Осы бақылау процесінде әлеуметтік аяның ерекшеліктері есепке алынады, өйткені басқарушы байланыстар адамдардың қатынастары арқылы жүзеге асырылады. Қоғам – әртүрлі жекелеген күрделі құрылымы бар біртұтас организм. Сондықтан бұл жерде әлеуметтік басқаруды жүзеге асыру қажеттілігі туындайды. Әлеуметтік басқару қоғам өмірінің атрибуты ретінде қоғамның дамуынан және айтарлықтай дәрежеде қызмет атқаруынан тұрады. Енді жете танысуымыз үшін әлеуметтік басқарудың өзіне тән белгілерін атап өтейік:

1) Әлеуметтік басқару – адамдар мен белгілі бір ұжымдардың бірлескен қызметін ұйымдастырады, яғни ол тек адамдардың бірлескен қызметінен көрініс табады;

2) Әлеуметтік басқару бірлескен қызметке қатысушыларға тәртіптеуші ықпал ету – өзінің басты міндеті деп біледі;

3) Әлеуметтік басқарудың басты ықпал ету объектісі – бірлескен қызметке қатысушылардың іс-қимылдары мен өзара қатынастары болып табылады және адамдардың тәртібі (жүріс-тұрысы) басқарылады;

4) Әлеуметтік басқару адамдардың тәртібін (іс-қимылдарын) реттеуші рөлін атқарады, яғни басқару процесінде субъекті мен объектінің арасында туындаған басқару жөніндегі қатынастарды реттейді;

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

5) Әлеуметтік басқару процесіндегі қатысушылардың өзара қатынастары “өктем билік-бағыну” түрінде болады. Басқарылушылар басқарушылардың өктем еркіне мойынұсынады (бағынады);

6) Әлеуметтік басқару басқару субъектілерінен тұратын, сондай-ақ осы процесті жүзеге асыратын ерекше механизмді қажет қылады. Осы қажетті рөлді жүзеге асыруға атсалысатын басқару органы ретінде ұйымдастырылған адамдардың белгілі тобы немесе жекелей өкілеттілік берілген лауазымды тұлғалар болып табылады.

Сонымен әлеуметтік мағынада басқарудың көп түрге бөлінетінін, жеке қырларынан көрінетінін білдік. Өте кең мағынада әлеуметтік байланыстарды ұйымдастыру механизмі (тетігі) болып есептелінеді. Осы басқару түрінің элементі ретінде жергілікті өзін-өзі басқаруды атауға болады. Біздің қарастырайын деп отырған мемлекеттік басқару да осы әлеуметтік басқарудың бір түрі болып табылады. Мемлекеттік басқару мемлекеттік қызметтің арнайы түрі болып есептелінеді.

Мемлекеттік басқару – көптеген елдердің заңдарында, ғылыми әдебиеттерінде кеңінен қолданылып жүрген термин. Бізде де қолданылуы етек жайған осы мемлекеттік қызметтің бір түрі нарықтық экономика қатынастарына бет бұрғанымызға дейін конституциялық заңнан өзіне тиісті орын алып келген болатын. Кейінгі кездердерде мемлекеттік басқарудың орнына айналымға «атқару билігі атты термин енгізілді. Себебі Конституция бойынша биліктердің бөлінгені туралы жарияланған болатын.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабының 4‑ші тармағында мемлекеттік билік: заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді делінген.

Сонымен мемлекеттік басқарудың басқару жүйесінде бұрыннан алған орны мен атқарған рөлін сипаттаймыз:

1) Мемлекеттік басқару – атқару-жарлық беру сипатындағы қызмет. Негізінде мемлекеттік басқарудың басты бағыты – атқару, яғни заңдар мен заңға сәйкес нормативтік актілерді өмірде жүзеге асыру болып табылады. Бұл мақсатқа жету жолында өздеріне берілген заңды билік өкілеттіліктері пайдаланылады.

2) Мемлекеттік басқару – бірыңғай мемлекеттік билікті жүзеге асыру жөніндегі қызметтің нақты түрі. Оның өзіне тән құзыреттілік және функционалдық ерекшеліктері болады.

3) Мемлекеттік басқару арнайы субъектілердің, яғни мемлекеттік басқару органдарының, басқаша айтқанда, мемлекеттік биліктің атқару-жарлық беру органдарының еншісіндегі қызмет.

4) Мемлекеттік басқару – күнделікті және тікелей басшылық процесінде жүзеге асырылатын атқарушы қызмет (шаруашылық, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік-саяси құрылысқа басшылық ету).

5) Мемлекеттік басқару заңға сәйкес қызмет болып табылады және ағымдағы заңдардың негізінде және оларды орындау жолында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік басқару органдары – республикамызда биліктер бөлінгенге дейін мемлекеттік биліктің атқарушы аппараты немесе мемлекеттік әкімшілік ретінде қарастырылатын. Осы атқару-жарлық беру қызметін қандай да болмасын мемлекеттік орган емес, тек конституция бойынша мемлекеттік басқару органы деп танылған емес арнайы субъектілер атқарған еді. Жалпы мемлекеттік ауқымда бұлар – атқарушы немесе құқық қолдану функциялары нысанындағы мемлекеттік билікті жүзеге асырған.

Бұл жерде назар аударатын бір жайт, мемлекеттік басқару мен оның функцияларын жүзеге асырушы мемлекеттік орган да бірыңғай мемлекеттік билік механизмінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Жоғарыда әлеуметтік басқарудың жалпы сипаттамасын бергенімізде оның белгілі бір объектіге тәртіптейтін ықпал тигізетінін атап өткенбіз. Ал мемлекеттік басқару атқарушылығымен сипатталады. Мемлекеттегі заң шығарушы орган заң қабылдау арқылы басқарушылық ықпал етеді. Бірақ оны тікелей жүзеге асырмай, заңның заңды-өктем талаптарын өмірде жүзеге асыру – атқарушы-жарлық беруші органдарға жүктеледі. Сондықтан атқаруды осы тұрғыдан алып қарасақ, онда оның маңызы бойынша тікелей мемлекеттік-басқарушы қызмет екенін көреміз. Бұл жерде байқайтынымыз – басқарушылық ықпал мен атқару толығымен үйлесімді. Сонымен қатар басқару шешімін кімнің шығарғаны да (заң шығарушы немесе заңға сәйкес нормативтік актіні шығарушы) қағидаттық рөл атқармайды.

Міне мемлекеттік басқаруға тән ерекшеліктер осылар. Қандай да болмасын нарықтық қатынастардың үстемдігі болса да мемлекеттік басқарудың басқару аясының әртүрлі қырынан өзіндік көрініс табатыны сөзсіз. Бұл жайлар көбінесе нарықтық экономикасы қалыптасқан елдерде болады. Белгілі француз оқымыстысы Г. Брэбан “нарықтық қатынастар жағдайында барлық басқару аясы қоғамдық-құқықтық сипатта, яғни мемлекеттік мазмұнда болады. Мемлекеттік басқару – басқару жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсете отырып, ағымдағы басқару функциясын жүзеге асырады”, дейді[71].

Нарықтық қатынастарға көшуден көп бұрын “мемлекеттік басқарудың” орнына “атқару билігі” термині қолданыла бастаған болатын. Мемлекет билігінің бұрыннан заң шығару, атқарушылық, әділ сот бағыттарында көрініс табатынын білетінбіз.

Бірақ осы жайлардың мемлекет тарапынан қолдау таппағаны да баршаға мәлім. “Еңбекті бөлуден”, “мемлекеттік билікті бөлшектеуге” көштік деген позиция да қисындылық және мазмұны жағынан сәйкес келмейді. Себебі мемлекеттік басқару аясында жұмыстардың, еңбектердің, қызметтердің көптеген түрлері бар. Мемлекеттік билік те өз функцияларын оның элементтері арасында (жұмыс түрлері, бөліктер, бөлімдері) іштей бөлудің бірыңғай механизмі ретінде қарастырылады. Сондықтан “билікті бөлу” мен “еңбекті бөлудің” арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Атқару билігінің өзіне тән ерекшеліктері мына төмендегідей болып отыр:

1) Атқару билігі бірыңғай мемлекеттік биліктің айтарлықтай дербес тармағы болып табылады, сондай-ақ ол заң шығару сот тармақтарымен тығыз, өзара қызмет атқарады. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысқан бірақ бір-бірін өзара ауыстыруға жол беруге болмайды.

2. Атқару билігі – өзінің функционалдық-құзыреттілік мағынасында дербес билік болып табылады. Оның функциясы жалпы мемлекеттік ауқымдағы заңдардың іс жүзінде жүзеге асырылуымен байланысты. Бұл жағдайда олар мемлекеттік-өктем өкілеттіліктің белгілі бір бөлігін пайдаланады. Ал екінші бөлігі заң шығарушы және сот биліктерінің үлесіне тиеді.

Демек атқару билігін мемлекет билігінің бірыңғай жүйесінің шегіндегі жүйе бөлігі немесе оның механизмі ретінде сипаттауға болады. Бірақ ағымды заңдармен тек атқарушы субъектілердің функциялары мен құзыреттері бекітіледі, өйткені олар қандай да болмасын деңгейдегі мемлекеттік ұйымдар ретінде атқаруды жүзеге асырады. Бұл жерде атқару билігінің құзыреттері мен функциялары туралы сөз қозғалмайды.

3. Атқару билігі – билікті бөлу бастамасымен құрылған мемлекеттік-өктем (билік) механизмінің мызғымас атрибуты (нышаны). Ол әрқашанда заң шығарушы және сот биліктері қатарынан тиісті орын алады.

4. Атқару билігі – қандай да болмасын өктем (билік) өкілеттілік көрінісі ретінде іс-қимылдар мен тәртіптерге белгіленген түрде ықпал тигізетін жолдар мен мүмкіндіктер, сондай-ақ басқаларды өздеріне бағындыру жөніндегі құқық пен мүмкіндік. Оның айрықша белгісі билік мемлекеттік-ұйымдастырылған қоғамның әртүрлі элементтеріне қатысты, яғни жалпы мемлекеттік ауқымда және құқық қолдану сипатындағы арнайы мемлекеттік функция ретінде жүзеге асырылады.

Осы көрініс атқару билігінің ерекше мемлекеттік-құқықтық табиғатын ашып көрсететін сияқты.

5. Атқару билігін мемлекеттік қызметтің бір түрі деп айта алмаймыз. Өйткені тиісті мемлекеттік қызметтің түрін билік түрі емес, тек оны іс жүзінде жүзеге асыру нысаны деп білеміз. Демек атқару билігі мен атқарушы қызметінің арасында теңдік белгісі қойылмайды.

Өктем-билік мемлекеттік қызметтің маңызы, функционалдық (қызмет) бағыты және құзыреттік белгілеушісі, яғни негізі (базасы) сипатындағы категория болып табылады. Сондықтан мемлекеттік басқару әрқашанда мемлекеттік-өктем биліктің белгілі бір түрі ретінде сипатталады.

6. Атқару билігі – өзінің мәні бойынша, мемлекеттік қызметтің ерекше құқық қолданушылық түрінде көрініс табады. Құқық қолдану әртүрлі билік аясында өзінше жүзеге асырылады. Ал атқару билігіне тән қасиет – заң талаптарын тікелей атқару арқылы өзінің ықпалындагы экономика, мәдениет және т. б. объектілердің ойдағыдай және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

7. Атқару билігінің белгілі бір субъектілік көрінісі болады. Оны атқару құзыреті берілген арнайы субъектілерінің қызметінен көруге болады. Бұл жағдай билікті бөлудің айнымас талаптарының бірі болуы керек. Осыған орай атқару билігі мемлекеттік-билік механизмінде атқару билігі органдарымен көрсетілген.

Атқару билігінің субъектілері ретінде сипатталатын мемлекеттік органдардың қызметтері арқылы – атқару билігі өзінің көрінісін табады. Сонымен қатар атқару билігі субъектілік сипатта болғандықтан және атқару қызметін жүзеге асыруға атсалысатындықтан мемлекеттік билік органдарының жүйесі деген ұғымда айтылмайды.

8. Атқару билігі республика көлемінде әкімшілік-аумақтық негізде құрылады және жүзеге асырылады.

Атқару билігін әкімшілік билікпен теңеуге болмайды. Өйткені атқару билігі қажетті жағдайда тек мәжбүр ету шарасымен (әкімшілік биліктегідей) шектеліп қалмайды.

Атқару билігінің тағы бір қыры – оның субъектілерінің қол астында мемлекеттік биліктің аса маңызды атрибуттарының болуы. Олар: армия және басқа да әскери құрылымдар; қаржы; милиция, полиция, мемлекеттік ішкі және сыртқы қауіпсіздік органдары, түзеу-еңбек ету мекемелері және т. б.

Осы жоғарыда аталған жайлар атқару билігі мен мемлекеттік басқарудың арақатынасы туралы мәселені шешудің қажетті негізін қалыптастырады. Нарықтық қатынастарға көшпестен бұрын мұндай мәселе көтерілген емес. Өйткені атқару-жарлық беру қызметін мемлекеттік басқару деп айтатынбыз. Бүгінде бұл мәселе өзекті (актуальді) болып отыр. Себебі “атқару-жарлық беру қызметі” термині заң тілінен қазіргі кезде жоғалып кетті. Осыған қарамастан түбірлік негізі атқарудың сақталып қалғанын көреміз. «Атқару» термині атқару-жарлық беру қызметін де (мемлекеттік басқаруды), сондай-ақ атқару билігін жүзеге асыру жөніндегі қызметті де сипаттайды.

Атқару билігі – айтарлықтай дәрежеде, саяси-құқықтық категория екенін есепке алу қажет. Ал мемлекеттік басқару – ұйымдастырушы-құқықтық категория болып табылады.

Осы мемлекеттік құқықтық категорияның мемлекеттің ауқымында өмірден орын алуға құқығы бар. Өйткені мемлекеттік басқарусыз мемлекеттік-өктем (билік) механизм жұмыс атқара алмайды. Еліміздің конституциясында және басқа да тиісті ағымдағы заңдарда мемлекеттік басқарудың орнына қолданылатын терминінің аталымы берілмеген. Оларда атқару қызметінің субъектілері белгіленгенімен, атқару қызметінің сипаты анықталмаған. Билікті бөлу жүйесі бойынша бірыңғай мемлекеттік биліктің әрбір тармағы олардың субъектілерінің қызметінде жүзеге асырылады. Сондықтан мемлекеттік басқару – өзінің қабілет-бағыты бойынша, өкілеттілік шеңберінде іс жүзінде жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметтің бір түрі болып есептелінеді. Демек мемлекеттік басқару – іс жүзінде, мемлекеттік билік жүйесі шеңберінде (шегінде) жүзеге асырылады және билікті бөлу бастамасына арқа сүйейді. Атқару билігі бірыңғай мемлекеттік биліктің көрінісі ретінде мемлекеттік аппараттың қазіргі кезде атқарушы органдар деп аталатын, ал шын мәнінде, мемлекеттік басқару органдары болып табылатын ерекше бөлімшелерінің қызметінде шынайы сипат табады.

Егер мемлекеттік басқаруды атқару-жарлық беру қызметі деп түсінсек, онда ол мемлекеттік билік субъектілерінің қызметі ретіндегі мемлекеттік билікке қарсы қойылмайды. Мемлекеттік басқару ұғымы – атқару билігімен салыстырғанда кең мағынада қолданылады. Мемлекеттік билік – мемлекеттік басқарудың туынды бөлігі. Ол мемлекеттік-басқарушы қызмет барысында жүзеге асырылатын мемлекеттік-өктем (билік) өкілеттілігінің көлемі мен сипатын (мазмұнын) белгілеуге (анықтауға) атсалысады. Басқа жағынан алып қарасақ, мемлекеттік басқару – мемлекеттік билікті іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған қызмет түрі.

Атқару билігі маңызы бойынша мемлекеттік басқарудың қызмет атқару бағытын көрсететін қызметтің (басқару жөніндегі қызметтің) мәнін құрайды.

Осыған орай атқару билігінің барлық субъектілері бір уақытта мемлекеттік басқару жүйесінің буындары (бөлімшелері) болып табылады.

Бұл аяда мемлекеттік органдардың жиынтығын құрайтын атқару билігі жүйесін (аппаратты) бөліп шығаруға болады. Мемлекеттік органдардың жиынтығы атқару билігі аппаратының субъектілері және оны жүзеге асырудың ұйымдастырушы механизмі ретінде танылады. Атқару билігі жүйесінің тұрақты қызмет атқаратын ұйымдастырушы факторы – әр дәреже-деңгейдегі жалпы құзыретті атқару органдары, ҚР Үкіметі, әкімдер болып есептелінеді. Бұлардан басқа салалық, салааралық, аумақтық, қадағалау және басқа мемлекеттік басқару механизмдері буындарының жиынтығы мемлекеттік басқару субъектілерінің жүйесін құрайды.

Сонымен мемлекеттік-басқарушылық қызмет әрқашанда және сол күйінде қала бермек.

Ең бастысы, – қазіргі қоғамдық дамудың жағдайларын есепке ала отырып мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін міндетті түрде өзгерту.

Қазіргі кезде мемлекеттік басқарудың экономика саласындағы ықпалының азаюына куә болып отырмыз. Бірақ бұл жай атқару билігі мен мемлекеттік-басқарушы қызметтің рөлдерін тұтасымен алғанда төмендетпейді. Атқару билігі оның мемлекеттік-басқарушылық ұғымында белгілі бір мөлшерде тікелей басқару функциясынан бас тарту. Осы негізде мемлекеттік реттеу жүйесінің, оның әсіресе экономика саласында қалыптасу тенденциясы туындауда.

Бұл жерде, яғни мемлекеттік реттеудің арасында мақсат бағыттары бойынша айтарлықтай айырмашылық жоқ. Мемлекеттік реттеу – өзінің мәні бойынша, мемлекеттік-басқарушы қызметтің тұрақты элементі, оның функцияларының бірі деп айтсақ болады. Мемлекет басқара отырып реттейді және реттей отырып басқарады. Мемлекеттік басқару субъектілерінің бағынышты объектілері болса, ал мемлекеттік реттеудің ықпалы бағынышты емес объектілерге бағытталып жүргізіледі. Осы екі жағдайдан атқару билігін іс жүзінде жүзеге асырудың қорытынды вариантын көреміз.

Мемлекеттік басқару – өзінің маңызы бойынша мемлекеттік реттеумен салыстырғанда, кең мағынада айтылатын ұғым. Басқа жағынан алып қарасақ, мемлекеттік реттеу басқарушы ықпал ететін жанама құралдарды пайдаланумен байланысты болады. Олар салық әдістері, жеңілдік беру және т. б. түрдегі басқарудың экономикалық әдістерімен сипатталады.

Бүгінде мемлекеттік басқарушы қызметтің мына түрлері жүзеге асырылады:

1) Мемлекеттік аядағы кәсіпорындар мен мекемелерді басқару;

2) Мемлекеттік емес аядағы әртүрлі объектілердің атқаратын қызметтерін реттеу;

3) Республика аумағындағы мемлекеттік бағдарламаларды дайындау және жүзеге асыру;

4) Мемлекеттік басқару аясындағы жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруларын қамтамасыз ету;

5) Басқару және реттеу аяларындағы жұмыстарға мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуді жүзеге асыру;

6) Шаруашылық өмірдің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілеу және күнделікті өмірде тиімді жүргізу. Мысалы кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан ынталандыру және қолдау; барлық меншік нысандарының тең құқықтығын қамтамасыз ету; тұтынушылардың құқықтарын қорғау; меншік иесінің құқықтар қорғау және т. б.

7) Шаруашылық, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік-саяси құрылыс аяларының қызмет бағыттарын ретке келтіру.

Қазіргі өтпелі кезеңде мемлекеттік-басқарушы қызмет жөнінде белгілі бір қорытындыға келу көптеген себептерге байланысты мүмкін емес. Ең бастысы – мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет. Сондықтан болар, бүгінде қоғамымызда айтарлықтай мөлшердегі талаптар туындап отыр. Олар қоғам өмірінің негізгі жақтарына мемлекет тарапынан орталықтандырылған түрде ықпал ету, атқару тәртібін күшейту, ортақ іс жөніндегі басқарушы мен басқарылушының өзара жауапкершіліктерін арттыру, кейбір объектілерді қайтадан мемлекет қарамағына беру.

§2. Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі және

құқықтық жағдайлары

Мемлекеттік басқару органдары – мемлекеттік органдардың нақты түрлері болып табылады. Сондықтан оларға сол нақты органдардың негізгі ерекшеліктері тән болады.

Мемлекет өзіне қажетті органдарды өзі тікелей құрады және олардың құрылу тәртібін анықтайды, қызмет атқару бағыттарының негізгі қағидаларын белгілейді, сондай-ақ оларды өз атынан және өз мүддесін көздеп қызмет атқаруға жеткілікті өкілеттіліктермен қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органға тән қасиет – ол мемлекеттік билік берілген саяси ұйым болып табылады. Осыған орай мемлекеттік органның маңызды белгісі – оның қолындағы мемлекеттік-өктем сипаттағы өкілеттілігі. Демек мемлекеттік басқару органдарына да тиісті көлемде жоғарыда айтылғандай өкілеттіліктер беріледі[72].

Әрбір мемлекеттік басқару органының өз ұйымдастыру құрылымы болады. Ұйымдастыру құрылымы басқару органының міндеттері, қызмет атқару аумақтары және құзыреттерімен белгіленетін оның ішкі немесе жұмыс аппаратының құрылу жүйесі болып есептеледі. Заң тұрғысынан алғанда, мемлекеттік басқару органының құзыретінің басты құрылымдық бөлігі – мемлекеттік-өктем өкілеттілік.

Сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарының оларды мемлекеттік органдардың басқа түрлерінен ерекшелейтін (айыратын) арнайы белгілері бар. Бұл белгілер басқару органының алдында тұрған, олардың мемлекеттік қызметтерінің айрықша сипатымен, олар жүзеге асыратын міндеттер мен әдістердің өзіндік ерекшелігімен анықталады.

Мемлекеттік басқару органдары атқару-жарлық беру қызметін жүзеге асыруға атсалысады. Мемлекеттегі мемлекеттік өкімет органдары қабылдаған нормативтік актілердің негізінде оларды басшылыққа ала отырып, мемлекеттік басқару органдары өз қызметтерін атқарады. Сонымен мемлекеттік басқару органдарының ерекшелігі мемлекеттің міндеттері мен функцияларын атқару сипатындағы қызметті жүзеге асыру жолымен жүргізіледі. П. В. Василенковтың айтуынша, мемлекеттік басқару органдары – шаруашылық, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік-саяси құрылыстарды тікелей және күнделікті басқаруды өзіне берілген мемлекеттік-өктем өкілеттілік көлемінде және мемлекеттің атынан атқару-жарлық беру қызметі түрінде жүзеге асыруға атсалысатын (арналған) мемлекеттік аппараттың буыны немесе мемлекеттік ұйым ретінде көрініс табады[73].

  мемлекеттік басқару органдарының белгілерін сипаттай келіп органды – ұйым, яғни жалпы мақсатқа жету негізінде бірлескен адамдар деп түсіндіреді. Осы мемлекеттік басқару органының қызмет нысанасының ерекшелігі оның құзырындағы мемлекеттік-өктем өкілеттіліктен тұрады. Бұл өктем өкілеттіліктер – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іс жүзінде жүзеге асыру мақсатына арналып беріледі. Мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік-өктем өкілеттіліктері олардың тиісті нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген құзыреттерінен көрініс табады.

Мемлекеттік басқару органдары мемлекеттік қызметтің бір түрі – мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға арналған. Бұл жерде айта кететін бір жай – кейде нақты бір басқару аясында басқа мемлекеттік органдардың да өз құзыреттеріне жататын қызметтерін атқаруы мүмкін, сондай-ақ мемлекеттік басқару органына да өзіне тән емес қызметтердің жүктелуі мүмкін. Сонда да болса мемлекеттік басқару органдары қызметінің негізгі мәні – басқарушылық қызметті жүзеге асыру болып табылады, ал мемлекеттік басқару органы деп мемлекеттің міндеттері мен функцияларын басқару аппаратының құрамында мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылатын басқарушылық қызметтің көмегімен жүзеге асыратын мемлекеттік аппараттың органын айтамыз[74].

Әкімшілік құқық саласының ғалымы   мемлекеттік басқару органдарына – атқару және жарлық беру қызметін жүзеге асыру үшін арнайы құрылған мемлекеттік органдар жатады, сондай-ақ олар әкімшілік құқықтың негізгі субъектілері болып табылады деп көрсеткен[75]. Мемлекеттік басқару органдары әртүрлі негіздерге байланысты түрлі жағдайларда болады: а) құрылу негізі бойынша; б) мемлекеттік басқару жүйесінде алатын орны бойынша; в) қызмет ауқымы бойынша; г) құзыреттерінің сипаты бойынша; д) өздеріне қарасты мәселелер шешу тәртібі бойынша; е) қаржыландыру бойынша.

Мемлекеттік басқару органдары атқаратын басты рөл – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру.  мемлекеттік басқару органдары жөніндегі көзқарастары мен пікірлері бойынша осы аядағы ғалымдардан ерекшеленбейді. Сонымен қатар ол бұрыннан дәстүрлі қалыптасқан түсініктерге жаңаша сипат беруге тырысады. Бір сөзінде ол басқару органдарының іс жүзінде жүзеге асыратын қызметтері әрқашанда атқару бағытында, атқару сипатында болады дейді[76]. Мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы – басқару аппаратын құрайды, ал басқару аппаратының нақты түрі – басқару органы болып табылады және оның өте маңызды ерекшелігі қарамағында мемлекеттік-өктем өкілеттіліктің болуы.

Түпкі түйін ретінде   мемлекеттік басқару органдарының мынадай түсінігін берген: басқару органы деп – мемлекет атынан және өзіне берілген мемлекеттік-өктем өкілеттіліктің көлемінде мемлекеттік, экономикалық және әлеуметтік-мәдени құрылысқа тікелей және күнделікті басшылық етуді атқару-жарлық беру қызметі ретінде жүзеге асыруға атсалысатын, мемлекеттік аппараттың бөлігі болып есептелінетін ұйымды айтамыз[77]. Белгілі ресейлік ғалымдар Бахрах Д. Н., Алехин А. П., Овсянко Д. М. және қазақстандық ғалымдар Таранов А. А., Тыныбаев К. Г. басқару органдарын қазіргі нарықтық қатынастар талабына сай тұрғыдан қарастырып, көрсеткен[78]. Д. Н Бахрах  мемлекеттік органдар – адамдар ұйымының ерекше түрлері деп айта келіп, оларға тән жалпы ерекшеліктерді атап өткен:

1) олар мемлекеттік аппараттың өз алдына дербес бөліктері болып табылады;

2) мемлекеттің функциясын және қоғамның мүддесін жүзеге асырады;

3) мемлекет атынан және бір мезгілде өз атынан қызмет атқарады;

4) өзіндік құзыреті болады;

5) өз әрекеті үшін мемлекет алдында жауап береді;

6) мемлекет тарапынан құрылады;

7) олардың жағдайлары, құрылымдары және қызметтері құқықпен белгіленеді[79].

Әрбір орган құрылымдық бөліктерден және лауазымдардан тұруы мүмкін. Ал кейде, аса бір ерекше жағдайларда, бөліктердің де, лауазымдардың да болмауы мүмкін. Осы жерде көптеген авторлардың пікірлері екіге бөлінеді. Біреулері мемлекеттік орган – мемлекеттік аппараттың бөлігі деп таныса, ал екіншілері басқару органы – адамдардың тобы немесе ұжым деген қорытындыға келеді. Әлбетте, орган жеке тұлғалардың ұйымдасқан тобын құрағанымен, өзіне тән қасиеті бойынша мемлекеттік аппараттың дербес бөлігі болып табылады және ол осы бөліктің қызмет атқару мәні мен нысандарын, құрылымын, аппаратта алатын орнын анықтайды.

  осы айтылған жайларды есепке ала отырып, мемлекеттік органдардың мынандай түсінігін берген: мемлекеттік орган – бұл құқықпен белгіленген, құрылымы мен қызметі бар мемлекеттік функцияларды орындайтын өзіне тән құзырет берілген апнараттың дербес бөлігін құрайтын ұйымдасқан ұжым[80].

Атқару билігі органдарының өздеріне тән бірталай ерекше белгілері бар. Осы белгілер бір-бірімен тығыз байланыста болады және олардың жиынтығы атқару билігі органдарын сипаттайды. атқару билігі органдарының өздеріне тән белгілерін былайша көрсеткен:

1) олар атқару-жарлық беру қызметін жүзеге асырады;

2) оларға шапшаң, тікелей дербестік берілген;

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31