СМК/СЭМ.08.ПД.02 сәйкес «Университетте білім алушының білімін бағалау» бойынша МОӨЖ белгіленген сағаттар бойынша өткізіледі. Оқу сағаттарының кестесі кафедраларда кафедра меңгерушісі мен оқытушылардың қатысуымен құрылып, талданып, УиУМР проректорымен келісіледі. Және кафедра стендары мен оқытушылардың силабусында болуы керек. Магистранттардың саны мен жүктемелердің мөлшері арқылы оқу сағаттарының саны анықталады.

13. Кәсіби тәжірибиелерді ұйымдастыру

Ғылыми және педагогикалық магистратуралар білім беретін бағдарлама тәжірибелерінің екі түрін қосып жатыр:

- педагогикалық – білім ұйымдарына;

- өндірістік – диссертацияны орындау орны бойынша.

Педагогикалық тәжірибие - арнайы пәндерден сабақ берумен, дағдылар және әдістеме құрастыру мақсатымен жүргізіліледі. Педагогикалық тәжірибиені теория жағынан оқу процесін үзбей жүргізуге болады.

Магистранттың өндірістік тәжірибиесі отандық және шетел ғылымының өте жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық табыстарымен, жаңа ғылыми зерттеу әдістерімен, қайта өңдеу мен эксперименттік құжаттармен танысу мақсатында жүргізіліп жатыр.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Білім беретін бағдарлама бейімді магистратураға өндірістік тәжірибиені қосуға тиісті.

Өндірістік тәжірибие магистранттың теориялық білімдерін бекіту мақсатымен магистранттарға жүргізіліп жатыр.

Өндірістік тәжірибие кезіндегі зерттеулер диссертация тақырыбына сай жүргізіледі.

Магистрант шетелде болатын ғылыми стажировканы міндетті түрде өтуі тиіс.

14. Шәкіртақының тағайындалу реті

Шәкіртақыларды тағайындау және төлеу реті ҚР-ның Үкімет қаулысымен 07 ақпан 2008 ж. № 000 бекітілген. Барлық мемлекеттік білім грантында оқитын магистранттарға бірінші курстан бастап мемлекеттік стипендия тағайындалады.

Магистрант семестр соңында экзаменді жақсы (″В+",″B",″B-") және өте жақсы (″А″,"А-″) тапсырса мемлекеттік стипендия сақталады. Стипендия келесі емтиханға дейін ай сайын төленеді. Мемлекеттік стипендия білім алушының GPA-на емес, алған бағасына қарап тағайындалады. Мемлекеттік шәкіртақы жазғы демалыс уақытында да (шілде, тамыз) төленеді. Өндiрiстiк тәжiрибие және жазғы демалыс кезінде стипендиаттарға ортақ негiзде стипендия алу құқығы сақталады.

Академиялық демалыстан келген магистранқа мемлекеттік шәкіртақы алдағы емтиханның қорытындысына қарап тағайындалады. Денсаулығына байланысты келесі жылға қалған магистрантқа мемлекеттік шәкіртақы алдағы уақытта тапсырылатын емтиханға дейін төленеді. Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысқан кезде, мемлекеттік шәкіртақы оқу жүйесіндегі айырмашылықтардан кейін, ережеге сай реттілікпен төленеді.

Мемлекеттiк шәкіртақының төленуi ҚР заңдарымен ескерiлген жағдайда тоқтайды.

Ректордың тиiстi бұйрығы шыққан кезде, мемлекеттiк шәкіртақының төленуі тоқтатылады. Зейнетақы алатын білім алушыларға мемлекеттік шәкіртақы ортақ негізде төленеді.

15. Материалдық және ақпараттық ресурстарды пайдалану ережесi

Ғылыми кiтапхана - университеттегі құрылымдық жетекші бөлiмшелердiң бiрi, ауданы 3153, 5 м шаршы, 3 қабаттан тұратын ғимарат.

Кiтапхананың кiтап қоры сақтаудың 900 мың бiрлiктерiнен артық есептейдi.

Кiтапхананың бiрiншi қабаттында басты бөлімдерінің бірі орналастырылған - Жинақтау бөлiмi мен әдебиеттерді ғылыми өңдеу. Жылына баспа өнімінің 40 мың данасы түсіп, кітапханалық өңдеуден соң, кітап басқа бөлімдерге жіберіледі. Жаңа оқулықтар бірінші " Оқу әдебиетінің абонементіне″ беріледі. Сіз оқулықты пен әдістемелік нұсқауларды семестр немесе бір жылға шейн алуынызға болады.

Екiншi қабат вестибюльдiң ортасында - бiздiң кiтапхананың «естелігі» болып табылатын 1996 жылдан бері қазақша, орыс тілдеріндегі «Алфавиттік, «Жүйелi түрдегі», электрондық нобайларды көруге болады. Ғылыми - библиографиялық бөлiмiнде сізге сабаққа дайындалуға, реферат, курстық жұмыс жазуға, материал жинақтауға қажеттi көмек көрсетедi. «Ғылыми - библиографиялық бөлімнің» жанында - «орта бiлiм әдебиетiнiң абонементi» орналасқан. Әдеби кітаптар, география, тарих, өнер мен спортты ұнатататындарға арналған. Поэзия, комедия, детективтер, хикаялармен толықтырылған кітаптарды көруге болады.

Екінші курстан бастап білім алушылар «ғылыми әдебиеттiң абонементiнде» оқырман бола алады. Бұл фондтың беделді бөлімі, мұнда 170 мың данадан астм монографиялар, инситут еңбектері, анықтамалар бар, кітаптар аз ғана данадан шығарылатындықтан, оқырманға екі аптаға ғана беріледі. Екінші қабатта 2 оқу залы бар, мұнда журнал мен газеттер орналасқан. Сiз залдың қызметкерлерiнен әрқашанда жаңа шыққан газет пен журналға, өткен жылғы басылымдарға тапсырыс беруіңізге болады. Сiз компьютерлердiң көмегiмен электрондық тiзiмдемелермен және дерекқормен жұмыс iстей аласыз, қалаған тақырыбыңыз бойынша жарияланған мақалаларды қарауыңызға болады. Кітапхананың үшінші қабатында 150 орындықты студенттерге арналған оқу залы бар. Оқу залының кітпаханашылары кітап қорындағы шығарылымдарды оқырмандарға уақытында береді. Оқу залында университте оқылып жатқан жаңа кітаптардың барлығы бар. Электрондық ресурстар оқу залында қолданбалы орындар жаңа дербес компьюлермен жабдықтаған. Бұл залда электрондық оқулықтар, виртуалды энциклопедиялар, электрондық тiзiмдемелермен және библиографиялық дерекқорлармен жұмыс iстеуге болады.

Ғылыми кiтапхананың жұмыс регламенті:

Абонемент сағ 9.00- дан 17.00-ге дейін.

Оқу залы сағ 9.00 –дан- 20.00-ге дейін.

16. Ақылы қызмет көрсетудің тізімі мен тәртібі

Жаңгірхан атындағы БҚАТУ-дың білім алушылары қосымша ақылы түрде келесі курстарды оқуларына болады:

- курс «Компас-график» - 36сағат;

- курс «Автокад» - 36сағат;

- курс «Азық-түлiк өнiмдерiнiң ортақ технологиясы» - 36сағат;

- курс «Бағыттарына байланысты ағылшын тілі» - 36сағат;

Анықтама алу үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз: Орал қаласы, Жәңгірхан көшесі 51, Әкiмшiлiк ғимараты, 2- ші қабат. Ақпараттандыру және қосымша білім алу жөніндегі проректордың кабинеті. Телефон: 8(71E-mail: zura1580@mail.ru (электронды хатта оқығыңыз келген курстың аты жазылуы тиіс).

17.Магистрантты ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:

Ғылыми және педагогикалық магистратурада ғылыми-зерттеу жұмыстары:

-Қорғалатын магистрлiк диссертацияның мамандықтың негiзгi проблемалығына сәйкес келу;

- ғылыми жаңалықтары мен практикалық мәндiлiгінің ашу;

-ғылым мен практиканың қазiргi заманғы теориялық, әдiстемелiк, технологиялық жетiстiктерiн негіздеу;

-ғылыми зерттеулердiң қазiргi заманғы әдiстерi пайдалануды, орындау;

Магистранттың тәжірибиелік–зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:

Өндірістік магистратурада тәжірибиелік-зерттеу жұмыстары:

-Қорғалатын магистрлiк диссертация мамандықтың негiзгi проблемалығына сәйкес келу;

-Заманға сай ғылым мен техниканың жетістіктерін игеру;

-ақпараттық технологияларды қолдану;

тәжірибиелік-зерттеу қазiргi заманғы теориялық, әдiстемелiк, технологиялық жетiстiктерiн негіздеу.

Ғылыми-зерттеу немесе тәжірибиелік–зерттеу жүргізген магистранттың жұмысы белгілі бір мерзімде есеп түрінде рәсімделеді.

Магистранттың ғылыми зерттеу немесе тәжірибиелік жұмысының қорытындысы магистрлік диссертация болып табылады.

Магистрлік диссертация міндетті түрде плагиаттан өтуі тиіс.

Бiлiм беретiн қызметті лицензиялау көрсетiлетiн бiлiктiлiк талаптарын кадрлық қамтамасыздандырады.

Екі айдан сон әр магистранқа магистрлік диссертациясына басшылық жасайтын ғылыми жетекші тағайындалады.

Магистрлік диссертация тақырыбы мен ғылыми жетекшісі Ғылыми кеңесте қарастырылады және университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.

18. Магистрлiк диссертацияға қойылатын талаптар

Жалпы ережелер

1.Магистрлік диссертация мазмұны бойынша тиісті мамандық тобының нақты мамандығының маңызды мәселелері бойынша өз бетімен ғылыми зерттеу қорытындыларын біріктіру, технологиялық, экономикалық шешімдер жасау, біздің еліміздің зкономикасының өсуіне үлесін қосу болып табылады.

2. Магистрлік диссертация магистранттың кәсіби біліктілігінің деңгейін және оның таңдаған мамандық бойынша ҚР МЖБС талаптарына сәйкес ғылыми таным әдіснамасын меңгеру дәрежесін анықтайды.

3. Магистрлік диссертация выполняется ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады. Қажет болған жағдайда магистранқа ғылыми консультант тағайындалады. Магситранттың ғылыми жетекшісің доктор немесе ғылым кандидаты сияқты ғылыми атағы болуы қажет. Ғылыми жетекші магистрант оқуының барлық мерзіміндегі жүргізілетін ғылыми зерттеулер кезеңдерін анықтайды, ол магистранттың жеке оқу жоспарында көрсетіледі.

4. Университеттің ғылыми кеңесінде университет рекорының бікітуімен ғылыми жетекші тағайындалады.

5. Магистрлік диссертация тиісті мамандық бойынша ғылыми жетекшінің жетекшілігімен дайындалған білікті ғылыми жұмыс және бітірушіге тиісті мамандық бойынша магистр академиялық дәреже беру үшін негіз болып табылады

6. Магистрлік диссертация келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

-Қорғалатын магистрлiк диссертация мамандықтың негiзгi проблемалығына сәйкес келу;

-Магистрлік диссертацияның тақырыбы өзекті болуы және мамандығына, ғылыми жетістіктер дамуының қазіргі заманғы деңгейіне сәйкес келуі тиіс;

-Заманға сай ғылым мен техниканың жетістіктерін игеру;

-ақпараттық технологияларды қолдану;

азiргi заманғы теориялық, әдiстемелiк, технологиялық жетiстiктерiн негіздеу;

7. Магистрлік диссертация тақырыбы Ғылыми кеңесте қарастырылады және универсиет ректорының бұйрығымен бекітіледі.

8 Магистрлік диссертациялардың жалпы тізімі жыл сайын 30 %-ға жаңартылып отыруы қажет.

9. Бітіруші курста сарапшылар кеңесінің жұмыстары басталғанға дейін бір ай бұрын шығарушы кафедраның себепті қорытындысы негізінде магистранттың диссертациясының тақырыбына түзетулер енгізуге рұқсат беріледі.

10. Негізделген және құрылымды магистрлік диссертацияның тақырыбы, диссертация жұмысын аяқтау мерзімдері көрсетілген магистрлік диссертацияны орындау жоспары, ғылыми басылымдар, тағылымдамалар (қажет болған жағдайда) жоспары магистранттың жеке жұмыс жоспарында көрініс табады.

11. Магистрлік диссертацияның ғылыми жетекшісі:

- магистрлік диссертацияның орындалуы үшін тапсырма береді;

- магистрантқа магистрлік диссертацияны орындаудың барлық кезеңінде күнтізбелік жұмыс кестесін әзірлеуге көмек көрсетеді

- магистрантқа тақырып бойынша қажетті негзгі әдебиеттерді, анықтамалық және мұрағат материалдарын, типтік жобалар мен басқа да әдебиеттерді ұсынады;

- өткізілу барысында магистранттың магистрлік диссертацияны орындау күнтізбелік кестесін сақтауын ағымдық бақылау жүзеге асырылатын консультациялар кестесін бекітеді;

- магистрлік диссертацияның барлық бөлімдерінің көлемін бекітеді және магистрант пен кеңесшінің жұмысын үйлестіреді;

- магистранттың ғылыми тағылымдамаларын жоспарлайды.

12. Магистрлік диссертацияның қорғауға шығарылатын негізгі нәтижелері біреуден кем емес басылымда және/немесе ғылыми-тәжірибелік конференциядағы бір баяндамада ұсынылуы қажет.

Магистрлік диссетрацияның құрылымы

13. Магистрлік диссертацияның көлемі өндірістік бағыттағыларға 60 бет, ал ғылыми-педагогикалық бағыттағыларға 80 бет.

Қосымшалар магистрлік диссертацияның көрсетілген көлеміне енбейді.

14.Диссертация мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде орындалады.

15. Магситрлік диссертацияның құрылымдық элементтері:

Бірінші беті; мазмұны;нормативті сілтемелер; анықтамалар;Көрсеткіштер мен қысқартулар; кіріспе; негізгі бөлім; қорытынды; қолданылған әдебиеттер; қосымшалар.

16. Магистратурада магистрант реферат жазу үшін өндірістік бағытта колеми 0,5, ал ғылыми-педагогикалык бағытта көлеми 1 болу керек.

Жүргізілген зерттеудің рефераты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде (қажет болған жағдайда рефератты басқа шетел тілінде жазуға рұқсат беріледі) ресімделеді және оған диссертант қол қояды.

17. Магистрлік диссертацияның авторефератында келесі мәліметтер болуы қажет: диссертацияның көлемі мен құрылымы; суреттер, кестелер, пайдаланылған әдебиет көздерінің саны; негізгі сөздер тізімі (15-20 сөз); зерттеудің маңыздылығы; зерттеудің мақсаты; зерттеу нысаны; зерттеу әдістері; алынған нәтижелер, олардың жаңалығы, ғылыми және тәжірибелік маңызы; басылымдар туралы мәліметтер.

18 Диссертацияның титул беті диссертацияның бірінші беті және құжатты өңдеуге және іздеуге қажетті ақпарат көзі болып табылады..

Титул бетте келесі мәліметтер болуы керек:

- диссертация орындалған ұйымның атауы;

- шектелген белгі (қажет болған жағдайда);

- диссертанттың тегі, аты-жөні;

- жұмыстың атауы;

- мамандықтың шифрі мен атауы (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктемесі бойынша);

- іздену академиялық дәрежесі;

- ғылыми жетекшінің (кеңесшінің) тегі және инициалдары;

- орны және жылы.

19. Титул бетті диссертация беттерінің жалпы номеріне енгізеді. Титул бетте бет номерін көрсетпейді.

Екі немесе одан да көп бөлімнен тұратын диссертация дайындау кезінде әр бөлімнің бірінші бөлімнің титул бетіне сәйкес және аталған бөлімге қатысты мәліметтер көрсетілген өз титул беті болуы қажет.

Титул беті А қосымшасына сәйкес ресімделеді. Титул бетте ізденушінің қара сиямен немесе тушьпен қойылған өз қолы болуы керек.

Магистрлік диссертацияның мазмұны

20.Диссертацияның мазмұнында кіріспе, барлық бөлімдердің, бөлімшелердің, тармақтардың реттік номерлері мен атаулары (егер атаулары болса), қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардың атаулары және диссертацияның осы элементтерінің басталатын бет номерлері көрсетіледі.

Екі немесе одан да көп бөлімнен тұратын диссертация дайындау кезінде олардың әрқайсысында өз мазмұны болуы керек. Мұндайда бірінші бөлімде бөлім номерлері көрсетіліп, жалпы диссертацияның мазмұны, ал келесілерінде тек тиісті бөлімнің мазмұны ғана жазылады. Бірінші бөлімде келесі бөлімдердің мазмұнының орнына тек олардың атауларын көрсетуге рұқсат беріледі.

21.«Нормативтік сілтемелер» құрылымдық элементіне диссертация мәтінінде сілтеме жасалған стандарттар тізімі кіреді.

Сілтемелік стандарттар тізімі мынадай сөздермен басталады: "Осы диссертацияда келесі стандарттарға сілтемелер пайдаланылды".

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9