The question about agrarian sector products’ competitiveness for Kazakhstan’s WTO joining is considered in this article.
Қазақстанның БСҰ-ның толық қанды мүшесі болуға деген тілегі экономикалық және саяси контекстке ие. Сондықтан Қазақстан Республикасы халықаралық саудада өз орнын алуға тырысуда және дамыған елдермен тең дәрежеде осы сфераға қатысты қарым-қатынастарды реттеуге қатысуда. Біздің еліміз БСҰ-на қосылудан болатын экономикалық пайдаға, ең алдымен қатысушы елдер нарығындағы керемет жағдайларға қызығуда. Сонымен қатар, БСҰ-ның мүшелері болып әлемнің көптеген елдерінің табылуы осы халықаралық ұйымға кірмейтін елдердің қатысушы-елдермен қарым-қатынасында өздерінің мүдделерін қорғау үшін қажетті құқықтарының болмауы себебінен олардың шарттарына бағынулары қажет болатындығын білдіреді.
Қазіргі уақытта БСҰ-на кіру қажет пе, қажет емес пе деп сұраудың қажеті жоқ. Оған жауап мемлекеттік саясатта толығымен берілген және Қазақстан Республикасы Президентінің біздің еліміздің осы ұйымға кіруін аяқтау шаралары туралы Қаулысында және еуропалық интеграция туралы соңғы Жолдауында нақтыланған. Осыған байланысты, қазіргі кездегі атқарушы билік органдарының негізгі міндеті – дайындалған шараларды орындау. Барлық жаңа мүшелер осы ұйымға «БСҰ-на кіруші елдерде қолданылатын шарттармен» кіруде. Сондықтан бұл жағдай соңғы шешім әрбір қатысушы-елдің келісімімен қабылданатын әдеттегі сауда келісімдерінен ерекшеленеді. БСҰ-на қосылушы елдердің болашағы олардың ұлттық мүддені басшылыққа ала отырып, негізгі ережелерді түсіндіру қабілетіне және өздерінің неғұрлым принципиалды ұстамдарын қатаң ұстай отырып ымыраға келулеріне байланысты.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ғылыми және саяси шеңберінде негізінен алдағы уақытта БСҰ-на қосылудан болатын залалдардың жекелеген бағалары әрекет етеді. Сондықтан, жүйелі талдау жүргізу керек және біздің еліміздің осы ұйымға кіруінен болатын мүмкін залалдарына баға беру керек. Бұл келісімге келу процесінің тиімділігін жоғарылату үшін де, БСҰ-на кіруден болатын мүмкін теріс зардаптарды төмендету және халықаралық сауда жүйесінің пайдасын максимум пайдалану үшін және елдің іс-әрекетін белгілеу үшін де тән.
О. Разумков атындағы экономикалық және саяси зерттеулер Орталығының сарапшыларымен жүргізілген Қазақстан Республикасының отандық экономика салаларымен және секторларымен БСҰ-на қосылуының мүмкін нәтижелерін бағалау жағымды залалдары жоғарылайтындар үшін ауыл шаруашылығы мен тағам өнеркәсібінің үлесі төмендейді. БСҰ шеңберінде өнімдердің халықаралық саудасы Уругвай келісімге келу раундының нәтижесінде қабылданған, ауыл шаруашылық өнімдерінің импортына қатысты тарифтік барлық емес кедергілерді тарифтерге ауыстыруды және олардың ең жоғарғы шегін анықтауды қарастыратын ауыл шаруашылығы туралы жарғымен реттеледі.
Қазақстан Республикасы БСҰ-на кіру туралы келіссөздерде бірнеше рет талқыланған, 1994 – 1996 базалық жылдардың есебінен анықталған 1,38 млрд. доллар көлемінде шағын тікелей көмек көрсетуді қорғайды. Қолдауды 13%-дан кем емес мөлшерге дейін қысқарту қажет. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау деңгейі әлемнің дамыған елдеріне қарағанда анағұрлым төмен екенін айта кету керек. Соңғы жылдары бұл қаражат ЖІӨ-нің 0,5 %-ын құрады (сол уақытта Венгрияда – 1,8, Жапонияда және Еуропа елдерінде – 1,7, Чехияда – 1,6, АҚШ-та – 1,5, Канадада – 1,3 және Ресейде – 0,8 %-ды құрады). Тұрғындардың жан басына шаққанда субсидиялар келесідей болды: Жапонияда – 566 дол, АҚШ-та 350, Еуропа елдерінде – 336, Канадада – 163, Венгрияда – 111, Чехияда – 100, Ресейде – 60, ал Украина мен Қазақстанда – 33 дол.
Жалпы алғанда, дамыған елдер бүгінгі таңда ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін қолдау үшін 1 млрд. дол. бөліп отыр. Әдетте, БСҰ-на мүше 140 елден тек 25 ел ғана белгілі бір уақытқа дейін субсидияларды заңды түрде пайдалануға мүмкіндік беретін жауапкершіліктермен байланысты.
БСҰ-на кіру жағдайында Уругвайлық раундқа қатысушылар мен бұл ұйымға соңынан қосылған елдер арасында нарыққа шығуға ұсыныстарды қарастыру кезінде жауапкершілікте айырмашылықтар бар. Себебі, ауыл шаруашылығы туралы Келісім жаңа претенденттер үшін тарифтерді либерализациялау туралы ережені мұқият суреттеуді қарастырмайды. Тәжірибеде претендент-елдердің нақты өнімдер бойынша тарифтік ұсыныстарының деңгейі БСҰ-ның қызығушылық танытушы мүшелерімен екі жақты келіссөздер жүргізу кезінде негіздеуді талап етеді. Қазіргі кезде мұндай келіссөздер кезінде претенденттерде стратегиялық өнімдерге: дән, қант, сүт өнімдері және басқа да өнімдер үшін қабылданған тарифтік ставкаларды белгілеуде еркіндік аз. Соның салдарынан БСҰ-ның жаңа мүшелері үшін нарыққа ену кезіндегі міндеттемелер БСҰ-на мүше елдерге қарағанда неғұрлым күрделенді. Қытай халық республикасының БСҰ-на жоспарлы түрде кіру үрдісі жақсы мысал болып табылады. Кейбір өнімдер бойынша тарифтердің қысқаруы 24 %-дан жоғары.
Ұлттық экономиканы сипаттайтын және баға белгілеу, сапа және ликвидтік факторлары арқылы анықталатын аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін алдағы уақытта көтеру үшін жағдай жасау қажет. Ликвидтікке келетін болсақ, оның көрсеткіштері ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығында ұсыныстарды қалыптастырумен байланысты және өндіріс, тұтыну, импорт пен экспорт есептері арасындағы қатынас арқылы анықталады. Өнім сапасының мәселесі тек қана сапа стандарттарына ұлттық көзқарасты және генетикалық-модификациялық мәдениетті қалыптастырумен ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың менталитетімен де байланысты болғандықтан ерекше сипатқа ие. Соған қоса, өсу стимуляторлары негізінде өндірілген мал шаруашылығы өнімдерін тұтыну мәселесі. Мысалы, АҚШ пен Канадада мұндай өнімдерді сатады, ал Еуропа елдерінде адам денсаулығына әсер ететіндіктен сатуға тыйым салынған.
Бәсекеге қабілеттіліктің үшінші факторы болып баға табылады. Қазақстандық ауыл шаруашылық өнімдердің баға бойынша бәсекеге қабілеттілігі оның өндірісінің салыстырмалы төмен өзіндік құнымен анықталады. Бірақ алдағы уақытта бұл көрсеткіш еңбек ақының жоғарылауымен, өсімдіктерді қорғау препараттары мен тыңайтқыштардың құнының, сонымен қатар тасымалдау шығындарының әлемдік деңгейге жақындауымен байланысты жоғарылайтын болады. Отандық азық-түлік тауарларының әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігінің бағалық сипатқа ие болуы негізгі ауыл шаруашылық өнімдері үшін Қазақстандық және әлемдік экспорттық бағаларды салыстыру арқылы дәлелденеді (кесте). Бәсекеге қабілеттілік салыстырмалы категория болғандықтан, абсолюттік мөлшерге негізделетін көрсеткіштер ұлттық экономикадағы тауардың немесе саланың бәсекелік позициясы туралы аз ақпарат береді. Бір сектордың басқа сектормен салыстырмалы түрде топтасатын көрсеткіштер ақпаратты көп береді. Шет ел ғалымдары жиі қолданатын көрсеткіштердің ішінен келесілерді атауға болады:
1. экспорттық бәсеке қабілеттілікке қатысты индекс;
2. импортқа тәуелділікке қатысты индекс;
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 |


