315-бап. Қызметтегi әрекетсiздiк

  1. Қызметтегi әрекетсiздiк, яғни мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -
  жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -
  екi мыңнан төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет, -
  төрт мыңнан алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер, -
  мүлкi тәркiленiп, жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. 315-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.09.25 N 484, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

   316-бап. Салақтық

  1. Салақтық, яғни лауазымды адамның қызметiне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз мiндеттерiн орындамауы немесе лайықты орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -
  екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  2. Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған дәл сол әрекет -
  үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
   
Ескерту. 316-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

14-тарау. Басқару тәртiбiне қарсы қылмыс

  317-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн
  қорлау

  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн қорлау –
  бiр мыңнан екi мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
   
Ескерту. 317-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.06.28 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

   317-1-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiн —
   
Елбасын көпшiлiк алдында қорлау және оның
   
абыройы мен қадiр-қасиетiне өзгедей қол сұғу,
   
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң —
   
Елбасының бейнесiн бүлдiру, Қазақстан
   
Республикасы Тұңғыш Президентiнiң — Елбасының
   
заңды қызметiне кедергi жасау

  1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiн — Елбасын көпшiлiк алдында қорлау және оның абыройы мен қадiр-қасиетiне өзгедей қол сұғу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң — Елбасының бейнесiн бүлдiру —
  айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған нақ сол әрекеттер, —
  айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң — Елбасының заңды қызметiне кедергi жасау мақсатында оған немесе онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне қандай да болсын нысанда ықпал ету —
  бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дел сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. Кодекс 317-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.14 Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

   317-2-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне —
   
Елбасына ешкiмнiң тиiспеушiлiгi кепiлдiгiн бұзу

  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне — Елбасына және онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне ешкiмнiң тиiспеушiлiгi кепiлдiгiн, оның iшiнде мүлкiне, тұрғын және қызметтiк үй-жайларына, жеке жене қызметтiк көлiк құралдарына, хат-хабарларына, олар пайдаланатын байланыс құралдарына қол сұғылмаушылық кепiлдiгiн, банктiк шоттарының банктiк құпиялығы мен қол сұғылмаушылығы, сондай-ақ оларға тиесiлi құжаттарға қол сұғылмаушылық кепiлдiгiн қандай да болсын нысанда бұзу, —
  бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. Кодекс 317-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.14 Заңымен.

  318-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң ар-ұжданы
  мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның
  қызметiне кедергi жасау

  1. Қазақстан Республикасы Президентiн жария қорлау немесе оның ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу -
  екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасаған дәл сол әрекет -
  бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өз мiндеттерiн атқаруына кедергi жасау мақсатында оған немесе оның жақын туыстарына қандай да болсын нысанда ықпал ету -
  бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жүргiзiп отырған саясаты туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауапқа тартуға әкеп соқпайды.
   
Ескерту. 318-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  319-бап. Депутаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне қол
  сұғу және оның қызметiне кедергi жасау

  1. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатын оның депутаттық мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оны атқаруға байланысты жария қорлау -
  жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмысқа тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасаған дәл сол әрекет -
  үш жүз айлық есептiк көрсеткiштен сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының өз мiндеттерiн атқаруына кедергi жасау мақсатында оған немесе оның жақын туыстарына қандай да болсын нысанда ықпал ету -
  екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. Парламент депутатының депутаттық қызметi туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
   
Ескерту. 319-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

   319-1-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
   
қызметiне кедергi жасау

  1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қызметiне оның өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына кедергi жасау мақсатында қандай да болмасын нысанда араласу, -
  екi жүзден үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған нақ сол әрекет, -
  үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
   
Ескерту. Кодекс 319-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

  320-бап. Өкiмет өкiлiн қорлау

  1. Өкiметтiң өкiлiн оның өз қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде немесе оны атқаруына байланысты жария қорлау -
  жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасаған дәл сол әрекет -
  үш жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту.
  1. Осы Кодекстiң осы бабында және басқа да баптарында өкiметтiң өкiлдерi деп, оған қызмет жағынан тәуелсiз адамдарға қатысты заңмен белгiленген тәртiпте өкiм ету өкiлеттiгi берiлген мемлекеттiк органның лауазымды тұлғасы танылады.
  2. Өкiмет өкiлiнiң қызметтiк жұмысы туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
   
Ескерту. 320-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  321-бап. Өкiмет өкiлiне қатысты күш қолдану

  1. Өкiмет өкiлiнiң өз қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз күш қолдану немесе күш қолданбақ болып қорқыту -
  екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға қатысты өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш қолдану -
  бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
   
Ескерту. 321-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  321-1-бап. Прокурордың қызметiне кедергi жасау және оның
  заңды талаптарын орындамау

  Прокурорлық қадағалау актiлерiн орындамау, сол сияқты оның қызметiне кедергi жасау, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соқса, -
  бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  Ескерту. Кодекс 321-1-баппен толықтырылды - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  322-бап. Жауапты мемлекеттiк лауазымды иеленушi
  лауазымды адамға қатысты қолданылатын
  қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi
  жария ету

  1. Жауапты мемлекеттiк лауазымды иеленушi лауазымды адамға, сондай-ақ оның туыстарына қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi, осы мәлiметтер сенiп тапсырылған немесе оның қызметтiк iс-әрекетiне байланысты белгiлi болған адамның жария
етуi -
  екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен төрт жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
  2. Дәл сол әрекет ауыр зардаптарға әкеп соқса -
  бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
   
Ескерту. 322-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  323-бап. Ресми құжаттарды және мемлекеттiк наградаларды
  сатып алу немесе өткiзу

  Құқықтар беретiн немесе мiндеттерден босататын ресми құжаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының немесе КСРО Мемлекеттiк наградаларын заңсыз сатып алу немесе өткiзу -
  жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
   
Ескерту. 323-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33