3.3.3 Аймақтық дамудың инфрақұрылымдық қамтылуы;

3.3.3.1 Инновациялық инфрақұрылым;

3.3.3.2 Транспортты-коммуникациялық инфрақұрылым;

3.3.3.3 Өмір сүруді қамтамасыз етуші инфрақұрылым;

3.3.3.4 Су шаруашылығы инфрақұрылымы;

3.3.3.5 Әлеуметтік инфрақұрылым;

3.3.3.6 Туристік инфрақұрылым;

3.4 Аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту;

3.5 Аймақтық дамуының институционалдық дамуын қамтамасыз ету;

3.5.1 Территориялық дамудың жоспарын жақсарту жүйесі;

3.5.2 Инфрақұрылымды дамытуды реттеу механизмдерін жақсарту жүйесі;

3.5.3 Қазақстан Республикасының әкімшілік-аймақтық құрылымын жақсарту жүйесі [1].

Қазіргі жағдайды анализдейтін болсақ - Кеңес Үкіметі кезеңінде қалыптасқан экономиканың құрылымдық құлдырауы мемлекеттің экономикалық орналасуы қажетті талаптарға жауап бермейді. Қазақстанның халық шаруашылық жүйесіне белсенді енуі транспортты-коммуникациялық инфрақұрылымның артта қалуы мемлекеттің әлемдік және аймақтық еңбек бөліну процесін тежеп отыр. Нарықтық жағдайда мелекеттің бөлек аймақтық-шаруашылық жүйелерінде бәсекелестікке басымдығын анықтады. Бұл жағдай кейбір аймақтарда өндірістің құлдырау мен жойылуна алып келді. Нәтижесінде аймақтық диспропорция ұшқырлап, тұрғындар табиғи миграцияға қарамстан экономикалық перспективасы жоқ аймақтарда өмір сүруде. Қалыптасқан тұрғындардың орналасу жүйесі өз тиімділігін жойды. Перспективасы жоғалтқан минералды шикізат орнында орналасқан ұсақ қалалар, сонымен қатар өмір сүруге қолайсыз даму орталықтарына алшақ орналасқан ауылдық жерлер. 60 ұсақ қалалардың 10-ны депрессивті категориясына жатқызылды. Әлеуметтік-экономикалық даму потенциалы бойынша 7512 ауылдық тұрғын пункттердің - 1204 (1,8 млн. тұрғын адамы бар ) жоғары даму потенциалы бар, 5625 ауылдық тұрғын пункттердің (5,2 млн. тұрғын адамы бар ) – орташа, 595 ауылдық тұрғын пункттердің (189,9 млн. тұрғын адамы бар) – төмен даму потенциалы және 88 ауылдық тұрғын пункттердің - тұрғын халқы жоқ. Аймақтық дамуды басқару жүйесі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметінің байланысын қамтамасыз етпейді.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымды жақтарын анықтайтын болсақ: біріншіден, қолайлы географиялық жағдайы - мемлекет еуразиялық материктің орталығында орналасуы – Европа және Азия континенттерінің қиылысында. Қазақстан әлемнің ірі мемлекеттерінің ортасында орналасқан: Ресей Федерациясы мен жедел дамушы Қытай, Орталық Азия елдері, сонымен қатар Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азия елдері.

Екіншісі, шекараға жақын аймақтардың басым болуы. Қазақстанның 14 облысының 12 мемлекет шекарасында орналасқан. Дамыған және динамикалы дамушы елдердің тәжрибесі бойынша шекараға жақын аймақтар бұл мемлекеттердің негізгі зонасына айналды. Шекараға жақын аймақтар экономикалық белсенді зона болып, елдің әлемдік экономикалық жүйеге енуге қолайлы болады.

Үшінші, ресурстардың көлемі. Кең жер ресурстары және табиғи-климаттық ерекшеліктер әртүрлі агралы өнім өндіруге мүмкіндік береді. Республика территориясы он табиғи-ауыл шаруашылық зонаны қамтиды.

Төртінші, мемлекеттің өндірістік потенциалы: өндірістің көп салалы құрылымы және аграрлы өндіріс, отын-энергетика, тау-кен кешендері.

Бесінші, алуан түрлі минералды-шикізат базасы ішкі және сыртқы қажеттіліктерді қамтамасыз етіп, мемлекеттің өсіп келе жатқан экспорттық мүмкіндіктерін жүзеге сырады. Қазақстан мұнай, көмір, хром, марганец, темір, алтын, фосфориттер, бор, калийй тұздары, қалайы қорлары бойынша бірінші ондыққа кіреді.

Алтыншы, ел территориясын қамтыған транспортты-коммуникациялық жүйесі. Теміржол және автомобильжол жүйесі барлық аймақтар арасында тасымалдау қызметін жүзеге асырады. Қазақстандық автомобиль және темір жолдары халықаралық транспорттық коридор құрамына кіреді [4,3].

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аймақтық даму стратегиясына» сәйкес өңдеуші саланы дамытудың алғашқы шаралары жүзеге асырыла бастады. Атап айтқанда, жоғары технологиялық және ғылыми өндірістерді құру жобаларын дамыту, оларды қаржылардыру, сырттан инвестиция тартуға негізделген Инвестициялық, Инновациялық қорлар, Даму банкі, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру корпорациясы даму институттары құрылды. Даму банкі құрылғаннан бері жалпы құны 400 млн. АҚШ доллары тұратын 35 инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды жүзеге асыруға қатысты. Стратегияны іске асыруға арналған инвестициялық сипаттағы тікелей шығындардың болжанатын көлемі жылына 1,2 млрд. АҚШ долларын, мемлекеттік шығындардың құны 2002 жылдың бағасы бойынша жылына 260 млн. АҚШ долларын құрайды. Стратегияны іске асырудан күтілетін нәтижелер де анықталған. Атап айтқанда, экономиканың өсу қарқыны жылына кемінде 8,8-9,2 пайыз көлемінде болады, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖІӨ көлемішамамен 3,5-3,8 есе өседі, сонымен қатар, өңдеуші өнеркәсіптің орташа жылдық өсу қарқыны 8-8,4 пайызға дейін, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігі кемінде3 есе өседі және ЖІӨ-нің энергияны қажет етуі екі есеге төмендейді деп күтіледі. Стратегияны жүзеге асыру ЖІӨ құрамындағы тауар өндірісінің үлес салмағын 2015 жылы 46,5 пайыздан 50-52 пайызға дейін өсіруге, ЖІӨ құрамындағы ғылыми және ғылыми инновациялық қызметтің үлес салмағын 2000 жылғы 0,9 пайыздан 2015 жылы 1,5-1,7 пайызға дейін көтеруге жағдай жасады.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аймақтық даму стратегиясының» негізгі міндеттерінің бірі – аймақтық және халыаралық ауқымдағы еліміздің бәсекелестік артықшылығын анықтау болып табылады. Қазақстандағы машина жасау, жеңіл жиһаз, фармацевтика, қағаз және өнеркәсіптің басқа да бірқатар өңдеуші салаларын дамытуға соңғы үш жылда жыл сайын 68-ден 130 млн. АҚШ доллары, ал мұнай саласына 1773-тен 2300 млн. АҚШ доллары салынды. Ауыл шаруашылық саласы бойынша астықү мақта, ет өнімдерін өңдеу, сыртқы нарықтарға экспорттау кеңінен қолға алынбақ. Қазақстанда шығарылатын көмірсутегі шикізатымен табиғи газдың түгел көлемінің өңделмеген экспортқа шығарылуы өнеркәсіптің мұнай-химия саласын даму жағынан артта қалдырып келеді. Болашақта осы шикізат қуаттарын өңдейтін өнеркәсіп саласы өркендеп, оның дамуына сырттан инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай туғызылмақ. Осыған байланысты 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұнай-химия саласында іске қосылған жаңа өндірістік нысандар 5 жылға дейін корпоративтік табыс салығынан босатылды.

Сонымен Қазақстан Республикасының Индустриалық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясына сәйкес еліміздің бірқатар аймақтарында біраз нақты істер мен шаралар жүзеге асырылғанын келітірілген деректер анық аңғартады. Алдағы кезеңде негізгі күш экономиканың шикізаттық емес бағыттағы салаларында жұмыс істейтін бәсекеге қабілетті, соның ішінде экспортқа бағдарланған өндірістерді дамытуға және құруға бағытталған.

Әдебиет

1.  Стратегия территориального развития Республики Казахстан до 2015 г. 23 августа, 2006.- № 000

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37