«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аймақтық даму стратегиясы» мемлекет тарапына жобаланған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімді жоспары. Мемлекеттік стратегияның мақсаты – шикізат тарапынан біртіндеп арылуға ықпал ететін экономика салаларын әр тараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады. Мұндай стартегияның қабылдануына әлемдегі экономикалық даму қарқыны негіз болып отыр. Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, трансұлттық корпорациялар сияқты институттардың осыған дейін де әлемдік экономикада билік жүргізіп келуі дамушы елдерге инновациялық игіліктерді игеруге түрткі болуда.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанға дейінгі аймақтық дамуы бірыңғай халық шаруашылық кешені шегінде анықталды. Нарықтық экономика дамуы жағдайында экономикалық потенциалды дамыту және орналастыру мәселелері нарықтық механизмдермен анықталады. Сонымен қатар мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы үшін жүйелі жағдай, яғни бар ресуртық потенциалды рационалды пайдалану және тұрғындардың қолайлы өмір сүруін қамтамасыз етуі қажет. Осыған сәйкес аймақтық даму процесін реттеуде мемлекеттің ролін анықтау. Жоғарыда айтылған міндетті жүзеге асыру үшін мемлекеттің геоэкономиаклық және геосаяси факторлар ескеріледі. Жаһандану және халықарлық бәсекелестіктің күшеюі әлемдік нарықта тиімді стратегия жоспарлауын талап етеді. Аймақтар мен ірі қалалар ұлттық, аймақтық, әлемдік жүйеде еңбек бөлінісін жүргізу үшін негіз бола отырып, кластерлік дамуда территорияның инфрақұрылымы, экономикалық кеңістік қалыптастыру және тұрғындарды орналастыруда мемлекеттің аймақтық дамуының стратегиялық бағытын анвқтаушы болады. Соныме қатар «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аймақтық даму стратегиясы» республикалық, аймақ аралық, облыстық маңызы бар өндірістік, энергетикалық, инженерлік, транпортты-коммуникациялық және әлеуметтік инфрақұрылым дамытуға бағытталған мемелкеттік инвестициялардың (соның ішінде ұлттық компаниялардың) негізгі приоритеттерін анықтауға анықтауға бағытталады [1].

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Кеңес Үкіметі кезеңінде орныққан мемлекеттің экономикалық потенциалы қазіргі кезеңгі тұрақты даму талаптарына сәйкес келмейді, яғни экономикалық құрылымның деформациясына алып келуі мүмкін. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аймақтық дамуының стратегиясы мемлекеттің аймақтық дамуының стратегиялық бағытын анықтайды, яғни оған экономикалық кеңістікті құру, тұрғын халықты орналастыру, кластер құрумен байланысты аймақтық инфрақұрылымдық қамтылуы және аймақтық, салалық, мемлекеттік бағдарламалардың сәйкесінше дайындалуы мен жүзеге асырылуы кіреді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аймақтық дамуының стратегиясына алдына ынадай мақсат қофды: мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ету жәнеаймақтық және әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті мамандар дайындау негізінде тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, тұрғын халықты орналастыру және экономикалық потенциалды ұйымдастыру кеңістігін құру болып табылады.

Стратегияның аймақтық дамуының негізгі приоритеттері:

1.  Даму зоналарын құру, яғни мемлекеттің барлық аймақтары үшін «локомотив» рөлін атқаратын мемлекеттің экономикалық белсенділігін концентрациялаған зонаны құру және дамыту;

2.  Қазақстанның экономикалық кеңістігін әлемдік шаруашылық жүйеде ортаазиялық сауда-экономикалық және сервисті-технологиялық орталық ретінде интеграция процесін жүргізу;

3.  Өмір сүруге жағымды және экономикалық перспективті аудандарда экономикалық және еңбек ресурстарын концентрациялау;

4.  Кластерлік даму, өзін өзі ұйымдастыру және ішкі ресурстарды млбилизациялау механизмдерін енгізу арқылы аймақтардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.

Стратегияны жүзеге асыру үшін мемлекеттің тұрақты динамикалық дамуы қойылған мақсаттың жүзеге асырылуын талап етеді. Бұл қойылған мақсаттарға жету аймақтық және әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру бойынша тиімді мәселелерді шешу, мемлекеттің барлық аймағында балансталған негізді әлеуметтік-экономикалық даму негізіндемемлекеттің экономикалық потенциалын рационалды ұйымдастыру болып табылады. Стратегияның жүзеге асырылу бағыттары мемлекеттің территориялық даму аспектілерін қамтиды. Мемлекеттің орта мерзімдік даму жоспары мен мемлекеттің басқа бағдарламалық құжаттарына сәйкес стратегия ауқымында қаржылық секторды дамыту және макроэкономикалық реттеу мәселелері бойынша жалпы координация жүзеге асырылады, қолайлы инвестициялық климат құрылады, адам капиталы, ғылыми-техникалық потенциал сияқты өндіріс факторларды дамыту қарастырылған.

Аймақтық және әлемдік экономикада Қазақстан тиімді стратегиясын жүзеге асыра отырып, мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ете алады. Қазақстан өзінің бар мүмкіндіктері мен ресурстарын пайдалана отырып, стратегияға сәйкес аймақтың экономикалық лидеріне айналуға тырысу тиіс, яғни дамыған индустриалды және сервисті-технологиялық орталық. Осы негізде мемлекеттің бәсекеге қабілетті маманданған аймақ құрылып, аймақтық-экономикалық ұйымдардың тиімді модельдері құрылып, кәсіпкерлікті дамыту қажет. Жоғарыда айтылғандардың барлық мәліметке сәйкес мемлекет және бөлек аймақтардыңсәтті позициялануы үшін бәсекелі басымдылықтар құру және жүзеге асырылуға бағытталады:

Әлемдік нарықта бұл мына мәселелерде көрініс табады:

-  минералды шикізат, бидай өнімі және оны өңдеудің ірі өндірушісі мен жеткізуші тұлға;

-  европалық, азия тынық мұхиттық және оңтүстік азиялық экономикалық жүйелерде трансконтинентальды көпір ретінде.

Аймақтық нарықта мынадай мәселелерде көрініс табады:

-  аймақтық нарыққа өндірістік және ауыл шаруашылық өнімді жеткізуші ірі тұлға;

-  қазіргі талаптарға сай аймақтық сервистік орталық;

-  аймақтың инновациялық орталығы.

Бұл барлық мәселелерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аймақтық дамуының Стратегиясы мынадай мәселелерді қамтиды:

1.  Қалыптасқан жағдайды анализдеу;

2.  Стратегияның мақсаты мен приоритеттері;

3.  Стратегияны жүзеге асырудың негізгі бағыттары;

3.1  Аймақтық және әлемдік экономикада мемлекеттің позициясы;

3.2  Мемлекеттің территориялық ұйымдастырылу перспективалары мен орналастыру жүйесі;

3.2.1  Өсу полюстерін қалыптастыру;

3.2.1.1 Қала мен аймақтарды қалыптастыру;

3.2.1.2 Тірек қалалрды дамыту;

3.2.2 Басқа да приоритетті аймақтарды дамыту;

3.2.2.1 Шекаралық территорияларды дамыту;

3.2.2.2 Ауылдық территорияларды дамыту;

3.2.2.3 Қолайсыз аймақтардың мәселесін шешу;

3.2.3 Тұрғын халықты орналастыру және аймақтық құрылым жүйесі;

3.3 Территорияның экономикалық ұйымдастырылуы;

3.2.1 Аймақтың ресуртық потенциалын тиімді пайдаланады;

3.3.2 Еңбектің бөлінуі республикалық, аймақтық, халықаралық деңгейде экономикалық бәсекеге қабілеттілігін территориялық бөлу;

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37