177-бап. Алаяқтық

  1. Алаяқтық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау немесе бөтен мүлiкке құқықты алдау немесе сенiмге қиянат жасау арқылы алу -
  екi жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Мынадай:
  а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
  б) бiрнеше рет;
  в) қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық -
  жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Мынадай:
  а)
алынып тасталды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
  б) iрi мөлшерде жасалған алаяқтық –
  в)
алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
  г) мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам жасаған алаяқтық, егер ол өз қызмет бабын пайдаланумен ұштасса, -
  мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
  а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;
  б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, -
  мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 177-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.12.21 N 363, 2004.12.09 N 10, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2009.12.10 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

   178-бап. Тонау

  1. Тонау, яғни бөтен мүлiктi ашық ұрлау -
  үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге
бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Мынадай:
  а) жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына қауiптi емес күш қолданумен, не осындай күш қолданамын деп қорқыту арқылы;
  б) бiрнеше рет;
  в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
  г) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiрумен жасалған тонау -
  мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Мынадай:
  а)
алынып тасталды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
  б) iрi мөлшерде жасалған тонау –
  в)
алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
  мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
  а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;
  б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, -
  мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 178-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.10 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

   179-бап. Қарақшылық

  1. Қарақшылық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш көрсетумен немесе тiкелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау -
  мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Мынадай:
  а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
  б) бiрнеше рет;
  в) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiрумен жасалған;
  г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған;
  д) денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен жасалған қарақшылық -
   мүлкi тәркiленiп бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Мынадай:
  а)
алынып тасталды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
   б) абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтiре отырып;
  в) мүлiктi iрi мөлшерде ұрлау мақсатында жасаған қарақшылық –
  г)
алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
  мүлкi тәркiленiп жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
  а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;
  б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, -
  мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 179-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2000.05.05 N 47, 2009.12.10 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  180-бап. Ерекше құнды заттарды ұрлау

  1. Ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени жағынан құнды заттар мен құжаттарды ұрлау, ұрлықтың жасалу тәсiлiне қарамастан -
  мүлкi тәркiленiп немесе онсыз алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Нақ сол әрекеттi:
  а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ жасаса;
  б) бiрнеше рет жасалса;
  в) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған заттардың немесе құжаттардың жойылуына, бұзылуына немесе бүлiнуiне әкеп соқса -
  мүлкi тәркiленiп сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

   181-бап. Қорқытып алушылық

  1. Қорқытып алушылық, яғни бөтен мүлiктi немесе мүлiкке құқықты берудi немесе күш қолданумен не бөтен мүлiктi жоюмен немесе бүлдiрумен қорқыту арқылы мүлiктiк сипаттағы басқа да iс-әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның туыстарын масқаралайтын мәлiметтердi таратумен не жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулi зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi жариялау -
  үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе онсыз төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Мынадай жолмен:
  а) күш қолдану;
  б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
  в) бiрнеше рет жасалған қорқытып алу -
  мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Мынадай жолмен:
  а)
алынып тасталды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
  б) жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiре отырып;
  в) iрi мөлшерде мүлiк алу мақсатында жасаған қорқытып алу –
  г)
алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
  мүлкi тәркiленiп бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
  а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;
  б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, -
  мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 181-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.10 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  182-бап. Алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен
  мүлiктiк залал келтiру

  1. Алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен меншiк иесiне немесе өзге мүлiк иеленушiге ұрлық белгiлерiнсiз мүлiктiк залал келтiрудi:
  а) адамдар тобының алдын ала сөз байласу бойынша жасауы;
  б) бiрнеше рет;
  в) қызмет бабын пайдаланып жасау –
  төрт жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Дәл сол әрекет:
  а) ұйымдасқан топпен жасалғанда;
  б) iрi залал келтiргенде –
  мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 182-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

   183-бап. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып
   
алу немесе сату

  1. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi алдын ала уәделеспей сатып алу немесе сату -
  елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  2. Нақ сол әрекет:
   а) автомобильге, мұнай және мұнай өнiмдерiне немесе iрi мөлшердегi өзге мүлiкке қатысты;
  б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасаса;
   в) бiрнеше рет жасалса;
  г)
алып тасталды - ҚР 2012.01.25 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
  үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салып немесе мүлкi тәркiленiп немесе онсыз төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген ұйымдасқан топ немесе адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаған әрекеттер -
  мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 183-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.12.21 N 363, 2004.12.09 N 10, 2009.12.10 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.10.06 N 343-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.25 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

   183-1-бап. Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнiң шығарылуының
   
заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды
   
тасымалдау, иелену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ
   
мұнайды өңдеу

  1. Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнiң шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды iрi мөлшерде тасымалдау, иелену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу -
  қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлiк тәркiленiп, екi жылдан үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Нақ сол әрекеттердi:
  а) бiрнеше рет;
  б) ұйымдасқан топ жасаса, -
  сотталған адамның мүлкi тәркiленiп не онсыз, сондай-ақ қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлiк тәркiленiп, бес жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
   
Ескерту. Кодекс 183-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.10.06 N 343-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

  184-бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу

  1. Авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл әрекет автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң құқықтарына немесе заңды мүдделерiне айтарлықтай зиян, оның iшiнде елеулi залалға әкеп соқтырған айтарлықтай зиян келтiрсе, –
  жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  2. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты өткiзу мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiнiң контрафактiлiк даналарын елеулi мөлшерде жасалған сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, –
  бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  3. Электрондық цифрлық форматтағы туындылардың және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiнiң даналарын алмастыруға, сақтауға, тасымалдауға одан әрi қол жеткiзу үшiн интернет-ресурстарды ұйымдастыру, құру арқылы елеулi залал келтiрген авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, –
  алты жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жүз сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  4. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген:
  а) бiрнеше рет;
  б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
  в) iрi мөлшерде немесе iрi залал келтiрген;
  г) адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер, –
  мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 184-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

   184-1-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге,
   
өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық
   
жетiстiктерге немесе интегралдық
   
микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу

  1. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң, селекциялық жетiстiктiң немесе интегралдық микросхема топологиясының мәнiн, олар туралы мәлiметтер ресми түрде жарияланғанға дейiн автордың немесе арыз берушiнiң келiсiмiнсiз жария ету, сол сияқты авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер осы әрекеттер авторға немесе өзге құқық иеленушiге елеулi залал келтiрсе немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне айтарлықтай зиян келтiрсе, -
  жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  2. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi, селекциялық жетiстiктi немесе интегралдық микросхема топологиясын елеулi мөлшерде жасалған заңсыз пайдалану, -
  бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген:
  а) бiрнеше рет;
  б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
  в) iрi мөлшерде немесе iрi залал келтiрген;
  г) адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер, -
  мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту.
  1. Егер залалдың мөлшерi немесе зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалану құқықтарының құны не авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтардың объектiлерi даналарының немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi, селекциялық жетiстiктердi немесе интегралдық микросхемалар топологияларын қамтитын тауарлардың құны қылмыс жасалу сәтiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе acca, осы Кодекстiң 184, 184-1-баптарында көзделген әрекеттер елеулi залал келтiрген немесе елеулi мөлшерде жасалған деп танылады.
  2. Егер залалдың мөлшерi немесе зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалану құқықтарының құны не авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтардың объектiлерi даналарының немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi, селекциялық жетiстiктердi немесе интегралдық микросхемалар топологияларын қамтитын тауарлардың құны қылмыс жасалу сәтiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе acca, осы Кодекстiң 184, 184-1-баптарында көзделген әрекеттер iрi залал келтiрген немесе iрi мөлшерде жасалған деп танылады.
  Ескерту. Кодекс 184-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.11.22 N 90 (қолданысқа енгiзiлу  тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 179-IV , 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33