы атауы – № 21 көше. Оңтүстік–Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Арқайым көшесінен басталып, Жалаңтөс көшесінде аяқталады. Жаңаарқа, Бурабай көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 721,7 м.
«Ер Қосай» – тарихта болған кісі есімі. Ол Ер Көкше батырдың баласы. «Ер Қосай» туралы жырдың сюжетіне, көбінесе, қиял-ғажайып сипаттар араласып отырғанымен, тарихта болған оқиғаларды қамтиды.
Улица Ер қосай
Прежнее название – улица № 21. Жилой массив Юго-Восток (Правая сторона). Начинается с улицы Арқайым, заканчивается на улице Жалаңтөс. Пересекается с улицами Жаңаарка, Бурабай. Длина – 721,7 м.
«Ер Косай» – имя исторической личности. Он был сыном батыра Ер Кокше. Несмотря на то, что сказание о Ер Косае полно фантастических сюжетов, но все же описывает события, имевшие место в истории.
Ер Тарғын көшесі
Бұрынғы атауы - №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен басталып, Жалаңтөс көшесінде аяқталады. Жаңаарқа, Бурабай көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 721,8 м.
«Ер Тарғын» – Ноғайлы заманының батыры, қазақ-ноғай халықтарының арасында кең тараған «Ер Тарғын» жырының басты кейіпкері.
Улица Ер Тарғын
Прежнее название – улица № 20. Жилой массив Юго-Восток (Правая сторона). Начинается с улицы Арқайым, заканчивается на улице Жалаңтөс. Пересекается с улицами Жаңаарка, Бурабай. Длина – 721,8 м.
Ер Тарғын – батыр времен Нагойского ханства, широко был известен среди казахских и ногайских народов.
Ер Төстік көшесі
Бұрынғы атауы – № 21 көше. У. Танашев көшесінен басталып, С. Сәдуақасов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 297,3 м.
Ер Төстік – халық ауыз әдебиетінің классикалық шығармаларының бірі.
Улица Ер ТӨстІк
Прежнее название – улица № 21. Начинаясь с улицы У. Танашев, заканчивается на улице С. Сәдуақасов. Длина – 297,3 м.
Ер Төстик – одно из произведений устного народного творчества.
Ерейментау көшесі
Бұрынғы атауы – № 36-9 көшесі. «Қараөткел» шағын ауданы. Тұран даңғылынан басталады. Ұзындығы – 402,9 м.
Ерейментау – Ақмола облысындағы аудан, қала атауы.
Улица Ерейментау
Прежнее название – улица № 36-9. Микрорайон «Қараөткел». Начинается с проспекта Тұран. Длина – 402,9 м.
Ерейментау – район, город в Акмолинской области.
Еренқабырға көшесі
Бұрынғы атауы – Милосердие көшесі. «Энергетиктер» тұрғын алабында орналасқан. Ұзындығы – 345,3 м.
Еренқабырға – Жоңғар Алатауындағы тарихи мекен.
Улица ЕренҚабырҒа
Прежнее название – улица Милосердие. Расположена в жилом массиве «Энергетики». Длина – 345,3 м.
Еренқабырға – историческая местность в Жунгарском Алатау.
Ертіс көшесі
Бұрынғы атауы - № 11 көше. Оңтүстік–Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Хантау, Қаратау, Қозыбасы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1127,1 м.
Ертіс – өзен. Қазақстан жерінде Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының жерімен ағады.
Улица ЕртІс
Прежнее название – улица № 11. Жилой массив Юго-Восток (левая сторона). Пересекается с улицей Хантау, Қаратау, Қозыбасы. Длина – 1127,1 м.
Ертис (Иртыш) – река. В Казахстане протекает по территориям Восточно-Казахстанской и Павлодарской областей.
Есет батыр көшесі
Бұрынғы атауы – № 24 көше. Доспамбет жырау көшесінен басталып, Мұхамет-Салық Бабажанов, Ойсылқара көшелерін қиып, Исатай батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 613,0 м.
Есет Көтібарұлы () – ұлы батыр, би шешен. Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы. 1847-58 жылдары Кіші жүзге енетін руларды бастап Ресей империясының отаршылдық езгісіне қарсы күресті. 1853-54 жылдары патшаның шекаралық әскерімен соғысты. Сонымен бірге Есет батыр 1847-78 жылдары Хиуа және Қоқан хандықтарына қарсы соғысып, еліміздің тәуелсіздігі, жеріміздің тұтастығы үшін саналы ғұмырын күреске арнады.
Улица Есет батыр
Прежнее название – улица № 24. Начинаясь с улицы Доспамбет жырау, пересекает улицы Мұхамет-Салық Бабажанов и Ойсылқара и заканчивается на улице Исатай батыр. Длина–613,0 м.
Есет Котибарулы () – великий батыр, бий и оратор. Лидер национально-освободительного движения против колонизаторской политики Российской империи, Хивинского и Кокандского ханства. В 1847-58 годах возглавил восстании казахов Младшего жуза против колониального гнета Российского правительства. В 1853-54 годах восставшие казахи Младшего жуза под руководством Есет батыра вели бои с силами приграничной царской администрации. В 1847-78 годах боролся против Хивинского и Кокандского ханства.
Естай көшесі
Бұрынғы атауы – № 12-92 көше. Болашақ көшесінен басталып, Жаңақоныс көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 765,2 м.
Естай Беркімбайұлы () – көрнекті әнші, ақын, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. «Жайқоңыр», «Дүние-ай», «Құсни – Қорлан», т. б. әндері бар.
Улица Естай
Прежнее название – улица № 12-92. Начинаясь с улицы Болашақ, заканчивается на улице Жаңақоныс. Длина – 765,2 м.
Естай Беркимбайулы () – выдающийся певец, акын и композитор. Заслуженный деятель искусства Казахстана. Произведения Естая Беркимбайулы являются жемчужинами казахской музыки.
Есіл көшесі
Бұрынғы атауы – № 13 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Абылай хан даңғылынан басталып, Хантау, Қаратау, Қозыбасы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1232,5 м.
Есіл – Ертіс өзенінің сол жақ саласы. Қазақстанның Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары жерінен өтеді. Қала, аудан атауы.
Улица ЕсІл
Прежнее название – улица № 13. Юго-Восток (левая сторона). Начинается с проспекта Абылай хан, пересекается с улицами Хантау, Қаратау, Қозыбасы. Длина – 1232,5 м.
Есил (Ишим) – левый приток реки Ертис (Иртыш). Протекает по территориям Карагандинской, Акмолинской, Восточно-Казахстанской областей в Казахстане. Название города, района.
Жағажай көшесі
Бұрынғы атауы – Набережный көшесі. «Интернациональный» тұрғын алабы. Көлсай көшесінен басталып, Көксай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 2275 м.
Жағажай – өзен, көл, теңіз жағасындағы құмды алаң.
Улица Жагажай
Прежнее название – улица Набережная. Жилой массив «Интернациональный». Начинается с улицы Көлсай, заканчивается на улице Көксай. Длина – 2275 м.
Жагажай – означает пляж, песчанная площадка на берегах реки, моря, озера.
Жайлаукөл көшесі
Бұрынғы атауы – № 42 көше. Мұхамет-Салық Бабажанов көшесінен басталып, Әміре Қашаубаев көшесін қиып, Ойсылқара көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 395,0 м.
Жайлаукөл – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы елдімекен.
Улица Жайлаукөл
Прежнее название – улица № 42. Начинаясь с улицы Мұхамет-Салық Бабажанов. Пересекает улицу Ә.Қашаубаев и заканчивается на улице Ойсылқара. Длина – 395,0 м.
Жайлаукол – название местности в Мойынкумском районе Жамбылской области.
Жайсаң көшесі
Бұрынғы атауы – Октябрьский көшесі. Аңырақай көшесінен басталады. Ұзындығы – 312, 5м.
Жайсаң – «жайдары жүзді, мейірімді, шапағатты» деген мағынаны білдіреді.
Улица Жайсаң
Прежнее название – улица Октябрьская. Начинается с улицы Аңырақай. Длина – 312,5 м.
Жайсан – означает благородный, добропорядочный, милосердный.
Жайық көшесі
Бұрынғы атауы – №10 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Абылай хан даңғылынан басталып, Қаратау көшесінде аяқталады. Хантау көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 651,5м.
Жайық – өзен. Оңтүстік Орал тауынан басталып, Атырау қаласы тұсында Каспий теңізіне құяды.
Улица ЖайыҚ
Прежнее название – улица №10. Жилой массив Юго-Восток (левая сторона). Улица Жайык начинается с проспекта Абылай хан, заканчивается на улице Қаратау. Пересекается с улицей Хантау. Длина – 651,5 м.
Жайык – река. Начинается с юга Уральских гор, впадает в Каспийское море.
Жайылма көшесі
Бұрынғы атауы – 12-42 көше. Бозбиік көшесін қиып өтіп, Ж. Сейдалин көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 360,3м.
Жайылма – өзен аңғарының тасқын кезде су басатын бөлігі.
Улица Жайылма
Прежнее название – улица № 12-42. Пересекаясь с улицей Бозбиік заканчивается на улице Ж. Сейдалин. Длина – 360,3 м.
Жайылма – часть русла реки, заливаемая водой во время наводнения.
Жақан Төлеубаев көшесі
Тамшалы көшесінен басталады.
Жақан Төлеубаев – Социалистік Еңбек Ері (1948), жылқышы.
Улица Жақан Төлеубаев
Начинается с улицы Тамшалы.
Жакан Толеубаев – Герой Социалистического труда (1948), коневод.
Жақып Ақпаев көшесі
Бұрынғы атауы – № 12-37 көше. Абайдың 150 жылдығы көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1006,5 м.
Жақып Ақпаев () – Алаш қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі, Алашорда үкіметінің мүшесі. Санкт-Петербург университетін бітірген. ХХ ғасырдың басындағы ең ықпалды қазақ зиялыларының бірі. Қарқаралы уезді қазақ комитеті оның құрметіне «Жақып медресесін» ашқан. Қазақ халқының құқығы мен бостандығы үшін күрескен қайраткер.
Улица Жақып Ақпаев
Прежнее название – улица № 12-37. Пересекается с улицей Абайдың 150 жылдығы. Длина – 1006,5 м.
Жакып Акпаев () – один из организаторов движения Алаш, член правительства Алашорда. Закончил Санкт-Петербургский университет. В начале ХХ века становится одним из самых влиятельных духовных лидеров казахской интеллигенции. Казахский комитет Каркаралинского уезда открыл в его честь «Медресе Якуба». Боролся за независимость и свободу казахского народа.
Жақып Омаров көшесі
Бейбітшілік көшесімен қиылысып, М.Әуезов көшесіне дейін және С. Торайғыров көшесінен қайта басталып, Ш. Уәлиханов, Тараз, Асанқайғы, Сырдария көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2392,3 м.
Жақып Омаров () – режиссер, актер, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ақмола қаласында қазақ драма театрын ұйымдастырушылардың бірі.
Бұл көшеде Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры орналасқан.
Улица Жақып Омаров
Пересекается с улицей Бейбітшілік и протянулась до улицы М.Әуезов, затем начинается с улицы С. Торайғыров, пересекается с улицами Ш. Уәлиханов, Тараз, Асанқайғы, Сырдария. Длина – 2392,3 м.
Жакып Омаров () – режиссер, актер, заслуженный деятель искусств РК. Один из организаторов казахского драматического театра в Акмоле.
На этой улице расположен Казахский музыкальный драматический театр имени К. Куанышбаева.
Жалаңтөс көшесі
Бұрынғы атауы – № 23 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). М. Төлебаев көшесінен басталып, Абылай хан даңғылында аяқталады. Ер Қосай, Ер Тарғын көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 415 м.
Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлы () мемлекет қайраткері, батыр, қолбасшы, би. Әйтеке бидің үлкен атасы. Бұқарада, Бағдатта білім алған. Жас шағынан бастап Бұқара хандығының саяси өміріне белсене араласқан. 1612 жылы Самарқанның әмірі болып сайланды. Жалаңтөс әмір болып тұрғанда Самарқанның «Тіллә кари» және «Ширдор» сияқты белгілі медреселер салынды. Жалаңтөс баһадүр қолбасшы ретінде жоңғарларға қарсы ұрыстарға белсенді қатысқан. Ол Орбұлақ шайқасында қол бастаған.
Улица Жалаңтөс
Прежнее название – улица № 23. Жилой массив Юго-Восток (правая сторона). Начинается с улицы М. Төлебаев, заканчивается на проспекте Абылай хан. Пересекается с улицами Ер Қосай, Ер Тарғын. Длина – 415 м.
Жалантос бахадур Сеиткулулы () – государственный деятель, батыр, полководец, бий. Прадед Айтеке-бия. Получил знание в Бухаре, в Багдаде. С молодых лет принимает активное участие в политической жизни Бухарского ханства. В 1612 году стал эмиром Самарканда. При нем были возведены известные медресе Самарканда «Тила кари» и «Ширдор». Жалантос бахадур как полководец принимал активное участие в боях с жунгарами. Он участник Орбулакской битвы.
Жалын көшесі
Бұрынғы атауы – Ф. Ушаков көшесі. Қарасай батыр көшесінен басталып, Оқжетпес көшесінде аяқталады. Қазығұрт, М. Дулатов, Тайсойған көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1370 м.
Жалын – «от, алау» деген мағынаны береді.
Улица Жалын
Прежнее название – улица Ф. Ушакова. Начинается с улицы Қарасай батыр, заканчивается на улице Окжетпес. Пересекакется с улицей Қазығұрт, М. Дулатов, Тайсойған. Длина – 1370 м.
Жалын – означает пламя.
Жамбыл көшесі
Бөгенбай батыр, Сарыарқа даңғылдарымен қиылысады. Ұзындығы – 3433 м.
Жамбыл Жабаев () – ұлы ақын, жыршы. Жамбылдың, Айкүміс, Сара, Сарбас, Құлмамбет, Доспамбет, Шашубаймен айтыстары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылды. Жамбыл Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Қазақ халқы Жамбылдың 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық тойларын халықаралық деңгейде салтанатты түрде атап өтті.
Улица Жамбыл
Пересекается с проспектами Бөгенбай батыр и Сарыарқа. Длина – 3433 м.
Жамбыл Жабаев () – великий поэт, жырау. Его айтысы (песенные состязания) в импровизаторском искустве с Жанысом, Айкумис, Сарой, Сарбасом, Кулмамбетом, Доспамбетом, Шашубаем вошли в Золотой фонд казахской литературы. Награжден орденами Ленина, Трудового Красного Знамени, «Знак почета». Казахский народ на мировом уровне, торжественно отметил 100-летие, 125-летие, 150-летие Жамбыла.
Жамбыл көшесі
Бөгенбай батыр даңғылында аяқталады.
Улица Жамбыл
Заканчивается на проспекте Бөгенбай батыр.
Жамбыл Жабаев көшесі
Қарағанды-Астана тасжолынан басталып, Ақмешіт, Иманақ, Екібастұз, Керегетас көшелерімен қиялысады. Ұзындығы – 3973 м.
Улица Жамбыл Жабаев
Начинается с шоссе Қарағанды-Астана, пересекается с улицами Ақмешіт, Иманақ, Екібастұз, Керегетас. Длина – 3973 м.
Жанайдар Жирентаев көшесі
Қажымұқан көшесінен басталады. Ұзындығы – 850,5 м.
Жанайдар Жирентаев – интернационалист-жауынгер, полиция лейтенанты. 1994 жылдың ақпан айында қылмысты топқа қарсы қызметтік міндетін өтеу үстінде қаза тапқан.
Улица Жанайдар Жирентаев
Начинается с улицы Қажымұқан. Длина – 850,5 м.
Жанайдар Жирентаев – воин-интернационалист, лейтенант полиции. В феврале 1994 года погиб во время исполнения служебных обязанностей против преступной группировки.
Жанарыс көшесі
Бұрынғы атауы – № 7 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Жанарыс көшесі Сілеті көшесінен басталып, Қозыбасы көшесінде аяқталады. Хантау, Қаратау көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 811,3 м.
Жанарыс – Орта жүздің атасы. Қазақ халқын құрайтын үш жүз бірде Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деп аталса, енді бірде Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс деп аталады. Аңыз бойынша Қазақ деген кісінің Ақ, Жан, Бек деген үш ұлы болған. «Арыс» сөзі «ер азамат», «ел қамын жеген тұлға» деген ұғымды білдіреді. Жанарыстан (Орта жүз) арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ тарайды.
Улица Жанарыс
Прежнее название – улица № 7. Жилой массив Юго-Восток (правая сторона). Начинается с улицы Сілеті, заканчивается на улице Қозыбасы. Пересекается с улицами Хантау, Қаратау. Длина – 811,3 м.
Жанарыс – предок Среднего жуза, дающее ему второе название. Три родовых жуза казахского народа называются Старший жуз, Средний жуз, Младший жуз, а второе их название – Акарыс, Жанарыс, Бекарыс. По легенде у человека по имени Казах были три сына – Ак, Жан, Бек. Слово «арыс» означает «мужчина», «защитник народа». Потомками Жанарыса являются племенные рода Среднего жуза: аргын, кипчак, найман, конырат, керей, уак.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 |


