Тізімге стандарттардың көрсеткіші және көрсеткіштерінің тіркеу номерлерінің өсу тәртібінде олардың атаулары енеді.
22. «Анықтамалар» құрылымдық элементіне диссертацияда қолданылған түсіндіруді немесе нұсқама беруді қажет ететін терминдердің анықтамалары кіреді.
Анықтамалар тізімі мынадай сөздермен басталады: "Осы диссертацияда келесі терминдер тиісті анықтамаларымен қолданылды".
23«Көрсеткіштер мен қысқартулар» құрылымдық элементіне диссертацияда қолданылған көрсеткіштер мен қысқартулар тізімі жатады.
Көрсеткіштер мен қысқартулардың жазбалары қажетті түсініктемелермен және мағынасын ашумен олардың диссертация мәтінінде келтірілу тәртібінде немесе алфавитті тәртіпте келтіріледі
Анықтамаларды, көрсеткіштер мен қысқартуларды «Анықтамалар, көрсеткіштер мен қысқартулар» атты бір құрылымдық элементте көрсетуге рұқсат беріледі.
24. Кіріпеде шешілетін ғылыми немесе ғылыми-техникалық мәселенің (міндеттің) қазіргі заманғы жағдайын бағалау, аталмыш ғылыми-зерттеу (тәжірибелік-зерттеу) жұмысын жүргізу қажеттілігіне негіздеме, әзірлеменің жоспарланып отырған ғылыми-техникалық деңгейі туралы, патенттік зерттеулер және олардың қорытындылары туралы мәліметтер, диссертацияның метрологиялық қамтамасыз етілуі жөніндегі мәліметтер болуы керек. Кіріспеде тақырыптың маңыздылығы мен жаңалығы, аталмыш жұмыстың басқа ғылыми-зерттеу жұмыстарымен байланысы көрсетілуі қажет, сонымен қоса зерттеудің мақсаттары, нысаны мен пәні, міндеттері, олардың жалпы ғылыми-зерттеу (тәжірибелік-зерттеу) жұмысын орындаудағы орны, әдіснамалық базасы, қорғауға шығарылатын ережелері келтірілуі тиіс.
25 Диссертацияның негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың мәнін, әдістемесін және негізгі нәтижелерін көрсететін мәліметтер баяндалады.
26. Негізгі бөлімде төмендегі мәліметтер болуы тиіс:
- зерттеу бағытының негіздемесі, міндеттерді шешу әдістері мен олардың салыстырмалы бағасы, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің таңдалған жалпы әдістемесінің суреттемесі енетін зерттеу бағытының таңдауы;
- теориялық зерттеудің сипатын және мазмұнын анықтауды, зерттеу әдістерін, есептеу әдістерін, тәжірибелік жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне негіздемені, әзірленген нысандардың әрекет ету қағидаларын, олардың сипаттамаларын қоса алғандағы теориялық және (немесе) тәжірибелік зерттеулер үдерісі;
- жұмыстың әрі қарайғы бағыттары бойынша қойылған міндеттер мен ұсыныстарды толығымен шешуді бағалауды, алынған нәтижелердің дұрыстығын бағалауды және оларды отандық және шетелдік жұмыстардың баламалы нәтижелерімен салыстыруды қоса алғандағы зерттеу нәтижелерін жинақтау және бағалау.
27. Қорытындыда мынадай мәселелер болуы тиіс:
- диссертациялық зерттеудің нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылар;
- қойылған міндеттердің толығымен шешілуін бағалау;
- нәтижелерді нақты қолдану бойынша ұсыныстар мен бастапқы мәліметтердің әзірлемелері;
- енгізудің техникалық-экономикалық тиімділігін бағалау;
- аталмыш саладағы үздік жетістіктермен салыстырғандағы орындалған жұмыстың ғылыми деңгейін бағалау.
28.Тізімде диссертацияны жазу кезінде пайдаланылған әдебиет көздері туралы мәліметтер болуы қажет.
Тізім Б қосымшасына сәйкес ресімделеді.
29. Қосымшаларға қандай да бір себептер бойынша негізгі бөлімге енгізілмеген орындалған диссертацияға байланысты материалдарды енгізу ұсынылады.
Қосымшаға төмендегі материалдар енгізілуі мүмкін:
- аралық математикалық дәлелдеулер, формулалар мен есептеулер;
- қосалқы сандық мәліметтер кестелері;
- сынақ хаттамалары;
- тәжірибелер, өлшеу және сынақтар өткізу кезінде қолданылған аппаратуралар мен құрылғыларды суреттеу;
- диссертациялық жұмысты орындау барысында әзірленген нұсқаулықтар, әдістемелер, ЭЕМ-де шешілетін алгоритмдер мен есептердің бағдарламаларын суреттеу;
- қосалқы сипаттағы суреттер (фото);
- диссертациялық жұмыстың (немесе оның бөлімінің) ғылыми-техникалық кеңесте қаралуының хаттамасы;
- диссертациялық жұмыс нәтижелерінің енгізілу актілері және т. б.
Диссертацияны ресімдеу ережелері
30. Диссертациялық жұмыс мәтінінің беттері және диссертацияға енгізілген суреттер мен кестелер А4 пішініне сәйкес келуі керек.
31. Диссертация кез келген баспа әдісімен жазба машинкасында немесе компьютер мен принтерді қолдану арқылы бір интервалмен А4 пішініндегі ақ қағаздың бір жағында орындалуы қажет. Қаріп – кәдімгі, 14 кегль.
Диссертация мәтінін қағаздың жан жағының келесі өлшемдерін сақтай отырып, теру қажет: оң жағы – 10 мм, жоғарғы жағы – 20 мм, сол жағы – 30 мм, төменгі жағы – 20 мм.
Қаріптің әр түрлі түрлерін қолдана отырып, белгілі бір терминдерді, формулаларды, теоремаларды ерекшелейтін компьютерлік мүмкіндіктерді пайдалануға рұқсат беріледі.
32. Диссертацияның орындалу әдісіне қарамастан терілген мәтіннің және суреттер, кестелерді ресімдеу, ДЭЕМ-де басылған баспалар сапасы олардың нақты шығарылу талабына сәйкес келуі керек.
33.Диссертацияны орындау кезінде барлық диссертация бойынша суреттердің тығыздығы, айқындылығы мен нақтылығы сақталуы қажет. Диссертацияда сызықтар, әріптер және белгілер нақты, түзу болуы қажет.
34. Диссертацияны дайындау кезінде анықталған қателіктер, баспа қателері және графикалық ауытқуларды өшіру немесе ақ бояумен бояп және сол жерге машинамен жазу немесе қара сиямен немесе қара тушьпен қолмен жазу тәсілі арқылы түзетуге рұқсат беріледі.
Мәтін парақтарын бүлдіру, бұрынғы мәтіннің толығымен жойылмаған жерлері мен іздері болуына рұқсат етілмейді.
35. Адамдардың тегі, ұйымдардың атаулары, бұйымдардың аттары және басқа да жалқы есімдер диссертацияда түпнұсқа тілінде көрсетіледі.
Жалқы есімдерді аударуға және ұйым атауларын түпнұсқа атауларын қосып (бірінші рет қолданғанда) диссертация тіліне аударылған күйінде қолдануға болады.
36. «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анқытамалар», «Белгілер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» сияқты диссертацияның құрылымдық элементтерінің атаулары диссертацияның құрылымдық элементтерінің тақырыптары болып табылады.
37. Диссертацияның негізгі бөлімін бөлімдерге, бөлімшелерге және тармақтарға бөлу керек. Қажет болған жағдайда тармақтар тармақшаларға бөліне алады. Диссертация мәтінін тармақтар мен тармақшаларға бөлу барысында әрбір тармақтың аяқталған ақпаратты білдіргені жөн.
38 Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптары болуы керек. Тармақтарға атау берілмейді. Атаулар бөлімдердің, бөлімшелердің нақты және қысқаша мазмұнын бейнелеуі тиіс.
39. бөлімдердің, бөлімшелердің және тармақтардың атаулары абзацтан бастап астын сызбай, аяғында нүктесіз бас әріппен жазылады.
Егер атау екі сөйлемнен тұрса, онда оларды нүктемен ажыратады.
40. Диссертацияның беттерін диссертацияның барлық мәтіні бойынша алмаспайтын номерлеуді сақтап, араб цифрларымен номерлеу қажет. Беттің номерін парақтың төменгі жағында ортасында нүктесіз орналастырады.
41 Жеке парақтарда орналастырылған суреттер мен кестелерді диссертация беттерінің жалпы номерленуіне қосады.
А3 пішініндегі суреттер мен кестелерді бір бет ретінде санайды.
42 Диссертация бөлімдерінің жұмыс барысы бойынша нүктесіз және абзацтық шегіністе жазылған араб цифрларымен белгіленген реттік номерлері болуы қажет. Бөлімшелер әрбір бөлім шегінде номерленеді. Бөлімшенің номері нүктемен ажыратылған бөлім және бөлімше номерінен тұрады. Бөлімше номерінің соңында нүкте қойылмайды. Бөлімдер бөлімшелер сияқты бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін.
43. Егер диссертацияда бөлімшелер болмаса, онда тармақтар әрбір бөлімде номерленуі қажет, және тармақ номері нүктемен ажыратылған бөлім және тармақ номерінен құралады. Тармақ номерінің соңында нүкте қойылмайды.
Мысалы
1 Түрлері және негізгі өлшемдері
1.1
1.2 – Диссертацияның бірінші бөлімі тармақтарының номерленуі
1.3
2 Техникалық талаптар
2.1
2.2 – Диссертацияның екінші бөлімі тармақтарының номерленуі
2.3
Егер диссертацияда бөлімшелер болса, онда тармақтарды номерлеу бөлімше шегінде жүргізіледі және тармақ номері нүктелермен ажыратылған бөлім, бөлімше және тармақ номерінен тұрады, мысалы:
3 Сынау әдістері
3.1 Құралдар, материалдар және реактивтер
3.1.1
3.1.2 – Диссертацияның үшінші бөлімі бірінші бөлімшесі тармақтарының номерленуі
3.1.3
3.2 Сынауға дайындық
3.2.1
3.2.2 – Диссертацияның үшінші бөлімі екінші бөлімшесі тармақтарының номерленуі
3.2.3
Егер бөлім бір бөлімшеден тұрса, онда бөлімше номерленбейді. Егер бөлімше бір тармақтан тұрса, онда тармақ номерленбейді.
44. Егер мәтін тек тармақтарға бөлінсе, онда олар барлық диссертациялық жұмыс шегінде реттік номерлермен номерленеді.
45 Қажет болған жағдайда тармақтар тармақшаларға бөлінеді, олар әрбір тармақ шегінде ретпен номерленуі тиіс, мысалы: 4.2.1.1, 4.2.1.2 және т. б.
46. Тармақтардың немесе тармақшалардың ішінде тізбектеп атау көрсетілуі мүмкін.
Әрбір тізбектеп атаудың алдында сызықша немесе қажет болған жағдайда құжат мәтініндегі тізбектеп атаудың бірін әріппен белгілеуге болады (ё, з, й, о, ч, ь, ы, ъ әріпетерінен басқалары), әрбір әріптен соң жақша қойылады.
Тізбектеп атауды әрі қарай нақтылау үшін араб цифрларын пайдалану қажет, олардан соң жақша қойылады, ал жазба мысалда көрсетілгендей абзацтық шегіністен басталады.
Мысалы
а) __________
б) __________
1)_____
2)_____
в) __________
47. Диссертацияның әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан (беттен) бастау қажет.
48. Диссертацияның және диссертация құрамына кіретін қосымша беттерінің номерленуі алмаспайтын болуы қажет.
49.Суреттер (сызбалар, кестелер, карталар, жобалар, компьютерлік баспалар, диаграммалар, фотосуреттер) диссертацияда олар бірінші рет көрсетілген мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналастырылуы керек.
Суреттер компьютерде орындалған, соның ішінде түрлі-түсті болуы да мүмкін.
Барлық суреттерге диссертацияда сілтеме жасалуы керек.
50. Диссертацияда орналасқан сызбалар, кестелер, диаграммалар, жобалар, суреттер Конструкторлық құжаттаманың ортақ жүйесі (КҚОЖ) мемлекеттік стандарттарының талаптарына сай болуы қажет.
Сызбаларды, кестелерді, диаграммаларды, жобаларды компьютерлік баспаны қолдану арқылы орындауға рұқсат беріледі.
51. А4 пішінінен кіші фотосуреттер ақ қағаздың стандартты парақтарына желімделуі керек.
52. Қосымшалардағы суреттерден басқа суреттерді алмаспайтын номерлеу арқылы араб цифрларымен номерлеу керек.
Егер сурет біреу болса, онда ол «1 сурет» деп белгіленеді. «Сурет» сөзі және оның атауы сызықша арқылы жолдың ортасында орналасады.
53. Суреттерді бөлім шегінде номерлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда сурет номері нүктемен ажыратылған бөлім номерінен және суреттің реттік номерінен тұрады. Мысалы: 1.1 сурет.
54. Қажет болған жағдайда суреттерге атау беріліп, оларға түсіндірме мәлімет жазылады (сурет асты мәтін). «Сурет» сөзі мен оның атауын түсіндірме мәліметтен кейін мынадай үлгімен орналастырады: 1 сурет – Құралдың тетіктері.
55. Әрбір қосымшаның суреттері цифр алдында қосымшаны белгілеу арқылы араб цифрларымен жеке номерленеді.
Мысалы: А. 3 сурет
Суреттер В қосымшасына сәйкес ресімделеді.
56 Суреттерге сілтеме жасаған кезде алмаспайтын номерлеу болса «... 2 суретке сәйкес» деп және бөлім шегінде номерлеу қолданылған болса «суретке сәйкес» деп жазылады.
57.Кестені жақсы көрнекілік және көрсеткіштерді салыстыру ыңғайлылығы үшін қолданады. Кестенің атауы оның мазмұнынан көрініс беріп, нақты әрі қысқа болуы қажет және абзацтық шегініссіз сызықша арқылы оның номерімен бірге бір жолда кестенің сол жақ үстінде орналастырылады. Кестенің бір бөлігін келесі бетке көшірген уақытта бірінші беттегі төменгі көлденең сызық жабылмайды, басқа бөліктерінің үстінде сол жағында «Жалғасы» деген сөз жазылып, кесте номері көрсетіледі, мысалы «1 кестенің жалғасы».
58. Кесте диссертацияда ол бірінші рет көрсетілетін мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналасуы керек. Барлық кестелерге диссертацияда сілтеме болуы қажет. Сілтеме жасағанда номерін көрсетіп «кесте» деп жазу керек. Қосымша кестелерінен басқа кестелер алмаспайтын номерлеу арқылы араб цифрларымен номерленеді. Кестелерді бөлім шегінде номерлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда кестенің номері нүктемен ажыратылған бөлім номерінен және кестенің реттік номерінен тұрады. Әрбір қосымшаның кестелері цифрдың алдына қосымша белгісін қою арқылы жеке-жеке араб цифрларымен номерленеді.
59.Кестелер сол, оң жағынан және астынан сызықтармен шектеледі. Кестеде мәтіндегі қаріптен кіші қаріп өлшемін (12) пайдалануға рұқсат етіледі. Кестенің жолдарын шектейтін көлденең және тік сызықтар, егер олардың болмағаны кестені қолдануды қиындатпаса жүргізілмегені жөн.
Кестенің төменгі сызығы мен мәтін арасындағы қашықтық 2 «бос» жол болуы керек.
Кестені ресімдеудің толығырақ түсінігі 2.105 МЖБС-та.
60.Ескертулерді абзацтан бастап бас әріппен астын сызбай теру керек. Диссертацияда ескертулерді егер мәтіннің, кестенің немесе графикалық материалдың мазмұнына түсініктеме немесе анықтамалық мәліметтер қажет болса ғана жасайды. Ескертулерді осы ескерту қатысты мәтіндік, графикалық материалдан кейін немесе кестеде орналастыру қажет. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту номерленбейді. Бірнеше ескерту нүкте қоюсыз араб цифрларымен номерленеді. Кестеге ескерту кестенің соңында кестенің аяқталғанын білдіретін сызықтың үстіне жазылады.
61 Формулалар мен теңдеулерді мәтіннен бөлек жеке жолға жазған дұрыс.
Әрбір формуланың немесе теңдеудің жоғарғы және төменгі жақтарында бір бос жол қалдырылуы керек. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол (=) белгісінен кейін немесе (+) плюс, (-) минус, (х) көбейту, (:) бөлу немесе басқа да математикалық белгілерден кейін келесі жолға жалғастырылады, мұндайда белгі келесі жолдың басында қайталанады. Формуланы көшіру кезінде көбейту операциясын белгілейтін белгі ретінде «х» белгісі қолданылады.
Белгілер мен сандық коэффициенттердің мағынасын түсіндіру олар формулада қандай тәртіпте көрсетілсе, сондай тәртіппен формуланың астына орналастырылады. Формулаларды барлық диссертация шегінде жолдың оң жақ шетінде дөңгелек жақша ішінде араб цифрларымен ретпен номерлеген дұрыс. Формулаларды бөлім шегінде номерлеуге рұқсат беріледі, мұндайда формула номері нүктемен ажыратылған бөлім номерінен және формуланың реттік номерінен тұрады.
Қосымшалардағы формулалар әрбір қосымша шегінде әр цифрдың алдына қосымша белгісін қосу арқылы араб цифрларымен жеке номерленуі керек, мысалы (В1) формула Формуңлалар мен теңдеулерді қолмен жазу әдісі арқылы қара сиямен жазуға рұқсат беріледі.
62. Пайдаланылған әдебеиттерге сілтемелерді квадрат жақшада көрсету қажет. Толығымен құжатқа немесе оның бөлімдері мен қосымшаларына сілтеме жасау керек. Бөлімшелерге, тармақтарға, кестелер мен суреттерге сілтеме жасауға болмайды. Стандарттар мен техникалық жағдайларға сілтеме жасау кезінде олардың белгіленуі ғана көрсетіледі, мұндайда стандарт пайдаланылған әдебиеттер тізімінде толығымен жазылса, олардың бекітілген жылдарын жазбауға рұқсат етіледі.
63. Көрсеткіштер мен қысқартуларды бағандап орналастырады және олар қажетті түсініктемелермен және шешімдерімен мәтінде көрсетілген тәртіпте жазылады.
Анықтамаларды, көрсеткіштер мен қысқартуларды «Анықтамалар, көрсеткіштер мен қысқартулар» атты бір құрылымдық элементте көрсетуге рұқсат беріледі.
64. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде диссертация мәтінінде сілтеме жасау тәртібінде орналастырылған және нүкте қойылмай араб цифрларымен номерленген әдебиеттер жөніндегі мәліметтер болады. Абзацтық шегініссіз теру керек.
65.Қосымшалар диссертацияның жалғасы ретінде оның келесі парақтарында ресімделеді немесе жеке құжат ретінде шығарылады.
Құжаттың басқа бөліктерімен бірге қосымша беттері де жалпы номерленуі керек.
Диссертация мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме жасалуы керек. Қосымшалар диссертация мәтінінде оларға сілтеме жасау реті бойынша орналастырылады.
Әр қосымшаны жаңа беттен оның көрсеткіші мен дәрежесін көрсету арқылы беттің жоғарғы жағында жолдың ортасында «ҚОСЫМША» сөзімен бастау керек. Қосымшаның жеке жолда бас әріппен мәтінге қатысты симметриялы түрде жазылатын атауы болуы қажет. Қосымшалар орыс алфавитінің бас әріптерімен, А әрпінен бастап, Е, З, Й, О, Ч, Ь, Ы, Ъ әріптерінен басқа әріптермен белгіленеді. «ҚОСЫМША» сөзінің алдында оның ретін білдіретін әріп жазылады. ОРыс алфавитін толығымен пайдаланған жағдайда I, O әріптерінен басқа латын алфавитінің әріптерін, ал одан әрі араб цифрларын пайдалану қажет.
66.Талапқа сай келмейді деп таныған диссертацияны МАК бір жылдың көлемінде дұрыстауға рұқсат береді. Диссертацияны қорғау кезінде комиссия және рецензент мүшелері түгелімен ауыстырылады.
67. Диссертациялық жұмыстардың қорғау нәтижесі ол өткізілген күні
жария етіледі.
68. Магистрлік диссертациясын қорғаған магистрантқа мамандығы бойынша академиялық дәрежесі бар диплом беріледі.
А ҚОСЫМШАСЫ
_____________________________________________________________
АТЫ-ЖӨНІ, ТЕГІ
Диссертацияның тақырыбы
Мамандықтың шифрі мен атауы
(Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктемесі бойынша беріледі)
_______ магистрі академиялық дәрежесін алуға диссертация
Ғылыми жетекші:
Қала, жыл
1. Васильева трансплантированных опухолей. Алматы,2003, 216с.
2. , Васильева биологические ритмы и злокачественный рост // Усп. совр. биологии, 2003, Т. 103, № 2, С. 255-270.
3. Патент № 000. СССР. Способ переработки сырья. Опубл. 21.02.03.
4. А. с. № 000. СССР. Способ извлечения металлов. Опубл. 12.09.03.
5. Георгиева в системе свертывания крови у больных злокачественными опухолями //Сб. научн. трудов Института биологии. Алматы,2004, С.214-217.
6. , , Сорочинская ИЯ. Сезонные изменения содержания иммуноглобулинов в крови клинически здоровых лиц. Тез. докл. Ш Всес. конф. по хронобиол. и хрономед. Ташкент, 1990,320 с.
7. , Березовская изменения показателей свертывания крови у крыс и кроликов. М., Деп. в ВИНИТИ, 13.09.89, V, 21 с., № 000 - В 89.
8. Отчет № . ИМиО АН КазССР. Изучение кинетики и химизма процессов. Алматы, 2003,240 с.
9. Свиногеева терапия саркомы Т-1 в зависимости от ее митотической активности. Автореф. ... канд. биол. наук: 04.03.04. М.: МГУ, 2004.16 с.
10. Vachaspati T., Viderkin A. Evolution of cosmic nets // Phys. Rev., V. 46, №2, Р. .
11. Паустовский роза // Собр. соч.: В 7 т. М., 1984. Т. 3. с. 287-528.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 |


