185-бап. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын
ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену
1. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап кету) -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолданумен не дәл сондай күш қолданумен қорқыту арқылы жасалса -
бec жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топ жасаған не iрi зиян келтiрген әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданумен не сондай күш қолданбақшы болып қорқытумен жасалған әрекеттер -
алты жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 185-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.12.21 N 363 , 2004.12.09 N 10 , 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
186-бап. Жерге заттай құқықтарды бұзу
1. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соққан, күш қолдану арқылы не күш қолданамын деп қорқыту арқылы немесе адамдар тобымен немесе заңсыз тiнтумен ұласып жасалған бөтен жер учаскесiне заңсыз кiрiп кету, сол сияқты бөтен бiреудiң жер учаскесiн заңсыз басып алу -
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттердi адамның өз қызмет бабын пайдаланып жасауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзден сегiз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 186-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.09. N 10 Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
187-бап. Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе
бүлдiру
1. Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру, едәуiр зиян келтiрсе -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жүз сағаттан бiр жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, нe дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттер:
а) өрт қою, жару арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi әдiстермен жасалса;
б) абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса;
в) жәбiрленушiнiң өзiнiң қызметтiк немесе қоғамдық борышын орындауымен байланысты не өзiнiң жақын туыстары жөнiнде нақ сондай себептермен жасалса;
г) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни араздық себептер бойынша жасалса, -
екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
а) абайсызда адам өлiмiне;
б) тарих, мәдениет ескерткiштерiн, табиғат кешендерiн немесе мемлекет қорғауға алған объектiлердi, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды жоюға немесе бүлдiруге әкеп соққан әрекеттер -
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе асып түсетiн зиян мөлшерi елеулi зиян деп танылады.
Ескерту. 187 бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.09 N 10 , 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
188-бап. Бөтен адамның мүлкiн абайсызда жою немесе
бүлдiру
Отпен немесе өзге де аса қауiптi көздермен абайсыз жұмыс iстеу салдарынан болған не абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан бөтен адамның мүлкiн жою немесе бүлдiру –
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
Ескерту. 188-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
7-тарау. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар
Ескерту. 7-тараудағы «iрi зиян», «iрi мөлшердегi залал», «Iрi зиян», «iрi мөлшерде зиян», «iрi зиянға» деген сөздер тиiсiнше «iрi залал», «Iрi залал», «iрi залалға» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 13.06.2013 N 104-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
189-бап. Заңды кәсiпкерлiк қызметке кедергi жасау
Ескерту. 189-бап алып тасталды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
190-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк
1. Кәсiпкерлiк қызметтi тiркеуден өтпей не рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсiпкерлiктiң тыйым салынған түрлерiмен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе, не iрi мөлшерде табыс табумен немесе iрi мөлшерде акцизделетiн тауарларды өндiрумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткiзумен байланысты болса -
айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не бiр жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салына отырып не онсыз, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттi:
а) ұйымдасқан топ жасаса;
б) аса iрi мөлшердегi табыс табумен ұштастырып;
в) бiрнеше рет жасаса, –
айлық есептiк көрсеткiштiң бiр мыңнан бiр жарым мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертулер.
1. Осы Кодекстiң 190 және 191-баптарында сомасы он мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын табыс – iрi мөлшердегi табыс деп, сомасы жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын табыс аса iрi мөлшердегi табыс деп танылады.
2. Осы Кодекстiң 190-бабында құны бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын тауарлар саны едәуiр мөлшердегi тауарлар деп танылады.
3. Осы тараудың 190, 191, 192-1, 215, 216, 217, 219 және 220-баптарында Iрi залал деп қылмыс жасау сәтiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен мың есе асатын сомада азаматқа келтiрiлген залал, не айлық есептiк көрсеткiштен он мың есе асатын сомада ұйымға немесе мемлекетке келтiрiлген залал танылады.
4. Осы тараудың 194, 198, 199, 200, 202, 202-1, 203, 204, 205және 218-баптарында iрi залал деп қылмыс жасау кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе асатын сомада азаматқа келтiрiлген залал, не айлық есептiк көрсеткiштен мың есе асатын сомада ұйымға немесе мемлекетке келтiрiлген залал танылады.
Ескерту. 190-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.07.16 N 430, 2002.12.21 N 363, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2009.12.10 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 N 104-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
191-бап. Заңсыз банктiк қызмет
1. Банктiк қызметтi (банктiк операцияларды) тiркеуден өткiзбей немесе рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе, не iрi мөлшерде табыс табумен ұштасса -
айлық есептiк көрсеткiштiң сегiз жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салына отырып не онсыз, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттi:
а) ұйымдасқан топ жасаса;
б) аса iрi мөлшердегi табыс табумен ұштастырып жасаса;
в) бiрнеше рет жасаса, –
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не екi жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, екi жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 191-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.10 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 N 104-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
192-бап. Жалған кәсiпкерлiк
1. Жалған кәсiпкерлiк, яғни кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз жеке кәсiпкерлiк субъектiсiн құру не басқа заңды тұлғалардың өз шешiмдерiн айқындау құқығын беретiн акцияларын (қатысу үлестерiн, пайларын) сатып алу, сол сияқты оларға басшылық ету, егер жасалған барлық мәмiлелер құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген және азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрген жағдайда, -
алты жүз елуден екi мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл сала отырып не онсыз екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттердi:
а) бiрнеше рет;
б) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаса;
в) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өз қызмет бабын пайдаланумен ұштастырып жасаса, –
екi мыңнан бес мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi:
а) ұйымдасқан топ;
б) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаса, -
үш мыңнан алты мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не мүлкi тәркiленiп, алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертулер.
1. Осы Кодекстiң осы бабында және 192-1-бабында құқыққа қайшы мақсаттарды көздейтiн мәмiлелерге кредиттердi заңсыз алуға, салық төлеуден жалтаруға, тыйым салынған қызметтi жасыруға, заңсыз табыс табуға және (немесе) өзге де мүлiктiк пайда алуға бағытталған мәмiлелер, сондай-ақ көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға жәрдемдесу жатады.
2. Осы бапта iрi залал деп азаматқа айлық есептiк көрсеткiштен мың есе асатын сомада келтiрiлген залал не ұйымға немесе мемлекетке жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомада келтiрiлген залал танылады.
Ескерту. 192-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.08 N 225-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
192-1-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң кәсiпкерлiк
қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз мәмiле
(мәмiлелер) жасасуы
Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң iс жүзiнде жұмыстарды орындамай, қызметтердi көрсетпей, тауарларды тиеп жiбермей, құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген және азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрген мәмiле (мәмiлелер) жасасуы (оның iшiнде шот-фактураны пайдалану арқылы жасасуы), -
бес жүзден екi мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
Ескерту. Кодекс 192-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.08 N 225-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
193-бап. Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе
өзге мүлiктi заңдастыру
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 N 104-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатымен немесе өзге мүлiкпен қаржылық операциялар және (немесе) басқа да мәмiлелер жасау не көрсетiлген қаражаттың немесе мүлiктiң қылмыстық жолмен шығарылғанын жасыру мақсатында оларды өзгеше пайдалану –
айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жүз айлық есептi көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) әлденеше рет;
в) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасалса, -
жетi жүзден бiр мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi:
а) мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса;
б) ұйымдасқан топ;
в) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) немесе iрi мөлшерде жасаса, -
бiр мыңнан екi мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не мүлкi тәркiленiп, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге, ал а) тармағында көзделген жағдайларда мүлкi тәркiленiп, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертулер.
1. Осы бапта жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомаға жасалған мәмiлелер немесе ақша қаражатын немесе басқа мүлiктi пайдалану iрi мөлшер деп танылады.
2. Қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе мүлiктi заңдастырудың дайындалып жатқаны не жасалғаны туралы өз еркiмен мәлiмдеген адам, егер оның iс-әрекетiнде осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген қылмыстардың немесе өзге де қылмыстың құрамдары болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Ескерту. 193-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.03.16 N 163, 2003.09.25 N 484, 2004.12.09 N 10, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.01.18 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 N 104-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 |


