Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Аксу-Аюлы – памятники среднего и последнего периодов эпохи бронзы. Центр Шетского района Карагандинской области.
Ақсу-Жабағылы көшесі
Бұрынғы атауы – Ф. Глинка көшесі. Қ.Кемеңгерұлы көшесінен басталып, Өндіріс көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 734,1 м.
Ақсу-Жабағылы – Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан, 1926 жылы құрылған Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жерінің жалпы ауданы – 75,09 мың га. Қазір Ақсу-Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.
Улица АҚсу-ЖабаҒылы
Прежнее название – улица Ф. Глинки. Начинается с улицы Қ.Кемеңгерұлы, заканчивается на улице Өндіріс. Длина – 734,1 м.
Аксу-Жабаглы – первый заповедник Казахстана, открытый в 1926 году в северо-западной части Таласского Алатау (Западный Тянь-Шань) и на горе Огем. Общая площадь территории составляет 75,09 тысяч га. Заповедник Аксу-Жабаглы внесен в перечень мировых заповедников при ЮНЕСКО.
Ақсүйек көшесі
Бұрынғы атауы – № 69 көше. Бекет ата көшесінен басталып, Сыпатай батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 334.1 м.
Ақсүйек – қазақтың ұлттық ойыны.
Улица АҚсҮйек
Прежнее название – улица № 69. Начинается с улицы Бекет ата и заканчивается на улице Сыпатай батыр. Длина – 334,1 м.
Ақсүйек – казахская национальная игра.
ақыртас көшесі
р.Қошқарбаев даңғылынан басталып, Тәуелсіздік даңғылын қиып өтеді, Жанкент көшесінде аяқталады.
Ақыртас – Жамбыл облысындағы көне қалашық орны.
улица ақыртас
Начинается с проспекта р.Қошқарбаев, пересекается с проспектом Тәуелсіздік и заканчивается на улице Жанкент.
Ақыртас – место древнего города в Жамбылской области.
Ақтамберді жырау көшесі
Бұрынғы атауы – № 77 көше. Малайсары көшесінен басталады. Ұзындығы – 3087,7 м.
Ақтамберді Сарыұлы (1675–1768) – ұлы жырау, қолбасшы, қазақтың жыраулық мектебінің ірі өкілі. жылдары қалмақтарға қарсы соғыстарға қатысқан, ерлік көрсеткен, қолбасшылық еткен. Шығармалары: «Күмбір-күмбір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгенбай», «Жауға шаптым ту байлап», «Күмбір-күмбір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгенбай», «Жауға шаптым ту байлап» және т. б. Ақтамберді жыраудың біздің заманымызға жеткен толғаулары өзінің көркемдігімен, тарихилығымен, мол тағылымымен ерекшеленеді.
Улица АҚтамбердІ жырау
Прежнее название – улица № 77. Начинается с улицы Малайсары. Длина – 3087,7 м.
Актамберды Сарыулы (1675–1768) – великий жырау, выдающийся представитель казахской традиционной поэзии, жырау, полководец. В г. участвовал в войнах в калмыками. Произведения Актамберды Сарыулы «Күмбір-күмбір кісінетіп» («Взнуздав свою лошадь»), «Уа, қарт Бөгенбай» («Бөгенбай»), «Жауға шаптым ту байлап» («Наступая под знаменем на врага») и многие другие. В дошедших до наших дней произведениях Актамберди множество назиданий, добрых советов, исторических фактов.
Ақтасты көшесі
Бұрынғы атауы – Абай көшесі. «Железнодорожный» тұрғын алабы. Ә.Әлімжанов көшесінен басталады. Ұзындығы – 472 м.
Ақтасты – жер-су атауы. Еліміздің көптеген өңірлерінде осы аттас өзен-көлдер, таулар, елдімекен атаулары бар.
Улица АҚтасты
Прежнее название – улица Абай. Жилой массив «Железнодорожный». Начинается с улицы Ә.Әлімжанов. Длина – 472 м.
Актасты – название местностей и водных бассейнов, переводится как белокаменный. В разных регионах нашей страны под этим названием есть реки, озера, горы, населенные пункты.
Ақтау көшесі
Бұрынғы атауы – Октябрь көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Болашақ көшесінен басталады. Ұзындығы – 320,3 м.
Ақтау – Маңғыстау облысының орталығы, қала. Қазақстандағы ең ірі теңіз порты, халықаралық әуежай бар. Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қарақия ойысы қаладан 40 шақырым жерде орын тепкен. Ақтауда облыстың басты кәсіпорындары шоғырланған. Мұнда мұнай, газ, полимер өндіріс орындары бар. Еліміздегі атом электр стансасы да осы қалада орналасқан.
Улица АҚтау
Прежнее название – улица Октября. Жилой массив «Көктал». Начинается с улицы Болашақ. Длина – 320,3 м.
Актау – город, центр Мангыстауской области. Самый крупный морской порт Казахстана. Имеется международный аэропорт. Расположен на восточном побережье Каспийского моря. В 40 километрах от города находится впадина Каракия. В Актау расположены основные предприятия области. Здесь развита нефтегазодобывающая промышленность. Единственная атомная станция расположена в этом городе.
Ақтолқын көшесі
Бұрынғы атауы – № 67 көше. Таңжарық Жолдыұлы көшесінен басталады. Ұзындығы – 226,6 м.
Ақтолқын – поэтикалық атау. «Ақтолқын» атты қыз есімдері бар.
Улица Ақтолқын
Прежнее название – улица № 67. Начинается с улицы Таңжарық Жолдыұлы. Длина – 226,6 м.
Ақтолқын – это поэтическое название, в переводе на русский язык означает «белая волна». Распространено также как женское имя.
Ақтөбе көшесі
Бұрынғы атауы – № 32 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Ұлытау көшесінен басталып, Мойылды көшесінде аяқталады. Тарбағатай, Қарасу, Қайнар көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 571,1 м.
Ақтөбе – облыс, қала атауы. Ақтөбе қаласы - Қазақстанның ірі өнеркәсіп және мәдени, ғылыми орталықтарының бірі. Теміржол, әуе және автомобиль қатынастарының маңызды торабы. Мұғалжар тауының оңтүстік-батысында Елек өзенінің сол жағалауында орналасқан қала. Ақтөбе облысы еліміздегі ең ірі облыстардың бірі. Бұл облыста мұнай, түсті металл өндірісі айрықша дамыған.
Улица АҚтӨбе
Прежнее название – улица № 32. Жилой массив «Көктал». Начинается с улицы Ұлытау, заканчивается на улице Мойылды. Пересекается с улицами Тарбағатай, Қарасу, Қайнар. Длина – 571,1 м.
Актобе – название города и области. Город Актобе - один из крупных промышленных и культурных центров Казахстана. Крупная линия железнодорожных, воздушных и автомобильных путей сообщения. Расположен на левом берегу реки Елек, на юго-западе горы Мугалжар. Актюбинская область – один из крупнейших регионов страны. Здесь развита нефтяная и металлургическая промышленность.
Ақшағыл көшесі
Бұрынғы атауы – Челябинский көшесі. Кентау көшесінен басталып, Кеншілер, Ынталы, Тасқұдық көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 580 м.
Ақшағыл – Қарағанды облысы, Шет ауданында орналасқан полиметалл кен орны.
Улица АҚшаҒыл
Прежнее название – улица Челябинская. Начинается с улицы Кентау, пересекается с улицами Кеншілер, Ынталы, Тасқұдық. Длина – 580 м.
Акшагыл – месторождение полиметаллов, расположенное в Шетском районе Карагандинской области. В переводе означает «белый песок».
Ақши көшесі
Бұрынғы атауы – №37 көше. Мұхамет-Салық Бабажанов көшесінен басталып, Әміре Қашаубаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 197,5 м.
Ақши – Қазақстанның бірқатар өңірлерінде кездесетін жер-су атауы.
Улица АҚши
Прежнее название – улица № 37. Начинается с улицы Мұхамет-Салық Бабажанов и заканчивается на улице Әміре Қашаубаев. Длина – 197,5 м.
Акши – название, встречающееся в ряде регионов Казахстана.
Ақын Сара көшесі
Бұрынғы атауы – № 98 көше. «Комсомол» тұрғын алабы. Домалақ ана көшесінен басталып, Қарашаш ана, Ләйлі-Мәжнүн, Жұбан ана, Айғаным көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 999,3 м.
Сара Тастанбекқызы () – ақын. Әкесінен ерте айырылып, әкесінің інісі Жайсаңбектің тәрбиесінде өскен. Сөзге тапқырлығымен, кесіп айтар шешендігімен елді сүйсінткен. Айтыс өнеріне әбден төселген Сара Арсалаң, Ниязбек сал т. б. ақындарды өнер жарысында жеңіп шыққан.
Улица аҚын Сара
Прежнее название – улица №98. Жилой массив «Комсомол». Начинается с улицы Домалақ ана, пересекается с улицами Қарашаш ана, Ләйлі-Мәжнүн, Жұбан ана, Айғаным. Длина – 999,3 м.
Сара Тастанбеккызы () – акын. В раннем возрасте потеряла отца, воспитывалась у дяди, младшего брата отца Жайсанбека. Рано проявился ее талант акына-импровизатора, своим искусством красноречия завоевала народные сердца. Она участвовала в песенных состязаниях акынов, была победительницей в состязаниях с акынами Арсаланом, Ниязбек салом и другими акынами.
Ақыт Үлімжіұлы көшесі
Бұрынғы атауы – № 12-15 көше. Н. Тілендиев орамынан басталып, Әсемқоңыр көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 624,3 м.
Ақыт Үлімжіұлы (1868 – 1940) – шетелдегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Ірі діни қайраткер ағартушы, ақын. 1907 жылы Меккеге қажылыққа барған. Мешіт, медресе салдырып, имандылықты уағыздаған, шәкірттер дайындаған. «Ахуал қиямет», «Алтай», «Адамның жасы» атты туындылары бар.
Улица АҚыт ҮЛІмжІҰлы
Прежнее название – улица № 12-15. Начинается с переулка Н. Тілендиев, пересекается с улицей Әсемқоңыр. Длина – 624,3 м.
Акыт Улимжиулы (1868 – 1940) – выдающийся представитель казахской литературы зарубежом. Круный религиозный деятель, просветитель, поэт. В 1907 году совершил паломичество в Мекку. Построил мечеть и медресе. Автор литературных произведений «Ахуал қиямет» («Судный день»), «Алтай» («Алтай»), «Адамның жасы» («Возраст человека»).
Алакөл көшесі
Бұрынғы атауы – Набережный көшесі. «Мичурино» тұрғын алабы. Асқартау көшесінен басталады. Ұзындығы – 753,2 м.
Алакөл – Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы көл, Алматы облысындағы аудан.
Улица АлакӨЛ
Прежнее название – улица Набережная. Жилой массив «Мичурино». Начинается с улицы Асқартау. Длина – 753,2 м.
Алаколь – озеро на территории Алматинской и Восточно-Казахстанской областей, название района в Алматинской области.
Александр Бараев көшесі
Қабанбай батыр даңғылынан басталып, Ш. Уәлиханов көшесінде аяқталады. Ж. Тәшенов, Ш. Иманбаева көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 988,5 м.
Александр Иванович Бараев () – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
Бұл көшеде Ресей Федерациясының елшілігі, «Ақниет» жиһаз салоны, «Континент» сауда орталығы орналасқан.
Начинается с проспекта Қабанбай батыр, пересекается с улицами Ж. Тәшенов, Ш. Иманбаева и заканчивается на улице Ш. Уәлиханов. Длина – 988,5 м.
Александр Иванович Бараев () – ученый, доктор сельскохозяйственной науки, профессор. Заслуженный деятель науки Казахстана.
На этой улице расположены посольство Российской Федерации, мебельный салон «Ақниет», торговый центр «Континент».
Александр Герцен көшесі
Жерұйық, М. Дулатов, Әулие ата, Т. Жароков көшелерін қиып өтіп, Д. Карбышев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 2061,5 м.
Александр Иванович Герцен () – орыстың көрнекті қайраткері, философ-материалист, жазушы, публицист. Шығармалары: «Кім жазықты?», «Сұғанақ сауысқан», «Доктор Крупов».
Улица Александра Герцена
Пересекается с улицами Жерұйық, М. Дулатов, Әулие ата, Т. Жароков, заканчивается на улице Д. Карбышева. Длина–2061,5 м.
Александр Иванович Герцен () – русский революционер, философ-материалист, писатель, публицист. Написал такие произведения, как: «Кто виноват?», «Доктор Крупов» и другие.
Александр Затаевич көшесі
І. Есенберлин көшесінен басталып, Г. Потанин, Бекетай көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1281,6 м.
Александр Викторович Затаевич () – музыка сыншысы, этнограф, композитор, Қазақстанның халық әртісі. «Қазақ халқының 1000 әні», «Қазақтың 500 ән-күйі» атты кітаптары шықты. Затаевичтың еңбектері арқылы қазақ музыкасының көптеген үлгілері сақталып, біздің заманымызға жетті.
Улица АлександрА Затаевича
Начинается с улицы І. Есенберлин, пересекается с улицами Г. Потанина, Бекетай. Длина – 1281,6 м.
Александр Викторович Затаевич () – музыкальный критик, этнограф, композитор, народный артист Казахстана. В сборники этнографа «1000 песен казахского народа» и «500 казахских песен-куев» вошли лучшие образцы классических народных песен-куев. Благодаря этим трудам Затаевича, казахская музыка распространилась далеко за пределы казахской степи.
Александр Княгинин көшесі
Бұрынғы атауы – Новостроительный көшесі. Космонавтар көшесінен басталып, Наркескен көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 400 м.
Александр Княгинин – мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, қазақ тілінің жанашыры.
улица Александра Княгинина
Начинается с улицы Космонавтов, и продолжается до улицы Наркескен. Длина – 400 м.
Александр Княгинин – государственный и общественный деятель. Депутат Парламента Казахстана.
Александр Матросов көшесі
Сартүбек көшесімен қиылысып, Өндіріс көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 316,8 м.
Александр Матвеевич Матросов () – Кеңес Одағының Батыры.
Улица АлександрА Матросова
Пересекается с улицей Сартүбек, заканчивается на улице Өндіріс. Длина – 316,8 м.
Александр Матвеевич Матросов () – Герой Советского Союза.
Александр Пушкин көшесі
Бұрынғы атауы – Можайский және Л. Гумилев көшелері. Ж. Тәшенов көшесінен басталып, А. Жұбанов, Жәнібек тархан, Кенесары көшелері мен Абай даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 4917,2 м.
Александр Сергеевич Пушкин () – классикалық орыс әдебиетінің негізін қалаушы, ақын. Ол дворян отбасында туып, балалық шағын Мәскеуде өткізген. Оның «Руслан және Людмила», «Бақша сарай фонтаны», «Евгений Онегин» т. б. шығармалары бар. Қазақ даласында А. Пушкин мұрасына алғаш айрықша көңіл аударып, қазақ халқына танытқандардың қатарында Ы. Алтынсарин, Абай болды.
Бұл көшеде атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу ғимараты, «Астана өрнек» мекемесі орналасқан.
Прежнее название – улицы Можайского и Л. Гумилева. Начинается с улицы Ж. Тәшенов, пересекается с улицами А. Жұбанов, Жәнібек тархан, Кенесары и проспектом Абай. Длина – 4917,2 м.
Александр Сергеевич Пушкин () – поэт, основатель новой русской литературы и современного русского литературного языка. Родился в дворянской семье, детство провел в Москве. Его произведения «Руслан и Людмила», «Бахчи сараиски фонтан», «Евгений Онегин» и др. В казахской степи первым обратились к наследию А. Пушкина и познакомили с ним казахский народ И. Алтынсарин, Абай.
На этой улице расположены учебный корпус Евразийского национального университета, организация «Астана өрнек».
Александр Серов көшесі
Республика даңғылынан басталады. Ұзындығы – 133,6 м.
Александр Николаевич Серов () – орыс композиторы, музыка сыншысы. Музыкадағы реализм үшін күрескен Серов музыкалық-әдеби еңбектерінде ғылыми-тарихи пайымдау және эстетикалық талдау шеберлігін өткір публицистикамен ұштастырды.
Начинается с проспекта Республики. Длина – 133,6 м.
Александр Николаевич Серов () – русский композитор, музыкальный критик. В творчестве Серов боролся за реализм в музыке, в своих музыкально-литературных трудах сочетал научно-историческое суждение и мастерство эстетического анализа с острой публицистикой.
Александр Суворов көшесі
М. Дулатов көшесімен қиылысып, Қырыққыз орамында аяқталады. Ұзындығы – 641,6 м.
Александр Васильевич Суворов () – әскери қолбасшы, орыс соғыс өнерін дамытушылардың бірі. А. Суворов өзінің әскери және соғыс тәжірибесіне сүйене отырып, әскери оқу-жаттығу мен тәрбие жүйесін, әскери тактика мен стратегия мәселелерін баяндайтын «Жеңіс ғылымы» атты еңбегін жазды.
Начинается с улицы М. Дулатов, пересекается с переулком Қырыққыз. Длина – 641,6 м.
Александр Васильевич Суворов () – один из основных русских военачальников в эпоху правления Екатерины ІІ, развил русское военное искусство. А. Суворов, опираясь на свой армейский и военный опыт, написал книгу «Наука победы», которая повествовала о вопросах военных учений, системы воспитания, военной тактики и стратегии.
Алексей Косыгин көшесі
Шығанақ көшесінен басталып, С. Челюскин көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 351,1 м.
Алексей Николаевич Косыгин () – Кеңес үкіметі мен компартия қайраткері.
Начинается с улицы Шығанақ, заканчивается на улице С. Челюскина. Длина – 351,1 м.
Алексей Николаевич Косыгин () – деятель Советского правительства и Компартии.
Алексей Петров көшесі
М. Жұмабаев даңғылынан басталып, Қажымұқан көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1696,2 м.
Алексей Васильевич Петров - Совет Одағының Батыры.
Начинается с проспекта М. Жұмабаев, заканчивается на улице Қажымұқан. Длина – 1696,2 м.
Алексей Васильевич Петров – Герой Советского Союза.
Алмалық көшесі
Бұрынғы атауы – Победа, Садовый көшелері. «Көктал» тұрғын алабы. Д. Бабатайұлы көшесінен басталып, Нарын, Ардагер, Қайыңды, Сұлукөл көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1745,5 м.
Алмалық – орта ғасырдағы көне қала атауы. Іле өзенінің бойында орналасқан. Қаланың шығыс жағында Алмалықта билік жүргізген Тоғылық Темір ханның күмбезі бар. Алмалық қаласы ірі сауда, мәдениет және саяси орталық ретінде Қазақстан мен Шығыс Түркістанның ортағасырлық тарихы мен мәдениетінде аса маңызды рөл атқарды. Елімізде осы атаумен көптеген елдімекендер кездеседі.
Улица АлмалыҚ
Прежнее название – улица Победы, Улица Садовая. Жилой массив «Көктал». Начинается с улицы Д. Бабатайұлы, пересекается с улицами Нарын, Ардагер, Қайыңды, Сұлукөл. Длина – 1745,5 м.
Алмалык – название древнего средневекового города, расположенного на берегу реки Или. В восточной части города есть мавзолей Тогылык Темир хана, правителя Алмалыка. Город Алмалык как крупный политический, культурный и торговый центр сыграл важную роль в средневековой истории, культуре Казахстана и Восточного Туркестана. В нашей стране под таким названием встречаются населенные пункты.
Алматы көшесі
Бұрынғы атауы – № 19а көшесі. Орынбор көшесінен басталып, Қабанбай батыр даңғылында аяқталады. Түркістан, Ақмешіт, Сауран көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1592,9 м.
Алматы – Іле Алатауының солтүстік етегіндегі, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің аралығында орналасқан Қазақстанның ең ірі мегаполисі. Қазақстанның ғылымы мен мәдениетінің астанасы. 1929 жылдан 1997 жылға дейін Қазақстанның астанасы болды. Алматы қаласы 6 қалалық әкімшілік ауданнан тұрады. Бұл қалада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техника университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Ұлттық Ғылым академиясы, Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театры, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Қазақ циркі, «Медеу» мұз айдыны, Қазақстанның Жазушылар, Суретшілер, Театр қайраткерлері, Сәулетшілер, Сазгерлер, Журналистер одағы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі орналасқан.
Улица Алматы
Прежнее название – улица № 19а. Начинается с улицы Орынбор, заканчивается на проспекте Қабанбай батыр. Пересекается с улицами Түркістан, Ақмешіт, Сауран. Длина – 1592,9 м.
Алматы – город, расположенный на северном подножие Илийского Алатау, между реками Большая Алматинка и Малая Алматинка. С 1929 года по 1997 год имел статус главного города страны - столицы Казахстана. Самый крупный мегаполис Казахстана. Научная и культурная столица государства. Алматы состоит из 6 городских административных районов. В Алматы находятся Казахский национальный университет имени Аль-Фараби, Казахский национальный педагогический университет имени Абая, Казахский национальный технический университет имени К. Сатбаева, Казахская национальная консерватория имени Курмангазы, Национальная Академия наук, Казахский академический театр оперы и балет имени Абая, Казахский академический драматический театр имени М. Ауэзова, Казахский академический детский и юношеский театр имени Г. Мусрепова, Казахский цирк, высокогорный каток «Медеу», Союз Писателей, Художников, Театральных деятелей, Архитекторов, Композиторов, Журналистов, Национальный банк Республики Казахстан.
Алпамыс көшесі
Ақбұлақ өзенінің жағалауынан басталады. Арасан, Үлкен, Г.Әлиев көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 385,1 м.
«Алпамыс» – қазақ халқының қаһармандық эпосы. «Алпамыс батырда» халықтың басынан өткен қаһармандық оқиғалар эпикалық әсірелеу заңдылығымен берілген. Алпамыс – халқымыздың ең асыл қасиеттерін бойына жиған, отаншыл, адал, ер. «Алпамыс жыры» - ежелден сақталып келе жатқан көркем жыр. Эпоста халықтың тұрмыс-күйі, әдет-ғұрпы мен дүниетанымы көрінеді.
Улица Алпамыс
Начинается с набережной реки Ақбұлақ. Пересекается с улицами Арасан, Үлкен, Г.Әлиев. Длина – 385,1 м.
«Алпамыс батыр» – героический эпос казахского народа. В эпосе «Алпамыс батыр» методом эпического преувеличения описаны исторические события, выпавшие на долю народа. Алпамыс – герой, в котором собраны все благородные качества: любовь к Родине, честность, смелость. «Алпамыс батыр» – древнее сказание, богатое художественными описаниями, в ней отражаются жизнь, быт, традиции народа.
Алпамыс батыр көшесі
Бұрынғы атауы – Центральный көшесі. Атасу, Р.Қошқарбаев, Ә.Ермеков көшелерімен қиылысып, Қарашаш көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 936,9 м.
Улица Алпамыс батыр
Прежнее название – улица Центральная. Пересекается с улицами Атасу, Р.Қошқарбаев, Ә.Ермеков, заканчивается на улице Қарашаш. Длина – 936,9 м.
Алтыбақан көшесі
Бұрынғы атауы № 000 көше. Л. Мирзоян көшесінен басталып, Манатау көшесін қиып өтіп, Аманат көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 378,3 м.
Алтыбақан – қазақ халқының ұлттық ойыны.
Улица АлтыбаҚан
Прежнее название – улица № 000. Начинаясь с улицы Л. Мирзояна, пересекается с улицами Манатау и заканчивается на улице Аманат. Длина – 378,3 м.
Алтыбакан (качели-треножник) – казахская национальная игра с исполнением песен.
Алтын сақа көшесі
Бұрынғы атауы – № 28 көше. Мұхамет-Салық Бабажанов көшесінен басталып, Байғозы батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 395,0 м.
Алтын сақа – ертегі, қазақ халық ауыз әдебиетінің туындыларының бірі.
Улица Алтын саҚа
Прежнее название – улица № 28. Начинается с улицы Мұхамет-Салық Бабажанов, заканчивается на улице Байғозы батыр. Длина – 395,0 м.
Алтын сака – сказка, одно из произведений казахской устной народной литературы.
Алтындала көшесі
«Интернациональный» тұрғын алабы. Аралқұм көшесінен басталады. Ұзындығы – 861,2 м.
Алтындала – республикамызда осындай елдімекен атаулары кездеседі.
Улица Алтындала
Жилой массив «Интернациональный». Начинается с улицы Аралқұм. Длина – 861,2 м.
Алтындала – в нашей республике есть немало населенных пунктов под названием Алтындала.
Алтынемел көшесі
Бұрынғы атауы – К. Либкнехт көшесі. І. Есенберлин көшесінен басталып, И. Гёте көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 363,5 м.
Алтынемел – Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы тарихи мекен. Алтынемел мекені Ш. Уәлихановтың өмірімен тығыз байланысты. Ғалымның тарихи-мемориалдық мұражайы бар.
Улица Алтынемел
Прежнее название – улица К. Либкнехт. Начинается с улицы І. Есенберлин, заканчивается на улице И. Гёте. Длина – 363,5 м.
Алтынемел – историческая местность в Кербулакском районе Алматинской области. Последние годы жизни ученый провел в Алтынемеле. Открыт историко-мемориальный музей ученого.
Алтынқұм көшесі
Бұрынғы атауы – Песчаный көшесі. Анар көшесінен басталып, С. Сәдуақасов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 741,7 м.
Алтынқұм – құмды, құмдауытты жерлерге байланысты қойылатын атау.
Улица АлтынҚҰм
Прежнее название – улица Песчаная. Продолжает улицы Анар и С. Сәдуақасов. Длина – 741,7 м.
Алтынкум – название песчанной местности, означает «золотой песок».
Аманат көшесі
Бұрынғы атауы – № 000 көше. Талғар көшесінен басталып, Б. Момышұлы даңғылымен қиылысады. Ұзындығы – 852,7 м.
Аманат – қазақ ұғымында ерекше мағынаға ие. Зат иесі өз мал-мүлкін өзге біреуге сақтауға, қарай тұруға сеніп тапсыруы. «Аманатқа қиянат жүрмейді» деген мақалы осыған байланысты айтылған.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 |


