125-бап. Адамды ұрлау

  1. Адамды ұрлау -
  төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Дәл сол әрекет:
  а) алдын ала сөз байласып адамдар тобымен;
  б) бiрнеше рет;
  в) өмiр мен денсаулыққа қауiптi күш қолданып;
  г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
  д) кәмелетке толмағандығы көрiнеу адамға қатысты;
  е) кiнәлiге жүктiлiк жағдайында екендiгi көрiнеу әйелге қатысты;
  ж) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
  з) пайдакүнемдiк ниетте жасалса -
  мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды:
  а) ұйымдасқан топ жасаса;
  б) ұрланған адамды пайдалану мақсатында жасалса;
  в) абайсызда жәбiрленушiнiң өлуiне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
  мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескертулер.
  1. Ұрланған адамды өз еркiмен босатқан адам, егер оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
  2. Осы Кодекстiң осы бабында және 126, 128 және 133-баптарында адамды пайдалану деп:
  1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кiнәлiнiң мәжбүрлi еңбектi, яғни адам оны орындау үшiн өз қызметтерiн ерiктi түрде ұсынбаған, осы адамнан күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы талап етiлетiн кез келген жұмысты немесе қызметтi пайдалануы;
  2) кiнәлiнiң алынған табыстарды иемденiп алу мақсатында басқа адамның жезөкшелiкпен айналысуын немесе ол көрсететiн өзге де қызметтердi пайдалануы, сол сияқты кiнәлiнiң материалдық пайда алу мақсатын көздемей, адамды сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсетуге мәжбүрлеуi;
  3) адамды қайыршылықпен айналысуға, яғни басқа адамдардан ақша және (немесе) өзге мүлiктi сұрауға байланысты қоғамға жат әрекет жасауға мәжбүрлеу;
  4) кiнәлi және (немесе) басқа адам үшiн жұмыстарды және (немесе) көрсетiлетiн қызметтердi орындаудан өзiне байланысты емес себептер бойынша бас тарта алмайтын адамға қатысты меншiк иесi өкiлеттiктерiн кiнәлiнiң жүзеге асыруына байланысты өзге iс-әрекеттер түсiнiледi.
  Ескерту. 125-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2006.03.02 N 131; 04.07.2013 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

  126-бап. Бас бостандығынан заңсыз айыру

  1. Адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан айыру -
  үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Дәл сол әрекет:
  а) алдын ала сөз байласып адамдар тобымен;
  б) бiрнеше рет;
  в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып;
  г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылған заттарды қолданып;
  д) кәмелетке толмағандығы көрiнеу адамға қатысты;
  е) кiнәлiге жүктiлiк жағдайында екендiгi көрiнеу анық әйелге қатысты;
  ж) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
  з) пайдакүнемдiк ниетте;
  и) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге де тәуелдiлiгiн пайдаланып жасалса,-
  мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар:
  а) ұйымдасқан топпен жасалса;
  б) бас бостандығынан заңсыз айрылған адамды пайдалану мақсатында жасалса;
  в) абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
  мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 126-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.03.02 N 131, 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  127-бап. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру

  1. Адамды психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру немесе онда заңсыз ұстау –
  үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Дәл сол әрекет, егер ол:
  а) пайдакүнемдiк ниетпен жасалса;
  б) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаса;
  в) абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
  үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
   
Ескерту. 127-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

  128-бап. Адамды саудаға салу

  1. Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндiру, тасу, беру, жасыру, алу, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау –
  мүлкi тәркiленiп, үш жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Мынадай:
  а) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
  б) бiрнеше рет;
  в) өмiр мен денсаулыққа қауiптi күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқыта отырып;
  г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттар қолданылып;
  д) жүктi күйде екендiгi кiнәлiге көрiнеу белгiлi әйелге қатысты;
  е) екi және одан да көп адамға қатысты;
  ж) транспланттау немесе өзгедей пайдалану үшiн жәбiрленушiнiң ағзаларын немесе тiндерiн алу мақсатында;
  з) алдау немесе сенiмге қиянат жасау арқылы жасалған;
  и) адам өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланып жасаған;
  к) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге де тәуелдiлiгiн пайдаланып;
  л) психикасының бұзылуынан зардап шегетiнi немесе дәрменсiз күйде екенi кiнәлiге көрiнеу белгiлi адамға қатысты;
  м) жәбiрленушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қойып, жасырып не жоя отырып жасалған нақ сол әрекеттер –
  мүлкi тәркiленiп, бес жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бiр шет мемлекеттен екiншiсiне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған әрекеттер, сол сияқты мұндай әрекеттердi жасау мақсатында адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бiр шет мемлекеттен екiншi мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу –
  мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
  а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;
  б) олар абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне не өзге де ауыр салдарларға әкеп соқса,–
  мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескертулер.
  1. Осы Кодекстiң осы бабы мен 133-бабында сатып алу-сату деп бiр тарап (сатушы) екiншi тарапқа (сатып алушыға) адамды белгiлi бiр сыйақы үшiн беретiн, құқыққа қайшы өтеулi мәмiле түсiнiледi.
  2. Өзге мәмiлелер – сыйға тарту (адамды басқа тұлғаға өтеусiз беру), айырбастау (адамды бiрдеңеге алмастыру), алмастыру (бiр адамды басқа адамға ауыстыру), жалға беру (адамды төлемақы үшiн уақытша иеленуге және пайдалануға беру), адамды тараптар арасында жасалған мәмiле бойынша мiндеттеменiң орындалуын қамтамасыз ету ретiнде қалдыру, адамды төлемақы нысанасы ретiнде пайдалану, адамды мүлiктiк емес сипаттағы қандай да бiр пайда алу мақсатында беру және басқалар.
  3. Егер осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген ықпал ету құралдарының кез келгенi пайдаланылған болса, жәбiрленушiнiң жоспарланған пайдалануға берген келiсiмi назарға алынбайды.
  4. Осы Кодекстiң 113-бабында, 125-бабы үшiншi бөлiгiнiң б) тармағында, 126-бабы үшiншi бөлiгiнiң б) тармағында, 128, 132-1, 133, 270 және 271-баптарында көзделген қылмыстар адам саудасына байланысты қылмыстар болып танылады.
  Ескерту. 128-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

  129-бап. Жала жабу

  1. Жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату -
  жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
  2. Көпшiлiк алдында сөз сөйлегенде не көпшiлiкке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында жала жабу -
  екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  3. Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан жала жабу -
  үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 129-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2003.09.25 N 484 , 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  130-бап. Қорлау

  1. Қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту -
  жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
  2. Көпшiлiк алдында сөз сөйлегенде не көпшiлiкке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында қорлау -
  жүз айлық есептiк көрсеткiштен төрт жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
   
Ескерту. 130-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

2-тарау. Отбасына және кәмелетке толмағандарға
қарсы қылмыстар

  131-бап. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тарту

  1. Кәмелетке толмаған адамды он сегiз жасқа жеткен адамның қылмыстық iске тартуы -
  бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер өзiне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет -
  үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер -
  екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, кәмелетке толмаған адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға тартуға байланысты әрекеттер -
  бес жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  5. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi немесе төртiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) қылмыстық қызметiне кәмелетке толмаған адамды тартуға байланысты әрекеттер, -
  мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
   
Ескерту. 131-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.29 N 502-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

  132-бап. Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы
  iс-әрекеттер жасауға тарту

  1. Кәмелетке толмаған адамды есеңгiрететiн заттарды тұтынуға не уытқұмарлыққа не спирттiк iшiмдiктердi ұдайы тұтынуға, не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту -
  жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер өзiне жүктелген өзге де адам жасаған нақ сол әрекет -
  үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген бiрнеше рет не күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер -
  алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 132-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.06.27 N 50-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз), 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

   132-1-бап. Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелiкпен
   
айналысуға тарту

  1. Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелiкпен айналысуға тарту –
  мүлкi тәркiленiп, үш жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Кәмелетке толмаған адамды күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту, оның тәуелдi жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкiн жою немесе бүлдiру арқылы не оны алдау арқылы жезөкшелiкпен айналысуға тарту –
  мүлкi тәркiленiп, бес жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған не бiрнеше рет жасалған әрекеттер –
  мүлкi тәркiленiп, алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  4. Мыналар:
  а) ұйымдасқан топ жасаған;
  б) оны тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге адам жасаған, осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген нақ сол әрекеттер –
  мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
   
Ескерту. Кодекс 132-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

  133-бап. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу

  1. Кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндiру, тасу, беру, жасыру, алу, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау –
  мүлкi тәркiленiп, бес жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Мынадай:
  а) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
  б) бiрнеше рет;
  в) өмiр мен денсаулыққа қауiптi күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқыта отырып;
  г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттар қолданылып;
  д) екi және одан да көп адамға қатысты;
  е) транспланттау немесе өзгедей пайдалану үшiн жәбiрленушiнiң ағзаларын немесе тiндерiн алу мақсатында;
  ж) алдау немесе сенiмге қиянат жасау арқылы жасалған;
  з) адам өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланып жасаған;
  и) кәмелетке толмаған адамды қылмыстар немесе қоғамға жат өзге де iс-әрекеттер жасауға тарту мақсатында;
  к) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге де тәуелдiлiгiн пайдаланып;
  л) жүктi күйде екендiгi кiнәлiге көрiнеу белгiлi кәмелетке толмаған әйел адамға қатысты;
  м) психикасының бұзылуынан зардап шегетiнi немесе дәрменсiз күйде екендiгi кiнәлiге көрiнеу белгiлi кәмелетке толмаған адамға қатысты;
  н) жәбiрленушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қойып, жасырып не жоя отырып жасалған нақ сол әрекеттер –
  мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бiр шет мемлекеттен екiншiсiне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған әрекеттер, сол сияқты мұндай әрекеттердi жасау мақсатында кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бiр шет мемлекеттен екiншi мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу –
  мүлкi тәркiленiп, он жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
  а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;
  б) олар абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне не өзге де ауыр салдарларға әкеп соқса, –
  мүлкi тәркiленiп, он екi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 133-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

  134-бап. Баланы ауыстыру

  1. Баланы қасақана ауыстыру -
  екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Пайдакүнемдiк немесе өзге жамандық ниетпен жасалған дәл сол әрекет -
  үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 134-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2000.05.05 N 47, 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  135-бап. Бала асырап алу құпиясын жария ету

  Бала асырап алушының еркiне қайшы қызметтiк те немесе кәсiптiк құпия ретiнде бала асырап алу фактiсiн сақтауға мiндеттi адамның не өзге адамның пайдакүнемдiк немесе өзге жамандық ниетпен жасаған бала асырап алу құпиясын жария етуi -
  айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
   
Ескерту. 135-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33