Кеңес өкіметі кезінде жаңалық, жақсылық көрген емеспіз, бір өңкей қиянат-қысымнан көз ашпадық демесек те, халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қадірлеп, оның ешкімнің табанына тапталмай, еркіндікте, теңдікте тұрмыс шегуін армандаған азаматтардың ақ-қарасы жан-жақты тексерілмей, қараңғы қапасқа қамалуы, талай жылдар бойы жат, жаулардың тізіміне тіркелуі — арқаны аяздай қаритын жағдайсыз жайт. Өмірбақи ұмытылмайтын, шектен шыққан өрескелдік деп білеміз.
Бүгіндері байқастай қарасақ, қаншама көтермелей сөйлесек те, тымақпен ұрып алатын мөлшерден алысқа ұзамаппыз. Таз кепешімізді шекемізге шікірейте киіп, көсемдердің өсиеттерін сарнатудан өзгені ойластырып жарытпаппыз. Бәрінен бұрын байлықты, барлықты сынап, жамандаймыз деп жүріп, бәз-баяғы бөстегіміздің маңайын шиырлаудан әрі аса алмағанымыз зор өкініш. Ал көршілеріміз болса, сиынары мен сүйінерін, біз сияқты киіз кітаптардан іздемей, өмірдің өзінен тауып, ілгерілей беріпті, дами беріпті. Қайшылық-қақтығыстың ем-домын да естен шығармапты. Басқасы басқа, кешегі өзіміз ордасын ойрандап, күл-қоқысқа көміп кеткен елдерден кеусен сұрағандай күй кешіп отырғанымызды нендей уәжбен бүркемелемекпіз? Бұл сықылды кереғарлықтың түпкі жауырды жаба тоқу, қазіргімізді бір ыңғай көптірі мақтап, өткендегімізді кептіре жамандау тенденциясының кешікпей айықпас дертке айналғаны соншама, одан күні бүгінге дейін жөнді айықпай келе жатқанымыз алыс-жақынның бәріне аян.
Қазір демократияның арқасында, оң-солымызды айқындап, бұрынғы кеткен қате-кемшіліктерді жөндеп-түзетуге тырмысып жатқандай жайдамыз. Кешеге дейін тек мадақталумен болған большевиктер партиясы мен олар жүргізген іс-қимылдарды белсене қолдаған: «Тар жол, тайғақ кешу», «Советстан», «Ботакөз», «Ақ Жайық», «Өскен өркен», «Миллионер» және тағы басқаларды сөреден аластап, жылы жауып тастаймыз ба? Итбай, Абылаев, Қоянжырықтарды таза қиялдың, әсіре солақай әкімшілдіктің жемісіне балап, авторлардың оларды түбегейлі өңдеуін, жөндеуін талап етеміз бе? Дауыс шықса, алды-артына қарамай қанатын бірден қаға жөнелетін кейбір пысықайлар ашықтан-ашық: Жамбыл, С. Сейфуллин, С. Мұқановтар бүкіл өмір бойы социализм үшін ат салысты, коммунистік партияны, Ленинді, совет өкіметін жырлаудан ауыздары босаған жоқ, сондықтан оларды оқу бағдарламаларынан шығарып, кітаптарын қолданыстан алып тастау керек деген ұсыныстар айтуда. Ал былайғыларымыз үшін Амантай, Асқар, Тоқаш, Хакім, Еламандар — туған халқының бүгінгісі мен болашағы, бостандығы мен еркіндігі жолында басын бәйгеге тігуге дейін барған айдынды да ардақты гуманистер. Сан жылдар бойы үлкен-кішімен ең жақын ет бауырындай сырласып келген, қиын-қиын ситуациялардан жол тауып шығудың ақылға сай, көңілге қонымды жөн-жобасын ұсына білген қадірменді жандардың жиынтық бейнесі. Оларды дәл, сол қалпында адамзаттың тағдырына бөтен позициядан қарағандарға, еліміздің өмірінде орын алған сан қилы жөнсіздіктерге, апат, қасіреттерге қатысы бар деуге еш негіз жоқ. Ендеше ол шығармаларды сөз еткенде ғасырға жуық тарихымызға топырақ шашпай, қаламгерлердің кейбір әсірелеулерге, иіп-бүгуге бару себептерін саяси-әлеуметтік жағдайлармен сабақтастыра отырып салқын қандылықпен әңгімелеу қажет. Сонда ғана сөз өнерінің мақсат-міндетін айқынырақ сезініп, адам баласына тән жақсылық пен жарасымдылықтың — гуманизмнің — тереңіне бойлаңқырай түсеміз, дұрыстыққа, әділдікке жақындай түсеміз. «Міне осындай да заман болды» деп өткен-кеткеннің қателігін жіпке тізсек, оны бірден жөндеуге, түзетуге кірісудің орнына, бір алуан күш-жігерді қудалау, күстәналау әрекетіне жұмсасақ, берекелі ештеңе таппаймыз. Бұл — тәжірибеде сан рет дәлелденген ақберен ақиқат.
Жұмыс нәтижесі
Зерттеу жұмысының нәтижесі — Филол. факультеті студенттеріне мамандандыру пәні ретінде ғылыми ой-пікірлердің жүйелі түрде оқытылуында.
Сонымен қатар көптеген курстық жұмыстар мен дипломдық жұмыстар нәтижелі қорғалды және қорғала бермек.
Жарияланған еңбектер
Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде 4 монографиялық еңбек және 50-ден астам ғылыми мақалалар жарияланды.
Монография және оқу құралы
1. Өршіл гуманизм өнегесі, 1977.
2. Уақыт және әдебиет, 1999.
3. Замана сазы, 2002.
4. Жылдар, ойлар, 2004.
5. Шындық және көркем әдебиет, 1993.
6. Кезең және әдебиет, 2004.
Ғылыми мақалалар
1. Дауылды жылдар шежіресі. — Алматы: Жазушы, 1987.
2. Отты жылдар елесі: Аспиранттар мен ізденушілер жин., 1963.
3. Бандыны қуған Хамит // Қазақстан мектебі. — 1964.—№ 11.
4. Ерлік өмір бейнесі. — Аспиранттар мен ізденушілер жин., 1965.
5. Жаңа өмір үшін күрес хикаялары // Жұлдыз. — 1966. — № 8.
6. Дәуір шежіресі туралы // Қазақ тілі мен әдебиеті мәселелері: жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің жин. — VІІІ шығ. — 1971.
7. «Тар жол, тайғақ кешудің» екі нұсқасы // Қазақ ССР Ғылым академиясының хабаршысы. — 1973. — № 6.
8. Деректі шығармалар туралы // Жұлдыз. — 1973. — № 2.
9. Тарихи кезең және реалистік тұлға // Жалын. — 1974. — № 2.
10. Ардагер ақынның көркем бейнесі // Қазақстан коммунисі.— 1974. — № 11.
11. Өскен әдебиеттің өрелі тақырыбы // Қазақ тілі мен әдебиеті. — ҚазМУ. — ІV шығ. — 1974.
12. Жалындап өткен жақсы өмір: сб. науч. тр. по гуманит. наукам. — Вып. І. — Караганда: Изд. КарГУ, 1974.
13. Өмір сырынан бір белес: сб. науч. тр. по гуманит. наукам. — Вып. І. — Караганда: Изд. КарГУ, 1974.
14. Ұлы күрес дәуірі және көркем әдебиет // Гуманитарные науки: сб. ст. — Вып. 2. — Караганда: Изд. КарГУ, 1975.
15. Ұлы Октябрь және әдебиет // Жұлдыз. — 1977. — № 2.
16. Сыр туралы сыр // Білім және еңбек. — 1978. — № 1.
17. Әдебиетіміздің биік белесі // Қазақ Филол.сының мәселелері: жин. — Алматы: КазМУ, 1979.
18. «Өмір мектебі» өрнектері // Жалын. — 1980. — № 2.
19. Өмір өзегі // Қазақ әдебиетінің мәселелері: жин. — Алматы: ҚазМУ, 1982.
20. Қазақ прозасындағы халық образы // Қазақ ССР Ғылым академиясының хабаршысы. — 1982. — № 3.
21. Прозадағы лиризм туралы кейбір ойлар // Қазақ көркем шығармаларының жанры мен стилі: ҚазПИ жин. — 1982.
22. Лирикалық проза туралы кейбір ойлар // Литература и фольклор Казахстана: жин. — Карағанды: Изд. КарГУ, 1983.
23. Сәкен туралы бірер сөз // Қазақ ССР Ғылым академиясының хабарлары. — 1984. — № 2.
24. Революциялық гуманизм және көркем әдебиет // Қазақ әдебиетінің стиль проблемалары: жин. — Алматы: ҚазМУ, 1986.
25. Ж. Аймауытовтың суреткерлігі хақында бірер сөз: ХV ғыл.-практ. конф. баянд. тез. — ІІІ б. — Қарағанды, 1990.
26. Пушкин және Шәкәрім: Респ. ғыл.-әдіст. конф. баянд. тез. — Қарағанды, 1991.
27. Пушкин және Шәкәрім // Поэтика жанра: ҚарМУ жин. — 1992.
28. Ізгілік пен ірілік иірімі // Историческая поэтика: сб. науч. тр. — Караганда, 1993.
29. Сурет сыры // Ученые записки. — КарПИ, 1994. — Т. І.
30. Кезең шындығынан бір елес // Жанрово-стилевые процессы в фольклоре и литературе: сб. науч. тр. — Караганда, 1995.
31. Абай мұрасының танымдық, тағылымдық мәні: Абайдың саяси-құқықтық мұрасы және жаңа кезең: ғыл. еңб. жин. — Карағанды: ҚарМУ баспасы, 1995.
32. Ұлылық ұлағаты // Қарқаралы. — 1998.— № 1,2; — 1999. — № 1–2.
33. Өрнек сыры. С. Мұқановтың әдеби-мәдени мұрасы және қазіргі заман: жин. — Петропавл, 2000.
34. Замана өрнегі // Қарқаралы. — 2000. — № 1, 2.
35. Ойтолғақ // Азия-транзит. — 2001. — № 6.
36. Ж. Аймауытовтың танымдық, эстетикалық әлемі // Азия-транзит. –2001. № 10, 11.
37. Сөз және сурет. М.Әуезов және әлем әдебиеті: Халықарал. ғыл.-теор. конф. материалдары. — Алматы: ҚазМҰУ, 2002.
38. Елін сүйген есіл ер // Азия-транзит. — 2002. — № 2, 3.
39. Асыл қазына // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2002. — № 4.
40. Бұлыңғыр бағдар, бұлдыр тағдыр // Азия-транзит. — 2002. — № 9, 12.
41. «Боранның» қазақшасы хақында. Ғ.Мұстафин және қазіргі қазақ прозасы: жин. — 2002.
42. «Тулаған толқында» повесінің көркемдік сипаты // Қазақ тілі мен әдебиеті.— 2002. — № 11.
43. Шәкәрім — аудармашы. «Шәкәрім дәрістері»: ІІІ респ. ғыл.-тәжір. конф. — Семей, 2002.
44. Кең өрісті кемел жанр. Қазіргі таңдағы қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері: жин.– Қарағанды, 2002.
45. «Абай жолы» эпопеясының тіл көркемдігі // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2003. — № 4.
46. Ерлік пен елдік толғамы // Азия-транзит. — 2003. — № 9, 10, 12.
47. Көркем әдебиеттегі Қарағанды бейнесі. Сыр сандығым Сарыарқа: «Орталық Қазақстандағы халық шығармашылығы мен әдебиеттің қалыптасуы және дамуы» атты респ. ғыл.-практ. конф. материалдары. –Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. — 44–46 - б.
48. «Абай жолы» — елдік, өркениеттілік жаршысы // Азия-транзит. — Қарағанды, 2005. — № 10 — 12.
49. А. Байтұрсынұлы — аудармашы. Ахметтану бастамалары. — Қарағанды: Болашақ баспа, 2005. — 141–148 – б.
Ақпараттық байланыс
Қарағанды қ., Мұқанов көш-сі, 1,
Е. А.Бөкетов атындағы ҚарМУ. Филол. факультеті.
Қазақ фольклоры және әдебиет тарихы кафедрасы.
8 (3212) 77–04–32
*****@***kz
Қазақ фольклорының типологиясы мен поэтикасы
Жетекші: ф.ғ.д., профессор
Рахымов Берік Серікбайұлы
Қазақ фольклортану ғылымында типология мен поэтика мәселесі шын мәнінде кештеу қолға алынып, ғылыми тұрғыдан түбегейлі тексеру ісіне еліміздің тәуелсіздігі арқылы қол жеткізілді. Осы бағытта Б. С.Рахымов еңбегінің ерекше көрінісі қазақ эпосының бір саласы ретінде тарихи жырларды түбегейлі тексеріп, жан-жақты талдаулары арқылы көрінді. Бұрынғы қазақ тарихи жырларының бастауы XVIII ғасырдан басталады делінген ғылыми қалыптасқан тұжырымды қайта саралап, тарихи жырлардың негізі халқымыздың ел болып, мемлекеттік мүдделерге ұмтылысына қатысты туғандығын дәйектеді. Өзінің ғылыми концепциясының басты жаңалығы тарихи жырлардың оқиғасы XV ғасырдан басталатынын дәлелдеп, шын мәніндегі тарихи оқиғаларға құрылған эпикалық шығармалардың пайда болуын үш ғасырға ұзартты. Типологиялық жағынан тарихи жырлардың диахрондық тұрғыда дәуірлік кезеңдерін анықтап, басқа халықтар эпостарымен және батырлық жырлармен салыстыра көрсетті. Құрылымдық жүйесі жағынан синхрондық негізде тарихи эпостың шығу тегі мен дамуын, ондағы уақыт пен кеңістіктің көрінісін, сюжеттің түзілісін түсіндіру арқылы нақтылы жанрлық анықтамасын ашып берді.
Зерттеудің тұңғыш мақсаттық бағыттағы тексерілуі мен жүйеленуі
Тарихи жырлардың шығу тегі «Қазақ хандығы құрылу» кезеңінен басталады.
Басқа эпостарымыздан ерекшеленетін тарихи жырлардың ең басты әдіснамалық маңызы бар мәселесі «тәуелсіз ел болу», «ұлт-азаттық қозғалыс», «Отан соғысы» ұғымдарын белгілі дәуірлерге топтастырып, халықтың бүкіл аңыз, өлең, толғауларын, географиялық, діни түсініктерін және ақыл-ойының жеткен межесін бір уақытқа телумен дараланады.
Тарихи жырларда эпосқа тән белгілер сақталған. Эпикалық дәстүрдің көрінісі көпқабаттылық (многослойность) пен көпсатылықтан байқалады.
Жанрлардың араласуы (контаминация) бұнда да кездеседі. Түрге қатысты айтар болсақ, дәуірлік топтасуларында жанр мен жанрдың шекарасы өзгермелі тарихи шындықты игеру ерекшеліктері біртектес емес.
Қаһармандық эпостың көптеген үлгілерін ала отырып, тарихи өлең, аңыз, толғауларды молынан қамтып, тарихи шындықты дәстүрге сай жаңғыртқан.
Тарихи оқиғаға сәйкестенетін, шындықты нақтылы бере алатын эпикалық шығармаларда да пайда болған.
Тарихи эпос ежелгі эпостың көптеген белгілерін бойына сіңіргенімен, жанрлық тұрғыдан өзгешелігі бар. Ол өз бастауын тарихи өлең, аңыздан алып, белгілі оқиғалардың нақтылы көрінісі ретінде туындаған, қазақ елінің тәуелсіздік жолындағы күресінің көркемдік шежіресі деп танылуы тиіс.
Тарихи жырлар мен реалды-тарихи эпоста рулық, тайпалық мақсаттардан бөлектеніп, алаш бірлігі, жалпыхалықтық іс, мемлекеттік мүдделер басты орынға шығады.
Тарихи жырлар мен тарихи эпостағы қаһармандардың іс-әрекеті, оның уақыт пен кеңістіктің сәйкестенуі және соны берудегі жыршының халықтың арман-тілегін қалыс қалдырмауы көркем жинақтаулар арқылы жүзеге асқан.
XVIII–XIX ғасырлар — елдік пен ерлік астасқан, уақыт пен кеңістік тоғысқан, аңыз бен тарихи өлең тұтасқан дәуір. Дәуірдің үні мен тілін жеткізген жыраулар мен ақындар екені мәлім.
Шежірелей жинақтаған батырлар бейнесінде дараланушы тап бар. Ол сол ғасырдың бүкіл болмысын, қоғамдық жағдай қалыптастырған ахуалды мінез-құлқымен жан-жақты ашатын эпикалық шығармадағы қаһармандар бейнесі.
Қазақ халқының ұлт-азаттық жолындағы күресін бейнелейтін эпикалық шығармада эпикалық билеуші типі тұр.
Тарихи жырларда оқиғалардың желісі уақыт пен кеңістік жағынан белгілі тәртіппен орналасып, бас-аяғы бүтін тарихи тұтастанған сюжетке айналса, реалды-тарихи эпостың сюжеті тарихи жырлармен салыстырғанда бірнеше оқиғалар арқылы бірін-бірі толықтырмайды, қысқаша айтсақ, реалды-тарихи эпос оқиғаларының мазмұнын ашып, оны көркемдік формамен берген — нақтылы тарихи сюжет дер едік.
Мазмұн мен форманың бірлігін саралау қорытындысы тарихи эпос тілі бір адамның ғана емес, қазақ қауымының, бүкіл қоғамның тілі, немесе аса күрделі синтаксистік тіл, деген қорытындыға әкеледі.
Жұмыс жетістігі
Ғылыми зерттеу нәтижесінің жетістігі бойынша қазақ тарихи жырлары мектеп бағдарламаларына еніп, жоғары оқу орындарындағы бағдарламаларға өзгерістер жасалды.
Арнайы курстар бағдарламалары жасалып, тәуелсіздік идеясына қатысты мамандандыру пәндері ретінде жүргізіледі. Қазақ тарихи жырларының мәтіндері жинақталып, баспа жүзіне шыға бастады. Бұл бағытта әлі де үлкен жұмыстар жүргізіліп, жалпы қазақ тарихи жырлары он томдық көлемінде жарық көрмек.
Осы ғылыми бағытта 2 кандидаттық диссертация қорғалды.
Жарияланым
Жүргізілген ғылыми нәтижелер бойынша 100-ден астам мақалалар мен баяндамалар тезистері жарық көрді. ҚР ЖАК пен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Аттестациялау және қадағалау комитеті ұсынған басылымдар тізіміне 25 халықаралық конференцияларда 11 ғылыми баяндамалары мен мақалалары жарияланған.
Монография және оқу құралы
1. Тарихи жырлар тағылымы. — Қарағанды: Болашақ баспа, 1997.
2. Тарихи жырлар табиғаты. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1999.
3. Эпостану негіздері. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2000.
4. Алыптарды ажарлаған асыл сөз. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2002.
5. Олжабай батыр. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003.
6. Өтірік: ел әдебиетінен жин. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2001.
7. Ахметтану бастамалары: оқу құралы. — Қарағанды: Болашақ баспа, 2005. — 141–150 б.
Ғылыми мақалалар және баяндама тезистері
1. Тарихи жырлардың табиғатына үңілсек: ҚарМУ-дың XV ғыл.-практ. конф. баянд. тез. — 3 – б. — Қарағанды, 1990. — 120–125 б.
2. Тарихи эпос екі тілде сөйлесе // Ұлттық және орыс қостілдігінің мәселелері: респ. конф. баянд. тез. — Қарағанды, 1991. — 270–271 б.
3. Тарихи жырлардың жанрлық сипаты // Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1992. — 164–169 б.
4. Тарихи жырларды зерттеушілер: ҚарМУ-дың XVІІІ ғыл.-әдіст. конф. баянд. тез. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1992. — 83–87 б.
5. Тарихи өлеңдердің жанрлық ерешелігі: ҚарМУ-дың ХVІІІ ғыл.-теор. конф. баянд. тез. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1993. — 13–23 б.
6. Тарихи жырлардың тәрбиелік мәні //«Қазақ тілінде оқытудың жоғарғы мектептегі мәселелері» атты аймақ. ғыл.-әдіст. конф. баянд. жин. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1993. — 128–130 б.
7. Батырлар жыры мен тарихи жырлардағы ортақ белгілер, айырмашылықтар // «Тарихи поэтика: образ, түр және жанр құрылысы» атты ғыл. еңб. жин. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1993. — 13–23 б.
8. Тарихи жырларды оқыту мәселелері: Филол. факультетінің І-ІІ курс студенттеріне арналған әдіст. нұсқау. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1994. — 32 б.
9. Тарихи өлеңдердің жанрлық ерекшелігі // «Фольклор мен әдебиеттегі жанр мен стильдің даму ерекшеліктері» атты ғыл. еңб. жин. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1995. — 58–61 б.
10. М. О.Әуезов және қазақ тарихи жырларының зерттелу мәселелері: М. О.Әуезовке арналған халықарал. конф. // ҚазМУ хабаршысы. — № 13. — Алматы, 1997. — 90–97 б.
11. Поэтиканы зерттеудің кейбір мәселелері // Поэтика и жанр лингвистического текста: ғыл. мақала. жин. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1998.
12. М. О.Әуезов және қазақ эпосы: Педагогика ғылымдары докторы Ғ.А. Мейрамовтың 30 жылдығына арналған «Қазақстандағы тіл мен әдебиеттің атқаратын қызметі және оқытудың көкейкесті мәселелері»: респ. ғыл.-практ. конф. материалдары. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1999.
13. С. Мұқанов және қазақ эпосы // ҚР Білім және ғылым министрлігі хабаршысы. — Алматы, 2000. — № 576. — 45–50 б.
14. Рухани мұраға мұқият қараған Ә.Х. Марғұлан // Әдебиет пен фольклордағы жанр мен стиль: ғыл. мақала. жин. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2000. — 58–63 б.
15. Қазақ эпосын зерттеудің көкейкесті мәселелері //«Ұлттық әдебиеттану ғылымының көкейкесті мәселелері» атты халықарал. ғыл.-теор. конф. — Алматы: Ғылым, 2001. — 71–79 б.
16. Қ.Аманжолов поэзиясын танудың өзекті мәселелері: Қ.Аманжоловтың 90 жылдығына арналған респ. ғыл.-теор. конф. баянд. — Қарағанды: Арко, 2001. — 13–18 б.
17. «Олжабай батыр» жыры // Азия-транзит. — 2001. — № 10, 19. — 33–37 б.
18. Тарихи жырлардың тілі // Әдебиеттанудың өзекті мәселелері: Академик Серік Қирабаевтың 75 жылдығына арналған жин. — Алматы: «Комплекс» баспасы, 2002. — 156–165 б.
19. Ала тулы алып батыр // Егемен Қазақстан. — 2002. — 14 мамыр (№ 106)
20. Қазақ мифтері. — Алматы: Ғылым, 2002. — 320 б.
21. Фольклор және баспасөз // «Ғасырлар тоғысындағы журналистика: өзекті мәселелері мен келешегі» атты халықарал. ғыл.-практ. конф. материалдары: — Қарағанды, 2002. — 338–342 б.
22. Фольклорлық-этнографиялық түз жұмыстарының бағдарламасы // Сарыарқа: история и культура: Программа комплексной историко-этнографической экспедиции по Центральному Казахстану. — КарГУ. — 2002. — С. 38–41.
23. Қазақ фольклорындағы Ағыбай бейнесі: Ер есімі — ел есінде: Ақжолтай Ағыбай батырдың 200 жылдығына арналған ғыл.-практ. конф. жин. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2002. — 48–58 б.
24. Айтыстың жанрлық жүйесі // «Қазіргі айтыстың: келешегі, көкейкесті мәселелері» атты халықарал. ғыл.-практ. конф. материалдары. Көкейкесті әдебиеттану. 30 К. — Астана: Күлтегін, 2003. — 96–105 б.
25. Ғабит Мүсірепов және қазақ фольклоры: Қазіргі таңдағы қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының өзекті мәселелері: ғыл. еңб. жин. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2002. — 37–43 б.
26. Ахмет Байтұрсынов және қазақ фольклоры: А. Байтұрсынұлының 130 жылдық мерейтойына арналған респ. ғыл.-практ. конф. материалдары: — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003. — 161–164 б.
27. Қазақ эпосын талдап оқытудың кейбір мәселелері // ҚазҰУ хабаршысы. Филол. сер. — Алматы: Қазақ ун-ті, 2003. — № 10 (72). — 10–12 б.
28. Қазіргі айтыстың даму ерекшеліктері // ҚарМУ хабаршысы. Филол. сер. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. — № 11. — 103–107 б.
29. «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырындағы дәуір және дәстүр мәселесі // Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті хабаршысы. — Астана: ЕНУ, 2003. — № 3. — 39–43 б.
30. Ахмет Байтұрсынов және қазақ эпосы // Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті хабаршысы. — Астана: ЕНУ, 2003. — № 3. — 67–70 б.
31. Тарихи жырлардағы түрік шежіресі // ІІ Междунар. конгресс тюркологии по теме «Современная тюркология: теория, практика и перспективы» / Междунар. казахско-турецкий ун-т им. ви. — Туркестан, 2004. — 181–189 б.
32. Жүсіпбек ақынның әдеби мұрасы // Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті хабаршысы. — Астана: ЕНУ, 2004. — № 2. — 6–11 б.
33. Сарыарқаның кіндігі, қазақ өнерінің түндігі // Орталық Қазақстан. — 2005). — 23 сәуір.
34. Қазақ фольклорындағы Олжабай батыр бейнесі: Олжабай батыр: халықарал. конф. материалдары. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005.
35. Мәди — ақын, сазгер, әнші. Талантқа тағзым: ғыл.-практ. конф. материалдары. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. — 25–30 б.
36. Ә.Қоңыратбаев зерттеулеріндегі эпостың тілдік ерекшеліктері: ғыл.-теорет. конф. материалдары. — Алматы: Арда, 2005. — 54–58 б.
37. Қазіргі қазақ фольклортану ғылымы // Тілтанудағы тұлға: проф. Т. Р.Қордабаевтың 90 жылдығына арналған ғыл.-практ. конф. материалдары. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. — 326–331 б.
Ақпараттық байланыс
Қарағанды қ., Мұқанов көш-сі,1,
Е. А.Бөкетов атындағы ҚарМУ. Филол. факультеті.
Қазақ әдебиет тарихы кафедрасы.
8 (3212) 77–04–32
*****@***kz
Актуальные проблемы современного менеджмента и маркетинга
Руководитель: д. э.н., профессор
создано научное направление, посвященное исследованию актуальных вопросов теории и практики менеджмента и маркетинга, экономики и организации производства; разработке показателей и путей повышения эффективности основного капитала, капитальных вложений и новой техники; экономических аспектов экологии и рационального природопользования; экономико-математического моделирования и прогнозирования социально-экономического развития. В опубликованных им монографиях, учебниках и учебных пособиях, в значительной мере восполнивших рынок научных, практических и учебно-методических изданий, рассматриваются возможности применения современного менеджмента и маркетинга в условиях отечественной экономики; изучаются условия и предпосылки возникновения менеджмента и маркетинга; раскрываются сущность и предмет современного менеджмента, его принципы, функции и методы; даются современные западные концепции управления; акцентируется внимание на проблемах разработки стратегии фирмы, эффективных технологиях управления, методах воздействия на персонал, роли инноваций и инвестиций в менеджменте; излагаются особенности организации агромаркетинга. В проводимых им исследованиях широко используются экономико-математические методы как для решения прикладных, практических задач, так и для теоретического моделирования социально-экономических процессов и явлений. Разработаны такие модели по принятию управленческих решений, как уравнения парной и множественной регрессии и статистического прогнозирования, модели операционного и кластерного анализа, модели формирования и оптимизации бизнес-планов создаваемых коммерческих структур. В выполненных исследованиях раскрывается содержание производственных функций, методы их построения и расчета, подробно охарактеризована область их применения в статистико-экономическом анализе, планировании и прогнозировании. Проблемы, которые исследуются им в рамках экономики природопользования, можно объединить в две большие группы. Во-первых, это проблемы наиболее эффективного использования природных ресурсов и, во-вторых, это проблемы поиска и обоснования наиболее целесообразных методов предотвращения и ликвидации ущерба от загрязнения окружающей среды. Доказывается, что эти проблемы должны решаться на основе закономерностей естественно-исторического характера, а также с учетом изменяющихся потребностей общества, формирования новой системы ценностей на фоне экономических проблем современности. Обосновывается мысль о том, что система рыночных отношений и рыночной экономики должна развиваться в тесной взаимозависимости с современными методами менеджмента в рамках эколого-экономического формирования.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 |


