Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті
6М120200 - «Ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша магистранттың анықтамалық-жолсілтегіші
Орал 2012
Кіріспе
Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Қазақ ССР Министрлігі Кеңесінің қаулысымен 1963 жылы ауыл шаруашылығы институты болып құрылды.
2000 жылы Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің құрамына кіріп, ал 2002 жылы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті болып қайта құрылды. Қазір Университет қазақ халқының ұлы ағартушысы Жәнгір ханның есімімен аталды.
Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті – жоғары кәсіптік білім берудің 33 мамандығы бойынша (бакалавриат), жоғары арнайы білім берудің 2 мамандығы және 20 ғылыми мамандығы бойынша – магистратура (11), аспирантура (9) білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын аймақтағы жалғыз және жетекші, көп профильді аграрлық техникалық оқу орындарының бірі.
БҚАТУ миссиясы – ғылыми-техникалық прогресстің және Батыс Қазақстанның экономикасының өркендеуінің алға жылжытушы күші.
Мақсаты – қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның әртүрлі жоғары сапалы білім алу қызығушылығын қанағаттандыру.
1. ЖООның әкімшілігі және құрылымдық бөлімшелері жөнінде ақпарат
Жоғары оқу орнының құрамына біртұтас оқу-ғылыми-өндірістік кешенді құрайтын қызметі бар, жоғарғы оқыту орындарында құрылымдық бірлікте мәртебеге ие оқыту, ғылыми, өндірістік және басқа бөлімшелер кіреді.
ЖООның құрылымдық бөлімшелері өз қызметтерін негізгі тәртіппен, жоғары кәсіби білім беру мақсатында білім беру бағдарламаларын ЖООның жарғысымен іске асырылуын басқарады.
Жоғарғы оқу орнынан кейінгі бөлім – магистратура және докторантура мамандықтары бойынша оқу үрдістерінің қызметінің жүруін және жетілуін қамтамасыз етуші университтетің құрылымдық бөлімі.
Жоғарғы оқу орнынан кейінгі бөлімнің меңгерушісі –
.
Бөлімнің жетекші мамандары - Құсайнова Бақытгүл Махамбетовна
Диспетчер– Ахметова Эльвира Ақылбековна.
Мекен жайымыз: Орал қ., Жәңгір хан к-сі 51 (Университеттің әкімшілік корпусы 1 қабат – жоқарғы оқу орнынан кейінгі бөлім. Телефон: 8 (71
Тіркеу бөлімі – білім алушылардың жыл бойғы оқу жетістіктерін және тәртіптері мен өнерлерін тіркеу, оқытылған пәндерін жазып отыру, түрлі ұйымдарда, шет елдерде қамтамасыз етілген үйрету кезеңдерін, қорытынды бақылауды және академиялық рейтингтің есептерін тіркеп отыратын қызмет орны.
Тіркеу бөлімі университеттің бас корпусының 2ші қабатында 205ші аудиторияда орналасқан. Байланыс телефоны: 8 (71
Факультеттің негізгі бағыты ғылыми-оқу, ЖООның әкімдік құрылымдық бөлімшесі, бір немесе бірнеше бір-біріне туыс мамандықтардың оқытылуын іске асырады, сондай-ақ мамандықтарға сай ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысушы кафедралар мен зертханаларды басшылыққа алады.
ЖОО факультет жөнінде өзінің ережелерін құрады және бекітеді. Факультеттің жетекшілерінің және олардың орынбасарларының қатысуымен факультеттер Кеңесі ұйымдастырылды.
Факультет кеңесі өз жұмысын ЖОО кеңесінің бекіткен ережесіне сай ұйымдастырады.
Кафедра жоғарғы оқу орнының (факультеттің) негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлімі, білім алушылар арасында тәрбиелік жұмыстар жүргізетін, оқу, методикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын бір немесе бірнеше туыс пәндер арасында жүргізуді іске асырады.
Кафедрада арнайы оқыту пәндері бекітілген.
Кафедрада оқу-әдістемелік жұмыстар жасалады:
- жаңа оқу технологиялары мен оқыту формаларын дайындау және пайдалану, білім алушыға оқу материалдарының тиімділігін жоғарлату;
- кәсіби сарамандық жұмыстардың, білім алушының сынау мерзімінің, курстық және дипломдық сызбалардың (жұмыстардың), магистрлік диссертациялардың, олардың әдістемелік қамтамасыз етілуінің барлық түрлерін ұйымдастыру және басшылыққа алу;
- кафедраның түлектерiн жұмысқа орналастыруда жәрдемдесу;
- маман дайындауда кәсіпорындармен, мекемелермен, ұжымдармен іскерлік бірлестіктердің түрлі формаларын дамыту;
- мамандықты жетілдіру бағытымен кафедра профиліне сәйкес мамандардың білім деңгейін жоғарлату және қайта даярлауға оқу программаларын әзірлеу және іске асыру.
Кафедра ғылыми-зерттеу жұмыстарын енгізеді:
- ғылыми зерттеулерді жүргізу, ғылыми жұмыстың бағыты және тақырыбы кафедраның профилімен сәйкес келуі, игеріліп отырған ғылымның (пәннің) жоспар бойынша практикалық және теориялық сұрақтары ғылыми өрлеуде маңызды.
- магистратура, клиникалық ординатура, адъюнктура, iзденушiлiк, аспирантура, докторантураның негiзiнде ғылыми - педагогикалық кадрларды дайындауды жүзеге асыру;
- кафедраның профилі бойынша диссертациялар, ғылыми-зерттеу жұмыстарды талқылау, пiкiр беру және қорытындыларды сонымен дайындау;
- білім алушының ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және басшылық ету;
Кафедра тәрбиелік жұмысытарды жүргізеді:
- білім алушылардың өз еркімен және құзыретті шешім қабылдай білуін қалыптастыру;
- білім алушының отан сүйгіштік, азаматтық, ұлтжандық, аршыл және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;
- білім алушыға салауатты өмір салтын ұстануды үндеу, кафедраның жалпы шараларына белсенді қатысуға тарту;
- білім алушының ой-өрісін кеңейтуге, таңдаған мамандығына құнды көзқарас қалыптастыру бағытында кафедра мамандықтарына сай тақырыптық шараларды жүргізу;
- орта бiлiм ұйымдары, кәсiби мектептер, кәсiби лицейлер, колледждердiң арасында білім алушыларға бағыт жұмыстарын жүргізу.
2. Бағыттаушы-анықтамада қолданылған терминдер.
Академиялық дәреже (Academic Degree) – жоғары кәсіби білім алуда тиісті оқу программасын игеру деңгейіне, аттестациялаудың шешуші қорытындысына қарай ЖОО беретін дәреже;
Академиялық күнтізбе (Academic Calendar) – тәлімгердің оқу жылы ағымында демалыс күндері (каникул және мейрамдар) көрсетілген оқу және бақылау шараларын жүргізетін күнтізбесі;
Академиялық кезең (Academic Term) – теориялық оқу – семестр ұзақтығы 15 апта, триместр – ұзақтығы 10 күн;
Академиялық рейтинг (Academic Rating) – , қорытынды бақылаудың нәтижелерiне (аралық аттестация) арналып құрастырылған білім алушының программалық материалды меңгеру деңгейiнің сандық көрсеткiші;
Академиялық сағат (Academic hour) – дәріс алудың 1сағат (50 минутқа) қатынасына, тәжірибелік (семинарлық) сабақтар, немесе 2 сағатына (100 минуттан) зертханалық сабақтар және дене тәрбиесі сабақтары, сондай-ақ тәжірибелік сабақтардың барлық түрлерінің 5 сағатына (250 минут), педагогикалық практикалық сабақтың барлық түрінің 2 сағаты (100 минуттан) қатынасына тең;
Белсенді үлестірме материал (Handouts) – білім алушының мотивациясын көтеруге, білімін табысты шығармашылық меңгеруге (өзiндiк жұмыс үшiн тезистер, дәрiс, сiлтеме, мысалдар, глоссарий, тапсырма тағы басқалар) бағыттаушы сабақ үрдісінде таратылатын көрнекi көрнектi материал;
Апелляция (Appeal) - білім алушының білімін объективтi емес бағалауға мүмкiндiк туғызатын факторларды анықтау және жою үшiн өткiзiлетiн рәсiм;
Шығарушы кафедра –өз профилімен мамандарды шығаруды және дайындауды іске асырушы кафедра;
Таңдау бойынша пән (Elective Courses) - бiлiм беретiн кәсiби бағдарламаны игерудiң логикасын бұзбай кез-келген академиялық кезеңде тәлімгердің таңдауымен үйретілетін элективті оқу пәндерi;
Оқу пәніне жазылу/Тіркеу (Enrollment/Registration) – білім алушының оқу пәндеріне алдын-ала жазылу рәсімі;
Магистранттың жеке жұмыс жоспары келесі бөлімдерден тұратын, оқудың барлық кезеңіне құрылатын құжат:
- жеке оқу жоспары (қажет болған жағдайда жыл сайын ыждағаттау);
- ғылыми-зерттеу/экспериментальды-зерттеу жұмысы (тақырып, зерттеу бағыты, есеп берудің мерзімі және формасы);
- тәжірибе (бағдарлама, база, есеп берудің мерзімі мен формасы);
- негізделген және құрылымды магистрлік диссертация тақырыбы;
- магистрлік диссертацияны орындау жоспары;
- ғылыми жарияланымдар, сынау (сажировка) мерзімдерінің жоспары (міндетті түрде).
Магистрант өзінің жеке оқу жоспарын бiр үлгiдегi оқу жоспарының және элективтік пәннің негізіне қарай эдвайзердің көмегімен құрады. Оған барлық пәндердің міндетті құрамдас бөліктері кіруі керек, бұл ГОСО анықталған көлемнен кіші болмауы шарт.
Қорытынды аттестация (Qualification Examination) – білім алушының оқу бағдарламаларын білім деңгейіне сай игергенін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім, осының нәтижесіне қарап мемлекеттік білімнің үлгісі ретінде құжат (диплом) беріледі;
Қорытынды бақылау (Final Examination) – аралық аттестация кезеңінде пәнді оқып аяқтауда жүргізілетін оқу жетістігін тексеру тәсілі;
Элективті пән каталогы – каталогке атауы, мақсаты мен міндеті, қысқаша мазмұны бар пән, оқытушыны қосу үшін постреквизиттері мен пәндердің перереквизиттері, оқытушы жөніндегі ақпараттар жинақталған құрылымдық формасы бар құжат.
Кредит (Credit Hour) – білім алушы/оқытушы оқу жұмысының көлемi бiрегейлендiрiлген өлшем бiрлiгi.
Бір кредит магистранттың аудиториялық жұмысытары аптаға созғанда академиялық кезең (семестр) 1 академиялық сағатқа тең; әрбір акдемиялық сағат профильдік бағыттағы магистраннттар үшін аудиториялық сабақ 3 сағатқа жеткізіледі, және 4 сағат өзіндік жұмыстары ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттарға.
Білім алудың кредиттік технологиясы (Credit Education) өзбетімен оқу деңгейін жоғарлататын және жеке тұлға қалыптастыруда білімді шығармашылық қасиатпен игеруді жақсартатын оқыту технологиясы, оқыту үрдісін регламенттеу аймағында оқу траекториясын таңдау және білім беру көлемін кредиттік есепке;
Магистр – магистратураның кәсіби оқыту бағдарламасын толық меңгерген тұлғаға берілетін академиялық дәреже;
Магистрант – магистратурада білім алушы тұлға;
Магистратура – қалыпты оқыту мерзімі 1-2 жылдық ғылыми және педагогикалық бағытта кадрларды тиісті мамандыққа сай академиялық «магистр» дәрежесіне даярлайтын, жоғарғы оқыту орнынан кейінгі оқыту орыны;
Магистрлік диссертация – нақты салада өзекті мәселесі бар ғылыми бағытқа сай магистранттың өзіндік зерттеуінде қорытындысын алған ғылыми жұмыс;
Ғылыми және педагогикалық магистратура – жоғарғы оқу орнынан кейінгі ғылыми-педагогикалық бағытты терең меңгерген ғылым кеңістігіне еркін бойлайтын және жоғарғы оқу орнынан кейінгі оқу жүйесін игеруші кадрлар даярлауда кәсіби оқыту бағдарламалрын жүзеге асырады;
Магистратураның оқу бағдарламасы – магистрантарды дайындаудың жалпы ортақ сипаттамасы пәндер, ғылыми/экспериментальды зерттеу жұмыстары, оқудың көлемі мен түрі, кәсіби тәжірибемен және бақылау формасы арқылы көрсетіледі;
Міндетті пәндер (Core Subjects) – бакалавриат/магистратура бағдарламасының міндетті тәртібімен барлық білім алушыларға ортақ оқытылуға тиіс пәндер;
Тіркеу бөлімі/Тіркеуші офисі (Office of the Registrar) - білім алушылардың жыл бойғы оқу жетістіктерін және тәртіптері мен өнерлерін тіркеу, оқытылған пәндерін жазып отыру, түрлі ұйымдарда, шет елдерде қамтамасыз етілген үйрету кезеңдерін, қорытынды бақылауды және академиялық рейтингтің есептерін тіркеп отыратын қызмет орны;
Қайта тіркеу кезеңі (Add/Drop Period) – магистрант оқу ағымында өзінің ЖЖЖ-ын өзгерткенде, бір курстан бас тартыу және екінші курсқа жазылу болған жағдайда жүргізілген кезең;
Пәнді қайта игеру (Retake) – қорытынды бағада «қанағаттандырылмаған» - F баға алып қалған жағдайда пәнді екінші қайталап өту;
Пререквизиттер (Prerequisites) – алдыңғы пәнді меңгеру үшін оқуға міндетті пәндер;
Постреквизиттер (Postrequisites) – келесі пәнді меңгеру үшін оқуға міндетті пәндер;
Пәндер бағдарламасы (УМК обучающегося - Syllabus) – оқытылатын пәннің сипаттамасын, мақсаты мен ұсыныстырын, қысқаша мазмұнын, тақырып және әр сабақтың ұзақтығы, өзіндік жұмыс тапсырмалары, офис-сағат уақыты, оқытушы талаптары, баға критерилері, тапсырманы орындап тапсыру графигі және әдебиеттер тізімі жазылған оқу бағдарламасы;
Профильді магистратура – эканомика, медецина, құқық, өнер, бизнес және қызмет сферасы салалары үшін тереңдетілген кәсіби даярлықты сапалы игеруші кадрларды оқыту бағдарламаларын іске асырады;
Оқудың жұмыс жоспары (Curriculum) – типтік оқу жоспары негізге алынған және ректордың бекітуімен құрылған құжат. Жоспар оқу пәндерінің мідетті компоненттері бойынша толық тізімдері және кредиттік көрсеткішпен таңдалған компоненттерінен тұрады;
Тіркеу – әрбір оқу жылында құрылатын тіркеу кезеңінде оқу пәндеріне жазу рәсімі типтік оқу жоспарына және элективті пәндер каталогына сай жүргізіледі. Тіркеу рәсімі сондай-ақ оқытушының таңдауын да қарастырады.
Рубеждік бақылау (Mid-term Examination) – академиялық күнтізбенің бекітуімен келістіріле жүргізілетін (семестрдің 8 және 15 аптасы) магистранттың оқу үлгерілімін оқытушылардың қатысуымен тексеру;
Оқу мазмұны – бұл тұлғаның жан-жақты дамуына, жетілуіне негіз болып табылатын, оқудың әрбір деңгейі үшін құрылған білім жүйесі;
Магистрлер дайындау мамандығы – белгілі ғылыми, педагогикалық, басқармалы немесе өзге де кәсіби қызмет үшін маңызды, нақты ғылым саласында білімді, икемдікті, дағдыны қалыптастырушы магистратураның оқу бағдарламаларынан негізделген кешен;
Бағыттаушы-анықтама – жоғарғы оқу орнының ішкі тәртібі туралы қысқаша жүйелендірілгені жөнінде, оқу үрдісінің ұйымдастырылған және рәсімделген қалып жөнінде білім алушыға арналған түсіндірмелі ақпарат көзінің бір түрі;
Оқу үлгерімінің орташа баллы GPA (Grade Point Average) – академиялық кезеңде таңдалған бағдарлама бойынша оқу үлгерімінің орташа бағасы (оқу кезеңі ағымындағы пән бойынша кредиттің барлық саны кредиттік сағаттың жүргізу бағасы ы қорытынды бақылауда сандық балл эквивалентінің бағасына қатынасы);
Транскрипт (Transcript) – кредит саны мен бағасы және орташа балл көрсетілген, оқу кезеңінде жүргізілген пәндердің тізімі бар арнайы формалы құжат;
Тьютор – оқытушымен бірге пәнді меңгеруге көмектесуші тұлға;
Эдвайзер (Advisor) – оқу ағымында тиісті мамандық бойынша білім алушыға оқу бағдарламаларын үйретуші, бағыт беруші оқытушы;
3. Оқу үрдісін ұйымдастыру.
Жәнгі хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мамандарды жоғары кәсіптік (бакалавриат және жоғары арнайы білім) және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім (магистратура және докторантура) беру бағытында кредиттік оқыту технологиясымен мамандар даярлайды, білім алу көлемін кредиттік жүйе түрінде жүргізе отырып мамандардың өзін-өзі жетілдеру, жан-жақтылықты дамыту негізгі тапсырма болып табылады.
Магистратураның оқу үрдісін ұйымдастыру ҚР-ның МемОСТ 5.04.033 – 2011. сай жүргізіледі. Негізгі тәртіптің орындалуы жоғарғы оқу орнынан кейінгі мамандық классификаторымен ұсынылған және бекітілген тәртіппен оқу-бағдарламалық құжаттар ҚР МемСТ тәртібімен, магистранттың жеке жұмыс жоспары, өзге де құжаттар қаралады.
ҚР МемОСТ 5.03. «Кәсіптік-оқу бағдарламалаының Қазастан Республикасында оқыту жүйесі» стандартына сай, кәсіптік-оқу бағдарламалары магистрантты мамандығын игерген квалификациялы, жалпы білім және кәсіптік деңгейі жоғары маман даярлауға бағытталған.
Магистратураның оқу бағдарламасының құрылымы оқудың мазмұнын анықтаушы және олардың арақатынасын, тіркелуін және өлшемін айырады, оқудың және ғылымы жұмыстардың әр түрлерінен түзіледі.
Магистратураның оқу бағдарламасының құрамы:
- базалық және профильдік пәндерді қосатын теориялық оқу;
- кәсіптік тәжірибелер (педагогикалық, өндірістік, зерттеу);
- ғылыми және педагогикалық магистратура үшін магистрлік диссертацияны орындауда жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары;
- профильді магистратура үшін магистрлік диссертацияны орындауда жүзеге асырылатын экспериментальды-зерттеу жұмыстары;
- аралық және қорытында аттестациялау.
Барлық жүргізілген жұмыстардың еңбек көлемін есептеу меңгерілген материал көлемімен және кредит санымен өлшенеді. Бұл уақытта өткен оқуды меңгеру деңгейін есептейтін кредиттерден жинақталған кредиттік жүйе ықпал етеді.
Магистратураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру үшін магистарнт барлық пререквизиттарды иеленуі керек. Қажетті пререквизиттердің тізімін өз еркімен жоғарғы оқу орнында анықтайды.
Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда магистрантқа оларды ақылы түрде игеру міндеттеледі. Магистрант қажетті пререквизиттарды толық игерген жағдайда ғана магистратурада оқуды жалғастырады.
Оқудың кредиттік техналогиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыруда әрбі оқу пәндерінің көлемі барлық кредит санын құрауы керек. Мұнда пән тәртіп бойынша кем дегенде 3 кредит көлемімен бағаланады.
Пәнді 1 немесе 2 кредитте бағалауды қорытындылау ретінде жібереді.
Магистратура оқу жоспарының барлық формасында оқу пәндерін топтаудың бірыңғай жүйесін қолданады.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 |


