114-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң
  кәсiптiк мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы

  1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң кәсiптiк мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, егер бұл әрекет адам денсаулығына орташа ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, -
  айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  2. Денсаулыққа ауыр зиян келтiруге әкеп соқтырған нақ сол әрекеттер, -
  үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, лауазымды адам жасаған әрекет, -
  үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  4. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өлiмiне әкеп соқтырған әрекеттер, -
  үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген, лауазымды адам жасаған әрекеттер, -
  айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынып, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 114-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс  енгiзiлдi -  ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

  114-1-бап. Клиникалық зерттеулер жүргiзудiң және
  профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң
  және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi
  мен құралдарын қолданудың тәртiбiн бұзу

  1. Медицина қызметкерiнiң клиникалық зерттеулер жүргiзу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын қолдану тәртiбiн бұзуы, -
  айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -
  айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынып, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. Кодекс 114-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.07.16 N 186-IV , 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  115-бап. Соз ауруын жұқтыру

  Өзiнде соз ауруы бар екендiгiн бiлген адамның ауыр зардаптарға әкеп соқтырған осындай ауруды басқа адамға жұқтыруы, сондай-ақ екi немесе одан да көп адамға не көрiнеу кәмелетке толмаған адамға жұқтыруы, -
  бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  Ескерту. 115-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.09 N 10 Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

  116-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ)
  жұқтыруы

  1. Басқа адамды көрiнеу ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтыру қаупiнде қалдыру,-
  айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  2. Өзiнде ВИЧ/ЖҚТБ бар екендiгi туралы бiлетiн адамның оны басқа адамға жұқтыруы, -
  бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, екi немесе одан да көп адамға қатысты, не көрiнеу кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған әрекет, -
  төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  4. Медицина қызметкерiнiң, сол сияқты тұрмыстық немесе өзге халыққа қызмет көрсету ұйымы қызметкерiнiң өздерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн тиiсiнше орындамауының салдарынан басқа адамға ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтыруы, -
  үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
   
Ескерту. 116-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

   117-бап. Заңсыз аборт жасау

  1. Тиiстi бағдардағы жоғары медициналық бiлiмi жоқ адамның аборт жасауы, -
  бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  2. Тиiстi бағдардағы жоғары медициналық бiлiмi бар адамның заңсыз аборт жасауы, -
  бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жыл мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  3. Тиiстi бейiндегi жоғары медициналық бiлiмi жоқ адамның аборт жасауы не тиiстi бейiндегi жоғары медициналық бiлiмi бар адамның бiрнеше рет заңсыз аборт жасауы, -
  үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  4. Абайсызда жәбiрленушiнiң өлуiне не оның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан заңсыз аборт жасау, -
  үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 117-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2000.05.05 N 47, 2009.12.10 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

   118-бап. Науқасқа көмек көрсетпеу

  1. Заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойынша көмек көрсетуге мiндеттi адамның дәлелдi себептерсiз науқасқа көмек көрсетпеуi, егер бұл абайсызда науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса, -
  елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  2. Дәл сол әрекет, егер ол абайсызда науқастың өлуiне, не оның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, -
  үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
   
Ескерту. 118-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

   119-бап. Қауiптi жағдайда қалдыру

  1. Өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi жағдайдағы және сәбилiгiне, қарттығына, науқастығына немесе өзге де дәрменсiз күйiнiң салдарынан өзiн-өзi сақтап қалу шараларын қабылдау мүмкiндiгiнен айырылған адамды көрiнеу көмексiз қалдыру, кiнәлi кiсiнiң ол адамға көмек көрсету мүмкiндiгi болған және ол адамға қамқорлық жасауға мiндеттi болған не оны өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күйде өзi қалдырған жағдайларда, -
  елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiн мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  2. Көмексiз қалдырған адамның абайсызда өлуiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет, -
  айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
   
Ескерту. 119-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

   120-бап. Зорлау

  1. Зорлау, яғни жәбiрленушiге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбiрленушiнiң дәрменсiз күйiн пайдаланып жыныстық қатынас жасау –
  үш жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Зорлауды:
  а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
  б) өлтiремiн деп қорқытумен ұштасып, сондай-ақ жәбiрленушiге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездiкпен жасалса;
  в) жәбiрленушiнiң соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқтырса;
  г) бiрнеше рет жасалса –
  бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар:
  а) абайсызда жәбiрленушiнiң қайтыс болуына әкеп соқтырса;
  б) абайсызда жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiруге, оның АИТВ/ЖИТС-ын жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырса;
  в) көрiнеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса;
  г) қоғамдық зiлзала жағдайларын пайдалана отырып немесе жаппай тәртiпсiздiк барысында жасалса;
  д) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам кәмелетке толмаған балаға қатысты жасаса, -
  сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге, ал д) тармағында көзделген жағдайларда, - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар көрiнеу он төрт жасқа толмаған жәбiрленушiге қатысты жасалса, -
  он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге жазаланады.
  Ескерту. 120-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

   121-бап. Нәпсiқұмарлық сипаттағы күш қолдану iс-әрекеттерi

  1. Еркек пен еркектiң жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдiң жыныстық қатынасы немесе жәбiрленушiге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбiрленушiнiң дәрменсiз күйiн пайдаланып жасалған нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттер, -
  үш жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Нақ сол iс-әрекеттердi:
  а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
  б) өлтiремiн деп қорқытумен ұштасқан, сондай-ақ жәбiрленушiге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездiкпен жасаса;
  в) жәбiрленушiнiң соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқтырса;
  г) бiрнеше рет жасалса, -
  бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар:
  а) абайсызда жәбiрленушiнiң қайтыс болуына әкеп соқтырса;
  б) абайсызда жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiруге, оның АИТВ/ЖИТС-ын жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырса;
  в) көрiнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;
  г) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам кәмелетке толмаған балаға қатысты жасаса, -
  сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге, ал г) тармағында көзделген жағдайларда, - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар көрiнеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты жасалса, -
  он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 121-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

  122-бап. Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық
   
қатынаста болу және нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге
   
де iс-әрекеттер

  1. Көрiнеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу, еркек пен еркектiң немесе әйел мен әйелдiң қатынасы немесе нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттер, -
  үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Он алты жасқа толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам осы адамға қатысты жасаған нақ сол әрекеттер, -
  он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, бiрнеше рет жасалған әрекеттер, -
  он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 122-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

  123-бап. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң
  жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдiң
  жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсiқұмарлық
  сипаттағы өзге де iс-әрекеттерге мәжбүр ету

  Адамды бопсалау, құртамын деп қорқыту, мүлкiн бүлдiру немесе тартып алу жолымен не жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге тәуелдiлiгiн пайдаланып жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдiң жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттердi жасауға мәжбүр ету -
  айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 123-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2000.05.05 N 47 , 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  124-бап. Жас балаларды азғындату

  1. Көрiнеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданусыз азғындық iс-әрекеттердi жасау, -
  төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе үш жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Он төрт жасқа толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам осы адамға қатысты жасаған нақ сол әрекеттер, -
  он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, бiрнеше рет жасалған әрекеттер, -
  он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жетi жылдан тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 124-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33