Оқуын жалғастырғысы келмеген жағдайда білім алушы өз еркімен оқудан босатылуына құқылы.

ЖООның ережесін бұзғаны үшін, университет әкімшілігінің ішкі тәртіп ережесінде дисциплинарлық шаралармен әсер етуге құқылы

1) түзету;

2) ескерту;

3) сөгіс;

4) жеке іс қағазыны ендірілетін қатаң сөгіс;

5) Университеттен шығару.

Білім алушы құрылған тәртіп бойынша оқу және ұжымдық қызмет жөніндегі сұрақтармен басшылыққа жолыға алады.

5. Білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу және қайта тіркеу тәртібі

5.1. Кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Магистратураның білім беру жүйесінің бағдарламасы 1-1,5 жыл (бейіндік бағыт), 2 жыл (ғылыми және педагогикалық бағыт). Оқуды бітіргеннен кейінгі қойылатын шарт міндетті компонент бойынша және таңдау бойынша (элективті) белгіленген кредит санын оқып шығу. Қосымша элективті пәндер жоғары оқу орнында дайындау бағыты және білім беру қызметінің сапалық мүмкіндіктерін ұсыну бойынша өздігінен таңдалады.

Барлық оқу аралығында магистрант кемінде 51 кредит (ғылыми және педагогикалық бағыт), 26 кредит (1 жыл), 38 кредит (1,5 жыл) меңгеру қажет.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Академиялық босатуды таңдау – кредиттік технологияның негізгісі, яғни білім алушы өзінің білім беру траекториясын қалыпқа келтіруге, сонымен қатар оқытушыны таңдау мүмкіндігіне ие. Осыған байланысты білім алушыларға эдвайзер көмегімен оқуды ұйымдастыруды анықтайтын жеке оқу жоспары (ЖОЖ) толтырылады.

Эдвайзер (Advisor) - тисті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы. Эдвайзерлер білім алушыларға академиялық қызмет көрсетеді және оқу процесін ұйымдастыруға қатысты ақпараттық мағлұматтарды дайындауға: анықтамалық-жосілтегішті, ЖОЖ, элективті пәндер каталогын, белсенді тарату материалдарына байланысты сұрақтарға жауап береді.

Тьютор (Tutor) – білім алушыларға оқытушы оқытатын пәнді игеруге көмектесетін тұлға.

Тьютор болып міндетті және элективті пәндерді меңгеруге көмектесетін, оқу сабағын жүргізетін оқытушы табылады.

Тьютор әр курстың кез-келген білім алушысының оқу процесін бақылайды, берілген жеке тапсырмаларды, семинар жұмыстарын бағалайды және қажет кезінде ақыл-кеңес береді. Тьютор сонымен қатар оқитын курстың жағдайына жалпы анализ жасайды.

Оқу жылы басында білім алушыларға – бірінші курстарға ұйымдастыру аптасы жүргізіледі. Бұл кезде бірінші курстар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімімен, деканатпен, факультетпен, кафедрамен, кураторлармен, эдвайзерлермен, кітапхана және университет мұражайымен танысады. Кафедралармен осы аралықта таңдау бойынша пән презентациялары, тьюторлар мен пән бойынша дәріс берушілердің презентациясы жүргізіледі.

Пән презентациялары білім алушыларға таңдаған мамандығының оқу траекториясын дұрыс таңдау үшін және өздерінің жеке оқу жоспарын құруға көмектеседі. Презентациялардың қорытындысы бойынша білім алушылар университеттегі оқу кезеңінде элективті пәндерді таңдау мүмкіндігіне ие болады, сонымен қатар оқу жылына барлық пән оқытушыларын таңдайды. Пәндерге жазылу университеттің тіркеу бөлімінде жүргізіледі.

Кредиттік технология бойынша еркін білім алу траекториясын таңдау үшін университетте академиялық қызметтер – тьюторлар және эдвайзерлер енгізілген.

5.2. Білім алушының білім беру траеториясын таңдау процедурасы

Білім алушы өзінің білім беру бағдарламасын мамандықтың жұмыс оқу жоспары шегінде өз бетімен жеке оқу жоспары (ЖОЖ) ретінде құрастырады. Білімнің сәйкес деңгейін меңгеру үшін білім беруші оқу жоспары бойынша талап етілген кредиттер санын жинау арқылы өз жеке оқу жоспарын орындауға міндетті.

Білім алушының ЖОЖ әрбір академиялық кезеңге эдвайзердің көмегі арқылы қалыптасады. Эдвайзердің басты міндеті - білім алушыға оқыту траекториясын таңдауға көмек көрсету. Эдвайзер болмаған жағдайда бітіруші кафедраның меңгерушісі білім алушыға жеке оқу жоспарларын қалыптастыру мәселелері бойынша кеңес беруі тиіс. Эдвайзерлер саны білім алушылардың санына байланысты ректордың бүйрығымен бекітіледі.

ЖОЖ құру кезінде білім алушы міндетті:

· Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережелерімен танысуға;

· Оқу пәндеріне тіркелу және қайта тіркелу мерзімдерін сақтауға;

· Жекелеген деңгейдің білім бер бағдарламасын меңгеру үшін бір оқу жылына бекітілген кредит санынан кем емес пәндерге жазылуға.

Білім алушы ақылы негізге сәйкес деңгейдегі білім беру бағдарламасын меңгеру үшін бекітілген кредит санынан төмен кредит санымен өзінің ЖОЖ қалыптастыра алады, соған сәйкес оқу мерзімі ұлғаяды.

Қалыптасқан ЖОЖ (3 данада) ғылыми жетекшімен, кафедра меңгерушісімен келісіледі де, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің жетекшісімен бекітіледі. Келісілгеннен соң бір дана білім алушыда қалады, ал екінші дананы эдвайзер Тіркеу бөліміне атестаттауды ұйымдастыру үшін тапсырады, үшінші дана жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінде болады және білім алушының оқу жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.

Білім алушы элективті пәндерді (таңдау бойынша компонент) мамандықтың жұмыс оқу жоспары шегінде пәндер құрамы бойынша ЖОЖ өзгертуге құқылы.

Білім алушы өзінің ЖОЖ оқу жұмыс жоспары шеңберінде мамандық бойынша элективті пәндер (таңдау компоненті бойынша) құрамын өзгерте алады.

Элективті пәндер каталогы (ЭПК) оқу жоспарының әр бөлігі бойынша кафедрада жасалып, кафедра отырысында, Факультет кеңесінде қаралып, Ғылыми кеңесте бекітіледі.

Білім алушының жеке жұмыс жоспарындағы кредит саны білім алушының мамандық бойынша оқу жұмыс жоспарындағы кредит санына сай болуы тиіс.

Білім алушылардың пәндерді оқуға жазылуы Тіркеу бөлімімен, кафедралар, деканаттар мен эдвайзерлердің әдістемелік және кеңес беру көмегі арқылы жүргізіледі.

Тіркеуге дейін білім алушы өзінің жеке траекториясын білу үшін эдвайзеріне жолығу керек. Эдвайзер білім алушыға бекітілген оқу жұмыс жоспары бойынша және пәндерді таңдау каталогына сәйкес пәндерді таңдау сұрақтары бойынша кеңес береді және түсіндіреді.

Жаңадан университетке түскен білім алушы ұйымдастыру аптасынан өткен соң, бірінші семестрдің теориялық оқуы басталмай тұрып тіркеледі. Білім алушылардың бұл категориялары пәндерге тіркелу үшін келесілер негіз болып табылады:

ü Білім алушылар қатарына тіркеу бұйырғы;

ü Семестрге үшін төлем (егер оқу ақылы негізде болса).

Басқа білім алушылар келесі оқу жылының пәндеріне және қайтадан оқитын пәндерге академиялық күнтізбеде көрсетілген тіркелу кезеңі аралығында оқу жылының аяғында тіркеледі. Олардың тіркелу кезеңіне (презентациялар, кеңестер) қатысуы міндетті.

Тіркелу үшін оларға:

ü Пәнді оқуға қажетті барлық пререквизиттерді толық өтуі;

ü оқу ақысы бойынша бережақтардың болмауы;

ü кешендік дәрігерлік тексеруден өту (оқу жылына бір рет).

Ақылы негізде оқитын білім алушылар оқу ақысын келісілген шартқа сәйкес төлейді.

Таңдалынған курстардан бас тарту және қайта тіркелу жеке өтініш бойынша 27 тамызға дейін келесі себептермен жүргізіледі:

ü топтың рентабелсіздігі (қалыптаспауы) ;

ü кафедраның штаттық сабақ кестесінің өзгеруі.

Кредиттік жүйемен оқыту кезінде академиялық ағындар мен топтар, оқытушыға және оқыту пәндеріне жазылу принципі бойынша қалыптасады.

Академиялық лектер пәнге жазылған білім алушылардың жеткілікті саны қағидасы бойынша қалыптасады. Міндетті пәндер үшін минимальды жазылған білім алушылардың саны келесіні құрау керек: дәріс - 30 және одан да көп адам, семинарлар мен практикалық сабақтар – 20, зертханалық – 10 адам (тілдер, информатика бойынша практикалық сабақтар жалпы саны 10-12 адамды құрайтын топшаларға бөлінеді). Таңдау бойынша пәндерге минималды 12 адам.

Жазғы семестр кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесінің бір бөлігі, білім алушылардың қосымша оқытудағы қажеттілікті қанағаттандыру және академиялық қарыздарын немесе оқу жоспарларындағы айырмаларын (қайта қабылдау, ауыстыру және де рейтинг-балдың жетіспеушілігінен сессияға жіберілмегендерді) жою үшін ақылы негізде ұйымдастырылады.

Жазғы семестрге өтуге келесілер құқылы:

ü «өте жақсыға» үлгіретіндер (қосымша білім алған соң);

ü өткен академиялық кезеңдегі академиялық қарыздары бар студенттер;

ü қайта қабылдау, ауысу кезіндегі академиялқ қарызы бар студенттер;

ü рейтинг-бақылаудың қорытындысы бойынша сессияға рұқсаты жоқ студенттер.

Сессия қорытындысы бойынша академиялық қарызы бар білім алушылар кафедрамен келісіп басқа элективті курсты таңдай алады.

Жазғы семестр мамандық пен курстың оқу процесіндегі академиялық күнтізбеге сәйкес анықталып, ұзақтығы 6 аптаны құрайды.

ЖС ұйымдастыру барысы регламентке сәйкес келеді:

ü білім алушы жазғы емтихандық сессия аяқталғаннан кейін 10 күн аралығында тіркеу бөліміне үлгі бойынша ЖС қатысу туралы өтінішін және қосымша төлем түбіртегін қоса береді;

ü пәндерге тіркелгеннен кейін ТБ топтарды бөледі;

ü ЖС тіркелгеннен кейін сабақ кестесі оқытушылар мен дәріс берушілердің бос уақытына байланысты сабақ кестесі құрылады.

Жазғы семестрді ұйымдастыру балдық-рейтингтік жүйеге және білім алушының білім бағасына сәйкес ұйымдастырылады, білім алушыға қорытынды бағаны жазғы семестрде дәріс оқыған дәріс беруші немесе практикалық сабақты жүргізген тьютор қояды.

ЖС аралығында рейтингтік және қорытынды бақылау тестілеу (компьютерлік немесе қағаздық нұсқада) түрінде жүргізіледі. ЖС кезінде өтпелі балды жинамаған білім алушы келесі оқу жылына көшірілмейді. Магистратура бойынша өтпелі балл (GPA) деңгейі 2,67*, осыған сәйкес ректордың бұйрығымен магистранттар келесі оқу жылына көшіріледі.

Пәндерді қайталап оқу барлық мамандықтар мен оқу түрлері үшін тек ақылы негізде жүзеге асырылады. Бір кредит құны оқу жылына есептелген оқудың құны мен оқылған кредит санына сәйкес есептеледі.

*- өтпелі балл Ғылыми Кеңес шешімінің негізінде оқу жылы өткен соң өзгеруі мүмкін.

6. Білім алушының ағымдық, аралық және қорытынды бақылауларын ұйымдастыру және бағалау тәртібі

Білім алушының оқу жетістігін бақылау мемлекеттік жалпыға бірдей стандартына сәйкес білім беру деңгейін игеруді анықтау мақсатында жүргізіледі.

Білім алушының білімін бақылау және бағалау балдық-рейтингтік жүйеде жүргізіледі, келесі бақылау түрлері бар:

1. ағымдық бақылау;

2. аралық бақылау;

3. қорытынды бақылау;

4. қорытынды аттестация.

6.1. Білім алушының магистратура мен докторантураға ағымдық бақылау үлгерімі ЖОО студенттері сияқты жүргізіледі.

Ағымдық бақылау үлгерімі – пәннің оқу бағдарламасына сәйкес оқытушымен жүргізілетін білім алушының оқу жетістіктерін тексеретін жүйелік бақылау.

Білім алушының ағымдық бақылау үлгерімі сабақ кестесіне сәйкес бекітілген кестеде жүргізіледі (4 кесте).

4 кесте – Ағымдық бақылау үлгерімі сызбасы

Кредит саны

Сабақ кестесі

1 апта

2 апта

3 апта

1 кредит

1 сағ зерт.

2 сағ семинар

1 час практ.

2 сағ семинар

2 кредит

1 зерт.

1 практ.

4 сағ семинар

1 практ.

1 зерт.

4 сағ семинар

3 кредит

1 зерт.

1 практ.

4 сағ семинар

1 зерт.

1 практ.

4 сағ семинар

1 зерт.

1 практ.

4 сағ семинар

Сабақ кестесі 3 апта сайын 5 реттен 15 академиялық аралықта қайталанады.

Ағымдық бақылау үлгерімін оқытушы қояды және семинарлық, практикалық сабақтардан алынған, орындалған зертханалық жұмыстар үшін бағалар қосылады білім алушының өздік жұмысын орындауын бақылау аудиториялық сабақтарды бақылау кезінде жүзеге асады, сонымен қатар, СРО кестесімен кафедрада балдық-рейтингтік жүйемен бағаланады.

Кесте 5. Барлық жұмыс уақытының жойылуына байланысты білім алушының білімін бағалау критериі

Жұмыс түрлері (сабақтар)

Бағаның пайыздық мазмұны

Жоғары балл

1 кр.

2 кр.

3 кр.

Зертханалық жұмыстарды орындау*

30%

1сағат = 6

1сағат = 3

1 сағат = 2

Семинарлық және практикалық сабақтарға белсенді қатысу*

30%

1сағат = 6

1сағат = 3

1 сағат = 2

Білім алушының семинарлық жұмыстарын орындау

90%

2сағат = 9

4сағат = 9

4 сағат = 6

Ағымдық бақылау қорытындысы

150

150

150

150

Ескерту:* сабақ түрлері пәндерді оқыту бағдарламасына сәйкес анықталады. Академиялық сағатта сабақтың болмауы басқа жұмыс түрлеріне ауысады.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9