Білім алушылар барлық емтихандарды жеке оқу жоспарына сай, сонымен қатар пәннің оқу бағдарламасына сай тапсырады.

Білім алушылар сонымен қатар қосымша оқылған пәндердің емтиханын тапсыра алады, олардың нәтижесі емтихан ведомостысына немесе жеке ведомостқа жазылады.

«Қанағаттанарлықсыз» бағаны оң бағаға түзету үшін білім алушы қайтадан барлық сабақ түрлеріне қатысып, рұқсат алып, қорытынды аттетстаттауды тапсырады. Қорытынды бақылау бойынша оң бағаны қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Пән бағдарламасын толығымен орындаған білім алушы егер емтиханға келмесе фамилиясының қасына «келген жоқ» деген белгі қойылады.

Белгілі себептермен емтиханнан қалған болса ЖООКББ бөлімі жетекшісінің ұйғарымымен емтихан тапсыру үшін жеке кесте дайындалады.

Транскриптта магистранттар мен докторанттардың қорытынды бағалары, соның ішінде қайталап тапсырған емтихан нәтижесі де жазылады.

Оқу жылы аяқталған соң емтихан сессиясының нәтижесіне сай ЖОО ректорының бұйрығымен білім алушылар келесі курсқа көшіріледі.

6.4.Магистранттардың қорытынды аттестациясын өткізу тәртібі

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Магистранттарды қорытынды аттестациялау – магистратура мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сай магистранттардың алған білімдері, қабілеттері, дағдылары мен компетенциясына сәйкестігін анықтауға бағытталған магистранттың оқу жетістіктерінің мемлекеттік бақылау түрі.

Магистранттардың қорытынды аттестациясы академиялық күнтізбеде және мамандықтардың жұмыстық оқу жоспарларында қарастырылған уақытта кешенді емтихан және магистрлік диссертация қорғау түрінде өткізіледі.

Кешенді емтихан және диссертация қорғау мемлекеттік аттестациялық комиссиямен өткізіледі (МАК).

МАК төрағасы бекітілген тәртіпте білім саласындағы уәкілетті органмен бекітіледі.

Кешенді емтихан диссертация қорғауға дейін бір айдан кем емес уақыт аралығында өткізіледі. Мамандық бойынша кешенді емтиханға магистратураның білім беру бағдарламасының базалық және бейіндік пәндері кіреді.

Магистрлік диссертация қорғау үдерісі жоғары оқу орындарында білім алушылардың ағымдық бақылау үлгерімі, аралық және қорытынды аттестация өткізудің типтік ережелеріне сәйкес ЖОО-мен өз бетінше анықталады.

Магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқу бітірген тұлғаларға мамандығына сәйкес « магистр» академиялық дәрежесі және қосымшасы (транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. Мамандық бойынша кешенді емтиханға магистратураның кәсіптік оқу бағдарламасының базалық және бейіндік пәндері циклінің міндетті компонентінің пәндері кіреді.

Кешенді емтихан бекітілген бағдарлама шеңберінде ауызша, жазбаша және тестілеу түрлерінің бірінде өткізіледі.

Кешенді емтихан бағдарламасы, өткізу түрі және тапсырмалар мазмұны кешенді емтиханға қосылған пәндердің оқу бағдарламалары негізінде ЖОО-мен өз бетінше жасалады.

Тексерістен кейін диссертациялық жұмыс сараптаудан өтеді. Осы мақсатта диссертациялық кеңес әрбір диссертациялық жұмыс бойынша сараптау комиссиясын құрады.

Диссертациялық жұмыстарды қорғау диссертациялық кеңес отырысында жүзеге асады.

Диссертациялық кеңестер магистратураның әрбір мамандығы бойынша құрылады.

Магистрлік диссертация қорғау бойынша диссертациялық кеңестің құрамы төрағаның орынбасары, ғылыми хатшы және мүшелері көрсетілген ЖОО-ның басшысының бұйрығымен күнтізбелік жыл бойына бекітіледі.

Магистрлік диссертация қорғау келесі құжаттардың көмегімен жүзеге асады:

Ғылыми жетекшінің оң сын – пікірі;

Диссертация тақырыбы бойынша ғылыми басылымдарда біреуден кем емес басылым немесе халықаралық, республикалық ғылыми конференцияларға шығу;

Диссертациялық қорғауға жіберу туралы сараптау комиссиясының жазбаша қорытындысы;

Қорғауға жіберу туралы кафедраның шешімі (кафедра отырысының хаттамасынан үзінді);

Мамандығына сәйкес академиялық магистр дәрежесін беру мүмкіндігі, диссертацияның жан-жақты сипаттамасы және бағасы көрсетілген («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз») қорытындысы бар қорғалатын жұмыс тақырыбына біліктілігі сәйкес келетін бір оппоненттің рецензиясы.

Ғылыми жетекші немесе сараптау комиссиясы «қорғауға жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсынылмайды» деген теріс қорытынды берсе магистрант магистрлік диссертациясын қорғамайды.

Сараптау комиссиясының құрамына екеуден кем емес ұсынылған зерттеу объектісі мен нысаны шеңберінде білімі бар мамандар кіреді.

Сараптау комиссиясының құрамы диссертациялық қорғауға дейін бір ай бұрын ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Сараптау комиссиясының құрамына ғылыми жетекші немесе кеңесші болып табылатын тұлғалар кіре алмайды.

Магистрлік диссертация қорғау нәтижелері әрбір магистрантқа жеке хаттамамен толтырылады.

Магистратураның кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес білімін дәлелдеген және магистрлік диссертациясын қорғаған, қорытынды аттестациядан өткен білім алушыларға магистрлік диссертация қорғау бойынша диссертациялық кеңестің шешімі бойынша мамандығына сәйкес «магистр» академиялық дәрежесі және қосымшасы бар мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Магистранттардың қорытынды аттестациясы аяқталған соң МАК және магистрлік диссертация қорғау бойынша диссертациялық кеңес төрағалары магистранттардың қорытынды аттестация нәтижелері туралы бірыңғай есеп жасайды және екі апта ішінде ғылыми мекемеге немесе ЖОО басшысына тапсырады.

Магистранттардың қорытынды аттестация нәтижелері туралы есепке МАК және магистрлік диссертация қорғау бойынша диссертациялық кеңес төрағалары қол қояды, ЖОО ғылыми кеңес отырысында талқыланады және бекітіледі.

ЖОО магистратурада білім алушылардың қорытынды аттестациясы аяқталған соң бір ай уақыт аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігіне магистранттардың қорытынды аттестация нәтижелері туралы есепті тапсырады.

7. Білім алушының білім деңгейін бағалау критериі

Білім алушылардың білімі, білігі, дағдысы мен шеберлігі бақылаудың барлық түрлері бойынша тікелей пропорционалдық қатынасы бар бағалаудың балдық-рейтингілік таңбалық жүйесі бойынша анықталады.

Пайыздық мөлшері 95-100% және 4,0 сандық баламасы бар «Өте жақсы» деген бағалауға А, пайыздық мөлшері 90-94% және 3,67 сандық баламасы болса А-бағалауына сәйкес келеді.

Бұл бағалар білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қателіктерге бой алдырмай дұрыс орындаған, зерханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы әрі дұрыс орындаған және ол бойынша есептер тапсырған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан, коллоквиумды тапсыруда қандай да бір қателіктер жібермеген және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнді оқып-үйрену барысындаөздігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

Пайыздық мөлшері 85-89% және 3,33 сандық баламасы бар «жақсы» деген бағалауға В+ сәйкес келеді және осы бағалауда пайыздық мөлшері 80-84% және сандық баламасы 30 болса В, пайыздық мөлшері 75-79% және сандық бағалауды В-ға сәйкес келеді.

Бұл бағалар білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды 75%-дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, зерханалық және бақылау жұмыстарын уақтылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулері болған, коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып немесе негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері студенттің өздігімен түзетілген, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелі білген жағдайда қойылады.

Пайыздық мөлшері 70-74% және 2,33 сандық баламасы бар «қанағаттанарлық» деген бағалауға С+ сәйкес келеді және осы бағалауда пайыздық мөлшері 65-69% және сандық баламасы 2,00 болса С, пайыздық мөлшері 60-64% және 1,67 сандық бағалауда С-, пайыздық мөлшері 55-59% және 1,33 сандық баламасы бар D+, пайыздық мөлшері 50-54% және сандық баламасы 1,00 болса D сәйкес келеді.

Бұл баға білім алушыға егер ол зерханалық материалдардың кем дегенде 50% игерген, бұған қоса зерханалық және бақылау жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет еткен, коллоквиум тапсыру кезінде толымсыз жауаптар мен негізсіз ескертулері болған, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ған шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдарған жағдайда қойылады.

Пайыздық мөлшері 0-49% және 0 сандық баламасы бар «қанағаттанарлық» деген бағаға F бағалауы сәйкес келеді.

Бұл баға студентке, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдарды оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген, жауаптарында елеулі қателіктер жіберген, ағымдағы формалармен қарастырылған жеке және ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.

8. Аппеляция процедурасы

Білім алушы рұқсат рейтингін немесе қорытынды бақылау бағасын аппеляцияға бере алады. Осы мақсатта кафедрада аппеляциялық комиссия құрылады.

Аппеляция ережесі мынадай. Білім алушы рейтинг нәтижесін аппеляцияға беру үшін сол күні өтініш жазады. Өтінішті білім алушы факултет деканы атына жазады, сосын декан визасымен кафедра меңгерушісі 3 адамнан тұратын комиссия мүшелерін құрады, комиссия құрамына кафедра меңгерушісі, оқытушылар және осы пәннен беретін оқытушы, аға оқытушы мен доцент жатады. Аппеляция қараларда білім алушының сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы, бағалары қаралады. Егер аппеляция кезінде білім алушы жеңіп шықса, оқытушы аппеляцияны есепке алып рейтинг ведомостысын дайындайды.

Білім алушы ережеге сай тестілеу орталығында емтихан тапсырады. Бұл жағдайда да қорытынды бақылау нәтижесімен келіспесе аппеляцияға бере алады:

а) тестілік тапсырмалардың қате құрастырылуы;

б) екі бірдей жауаптың болуы;

в) дұрыс жауаптың болмауы;

г) техникалық себептер.

Мұндай жағдайда білім алушы тесттағы сұрақты көрсетіп өтініш жазады, тестілеу бөлімінде құрылған комиссия сәйкессіздікті анықтайды. Егер сәйкессіздік табылса білім алушығакомиссия автоматты түрде балл қосады.

Бағаны жоғарылату мақсатында емтиханы қайтып тапсыру қорытынды бақылау бойынша рұқсат етілмейді. Білім алушы аралық және өткен академиялық мерзімдегі қарызы үшін ақылы негіздежазғы семестр уақытында сол пәнді қайтып оқиды.

9. Академиялық транскрипт

Академиялық транскрипт – бұл оқу жоспарына сәйкес кредит саны мен баға, оқылған пәндер тізбегі көрсетілген бекітілген құжат.

Семестр біткен соң білім алушының бағалары академиялық транскриптта жазылады. Білім алушы академиялық үлгерімі туралы мағлұматты «Офис Регистратор» бағдарламасынан қарай алады. Сонымен қатар, білім алушы тіркеу бөлімінен транскриптті сұрата алады. Тіркеу бөлімінде оқу жұмысы жөніндегі проректордың визасымен жазбаша өтініш қабылданып, транскрипт білім алушының қолына беріледі.

Транскриптте ЖОО атауы, аты-жөні, факультет атауы, мамандық, оқуға тскен жылы, оқу тілі, кредит саны көрсетілген оқылған пәндер және әріптік және сандық түрде бағалар мен мемлекеттік қорытынды аттестаттау, дипломдық жұмыстың тақырыбы, орташа үлгерм балы (GPA), барлық кредит саны мен берілген күні көрсетіледі. Транскрипт тіркеубөлімінде басылып, инспектордың қолы, тіркеу бөлімінің қолы және ректордың қолы қойылып университеттің мөрі басылады.

10. Білім алушыны көшіру, қайтып алу және оқудан шығару тәртібі

СМЖ/СЭМ 08.ҚЕ.02 «Университеттегі білім алушылардың білімін бағалау тәртібі» ережесіне сәйкес білім алушылар ЖОО басқа оқу орнына, оқу түрінен басқа оқу түріне, бір мамандықтан басқа мамандыққа оқу жұмыс жоспарына сәйкес қысқы және жазғы емтихан сессиясының айырмашылықтарын тапсырып ауысуға құқылы.

Білім алушыны көшіру және қабылдау

Көшіру мен қабылдаудың міндетті шарты болып бірінші академиялық аралықта аралық аттестациялауды тапсырып және оқу жұмыс жоспарының барлық талаптарын орындау табылады.

Магистратура мен докторантура үшін міндетті компонент бойынша оқу жоспарындағы айырмашылық үш пәннен аспаса көшіру мен қабылдау сол курста жүзеге асырылады.

Сынақ оқу жетістіктерін бағалауда әріптік жүйемен теңестіріледі: D (1,0; 50-54 %) - А (4,0; 95-100 %).

Білім алушыны курстан курсқа көшіру жазғы емтихан сессиясы нәтижесі мен жиналған орташа балды есепке алып жүргізіледі.

Курстан курсқа көшіру ректордың бұйрығымен жүзеге асады. Мемлекеттік грант негізінде оқитын білім алушы академиялық демалыс кезінде мемлекеттік грантын жоғалтпайды, ал академиялық қарызын ақылы негізде өтейді.

Қайтып оқу курсына қалып қойған мемлекеттік грант негізінде оқитын білім алушы бұл грантынан айырылады және алдағы уақытта ақылынегізде оқиды.

Магистранттар мен докторанттарды басқа ЖОО ауыстыру тек ақылы негізде оқитындар үшін жүзеге асады.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да білім алушыны басқа ЖОО ауыстыру үдерісі төмендегі ереже бойынша жүргізіледі:

1) басқа ЖОО ауысқысы келетін білім алушы ауысқысы келетін ЖОО жетекшісіне жолығып қабылдау туралымөр басылған жазбаша келісім алып ректордың атына өтініш жазады;

2) ауысу туралы өтінішке тіркеу бөлімінің жетекшісінің қолы қойылған, Ож/еОӘЖЖД проректорымен бекітіліп мөр басылған транскрипт көшірмесі тіркеледі, сонымен қатар, шет тілінен түсу емтиханын тапсырған сертификат; мемлекеттік грант иегерінің куәлігі.

Білім алушы ауысатын ЖОО жетекшісі бұйрық шыққан күннен бастап үш күн ішінде біздің университетке жазбаша сұраныс жібереді.

Осындай сұраныс алынған соң оқудан шығару туралы бұйрық шығып, онда «ауысуға байланысты оқудан шықты (ЖОО атауы көрсетіледі)» деп жазылады және үш жұмыс күні ішінде ауысатын ЖОО мекен-жайына білім алушының жеке іс парағы жіберіледі.

Оқу ақысын төлемегені үшін оқудан шыққан ақылы негізінде оқитын білім алушы қарызын өтеген жағдайда оқудан шығарылған күннен бастап 4 апта ішінде қайтып алынады.

Білім алушылардың қатарына қайтып алу және оқу жұмыс жоспарындағы пәндердің айырмашылығын жою ақылы негізе жүзеге асады.

Қайта алу ережесі келесі түрде жүргізіледі:

1) білім алушы ректордың атына қайта алуға өтініш жазады. Қайта алу туралы өтінішке академиялық анықтама тіркеледі;

2) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі берілген анықтама негізінде оқу жұмыс жоспары мен оқу курсындағы пәндердің айырмашылығын анықтайды.

3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің және Ож/еОӘЖЖД проректорының рұқсаты нәтижесінде ректор қайтып алуға бұйрық шығарады.

Қайтып алуға жазылған өтініш келесі академиялық мерзім басталғанға дейін бес күн ішінде берілу керек.

Қайтып алу туралы шешімді ЖОО жетекшісі оқу сабақтары басталмас бұрын үш күн ішінде қабылдау керек.

Оқу жұмыс жоспарындағы пәндердің айырмашылығын жою үшін тәртіп жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің жетекшісі ұйғарымымен дайындалады.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ оқудан шығару тәртібі

Білім алушы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ төмендегі жағдайлар бойынша оқудан

шығарылуы мүмкін

- өз еркімен;

- оқу ақысы бойынша қаржылық бережағы үшін;

- Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Жарғысын, Ішкі тәртіп ережесін бұзғаны үшін

- басқа ЖОО-ға көшуімен байланысты.

Оқудан шыққысы келетін білім алушы ректордың атына оқудан шығару туралы өтініш жазуы керек.

Емтихандық сессия нәтижесі бойынша академиялық қарызы бар студенттер университеттен шығарылмайды, олар қарыздары бар пәндерді осы Ережемен анықталынған тәртіп бойынша қайта өтулері керек.

Семестр ағымында оқу ақысын төлемегені үшін оқудан шығарылған ақылы негізде білім алушылар, оқудан шығарылған сәттен бастап 4 жұма ішінде төлем бойынша қарыздарын өтеген жағдайда, университетке қайта алынады. Бұл жағдайда білім алушы ректордың атына қайта алыну өтінішін жазады да, оған оқу ақысын төлегені туралы түбіртекті қосады. Білім алушының оқудан шығарылған сәтіне дейінгі пәндер бойынша жинаған балдар саны оны қайта алған кезде толық көлемде ескеріледі.

Университеттен шығып кеткен білім алушыға бекітілген формада академиялық анықтама мен транскрипт беріледі.

Білім алушыларды бір оқу жылынан екінші оқу жылына көшіру (курстан курсқа)

Білім беру процесін қорытындылаудың негізгі критериі оқу жұмыс жоспары бойынша білім алушыларға кредит санын меңгерту.

Білім алушылардың білімін бағалаудың маңызды жері жылына академиялық үлгерім деңгейін меңгеру. Білім алушының білімін бағалаудағы маңызды жері академиялық үлгерімді бір оқу жылында меңгеру, ол орташа бал (GPA) түрінде анықталады,

Орташа балл мына формуламен есептеледі:

GPA (ОБ) = И1хК1+И2хК2 + ИЗхКЗ

KI+K2 + K3...

мұндағы Қ1, Қ2, ҚЗ – сандық эквивалентпен пәнді қорытынды бағалау

Kl, K2, КЗ – оқылған пәндердің кедит көлемі.

Білім алушыны келесі оқу жылына ауыстыру көктемгі емтихандық сессия нәтижесі бойынша, ал жазғы семестрді енгізген кезде – жазғы емтихандық сессия нәтижесі бойынша жүзеге асады.

Білім алушыны келесі оқу жылына ауыстыру үшін ол оқу жылының емтихандық сессияларының нәтижесі бойынша бекітілген ауысу GPA жинау керек.

Оқу жоспары бойынша барлық талаптарды орындаған, барлық сынақтар мен емтихандарды тапсырған және бекітілген өтпелі балл 2,67 жинаған білім алушы келесі оқу жылына ректордың бұйрығымен көшіріледі.

11. Білім алушыларға академиялық демалыс беру

Академиялық демалыс – бұл білім алушы өзінің оқуын денсаулығына, жүктілік пен бала босануына байланысты уақытша тоқтату аралығы.

Білім алушы академиялық демалыс алуға емтихан сессиясы басталмас бұрын өтініш жазады. Мемлекеттік грант негізінде оқитын білім алушыға академиялық демалыс демалыс берілген кезде оқуын әрі қарай жалғасытру үшін мемлекеттік тапсырыспен берілген гранты сақталады. Бұл жағдайда оқуды қаржыландыру академиялық демалыс кезінде уақытша тоқтатылады.

Академиялық демалыс 6-12 аралығында дәрігерлік-кеңес комиссиясының шешімі негізінде білім алушыға беріледі, қажет болған жағдайда 2 жылға дейін. Академиялық демалысты рәсімдеу үшін ректордың атына өтініш жазылады және ДКК анықтама сұралады. Ректордың шешімі оң нәтиже берген кезде білім алушыға мерзімі көрсетіліп академиялық демалыс беріледі.

Білім алушы келесі семестр басталғанға дейін келіп келесі оқу жылына қабылдану үшін ректордың атына денсаулық жағдайы көрсетілген анықтаманы көрсетіп өтініш жазады. Анықтама негізінде ректор білім алушыны оқуға қабылдау туралы бұйрыққа қол қояды. Академиялық демалыстан келген білім алушы оқу жұмыс жоспары бойынша айырмашылықты жояды.

12. Білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру

Кредиттік жүйеде білім алушының өзіндік жұмысына көп көңіл бөлінеді: магистранттың өзіндік жұмысы (МӨЖ), магистранттың оқытушымен өзіндік жұмысы (МОӨЖ). Білім алушы өздігінен үй тапсырмаларын, курстық жұмыстар мен зерттеу жобаларын орындауды білуі тиіс.

Силабуста өзіндік жұмыстың барлық түрлері, нақты тапсырмалармен және оларды бағалау өлшемдері міндетті түрде көрсетіледі.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9