Ескерту:* СРО (бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар дайындау, есеп және т. б..) бекітілген балл шеңберінде апта бойынша жалпы жұмсалған жұмыс шығынына байланысты бағаланады.

6.2. Аралық бақылау – пәннің бір бөлік мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында бірнеше тақырыптар бойынша материалдарды меңгеріп болған соң жүргізілетін бақылау (тәртіп бойынша екі аралық бақылау жүргізіледі).

Аралық бақылау 8 және 15 рейтингтік аптада жүргізіледі (2 семестр оқытылатын пән болса рейтинг балы ведомостқа 15 аптада немесе 30 аптада қойылады).

Оқытушы аралық бақылауды өткізуді өз бетімен анықтайды (коллоквиум, бақылау жұмысы, тестілеу және т. б.).

Әр аралық бақылау сайын аудиториялық және аудиториядан тыс орындалған жұмыстардың балы қорытындылады (4 кесте).

Бірінші және екінші рейтинг нәтижелері рейтингтік және аттестациялық ведомостқа рейтинг қойылатын апта біткеннен кешікпей қойылады.

7 кесте. Ағымдық және аралық бақылау бағалары, балл

Рейтингтік бақылау

Барлық бал

1 кредит

2 кредит

3 кредит

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

АБ

1 рейтингтік бақылау

(8 апта)

100

75

25

75

25

80

20

2 рейтингтік бақылау

(15 апта)

100

75

25

75

25

70

30

Барлығы

200

150

50

150

50

150

50

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

6.3. Қорытынды бақылауаралық аттестаттау (емтихан сессиясы) кезеңінде пәнді оқыту аяқталған соң жүргізілетін білім алушының оқу жетістіктерін тексеру.

Әр оқу пәні сайын емтихан түрі мен тәртібі университеттің Ғылыми кеңесі шешімімен академиялық мерзім басталмас бұрын бір айдай уақытта орнатылады.

Емтихан кестесі ЖООКББ бөлімі тіркеу бөлімі және тестілеу және мониторинг бөлімімен бірігіп құрылады. Емтихан кестесі Ож/еОӘЖЖД директорымен бекітіліп емтихан сессиясынан екі апта бұрын білім алушылар мен оқытушыларға жеткізіледі.

Емтихандар жазбаша, ауызша тестілеу түрінде жүргізіледі.

Емтиханды жазбаша/ауызша өкізуде билетте 3 сұрақ құрастырылады. Егер пән практикалық бағытта болса билетте 4 сұрақ, яғни оның біреуі есеп, тапсырмаларды шешуге бағытталады.

Емтиханды тек 100 балдық рейтинг-рұқсаты бар білім алушылар ғана тапсыра алады. Рейтинг-рұқсатты қосу кезінде ағымдық және аралық бақылау бағалары есептеледі.

Қорытынды баға егер білім алушы жақсы баға алған кезде қойылады. (50% немесе рейтинг – рұқсаты бар).

Ағымдағы үлгерім бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 60% және емтихан бағасының 40% құрайды. Қорытынды бағаны есептеуде тіркеу бөлімінде 0,6; 0,4 коэффициенттері қолданылады.

ҚБ =

РБ1 (100) + РБ2 (100)

х 0,6 + ҚБ (100) х 0,4

2

мұндағы: РБ1 – бірінші рейтингтік бақылау; РБ2 –екінші рейтингтік бақылау; ҚБқорытынды бақылау; ҚБқорытынды баға;

Емтихан нәтижелері емтихан болған күні емтихан біткен соң оқытушыға беріліп, тіркеу бөліміне тапсырылады. Тестілеу қызметінің қорытындысы 7 ережеге сай болады.

Рейтинг рұқсатының немесе қорытынды бағаның нәтижесіне қанағаттанбаған білім алушы емтихан өткен соң аппеляцияға беруге құқылы. Аппеляциялық комиссияның нәтижесі хаттама түрінде дайындалады.

Пәндер бойынша сынақтар семестрдің соңғы аптасында сабақ үстінде қабылданады. Сынақтар бағасы GPA есептеген кезде есепке алынбайды, бірақ диплом алу үшін сынақ тапсыру міндетті.

Курстық жұмыстар/жобалар емтихан сессиясы басталғанға дейін қорғалуы тиіс.

Оқу процесі кезінде кәсіптік практикалардың бірнеше түрлері өтеді: зерттеу, педагогикалық практика (ғылыми-педагогикалық бағыт) және өндірістік практика (бейіндік бағыт).

Кәсіптік практика мамандықтың білім беру МЕСТ сай жүргізіледі. Білім алушының практика қорытындысы есеп түрінде қабылданады және оны пркатика жетекшісі тексеріп кафедра меңгерушісінің ұйғарымымен құрылған комиссия алдында қорғайды.

Практика бағасы қорғалған есеп нәтижесінде балдық-рейтінгтік жүйемен қойылады (8, 9 кесте).

8 кесте – Зерттеу және өндірістік практиканың нәтижесі бойынша балды бөлу

Компоненттер

Балл саны

Практика жетекшісінің балл бөлуі

1

Жеке жұмыс жоспарын орындау

5-10

2

Зертте жұмыстарын жүргізу

7-15

3

Білім алушыға сипаттама

3-5

4

Мәлімет жинау

10-20

5

Жұмыстың және есептің уақытында орындалуы

5-10

ҚОРЫТЫНДЫ

30-60

Есепті қорғау бойынша балл бөлу

6

Есептің мазмұны

20 дейін

7

Есепті қорғау

20 дейін

ҚОРЫТЫНДЫ

20-40

БАРЛЫҒЫ

50-100

9 кесте – Педагогикалық пркатика нәтижесі бойынша балл бөлу

Компоненттер

Балл саны

Практика жетекшісінің балл бөлуі

1

Жеке жұмыс жоспарының орындалуы

5-10

2

Ашық сабақтарды бағалау

10-20

3

Тәрбие жұмыстарын жүргізу

7-15

4

Мінездеме жазу

3-5

5

Жұмыстың және есептің уақытында орындалуы

5-10

ҚОРЫТЫНДЫ

Есепті қорғау бойынша балл бөлу

6

Есептің мазмұны

20 дейін

7

Презентация және сұрақ-жауап

20 дейін

ҚОРЫТЫНДЫ

20-40

БАРЛЫҒЫ

50-100

Емтихан кестесін тіркеу бөлімі ЖООКББ бөлімімен бірігіп жасайды.

ЖООКББ бөлімі жетекшісі жекелеген жағдайда (ауырған жағдайда, отбасы жағдайына байланысты) емтиханды жеке кесте бойынша тапсыруға рұқсат береді.

Емтиханды жеке кесте бойынша тапсыруға ауырғанын, баланың дүниеге келгенін, қызметтік немесе оқу іссапарларын дәлелдейтін анықтамасы болған жағдайда ғана рұқсат береді

Емтиханды тапсырып болған соң қорытынды баға ЖОО студенттеріне қойылғандай қойылады.

Емтихан ведомостысы тіркеу бөліміне беріледі, онда білім алушылардың жыл бойына оқылған кредит саны саналады.

Соңынан емтихан ведомостысы ЖООКББ бөліміне беріледі. Әр оқу пәнінің емтихан ведомостысы негізінде ЖООКББ бөлімінде қорытынды аттестаттау бойынша жинақтама ведомосты жасалады.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9