Әрбір пән қайталанбайтын атауыды иеленуі қажет. Магистранттар экзамен түрінде қорытынды бақылау тапсыруда орындалатын пәндер бір академиялық кезеңде игерілуі тиіс.
Магистратураның оқу бағдарламалары модульдік жүйе негізіне сүйеніп құрылады.
Базалық пәндер циклі (БП) міндетті пәндер кешенінен және таңдалған пәндер кешенінен тұрады.
Ғылыми педагогикалық бағыттағы магистратурада базалық пәндер циклі (БП) көлемі типтік оқу жоспарының 47% құрайды, оның 50% міндетті кешендік пәндерге кетеді және 50% - ы таңдамалы пәндерге тиісті.
Бейіндік бағыттағы магистратурада базалық пәндер циклі (БП) типтік оқу жоспарының жалпы көлемінің 50% (оқу мерзімі 1 жыл) және 35% (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды, оның ішінде 55,5% және 50% міндетті кешендік пәндерге кетеді, ал 44,5% және 50% тиісінше – таңдамалыға.
Ғылыми педагогикалық бағыттағы магистратурада профилденген пәндер циклі (ПП) типтік оқу жоспарының жалпы көлемінің 53%, оның ішінде 11% міндетті кешендік пәндерге кетеді және 89% - таңдамалы пәндерге тиісті.
Бейіндік бағыттағы магистратурада профилденген пәндер циклі (ПП) типтік оқу жоспарының жалпы көлемінің 50% (оқу мерзімі 1 жыл) және 64% (оқу мерзімі 1,5 жыл), оның ішінде 11% және 17% міндетті кешендік пәндерге кетеді, ал 89% және 83% тиісінше – таңдамалы пәндерге кетеді.
Міндетті пәндер кешені тізімі типтік оқу жоспарымен анықталады. Көлемі қысқартылған пән міндетті кешенге кірістірілмейді.
Жоғарғы оқу орнының өз еркімен пәндер кешенінің тізімі таңдау арқылы анықталады. Ол үшін жұмыс берушілердің сұранысын және еңбек рыногындағы қажеттілікті ескереді.
Магистратураның оқу бағдарламасының құрамы қарастырылады:
- магистранттардың практикалық дайындықтары: тәжірибе түрлері, кәсіби сынау жұмыстары және магистрлік диссертацияның орындалуы;
- магистранттың ғылыми-зерттеу (экспериментальдық-зерттеу) жұмыстары.
Ғылыми педагогикалық бағыттағы магистратураның оқу бағдарламасының құрылымы 1-кестедегідей құрастырылады.
Кесте 1
|
Пәндер атауы және қызмет түрлері
|
Кредит көлемі
|
1 | Базалық пәндер (БП) | 16 |
1.1 | Міндетті кешендер: (МК) | 8 |
Ғылым тарихы және философиясы | 2 | |
Шет тілі (кәсіптік) | 2* | |
Педагогика | 2 | |
Психология | 2 | |
1.2 | Таңдамалы кешендер (ТК) | 8 |
2 | Профилденген пәндер (ПП) | 18 |
2.1 | Міндетті кешендер: (МК) | 2 |
2.2 | Таңдамалы кешендер (ТК) | 16 |
3 | Тәжірибе (педагогикалық, зерттеу) | 6** кем емес |
4 | Магистрлік диссертацияны орындауды қоса, магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ). | 7 кем емес |
5 | Қорытынды аттестация (ҚА) | 4 |
5.1 | Кешендік емтихан (КЕ) | 1 |
5.2 | Магистрлік диссертацияны толықтыру және қорғау (МДТжҚ). | 3 |
Барлығы | 51 кем емес | |
* педагогикалық бағыттағы мамандықтарға шет тілі (кәсіптік) пәнінен кредит саны базалық пәндер циклінде 3 кредит, тиісінше таңдамалы кешендерде – 7 кредит. ** Тәжірибеге бөлінген кредит көлемі жалпы еңбек көлемінен шықпайды. Қажет болған жағдайда ЖОО тәжірибеге бөлінген кредит санын көбейтеді.
|
Бейіндік бағыттағы магистратураның оқу бағдарламасының құрылымы 2-кестедегідей құрастырылады.
Кесте 2
№ п/п |
Пәндер атауы және қызмет түрлері |
Кредит көлемі | |
| Оқу мерзімі** | ||
1 жыл | 1,5 жыл | ||
1 | Базалық пәндер (БП) | 9 | 10 |
1.1 | Міндетті кешендер: (МК) | 5 | 5 |
Шет тілі (кәсіптік) | 2 | 2 | |
Менеджмент | 1 | 1 | |
Психология | 2 | 2 | |
1.2 | Таңдамалы кешендер (ТК) | 4 | 5 |
2 | Профилденген пәндер (ПП) | 9 | 18 |
2.1 | Міндетті кешендер: (МК) | 1 | 3 |
2.2 | Таңдамалы кешендер (ТК) | 8 | 15 |
3 | Тәжірибе (өндірістік)* | 2 кем емес | 3 кем емес |
4 | Магистрлік диссертацияны орындауды қоса, магистранттың экспериментальді - зерттеу жұмысы (МЭЗЖ) |
2 кем емес |
3 кем емес |
5 | Қорытынды аттестация (ҚА) | 4 | 4 |
5.1 | Кешендік емтихан (КЕ) | 1 | 1 |
5.2 | Магистрлік диссертацияны толықтыру және қорғау (МДТжҚ). | 3 | 3 |
Барлығы
| 26 кем емес | 38 кем емес | |
* Тәжірибеге бөлінген кредит көлемі жалпы еңбек көлемінен шықпайды. Қажет болған жағдайда ЖОО тәжірибеге бөлінген кредит санын көбейтеді. **Оқу ұзақтығы мемлекеттік жалпы білім беру стандартымен анықталады, жоғарғы оқу орнынан кейінгі оқыту мамандақтың және магистранттың алдыңғы дайындық деңгейіне байланысты.
|
Бейінді магитратураны бітірген магистрант педагогикалық қызметке педагогикалық бағытты қосымша меңгерген жағдайда ғана жіберіледі.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 |


