227-бап. Компьютерлiк ақпаратқа заңсыз кiру, ЭЕМ үшiн
  зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және
  тарату

  1. Заңмен қорғалатын компьютерлiк ақпаратқа, яғни машиналық сақтағыштағы, электронды есептеу машинасындағы (ЭЕМ), ЭЕМ жүйесiндегi немесе олардың желiсiндегi ақпаратқа заңсыз кiру, сол сияқты ЭЕМ-ге, ЭEM жүйесiне немесе олардың желiсiне кiре алатын адамның ЭЕМ-дi, ЭEM жүйесiн немесе олардың желiлерiн пайдалану ережелерiн бұзуы, егер бұл әрекет ақпаратты жоюға, бөгеуге, жаңартуға не көшiруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесiн немесе олардың желiсiн бұзуға әкеп соқса -
  екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған немесе ұйымдасқан топ жасаған не адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол әрекет -
  бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
  3. Ақпаратты санкциясыз жоюға, бөгеуге, жаңартуға не көшiруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесiн немесе олардың желiсiн бұзуға көпе-көрiнеу әкелетiн ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар жасау немесе қолда бар бағдарламаларға өзгерiстер енгiзу, сол сияқты осындай бағдарламаларды немесе осындай бағдарламалары бар машиналық сақтағыштарды пайдалану не тарату -
  бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген абайсыздықпен ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
  бiр мыңнан екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 227-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.12.21 N 363, 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

   227-1-бап. Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының
   
сәйкестендiру кодын, абоненттiң сәйкестендiру
   
құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту,
   
сондай-ақ абоненттiк құрылғының
   
сәйкестендiру кодын өзгерту үшiн
   
бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау,
   
пайдалану, тарату

  1. Жасап шығарушының немесе заңды иесiнiң келiсiмiнсiз ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын құқыққа сыйымсыз өзгерту, ұялы байланыс абонентiнiң сәйкестендiру картасының телнұсқасын құқыққа сыйымсыз жасау, -
  екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
  2. Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын өзгертуге немесе ұялы байланыс абонентiнiң сәйкестендiру картасының телнұсқасын жасауға мүмкiндiк беретiн бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату, -
  бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Нақ сол әрекеттер:
  а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша не ұйымдасқан топпен;
  б) бiрнеше рет жасалса, -
  в)
алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
  бiр мыңнан екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. Кодекс 227-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.01.08 N 210, Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.10 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  8-тарау. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы
қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар

   228-бап. Өкiлеттiктердi терiс пайдалану

  Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқаратын адамның өз өкiлеттiктерiн осы ұйымның заңды мүдделерiне қарсы және өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соқса -
  бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. Осы Кодекстiң баптарында мемлекеттiк орган, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы не мемлекеттiң үлесi елу пайыздан көп болатын ұйым болып табылмайтын ұйымда тұрақты, уақытша, не арнаулы өкiлеттiк бойынша ұйымдастырушылық-өкiмшiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттердi атқаратын адам коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару қызметтерiн атқаратын адам деп танылады.
  Ескерту. 228-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2003.09.25 N 484, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.01 N 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

   229-бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының
   
және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн
   
аудиторлардың өкiлеттiктердi терiс пайдалануы

   Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

   1. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн аудитордың немесе аудиторлық ұйым жетекшiсiнiң өз өкiлеттiктерiн өз қызметiнiң мiндеттерiне қайшы және өзi немесе басқа адамдар, немесе ұйымдар үшiн пайда табу және артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында пайдалануы, егер бұл әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiрсе -
  бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Көпе-көрiнеу кәмелетке толмаған немесе әрекет қабiлетi жоқ адамға қатысты не бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекет -
  жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 229-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.05.05 N 139, 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  230-бап. Жекеше күзет қызметi қызметшiлерiнiң
  өкiлеттiктерiн асыра пайдалану

  1. Жекеше күзет қызметi басшысының немесе қызметшiсiнiң  лицензияға сәйкес, өздерiне берiлген өкiлеттiктерiн өз қызметiнiң мiндеттерiне қарамастан асыра пайдалануы, егер бұл әрекет күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалса -
  үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Қару немесе арнаулы құралдар қолданып немесе ауыр зардап келтiрген дәл сол әрекет -
  үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
   
Ескерту. 230-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

   231-бап. Коммерциялық сатып алу

  1. Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқаратын адамға заңсыз ақша, бағалы қағаздар немесе басқа мүлiк беру, сондай-ақ оның өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесiнде пайдалануы үшiн, сондай-ақ қызметi бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшiн оған мүлiктiк сипаттағы заңсыз қызмет көрсету -
  бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiн бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Бiрнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалған дәл сол әрекеттер -
  сегiз жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметiн атқаратын адамның заңсыз ақша, бағалы қағаздар, басқа мүлiк алуы, сондай-ақ өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесiнде пайдалануы үшiн, сондай-ақ қызметi бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшiн мүлiктiк сипатта көрсетiлген қызметтi пайдалануы -
  бiр мыңнан екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттер, егер олар:
  а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
  б) бiрнеше рет;
  в) қорқытып алумен байланысты;
  г) iрi мөлшерде жасалған болса, -
  екi мыңнан үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  5. Осы баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, егер олар аса iрi мөлшерде жасалған болса, -
  үш мыңнан бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту.
  1. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi жасаған адам, егер оған қатысты қорқытып алушылық орын алған болса немесе егер ол қылмыстық iс қозғауға құқығы бар органға сатып алушылық туралы өз еркiмен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
  2. Бұрын жасалған заңды әрекеттер үшiн алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда мүлiктi беру немесе алу, мүлiктiк сипаттағы қызметтер көрсету немесе мұндай қызметтердi сыйлық немесе сыйақы ретiнде пайдалану егер мүлiктiң немесе қызметтердiң құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын болса, онша маңызды болмауы себептi қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкiмшiлiк ретпен қудаланады.
  3. Осы бапта заңсыз алынған iрi мөлшердегi ақша, бағалы қағаздар, басқа мүлiк деп бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүлiктiң немесе мүлiктiк сипаттағы пайданың құны танылады.
  4. Осы бапта заңсыз алынған аса iрi мөлшердегi ақша, бағалы қағаздар, басқа мүлiк деп екi мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүлiктiң немесе мүлiктiк сипаттағы пайданың құны танылады.
  Ескерту. 231-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2000.05.05 N 47, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  232-бап. Мiндеттерiне адал қарамау

  Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқарушы адамның қызметiне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз мiндеттерiн атқармауы немесе тиiстi дәрежеде атқармауы, егер бұл адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса -
  айлық есептiк көрсеткiштiң жетi жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
   
Ескерту. 232-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

9-тарау. Қоғамдық қауiпсiздiкке және
қоғамдық тәртiпке қарсы қылмыстар

   233-бап. Терроризм актiсi

   Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

  1. Жеке тұлғаның не адамдар тобының не заңды тұлғаның iс-әрекетiнiң террористiк немесе экстремистiк сипатын не берiлген мүлiктiң, көрсетiлген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлерiнiң террористiк немесе экстремистiк iс-әрекеттi жүзеге асыру не террористiк топты, террористiк немесе экстремистiк ұйымды, заңсыз әскерилендiрiлген құралымды қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатынын көрiнеу ұғынған адамның оларға ақшаны және (немесе) өзге де мүлiктi беруi немесе жинауы, мүлiкке құқықты немесе мүлiктiк сипаттағы пайданы беруi, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, демеушiлiк және қайырымдылық көмегi, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерiн көрсетуi не қаржылық қызмет көрсетуi -
  мүлкi тәркiленiп, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Нақ сол әрекет:
  а) бiрнеше рет;
  б) азаматтардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төндiретiн қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолдана отырып жасалса, -
  жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар: 
  а) жаппай қырып-жоятын қаруды, радиоактивтi материалдарды қолдануға немесе қолданамын деп қорқытуға және жаппай уландыруды, эпидемия мен эпизоотияны таратуды, сондай-ақ адамдарды жаппай қырып-жоюға әкеп соғуы ықтимал өзге де iс-әрекеттердi жасауға немесе жасаймын деп қорқытуға ұштасса;
  б) абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
  он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  4. Қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру не Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адамның өмiрiне қастандық жасау, сондай-ақ дәл сол мақсатта, оның мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам қайраткерiнiң өмiрiне қастандық жасау, не халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға, жайларға, ғимараттарға шабуыл жасаумен, адамды кепiлге алумен, жайларды, ғимараттарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алумен, әуе немесе су көлiгiн, жылжымалы темiр жол құрамын не өзге де қоғамдық көлiктi айдап әкетумен, сол сияқты басып алумен ұштасқан адам өмiрiне қол сұғу, -
  он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескертулер.
  1. Терроризм актiсiн дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттiк органдарға дер кезiнде ескертуiмен немесе өзге тәсiлмен терроризм актiсiн болғызбауға септiгiн тигiзсе және егер оның iс-әрекетiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
  2. Осы Кодекстiң 162, 163, 166-1, 167, 171, 233, 233-1, 233-2, 233-3, 233-4, 234, 238, 239-баптарында көзделген қылмыстар террористiк қылмыстар деп танылады.
  Ескерту. 233-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.02.19 N 295, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2005.07.08 N 67-III (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.10 N 175-IV, 2010.06.14 , 2010.12.29 N 372-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.29 N 502-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33