1. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды тарату, жария көрсету немесе жарнамалау мақсатында жасау, сақтау немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу не тарату, жария көрсету немесе жарнамалау -
порнографиялық материалдарды немесе заттарды, сондай-ақ оларды жасау немесе қайта көрсету құралдарын тәркiлеп, үш жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Жасы он сегiзге толған адамның порнографиялық сипаттағы ойын-сауық iс-шараларына қатысу үшiн орындаушылар ретiнде кәмелетке толмағандарды тартуы, -
порнографиялық материалдарды және заттарды, сондай-ақ оларды жасау немесе қайта көрсету құралдарын тәркiлеп, бес жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
а) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам жасаған;
б) көрiнеу жасы он төртке толмаған адамға қатысты жасалған;
в) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз порнографиялық материалдарды немесе заттарды, сондай-ақ оларды жасау немесе көшiрмесiн шығару құралдарын тәркiлеп, бес жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кодекс 273-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
274-бап. Қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды
насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату
Қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын кино - және бейне материалдарды және басқа туындыларды тарату немесе жарнамалау мақсатында заңсыз жасау, таратуды, жарнамалау, көрсету, сондай-ақ қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын баспа басылымдарын, кино - немесе бейне материалдарды заңсыз сату -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды, сол сияқты оларды жасау немесе молықтыру құралдарын тәркiлеп, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 274-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
275-бап. Өлгендердiң мәйiттерiн және олар жерленген
жерлердi қорлау
1. Өлгендердiң мәйiттерiн қорлау не олар жерленген жерлердi, құлпытас құрылыстарын немесе жерлеуге немесе еске алуға байланысты рәсiмдер өткiзуге арналған зират үйлерiн жою, бүлдiру немесе аяққа басу -
жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттердi:
а) әлденеше рет;
б) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
в) ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни өштiк не араздық тұрғысында;
г) күш қолдану немесе оны қолданумен қорқыту арқылы жасалса -
бec жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 275-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2000.05.05 N 47 , 2004.12.09 N 10 , 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
275-1-бап. Адам мәйiтiнiң органдары мен тiнiн заңсыз
алу
1. Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшiн адам мәйiтiнiң органдарын немесе тiнiн заңсыз алу, сол сияқты адам мәйiтiнiң органдары мен тiнiне қатысты мәмiлелер жасасу -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттер:
а) адамдар тобымен, алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен немесе ұйымдасқан топпен;
б) бiрнеше рет;
в) өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланып жасалғанда, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 275-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.03.02 N 131 Заңымен.
276-бап. Жануарларға қатыгездiк жасау
1. Жануарларға олардың өлуiне немесе мертiгуiне әкеп соққан қатыгездiк жасау, егер бұл әрекет бұзақылық пиғылмен немесе жауыздық әдiстердi қолданып немесе жас балалардың көзiнше жасалса -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, немесе ұйымдасқан топ жасаған, немесе бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекет -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
Ескерту. 276-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.12.21. N 363 , 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
11-тарау. Экологиялық қылмыстар
277-бап. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын
экологиялық талаптардың бұзылуы
Табиғи ресурстарды пайдалану, кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi жобалау, орналастыру, салу және жаңғырту, пайдалануға беру және пайдалану, өнеркәсiп, энергетика, көлiк пен байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылық мақсатындағы және мелиорация объектiлерiн пайдалану, қалалар мен басқа да елдi мекендердi салу кезiнде, әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери және ғарыш қызметiне қойылатын талаптарды сол талаптардың сақталуы үшiн жауапты адамдардың бұзуы, егер бұл қоршаған ортаның едәуiр ластануына, адамның денсаулығына зиян келтiруге, өсiмдiктер немесе жануарлар дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне және өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып не онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
278-бап. Ықтимал экологиялық қауiптi химиялық,
радиоактивтi және биологиялық заттарды өндiру
мен пайдалану кезiнде экологиялық талаптардың
бұзылуы
1. Ықтимал экологиялық қауiптi химиялық, радиоактивтi және биологиялық заттарды өндiру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе өзге де жұмыс iстеу кезiнде экологиялық талаптардың бұзылуы, егер бұл әрекеттер адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулi зиянкелтiру қаупiн төндiрсе -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қоршаған ортаның ластануына, улануына немесе зақымдануына, адамның денсаулығына зиян келтiруге, не өсiмдiктер немесе жануарлар дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне әкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсыздан адамдардың жаппай сырқаттануына немесе кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 278-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
279-бап. Микробиологиялық немесе басқа биологиялық
агенттермен немесе улы заттармен жұмыс iстеу
кезiнде қауiпсiздiк ережелерiнiң бұзылуы
1. Микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттердi немесе токсиндердi жинап қою, жою немесе көму кезiнде экологиялық талаптарды бұзу немесе оларды Қазақстан Республикасына ұқсату, сақтау немесе көму үшiн заңсыз әкелу, егер бұлар адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулi зиян келтiру қатерiн туғызса -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қоршаған ортаның ластануына, улануына немесе зақымдануына, адамның денсаулығына зиян келтiруге, не өсiмдiктер немесе жануарлар дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне әкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда адамдардың жаппай ауруына немесе кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекет -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 279-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
280-бап. Ветеринарлық ережелердi және өсiмдiктердiң
аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн
белгiленген ережелердiң бұзылуы
1. Ветеринарлық ережелердi бұзу iндеттерге немесе өзге де зардаптарға әкеп соқса -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген ережелердi бұзу, ауыр зардаптарға әкеп соқса -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 280-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
281-бап. Суларды ластау, бiтеу және сарқу
1. Жер бетi немесе жер асты суларын, мұздықтарды, ауыз сумен жабдықтау көздерiн ластау, бiтеу, сарқу не олардың табиғи қасиеттерiн өзге де өзгерту, егер осы әрекеттер өсiмдiктер немесе жануарлар дүниесiне, балық қорына, орман немесе ауыл шаруашылығына елеулi зиян келтiруге әкеп соқса, -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Адамның денсаулығына зиян келтiруге немесе өсiмдiктер немесе жануарлар дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне, сол сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 281-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.09. N 10 , 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
282-бап. Атмосфераны ластау
1. Атмосфераға ластайтын заттар шығару ережелерiн немесе қондырғыларды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi пайдалану ережелерiн бұзу, егер бұл әрекеттер аса iрi мөлшерде зиян келтiрумен ұштасып, ауаның табиғи қасиеттерiнiң ластануына немесе өзге де өзгеруiне әкеп соқса, -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекет -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 282-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.09 N 10, 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
283-бап. Теңiз аясын ластау
1. Құрғақтағы көздерден не көлiк құралдарынан немесе теңiзде тұрғызылған жасанды құрылыстардан адамның денсаулығы мен теңiздiң жанды ресурстары үшiн зиянды не теңiз аясын заңды пайдалануға кедергi келтiретiн заттар мен материалдарды көму немесе тастау ережелерiн бұзу салдарынан теңiз аясын ластау -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Адамның денсаулығына, өсiмдiктер немесе жануарлар дүниесiне, балық қорына, қоршаған ортаға, демалыс аймақтарына не басқа да заңмен қорғалатын мүдделерге елеулi зиян келтiрген дәл сол әрекеттер -
елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан нақ сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 283-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.09 N 10 , 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
284-бап. Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфi
туралы және Қазақстан Республикасының айрықша
экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы
1. Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфiнде заңсыз құрылыстар тұрғызу, олардың айналасына немесе Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағында қауiпсiздiк аймақтарын заңсыз құру, сол сияқты салынған құрылыстардың және теңiздегi кеме жүрiсiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету құралдарын салу, пайдалану, күзету мен жою ережелерiн бұзу -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфiнiң немесе Қазақстан Республикасы айрықша экономикалық аймағының табиғи байлықтарына тиiстi рұқсатсыз жүргiзiлген зерттеу, барлау, игеру -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
Ескерту. 284-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
285-бап. Жердi бүлдiру
1. Жердi улау, ластау немесе улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, өсiмдiктердiң өсуiн, ынталандырғыштарды және өзге де қауiптi химиялық, радиоактивтiк немесе биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, тасымалдау және көму кезiнде оларды ұстау ережелерiн бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге қызметтiң зиянды өнiмдерiмен бiлдiру, адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтiруге, жердiң табиғи қасиеттерiнiң нашарлауына әкеп соқса, -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 285-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.09 N 10 , 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 |


