Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

  1. Азаматтық iс бойынша iске қатысушы адамның немесе оның өкiлiнiң айғақтарды бұрмалауы -
  бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  1-1. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын орган қызметкерiнiң жедел-iздестiру материалдарын бұрмалауы, -
  екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  1-2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкiлеттi лауазымды тұлғаның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша дәлелдердi бұрмалауы, -
  үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, екi жүзден бес жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  2. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында алдын ала анықтау жүргiзушi адамның, тергеушiнiң, прокурордың , iс жүргiзу әрекеттерiне қатысушы маманның немесе қорғаушының айғақтарды бұрмалауы -
  үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып,үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3.Қылмыстық iс бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмыстар туралы, сол сияқты ауыр зардаптарға әкеп соққан айғақтарды бұрмалау -
  үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 348-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2000.05.05 N 47, 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

  349-бап. Коммерциялық сатып алуға не сыбайлас
  жемқорлық қылмысқа арандату

  1. Коммерциялық сатып алуға арандату, яғни коммерциялық немесе өзге де ұйымдарда басқару қызметтерiн атқарушы адамға қылмыс жасау айғақтарын қолдан жасау не бопсалау мақсатында оның келiсiмiнсiз ақша, мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар беруге тырысу әрекеттерi -
  жүзден үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға арандату, яғни мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамға немесе оған теңестiрiлген адамға қатысты жасалған нақ сол әрекеттер, -
  үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 349-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.09.25 N 484 Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

  350-бап. Көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе
  өзгедей сот актiсiн шығару

  1. Судьяның (судьялардың) көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн, шешiмiн немесе өзгедей сот актiсiн шығаруы -
  бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Бас бостандығынан айыруға соттың заңсыз үкiм шығаруымен байланысты немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол
әрекет -
  үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
   
Ескерту. 350-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

  351-бап. Көрiнеу жалған сөз жеткiзу

  1. Қылмыс жасағаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу -
  жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен, не жасанды айыптау айғақтарын жасаумен ұштасқан, не пайдакүнемдiк ниеттен туған дәл сол әрекет -
  алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
  3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық) ұйымның мүддесiне жасалған әрекеттер -
  үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 351-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2003.09.25 N 484, 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

   352-бап. Көрiнеу жалған жауаптар беру, сарапшының,
   
маманның жалған қорытындылары немесе қате аудару

   Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

   1. Сотта, не алдын ала анықтау жүргiзу немесе алдын ала тергеу кезiнде куәгердiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған жауаптар беруi немесе сарапшының, маманның көрiнеу жалған қорытындылар беруi, сол сияқты дәл сондай жағдайларда, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау кезiнде аудармашы жасаған көрiнеу қате аударма -
  жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  2. Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен, айыптаудың айғағын жасанды түрде жасаумен ұштасқан, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсатта жасалған дәл сол әрекеттер -
  үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 352-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2000.05.05 N 47, 2003.09.25 N 484, 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  353-бап. Куәгердiң немесе жәбiрленушiнiң жауап беруден
  бас тартуы

  Куәгердiң немесе жәбiрленушiнiң сотта немесе алдын ала анықтау жүргiзу немесе алдын ала тергеу кезiнде жауап беруден бас тартуы -
  елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  Ескерту. Адам өзiне, өзiнiң жұбайына (зайыбына) немесе өзiнiң туыстарына қарсы жауап беруден бас тартқаны үшiн, сондай-ақ дiни қызметшiлер сенiп сырын ашқан дiндестерiне қарсы жауап беруден бас тартқаны үшiн қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.
  Ескерту. 353-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.12.21 N 363, 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  354-бап. Жалған жауап беруге немесе жауап беруден
  жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате
  аударуға сатып алу не мәжбүр ету

  1. Куәгердi, жәбiрленушiнi олардың жалған жауап беруi мақсатында не сарапшыны оның жалған қорытынды немесе жалған жауап беруi мақсатында, сол сияқты аудармашыны оның бұрыс аударманы жүзеге асыруы мақсатында сатып алу -
  мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Куәгердi, жәбiрленушiнi жалған жауап беруге, сарапшыны жалған қорытынды беруге немесе аудармашыны бұрыс аударуды жүзеге асыруға мәжбүр ету, сол сияқты аталған адамдарды бопсалаумен, өлтiремiн, денсаулығына зиян келтiремiн деп осы адамдардың немесе олардың туыстарының мүлкiн жоямын деп қорқытумен ұштасқан, жауап беруден жалтаруға мәжбүр ету -
  екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, аталған адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз күш қолданылып жасалған әрекет -
  бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топпен не аталған адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiптi күш қолданылып жасалған, сол сияқты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталуына байланысты әрекеттер -
  екi жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
  Ескерту. 354-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2003.09.25 N 484 , 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

   355-бап. Алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудiң
   
деректерiн жария ету

  Оларды жариялауға жол беруге болмайтыны туралы заңда белгiленген тәртiппен ескертiлген адамның алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудiң деректерiн жария етуi, егер ол прокурордың, тергеушiнiң немесе алдын ала анықтау жүргiзушi адамның келiсiмiнсiз жасалған болса -
  жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
   
Ескерту. 355-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  356-бап. Мемлекеттiк қорғауға жататын адамдарға
  қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары
  туралы мәлiметтердi жария ету

    Ескерту. Тақырыбына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР-ның 2009.04.07. N 149-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

  1. Мемлекеттiк қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету, егер бұл әрекеттi аталған мәлiметтер сенiп тапсырылған немесе оның қызметтiк жұмысына байланысты белгiлi болған адам жасаса -
  екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен төрт жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
  бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
   
Ескерту. 356-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.04.07. N 149-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  357-бап. Хатталған немесе иелiк етуге тыйым салынған не
  тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз
  әрекеттер

  1. Хатталған, тыйым салынған немесе иелiк етуге шектеу қойылған мүлiктi осы мүлiк сенiп берiлген адамның жасаған ысырап етуi, иелiктен шығаруы, жасырып қалуы немесе заңсыз беруi, сол сияқты несие ұйымдары қызметкерiнiң тыйым салынған, не жұмсау операциялары тоқтатылып қойылған ақша қаражатымен (салымдармен) банк операцияларын жүзеге асыруы -
  жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Соттың үкiмi бойынша тәркiлеуге жататын мүлiктi жасырып қалу немесе иемденiп кету, сол сияқты мүлiкке тәркiлеу тағайындау туралы соттың заңды күшiне енген үкiмiн орындаудан өзге де
жалтару -
  жетi жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
   
Ескерту. 357-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  358-бап. Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан
  немесе қамаудан қашу

  1. Жазасын өтеушi немесе алдын ала қамаудағы адам жасаған бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу -
  үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Дәл сол әрекет:
  а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
  б) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданылып, не осындай күш қолданамын деп қорқытумен;
  в) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттар қолданылып жасалса -
  жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
  Ескерту. Қашқан сәтiнен бастап жетi күн мерзiмде бас бостандығынан айыру немесе қамау орнына өз еркiмен қайтып оралған адам, егер өзге жаңа қылмыс жасамаса және қашуы осы баптың екiншi бөлiгiндегi б) және в) тармақшаларында көзделген әрекеттермен ұштасып жатпаса қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

  359-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазасын
  өтеуден жалтару

  Бас бостандығынан айыру орнынан қысқа мерзiмге шығуға рұқсат етiлген сотталған адамның шығу мерзiмi бiткеннен кейiн, сол сияқты айдауылсыз құқығын пайдаланушы, не қадағалауда жүрген сотталған адамның бас бостандығынан айыру түрiндегi жазасын одан әрi өтеуден жалтару мақсатында жасалған түзеу мекемесiне қайтып оралмауы -
  екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

   360-бап. Қылмыстық-атқару мекемесi әкiмшiлiгiнiң заңды
   
талаптарына бағынбау

  1. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамның қылмыстық-атқару мекемесi әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарына әдейi бағынбауы -
  екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Бiрнеше рет жасалған нақ сол әрекет -
  төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететiн мекеме әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарына топтасып бағынбауды ұйымдастыру, сол сияқты күш қолданумен немесе өзiне қандай да бiр қасақана жарақат салумен ұштасқан не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан топтасып бағынбауға қатысу -
  бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 360-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33