Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
МҰХАМЕДЖАН СЕРАЛИН КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – № 000 көше. Ашутас, Майлыкент, Жылыбұлақ орамдарымен қиылысады. Ұзындығы – 4495,4 м.
Мұхамеджан Сералин () – көрнекті ақын, жазушы, көсемсөзші. Қазақтың тұңғыш журналы «Айқаптың» редакторы. Бұл журнал қазақ жазба әдебиетінің және ұлттық баспасөздің қалыптасуына айрықша ықпал етті. Шығармалары: «Топжарған», «Гүлхашима» поэмалары. «Ұшқын», «Ауыл» газеттерінің бас редакторы болған.
УЛИЦА МҰХАМЕДЖАН СЕРАЛИН
Прежнее название – улица № 000. Пересекается с переулками Ашутас, Майлыкент, Жылыбұлақ. Длина – 4495,4 м.
Мухамеджан Сералин () – выдающийся акын, писатель, публицист. Редактор первого казахского журнала «Айкап», который сыграл важную роль в развитии казахской письменной литературы и становлению национальной публицистики. Сочинения: поэмы «Топжарған», «Гүлхашима». Редактировал газеты «Ұшқын», «Ауыл».
МҰХАМЕДЖАН ТЫНЫШБАЕВ КӨШЕСІ
Қарасай батыр көшесінен басталып, Ы. Алтынсарин көшесінде аяқталады. Ақбұғы, Біржан сал көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 727,6 м.
Мұхамеджан Тынышбаев () – қоғам қайраткерi, қазақтың тұңғыш теміржол инженері, тарихшы ғалым, ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты, Қоқан автономиясының басшысы, Алашорда үкіметінің мүшесі. Талдықорған облысының Қапал ауданында туған. Верный (Алматы) гимназиясын бiтiрiп, Петербургтегi қатынас жолдары инженерлерi институтын тәмамдаған. «Қазақ» газетiнде мақалалар жариялап тұрған. Алаш партиясын құруға тікелей араласып, 1917 жылғы желтоқсан айында жарияланған Алаш автономиясы үкіметінің он бес мүшесінің бірі болады. «Алаш автономиясы аумағындағы уақытша жер пайдалану туралы Ереженің» жобасын қабылдауға қатысады. Орыс география қоғамының, Түркістан бөлімінің, Қазақстанды зерттеу қоғамының, «Талап» ұйымының мүшесі болады. Қазақ халқының арғы-бергі тарихына қалам тартып, бүгінгі күндері де маңызын жоймаған зерттеу еңбектерін жариялайды, қазақ шежіресін түзеді. Саяси қуғын-сүргiн құрбаны.
УЛИЦА МҰХАМЕДЖАН ТЫНЫШБАЕВ
Начинается с улицы Қарасай батыр и продолжается до улицы Ы. Алтынсарин. Пересекается с улицами Ақбұғы, Біржан сал. Длина – 727,6 м.
Мухамеджан Тынышбаев () – общественный деятель, первый казахский железнодорожный инженер, ученый-историк, депутат ІІ Государственной Думы, руководитель Кокандской автономии, член правительства Алашорда. Родился в Капалском районе Талдыкурганской области. Закончил гимназию города Верный (Алматы), затем окончил Петербургский институт инженеров путей сообщения. В газете «Казах» он публиковал свои статьи, принимал непосредственное участие в создании партии Алаш, в декабре 1917 года стал одним из пятнадцати членов правительства Алашской автономии. Участвовал в принятии проекта «О правилах временного замлепользования на территории Алашской автономии». Был членом Туркестанского отделения Русского географического общества, Общества исследования Казахстана, организации «Талап». Опубликовал исследовательские труды о прошлой и настоящей истории казахского народа, которые и сегодня не потеряли своего значения, написал Родословную казахов. За свою активную деятельность стал жертвой репрессий.
МҰХАМЕТ-САЛЫҚ БАБАЖАНОВ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – № 25 көше. Наурызбай батыр, Байзақ датқа көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1807,3 м.
Мұхамет-Салық Бабажанов () – этнограф, ағартушы, ауыз әдебиетін зерттеуші. 1951 жылы Орынбордағы Неплюев кадет корпусының азиялық бөлімін бітірген. Халық ауыз әдебиеті үлгілері мен естеліктерін жинастырған. Оның жинастырған қазақ халқының тарихы, археологиясы, этнографиясына қатысты материалдары мен экспонаттары Ресейдің ғылыми мекемелері мен мұражайларында орнатылған. Қазақтардың діни наным-сенімдері, дәстүрлері туралы зерттеу жұмыстарын жүргізген.
УЛИЦА МҰХАМЕТ-САЛЫҚ БАБАЖАНОВ
Прежнее название – улица № 25. Пересекается с улицами Наурызбай батыр и Байзақ датқа. Длина – 1807,3 м.
Мухамет-Салык Бабажанов () – этнограф, просветитель, исследователь устной литературы. В 1951 году окончил Азиатское отделение Неплюевского кадетского корпуса в Оренбурге. Изучал памяти старины и собирал произведении устного народного творчества. Материалы и экспонаты, имеющие отношение к истории, археологии, этнографии, быту казахского народа, отсылал в музей и научные учреждения России. Публиковал исследования о традициях, обычаях вероисповедании казахов.
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ КӨШЕСІ
М.Ғабдуллин көшесінен басталып, Ә.Сембинов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1063,5 м.
Мұхаммед Хайдар Дулати () – белгілі тарихшы, әдебиетші. «Тарих-и-Рашидидің», «Жаһаннаме» дастанының авторы. Жетісудағы Дулат тайпалары әмірлерінің ұрпағы. Толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхамед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» – өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» – әкесінің аты, «мырза» – текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау, «дулат» – шыққан тайпасының аты. 1999 жылы ің 500 жылдық тойы халықаралық дәрежеде Ташкент қаласында аталып өтті. Тараз мемлекеттік университетіне Мұхаммед Хайдар Дулати есімі берілді.
УЛИЦА МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ
Начинается с улицы М.Ғабдуллин и заканчивается на улице Ә.Сембинов. Длина – 1063,5 м.
Мухаммед-Хайдар Дулати () – известный историк, литератор. Автор поэм (дастанов) «Тарих-и-рашиди», «Жаханнаме». Потомок правителей рода Дулат в Жетысу. Его полное имя – . Здесь «Мухаммед Хайдар» – его собственное имя, «Мухаммед Хусаин» – имя отца, «мырза» – означает потомок знатной династии, «дулат» – название его рода. В 1999 году в Ташкенте на международном уровне праздновалось 500-летие . Таразкий государственный университет назван в честь Мухаммеда Хайдара Дулати.
МҰХИТ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – №12-50 көше. Сарыарқа ауданында орналасқан. Ұзындығы – 1069,3 м.
Мұхит Мералыұлы () – көрнекті композитор, әнші-ақын, күйші-домбырашы. «Дүние-ай», «Зәуреш», «Кербез», т. б. әндері бар.
УЛИЦА МҰХИТ
Прежнее название – улица № 12-50. Расположена в районе Сарыарқа. Длина – 1069,3.
Мухит Мералыулы () – выдающийся композитор, певец, акын, кюйши-домбрист. Автор песен «Дүние-ай» («Мир»), «Зауреш» («Зауреш»-имя девушки), «Кербез» («Грациозная») и др.
МҰХТАР ӘУЕЗОВ КӨШЕСІ
А. Иманов көшесінен басталып, Ә.Молдағұлова көшесінде аяқталады. Абай, Бөгенбай батыр даңғылдарын және Кенесары, Ж. Омаров, С. Сейфуллин, Ә.Жангелдин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2716,8 м.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов () – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, ғалым, ҚР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының докторы, профессор. Шығыс Қазақстан (Семей) облысының Абай ауданында дүниеге келген. Алты жасынан атасы Әуездің үйретуімен Абайдың өлеңдерін жаттап өскен. «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы қазақ әдебиетін әлемге танымал етіп, ұлы ақынның көркем бейнесін тұлғалауда теңдессіз шеберлік танытқан қаламгер. Қазақ көркем прозасының, оның ішінде роман жанрының, драматургияның дамуына зор үлес қосқан классик. Өз заманының ең жоғарғы сыйлықтары – КСРО Мемлекеттік сыйлығы мен Лениндік сыйлықтың иегері. Мұхтар Әуезовтің драмалық шығармалары қазақ драматургиясының дамуына ерекше үлес қосты. Оның «Еңлік-Кебек», «Бәйбіше-тоқал», «Қарагөз», «Түнгі сарын», «Абай», «Қарақыпшақ Қобыланды» және тағы да басқа пьесалары әлемдік деңгейдегі пьесалар болып табылады. Мұхтар – Абайдың өмірі мен шығармашылығы, қазақ әдебиетінің теориясы мен тарихы туралы еңбектердің авторы. Қазақтың көркем проза, роман, драматургия жанрларының дамуына үлкен үлес қосқан. СССР-дің Мемлекеттік сыйлығының және Лениндік премияның лауреаты.
Бұл көшеде Украина елшілігі, Соғыс ардагерлерінің ауруханасы, Орталық сөйлесу пункті, Баспочтампт, №2 балалар ауруханасы, «Перизат» мейрамханасы, «Қан орталығы», Австрия Республикасының консулдығы орналасқан.
УЛИЦА МҰХТАР ӘУЕЗОВ
Начинается с улицы А. Иманов и продолжается до улицы Ә.Молдағұлова. Пересекается с улицами Кенесары, Ж. Омаров, С. Сейфуллин, Ә.Жангелдин, проспектами Абай, Бөгенбай батыр. Длина – 2716,8 м.
Мухтар Омарханулы Ауэзов () – известный казахский писатель, общественный деятель, ученый академик Академии наук РК, доктор филологических наук, профессор. Родился в Абайском районе Восточно-Қазахстанской области (Семей). По наставлению деда Ауэза с шести лет он рос, читая стихи Абая. М. Ауэзов – мастер пера, проявивший несравненное мастерство в изображении художественного образа великого акына в романе-эпопее «Путь Абая», благодаря которой сделал казахскую литературу известной во всем мире. Творчество Ауэзова сыграло исключительную роль в развитии казахской драматургии. Пьесы «Еңлік-Кебек», «Бәйбіше-тоқал», «Қарагөз», «Түнгі сарын», «Абай», «Қарақыпшақ Қобыланды» и др. вывели казахскую драматургию на мировой уровень. Это гениальный классик, вложивший огромный вклад в развитие драматургии, казахской художественной прозы, а именно жанра романа. Ауэзов автор научных трудов по казахскому фольклору, истории и теории казахской литературы, о жизни и творчестве Абая. Лауреат Государственной премии СССР и Ленинской премии.
На этой улице расположены посольство Украины, больница ветеранов войны, Центральный переговорный пункт, главпочтамт, детская больница №2, ресторан «Перизат», «Центр крови», консульство Австрии.
МЫҢАРАЛ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Одинцовтар көшесі. І. Есенберлин көшесінен басталып, Оқжетпес көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 851,1 м.
Мыңарал – Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы ауыл, темір жол стансасы.
УЛИЦА МЫҢАРАЛ
Прежнее название – улица Одинцовых. Начинается с улицы І. Есенберлин, заканчивается на улице Оқжетпес. Длина–851,1м.
Мынарал – название села и железнодорожной станции Мойынкумского района Жамбылской области.
МЫҢЖЫЛҚЫ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – № 13 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Арқалық көшесінен басталып, Ақмола көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 153 м.
Мыңжылқы – Қаратау жотасының солтүстік-батысындағы тау басы.
УЛИЦА МЫҢЖЫЛҚЫ
Прежнее название – улица № 13. Жилой массив «Көктал». Расположена между улицами Арқалық и Ақмола. Длина – 153 м.
Мынжылкы – вершина горы в северо-западной части Каратау.
МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ КӨШЕСІ
С. Мұхамеджанов көшесінен басталып, Аспара көшесінде аяқталады. А. Байтұрсынұлы, Ақан сері, Жалын көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 3721,7 м.
Міржақып Дулатов () – қазақтың аса көрнекті ағартушысы, Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ ақыны, жазушы, драматург, публицист, ағартушы-педагог, жалынды көсемсөз шебері. ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі. Қостанай облысы Қызбел ауылында дүниеге келген. Қазақтың тұңғыш романы – «Бақытсыз Жамал» (1910) және «Азамат» (1913), «Терме» (1915) кітаптарының авторы. Жазушылық, қоғамдық қызметке қоса педагогтік міндетті де көтерді.
УЛИЦА МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ
Начинается с улицы С. Мұхамеджанов, заканчивается на улице Аспара. Пересекается с улицами А. Байтұрсынұлы, Ақан сері, Жалын. Длина – 3721,7 м.
Миржакып Дулатов () – деятель движения «Алаш», казахский поэт, писатель, драматург, публицист, просветитель-педагог, мастер ораторского искусства. Крупный представитель казахской культуры и литературы начала ХХ века. Родился в ауле Қызбел Костанайской области. Автор первого казахского романа – «Бақытсыз Жамал» (Несчастная Жамал) (1910), книг «Оян, қазақ!», «Азамат» (1913) и «Терме» (1915). Наряду с писательской и общественной работой он занимался и педагогической деятельностью.
НАГОРНЫЙ КӨШЕСІ
Дулыға көшесінен басталады. Ұзындығы – 574,4 м.
Нагорный – қыратты деген ұғымды береді.
УЛИЦА НАГОРНАЯ
Начинается с улицы Дулыға. Длина – 574,4 м.
НАЙЗАҚАРА КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Совхозный көшесі. Мәскеу көшесінен басталып, Қарауыл көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 601,2 м.
Найзақара – Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы тау.
УЛИЦА НАЙЗАҚАРА
Прежнее название – улица Совхозная. Начинается с улицы Мәскеу и продолжается до улицы Қарауыл. Пересекается с улицами Керегетас, Ә.Молдағұлова. Длина – 601,2 м.
Найзақара – Гора в Актогайском районе Карагандинской области.
НАРКЕСКЕН КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Майский көшесі. Наркескен көшесі М. Мақатаев көшесінен басталып, Космонавтар көшесінде аяқталады. Ұзындығы-541,5 м.
Наркескен – қылыштың бір түрі.
УЛИЦА НАРКЕСКЕН
Прежнее название – улица Майская. Расположена между улицами М. Мақатаев и Космонавтов. Длина – 541,5 м.
Наркескен – разновидность меча.
НАРЫН КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Коммунистический көшесі. Нарын көшесі Алмалық көшесінен басталып, Ардагер көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 613,2 м.
Нарын – Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарындағы тау, қыр, өзен, құм атаулары.
УЛИЦА НАРЫН
Прежнее название – улица Коммунистическая. Улица Нарын расположена между улицами Алмалық и Ардагер. Длина – 613,2 м.
Нарын – названия гор, холмов, рек и песчанных местностей, в Западно-Казахстанской, Восточно-Казахстанской, Алматинской областях.
НАУРЫЗ КӨШЕСІ
Ұлытау көшесінен басталып, Құсмұрын, Ордабасы, Тарбағатай көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1322,2 м.
Наурыз – көне мейрам. «Нау» (жаңа) және «руз» (күн) – жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаны білдіреді. Халық күнтiзбесi бойынша Жаңа жыл көктемгi күн мен түн теңелуi – тоғыс күнi басталады, яғни наурыздың 21-iне дәл келедi.
УЛИЦА НАУРЫЗ
Начинается с улицы Ұлытау, пересекается с улицами Құсмұрын, Ордабасы, Тарбағатай. Длина – 1322,2 м.
Наурыз – древний восточный праздник, что означает первый день нового года – «Нау» (новый) и «руз» (день). По народному календарю Новый год наступает в день весеннего равноденствия – это приходится на 21 марта.
НАУРЫЗБАЙ БАТЫР КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – № 84 көше. Доспамбет жырау көшесінен басталып, Айғыржал, Батыр Баян көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 605,0 м.
Наурызбай Құтпанбетұлы () – қазақтың белгілі батыры, қазақ-жоңғар шайқасындағы қолбасшылардың бірі. Тарихта «Шапырашты Наурызбай» деген есіммен белгілі. Жоңғарлармен болған 1729 жылғы шешуші Аңырақай шайқасында шапырашты қолын басқарған. 1748-53 жылдары Малайсары, Малай, Қасқара батырлармен бірге Шығыс Қазақстан, Жетісу өңірлерін жоңғарлардан азат ету жорықтарына қатысқан.
УЛИЦА НАУРЫЗБАЙ БАТЫР
Прежнее название – улица № 84. Начинается с улицы Доспамбет жырау и пересекается с улицами Айғыржал и Батыр Баян. Длина – 605,0 м.
Наурызбай Кутпанбетулы () – известный батыр, один из крупных полководцев во время казахско-жунгарской войны. Известен под именем Шапырашты Наурызбай. В 1729 году в ходе Аныракайской битвы возглавил войско шапыраштинцев. 1748-53 годах вместе с казахскими батырами Малайсары, Малай, Каскара активно участвовал в освобождении территории Восточного Казахстана и Жетысу.
НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛҰЛЫ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Вокзальный көшесі. Ж. Жабаев көшесінен басталады. Ұзындығы – 933,6 м.
Нәзір Төреқұлұлы () – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ірі тарихи тұлғалардың бірі, Алаш қозғаласының қайраткері. Жергілікті ұлт өкілдерінің алғашқыларының қатарында Түркістан компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына сайланған. Одан кейін де Түркістан Орталық Атқару комитетін (ЦИК), Оқу-ағарту халық комиссариатын басқарды. Ташкенттегі тұңғыш жоғарғы оқу орнын ашуда басты тұлғалардың бірі болды. жылдары Мәскеуге шақырылып, КСРО халықтарының Орталық баспасын басқарды, ғылыми-педагогикалық жұмысқа араласқан. 1928 жылы небәрі 36 жасында Һижаз Неж (Сауд Арабиясы), әрі қосылған аймақтардағы КСРО-ның өкілетті уәкілі болып тағайындалды. Араға екі жыл салып КСРО-ның тұңғыш қазақ елшісі атанды.
УЛИЦА НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛҰЛЫ
Прежнее название – улица Вокзальная. Начинается на улице Ж. Жабаев. Длина – 933,6 м.
Назир Торекулулы () – видный государственный и общественный деятель, один из крупных исторических личностей, деятель движения «Алаш». Одним из первых из числа представителей местных национальностей был избран первым секретарем Центрального Комитета компартии Туркестана. После этого возглавлял Центральный Исполнительный комитет Республики Туркестана (ЦИК) и Учебно-просветительский народный комиссариат. Был одним из инициаторов открытия первого высшего учебного заведения в Ташкенте. В года был приглашен в Москву, где возглавлял Центральное издательство народов СССР, принимал участие в научно-педагогической работе. С 1928 года в Хижаз Неж (Саудовская Аравия), также в ее присоединенных регионах, являлся полномочным представителем СССР. Спустя два года стал первым казахом – послом СССР.
НИКИТА МИТЧЕНКО КӨШЕСІ
Р.Қошқарбаев көшесінен басталып, Қарашаш көшесінде аяқталады. Ә.Ермеков көшесімен қиылысады. Ұзындығы-504,3 м.
Никита Андреевич Митченко () – Ұлы Отан соғысының батыры, қатардағы жауынгер, 28 панфиловшылар дивизиясы батырларының бірі.
УЛИЦА НИКИТЫ МИТЧЕНКО
Начинается с улицы Р.Қошқарбаев и продолжается до улицы Қарашаш. Пересекается с улицей Ә.Ермеков. Длина – 504,3м.
Никита Андреевич Митченко () – Герой Советского Союза, рядовой воин, один из 28 героев-панфиловцев.
НИКИФОР ИРЧЕНКО КӨШЕСІ
Западный көшесінен басталып, Желтоқсан көшесінде аяқталады. Сарыарқа даңғылын және И. Репин, М. Горький көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1053,3 м.
Никифор Михайлович Ирченко () – Атбасар уезіндегі Маринск көтерілісі басшыларының бірі.
УЛИЦА НИКИФОР ИРЧЕНКО
Начинается на улице Западная, заканчивается на улице Желтоқсан. Пересекается с улицами И. Репина, Колхозная, М. Горького, Челюскина, Н. Некрасова, проспектом Сарыарқа. Длина – 1053,3 м.
Никифор Михайлович Ирченко () – один из руководителей Мариинского восстания в Атбасарском уезде.
НИКОЛАЙ ГОГОЛЬ КӨШЕСІ
Игілік көшесінен басталып, Ақсай көшесінде аяқталады. Құрманғазы, Жаңажол көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы-985,7 м.
Николай Васильевич Гоголь () – орыс жазушысы. Гоголь есімін көпшілікке танытқан «Диканька маңындағы хутор кештері», «Арабески», «Тарас Бульба» туындылары.
УЛИЦА НИКОЛАЙ ГОГОЛЯ
Начинается с улицы Игілік, продолжается до улицы Ақсай. Пересекается с улицами Құрманғазы, Жаңажол, Көктомар. Длина – 985,7 м.
Николай Васильевич Гоголь () – русский писатель. Имя Гоголя стала известным благодаря произведениям «Вечера на хуторе близ Диканьки», «Арабески», «Шинель», «Тарас Бульба», комедия «Ревизор», поэма «Мертвые души».
НИКОЛАЙ НЕКРАСОВ КӨШЕСІ
Шығанақ көшесінен басталып, Кенесары көшесінде аяқталады. Н. Ирченко, Ә.Жанбосынов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 552,3м.
Николай Александрович Некрасов () – орыстың белгілі ақыны. «Русьте кім жақсы тұрады?», «Атай», «Орыс әйелдері» дастандары, «Өмір сәні – жастық шақ», «Ана», «Белгісізбін мен әлі», «Элегия» т. б.
УЛИЦА НИКОЛАЙ НЕКРАСОВА
Начинается с улицы Шығанақ, заканчивается на улице Кенесары. Пересекается с улицами Н. Ирченко, Ә.Жанбосынов. Длина – 552,3 м.
Николай Алексеевич Некрасов () – известный русский поэт. Его поэма «Кому на Руси жить хорошо, «Русские женщины», произведения «Красота жизни – молодость», «Мороз, Красный нос», «Мать» и др.
НИКОЛАЙ ПАВЛОВ КӨШЕСІ
Шара Жиенқұлова көшесінен басталып, М. Лермонтов, Алаш тасжолы, И. Панфилов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 32 м.
Николай Васильевич Павлов () – орыстың ботаник-ғалымы, академик.
УЛИЦА НИКОЛАЙ ПАВЛОВА
Начинается с улицы Ш. Жиенқұлова, пересекается с улицами М. Лермонтова, И. Панфилова и автотрассой Алаш. Длина – 432 м.
Николай Васильевич Павлов () – русский ученый-ботаник, академик.
НИКОЛАЙ ХЛУДОВ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Ф. Моос, Космонавтар, Балауса көшелерімен қиылысып, Наркескен көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 649,4 м.
Николай Гаврилович Хлудов () – белгілі кескіндемеші, суретші. Қазақстанға 1877 жылы келген. Түркістандағы археология үйірмесінің белді мүшесі болған. Николай Хлудов «Дауылда қалғандар», «Тайынша мінген бала», «Бие сауу», «Жасауыл» атты қазақ халқының өмірі мен тұрмысын бейнелейтін суреттердің авторы.
УЛИЦА НИКОЛАЙ ХЛУДОВА
Прежнее название – улица Ф. Мооса. Пересекается с улицами Космонавтов, Балауса, заканчивается на улице Наркескен. Длина – 649,4 м.
Николай Гаврилович Хлудов () – известный живописец, художник. Приехал в Казахстан в 1877 году. Активный член археологического кружка в Туркестане. Автор картин «Оставшиеся в буре» (1896), «Тайынша мінген бала» (1907) (Мальчик на телочке), «Дойка кобылы» (1908), «Жасауыл» (1916), в которых изображаются жизнь и быт казахского народа.
НИКОЛАЙ ЩОРС КӨШЕСІ
Жамбыл, Боталы, Тәттімбет көшелерімен қиылысып, Бөгенбай батыр даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 1492,1 м.
Николай Александрович Щорс () – әскери қайраткер, Азамат соғысының батыры.
УЛИЦА НИКОЛАЙ ЩОРСА
Пересекается с улицами Жамбыл, Боталы, Таттімбет и заканчивается на проспекте Бөгенбай батыр. Длина – 1492,1 м.
Николай Александрович Щорс () – военный деятель, герой Гражданской войны.
НОВОСТРОИТЕЛЬНЫЙ КӨШЕСІ
Космонавтар көшесінен басталып, Наркескен көшесінде аяқталады. Балауса, Жекебатыр көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 400 м.
Новостроительный – «жаңа құрылыс» деген мағынаны білдіреді.
УЛИЦА НОВОСТРОИТЕЛЬНАЯ
Улица Новостроительная начинается с улицы Космонавтов, продолжается до улицы Наркескен. Длина – 400 м.
НОҒАЙЛЫ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Зеленый берег көшесі. Дулыға көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 261,4 м.
Ноғайлы – Алтын Орда ыдырағаннан кейін құрылған Ноғай Ордасының негізін қалаған түркі-моңғол тайпаларының ортақ атауы. ХV-ХVІ ғасырлардың аяғында Ноғайлы жұрты көрші елдерге де осы атпен мәлім болған. ХVІ ғасырдың екінші жартысынан бастап Ноғайлы бірнеше ұлысқа бөлініп кеткен. Ноғайлы мәдениетінің ең негізгі мұрагерлерінің бірі – қазақ халқы болып табылады.
УЛИЦА НОҒАЙЛЫ
Прежнее название – улица Зеленый берег. Заканчивается на улице Дулыға. Длина – 261,4 м.
Ноғайлы – это общее название тюркско-монгольских племен, основавших Ногайскую Орду после распада Золотой Орды. В конце ХV-ХVІ веков под этим же названием народ ноғайлы стал известен соседним народам. Во второй половине ХVІ века ноғайлы разделились на несколько улысов. Основным наследником культуры Ноғайлы является казахский народ.
НОРМАНДИЯ-НЕМАН ЭСКАДРИЛЬЯСЫ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – № 000 қысқа көше, Қызғалдақ көшесі. Космонавтар көшесінен басталып, М. Мақатаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 489,9 м.
Нормандия-Неман – Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әскери ұшқыштар құрамасының атауы. Бұл құрамаға совет, француз ұшқыштары енген.
УЛИЦА ЭСКАДРИЛЬИ НОРМАНДИЯ-НЕМАН
Прежнее название – улицы № 000, Қызғалдақ. Начинается с улицы Космонавтов и заканчивается на улице М. Мақатаев. Длина – 489,9 м.
Эскадрилья Нормандия-Неман – авиационное соединение составленное из советских и французских летчиков во время Второй мировой войны.
НҰРЛЫЖОЛ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Школьный көшесі. Армандастар көшесінен басталып, Ұлан орамы, Өркениет көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1700,6 м.
Нұрлыжол – «келешегі жарқын, ашық, жарық» деген мағынаны білдіреді.
УЛИЦА НҰРЛЫЖОЛ
Прежнее название – улица Школьная. Начинается с улицы Армандастар, пересекается с переулком Ұлан, улицами Өркениет. Длина – 1700,6 м.
Нұрлыжол – означает светлое будущее, открытый, яркий путь.
НҰРТАС ОҢДАСЫНОВ КӨШЕСІ
Бұрынғы атауы – Изумрудный көшесі. Құлынды көшесінен басталып, Қарашаш көшесінде аяқталады. Толағай, Р.Қошқарбаев, Ә.Ермеков көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1095,3 м.
Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов () – мемлекет және қоғам қайраткері, тілші-ғалым. 1969 жылы «Арабша-қазақша түсіндірме сөздігі», 1974 жылы «Парсыша-қазақша түсіндірме сөздігі» жарық көрді.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 |


