УДК 636.033:632.2(574.1)
ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАС СИЫРЫНЫҢ ШАҒАТАЙ ЗАУЫТТЫҚ ТОҚАЛ ТИПІНІҢ ӨНІМДІЛІК САПАЛЫЛЫҒЫ
, магистрант,
, ауыл шаруашылық ғылым кандидаты
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Осы мақалада Шағатай мал типінің өнімділік сапасы келтірілген, бұл мал типі спецификалық етті дене бітімімен, жоғары өсу қабілетімен және күрт континентальды климатқа биімділігімен сипатталады.
Приведены данные о продуктивных качествах скота Шагатайского типа, характеризующиеся специфичным мясным типом телосложения, высокой энергией роста, обладающим отличной приспособленностью к условиям резко континентального климата.
The productive qualities of cattle of Chagatay type characterized by specific meet constitution type, high growth energy, and perfect suitability to the continental climate, are given in this article.
Қазақстан Республикасының Бүкіл әлемдік сауда ұйымы қатарына ену қарсаныңда, бәсекеге төтеп бере алатын, жоғары сапалы өнім шығару мәселесі, әсіресе аграрлық сала бойынша бірінші кезекте тұр.
Қазіргі уақытта Республикада аграрлық- өнеркәсіп кешенінде, соның ішінде мал шаруашылығында үлкен құрылымдық өзгерістер болып жатыр. Жалпы мал шаруашылығы іштей мамандандыру арқылы, әрі осы саланың интенсификация жолына көшуіне байланысты ерекше дамуда.
Ет көлемін арттыру, әсіресе ірі қара шаруашылығы есебінен - мал шаруашылығының маңызды мәселелерінің бірі болып келеді.
Батыс Қазақстан облысының табиғи-климаттық жағдайы, жерді пайдаланудың тарихи жүйелілігі, жемшөп өсетін жердің көлемділігі, мал шаруашылығын дамытуға өте тиімді, әсіресе қазақтың ақбас сиырының тұқымын өсіруге қолайлы жағдай бар. Малдың осы тұқымы, республикада етті мал шаруашылығын жедел дамуын қамтамасыз ететінін, сеніммен айтуға болады.
Асыл тұқымдылығын және өнімділік сапасын арттыру мақсатында малды сұрыптау өте маңызды. Тәжірибе және сұрыптау арқылы осындай нәтижеге қол жеткізуге болады.
«Чапаев» ЖШС ең алдыңғы қатарлы асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырының Шағатай тоқал типін өсіретін шаруашылық. Бұл шаруашылықтың малдары Қазақстандағы қазақтың ақбас сиырының тұқым малдарынының ішіндегі ең маңыздысының бірі болып саналады.
Тоқал малдарының табынын құру барысында 4-5 жоғары өнімді аталық іздерді шығару мақсаты тұрды. Ізді құру кезінде негізгі талап - өсу интенсивтілігі жоғары, тоқал бұқаларын іріктеу болып келді.
Шағатай тоқал типін шығару 1962 жылы Канададан әкелінген герефорд тұқымының тоқалы «Гоулд Сол Д-27» бұқасын қолданудан басталды. Бұл максимальды тірі массасы 7 жасында -1150кг салмақты, жоғары өнімді тоқал бұқасы. Табында оның жақсы ет формаларымен ерекшеленетін және салмағы 900кг артық ұрпақтары пайданылды. Олардың ішінен ерекше бағалы тоқал бұқасы Вьюн 712 к, осы бұқа негізінде жаңа зауыттық із жасалынды [1].
Чапаев асыл тұқымды зауыт базасында XX-шы ғ. 70-ші жылдары тоқал малдың аталық іздерімен тоқал малдардың зауыттық типін шығаруға бағытталған асылдандыру жұмыстары басталды. Соның нәтижесінде екі зауттық із - Ветеран 7880-КБ-4, Вьюн 712к және төрт туыстық топ – Байкал 442 , Восток 7632к, Коппертон 150к, Стик 2Тк құрылды [2].
Қазіргі уақытта табын таза тұқымды малдардан тұрады, оның кластық құрамы элита-рекорд және элита – 68,3%, I-ші класс – 22,5%, II-ші класс – 9,2% сипатталады, аталық бұқалардың 6-басы элита-рекорд класына ие. Сиырлар табынында элита-рекорд және элита – 61,8%, I-ші класс – 20,2%, II-ші класс – 18% құрайды. Тайыншалардың класстық құрамы I-ші және одан жоғары классқа - 90,1%-на тең. Табын малдарының басым бөлігінің класстық құрамы стандарт талабына сай. Бұл көрсеткіш «Шағатай» тоқал типінің генетикалық потенциалының кеңдігін сипаттайды.
Зерттеушілердің пайымдауынша тоқал малдарының, яғни «Шағатай» тоқал зауыттық типі интинсивті түрде бұлшық ет ұлпаларын өсіру, ақуыз заттарын жинақтауға бейім келеді. Осыған сәйкес «Шағатай» тоқал малдарының экстерьерлік-конституциялық ерекшеліктері қалыптасты. Бұл тоқал типтес малдар ауыр салмағымен және ірілігімен ерекшеленеді. Толық жастағы бұқалардың шоқтығының биіктігі – 135,5см, кеудесінің тереңдігі – 76,3см, кеудесінің ені – 57,8см, ал сиырлар сәйкесінше – 120,1; 65,9; 40,9см.
Сиыр табынының генеологиялық жүйесі екі зауыттық ізден және төрт туыстық топтан тұрады. 2028 сиыр ішінен Ветеран 7880 КБ-4 және Вьюн 712к аталық іздерге жоғарғы пайыздық үлес тиесілі - 15,97% және 1,08%. Туыстық топтарға келесілер жатқызылады: Камертон 63118 – 27,46%, Байкал 442 - 23,85%, Восток 7652 – 22,92% және т. б. - 8,72%.
Зерттеу нәтижелері бойынша тоқал сиырларының тірілей салмағы басқа типті сиырлармен шамалас, ал сүттілігі артықтау екені анықталды. Сиырлардың сүттілігінің орташа көрсеткіші: 174,2кг, бұл стандарттан жоғары көрсеткіш (2, 5% ға). Сүттің сапалық құрамы төменде келтірілген.
Кесте - Тоқал сиырлардың сүтінің сапасы
Сүттің майлылығы,% | 4,16±0,15 |
Сүттің белогы, % | 3,59 ±0,06 |
Тығыздылығы, градустар | 1,024 ±0,0002 |
Құрғақ қалдық, % | 13,40 ±0,28 |
Шағатай зауыттық тоқал типі малдарының ет өнімділігі де жоғары. Малдардың орташа тірі салмағы (бұқашықтар) 6-8-12- 15-18- айлық шамасында – 172,1; 213,1; 305,2; 368,8; 431,7 кг; сәйкесінше таналардың салмағы - 163,1; 192,1; 262,2; 306,2; 351,4кг
Анализдің көрсетуі бойынша аталық жас малдардың тірі салмағының өсуі 8-айлық шамасында баяулайтынын көрсетеді, яғни, 12-15-18 айлығында. Тірі салмағы 1-ші класс стандартынан сәл асады. Бұл әрине айыру стресс факторының әсері және жеткіліксіз азықтандырудан болады. Сонымен қатар, тірі салмақ бойынша орташа селекционды дифференциал торпақтарда (аталық мал) -52 кг, ал таналар (ұрғашы мал) -29кг айта кеткен жөн, бұл да тоқал зауыт типтік малдардың жоғары генетикалық потенциалын көрсетеді.
Аталық бұқалар жоғары ет өнімділігімен және сойыс сапасымен ерекшеленеді. Бұқаларды қарқынды өсіру кезінде орташа тәуліктік өсім -8- 15 айлық шамасына дейін 1060 г, ал шаруашылық жағдайында -831 г. Ескеретін жағдай, кейбір торпақтардың орташа тәуліктік өсімі: 15- торпақ 1150-1200 гр болды. Бұл типке жататын малдар ет өнімділігінің сапалылығымен де ерекшеленеді. Сою кезінде ұшаларының бұлшық еттері жақсы дамығанын және бір қалыпты майланған ұшаның әр жеріндегі майдың қалыңдығы 0,8-1,9см шамасында екенін көруге болады. Терілері шикі зат стандартына сәйкес.
Тоқал малының көбею қабілеті мүйізді малдардан ерекшеленбейді. Зерттеулер көрсеткендей құрғақ жаздан кейін аналық табынның ұрықтануы төмендейді (56%-ға дейін). Малдардың жақсы ұрықтануы жазғы мезгіліне сәйкес келеді. Тоқал малдардың ұрықтануының пайызы 52,0 ұрықтану коэффициенті 1,6. Табын бойынша буаздық мерзімінің ұзақтығы 381±0,8.
Ғалымдардың пікірінше, мүйізді малдар табынында зақымданудан ет өңдейтін мекемелер орташа жалпы ұша массасынан 0,8-2,7% етті жоғалтады. Сонымен қатар тері шикізатының сапасы төмендейді, оның 4% төменгі сортқа жатқызылады. Малдарды шоғырландырып бір жерге азықтандырғанда, әлді мүйізді малдар жақсы орындарды иемденіп, қалған малдарға жеткілікті түрде азықтануына мүмкіндік бермейді. Осының салдарынан табынның 15% толық қанды азықтанбайды [2].
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 |


