Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Алдымызға келген баланың қабілетін бірден танып, оны қарай дамытудың жолдарын қарастыру нәтижесінде жаңа технологияларды іздестіру жалпы педагогиканың бірден-бір қасиеті десек болады. Студент қабілетін ашып, дамытып, жетілдіру жолында біз өзіміздің университетіміздің қабырғасында қазақ тілі пәнін өткізуде түрлі озық технологиялармен жұмыс жасап жатырмыз.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы мамыр айының 26-сында атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу - білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына »атты лекциясында: «Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді, ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі іске асыруы мен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді».

Интербелсенді оқыту үрдісі үйренушінің өзара белсенді әрекеттер арқылы өздігімен білім игеріп,өз бетімен жұмыс істеп, ізденіп, талаптануына мүмкіндік береді. Тақырып бойынша өзара талдау жасап, пікірлесіп, әрі қарай талдау жүргізе отырып білік дағдыларын қалыптастырады. Интербелсенді оқыту барысында үйренушілерге ЖОО-нда төмендегідей жұмыстар мен әрекеттер арқылы жүзеге асады:

-  бірлескен жұмыстар(жұптық,топтық, бүкіл аудиториялық),

-  жеке жіне бірлескен зерттеу жұмыстары,

-  рөлдік және іскерлік ойындар,

-  пікірталастар,

-  ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс істеу (кітап, лекция, интернет, мұражай, т.б.),

-  шығармашылық жұмыстар,

-  сауалнама,

-  тренинг

Интербелсенді оқыту студенттердің өз тәжірибесі мен өзге студенттердің тәжірибесі тұрғысынан жасаған белсенді қарым-қатынасқа негізделеді. Тәжірибе дегеніміз – олардың өзіндік пікірлері, көзқарастары, тұжырымдары, қорытындылары, дәлелдері мен уәждері. Таным үрдісі барысында олар осы тәжірибелермен бөліседі, жаңа ой туындайды.

Қарым-қатынастың негізгі нысаны – диалог. Диалог – оқу үрдісінің басты құралы. 1998 жылы Әлемдік философиялық конгресте диалог тұлғаның адамгершілік қасиеттерді иемденудің ең басты тәсілі деп айтылуы жай емес. Қарым-қатынас құра білген адам тіл табыса да біледі. Адами қасиеттерді басқа адамды түсіну арқылы бойға сіңіруге болады.

Батыстың философы Ф. Достоевскийдің шығармаларын талдай келе былай деген екен: Адамның шынайы өмірін сөзбен құрастырудың жалғыз ғана түрі – ешқашан аяқталмаған диалог. Өмір өз табиғаты бойынша диалогтық құбылыс. Өмір сүру дегеніміз диалогқа қатысу, сұрау, тыңдау, жауап беру, келісу, т. с.с./ М. Бахтин 153 б /Диалог екі жақтың ауызша да жазбаша да қарым-қатынасы.

Нидерландтық ғалым Карл Ван Паррера инновациялық технологиялардың идеялары мен тәжірибесін былай келтіреді:

-  студенттерді үйренуге деген тұрақты қозғаушы күш/ мотивация/ қалыптастыру,

-  диалог арқылы үйрету,

-  қадағалауды үйрету,

-  оқу мазмұнын сан алуан дегейде жүзеге асыру/материалдық,танымдық, саналық/

-  үйренуге қажетті тәсілдерді таңдау / оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу т. б./

-  білімді игеруде нақты қабілеттерді / қарым-қатынас, ойлау әрекеті, өз тәжірибесін жүзеге асыра білу/ негіздеу,

-  өзін-өзі бағалай білуге бағыттау,

-  тапсырмаларды алдын-ала дайындау,

-  студенттерді шығармашылығын ынталандыру,

Студенттердің қызығушылығы мен ынтасын артырудағы соңғы жылдардағы Гарвард семинарында «Алған білімнің сапасын қандай жайттар өсіреді?» деген сұрақ зерттеліп, төмендегідей қорытындыға келген :

-  нақты нәтижелерді анықтау;

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

-  жазба жұмыстарын жиі орындау;

-  курс соңында бір ғана курстық жұмыс орындау;

-  емтиханның орнына жобалар жасау,қорғау;

-  интербелсенді сұрақтар;

-  бірлесе оқу және жұмыс жасау;

-  оқу курсын ілеммен, шынайы өмірмен байланыстыру;(Ч. Темпл. Стратегия для использования в любых предметных облстях. Развитие критических мышлении через чтение и письмо в системе высшего образования Алматы Фонд ХХІ век 20бет)

Қазақ тіліне үйретудегі тағы бір тиімді технология – «жобалап оқыту» технологиясы. Жобалап сабақ өткізудің дәстүрлі сабақтан едәуір айырмасы бар. Жобалы сабақты дайындау, өткізу оқытушылардан да, оқушылардан да шығармашылық ізденісті, көп күш-жігер және уақыт талап етеді. Жобалы сабақтарда оқушылар белсенді болады, яғни оқытушы не айтады деп күтіп отырмай, өздері іздейді, зерттейді, тандайды, шешеді, жасайды, басқа білімгерлермен, мамандармен бірігіп жұмыс істейді. Оқытушы дәстүрлі сабақтардағыдай аудиторияда ақпарат беретін жалғыз адам болмай, осы жұмыстарды істеу кезінде оқушыларға кеңес беріп көмектеседі, яғни алға қойған мақсатқа жету үшін оқытушы мен оқушы бірігіп жұмыс істейді.

Сонымен жобалы сабақ деген не? Жобалы сабақ бұл алдын-ала жоспарланған, алдына қойған мақсаты бар сабақтың ерекше бір түрі. Жобалы сабақ белгілі бір тақырыпты немесе тарауды өтіп болған соң, жүйелеп қорытындылау түрінде өтіледі. Жобалы сабақта:

- ең бірінші, оқытушы студенттерді сабақтың жоспарымен таныстырады;

- оқушыларды 3-4 адамнан микро топтарға бөледі;

- әр микро топ әр бағытта жұмыс істейді.

І. Дайындық кезеңі:

а) негізгі тақырыпты түсіндіру, талдау, өз айларын айту;

ә) сабаққа қажетті жаңа сөздермен жұмыс істеу;

б) қосымша материалдар енгізу.

ІІ. Тақырыптарды бөлу:

а) студенттерді кіші топтарға топтастырып, әр топқа кіші тақырып табу;

ә) тақырыптарды талқылау;

ІІІ. Тақырыптарды нақтылау:

а) сұрақтар құрастыру, жоспар құру, рөлдерді, тапсырмаларды бөлу;

ә) кім не істейді, қашан, қалай, немен істейтінін анықтау.

Жобалы сабаққа дайындық кезінде жоспарды басшылыққа алған жөн. Бірақ сабақ жоспарынан ауытқуға да болады. Себебі жобалы сабақ барысында шығармашылық еркіндік болуы қажет.

ІV. Мәліметтерді жинау:

а) түпнұсқадағы кітап, газет-журнал, т. б. мәліметтер;

ә) теле-радио хабарларындағы мәліметтер;

б) белгілі бір жерді зерттеуден алынған мәліметтер;

в) көшеде алынған сұхбат мәліметтер;

г) фото-сурет, т. б.

V. Жиналған мәліметтердің тұсаукесерін дайындау:

а) реттеу, өңдеу, тұсаукесерге лайықтап дайындау;

ә) плакаттар дайындау, карта жасау, газет шығару, көрме дайындау, т. б.

VІ. Тұсаукесер:

а) әр кіші топ өз тұсаукесерін басқа оқушылар алдында айтып тусіндіреді, көрсетеді;

ә) жұмыстың нәтижесін көрме, брошюра, плакат, т. б. түрінде дайындау;

б) жұмыстың нәтижесін көрме, плакат, т. б. көмегімен ауызша айтып беру;

в) қысқаша жұмыс жоспарымен, іс барысымен таныстыру (не істеуді жоспарлады, не істелді, жұмыс қалай жүрді, бұдан да жақсы істеуге болар ма еді. т. б.);

г) пікір-талас, пікірсайыс, т. б.

Сабақ дайындау, жүргізу барысында пайдалануға болатын құралдар:

1) компьютер; 2) бейнекамера; 3) фотоаппарат; 4) магнитофон;

5) микрофон; 6) кітаптар, журналдар, сөздіктер, т. б.

Бұндай жұмыстарды атқарған оқушылар келешекте икемді, бейімделгіш, ізденгіш мамандар болып шығары сөзсіз.

ӘДЕБИЕТ

1. Қадашева Қ. Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері: өзгетілді дәрісханадағы қазақ тілі (пед.ғыл. докт. диссерт.) – Алматы: 2001 ж.

2. Көптілді меңгеру барысында қазақ тілін коммуникативті тұрғыдан үйрету әдістемесі. / «Жоғарғы мектеп жүйесінде көптілді білім беру: өзекті мәселелері мен болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. – Астана. 2008 ж.

3. Техникалық жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері: Пед.ғыл. докторы... дисс. автореф.: 13.00.02. –Алматы: Абай атындағы АлМУ, 20б.

ӘОЖ 372.8:81(574)

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ДИЗАЙН МАМАНДЫҚТАРЫ БОЙЫНША ОҚИТЫН СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ДЕҢГЕЙЛІК ТҰРҒЫДА ҮЙРЕТУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

, ,

Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Үш тұғырлы тіл саясатының астарында ана тілімізді мемлекеттік тіл ретінде ғана емес ұлтаралық және халықаралық тіл дәрежесіне көтеру міндеті тұр. Тіліміздің дамуы өзге тілдер көлеңкесінде қалып қоймай қарыштап дамып, барлық сауатты адамдардан бастап, білікті мамандар тіліне айналдыру міндеті түрлі салада мамандар дайындайтын еліміздегі барлық жоғары оқу орындарының басты қызметі мен парызына айналып отыр. Осы тұрғыдан келгенде қазақ тілін тілші емес өзге мамандық иелеріне үйрету терең білімді ғана емес, өте жетілген, тиімді әдістемелерді тауып, қолдануға итермелейді. Сол себептен, қазіргі таңда қазақ тілін оқытудың тиімділігін арттыру мақсатымен педагогика ғылымы саласында жаңа бағыттардың іздестірілуінің нәтижесінде саны мен сапасы сай жаңа әдістемелер көптеп дүниеге келуде. Қазақ тілі пәні оқытушыларының алдында жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультетіндегі студенттерге тілді үйретуде қандай әдістемені қолдансақ, сөйлеу мен жазу әрекетінде сауаттылығын жетілдіріп, тілге үйренуге, тілді білуін ары қарай жетілдеруге ынта қабілеттерін ашамыз деген бір ғана мақсатымыз бар екені айқын. Соңғы кездерде шетел тілдерін оқытудың тиімділігін арттырып, нәтижелі ету жолында көптеген әдістемелердің жасалып, жарық көріп жатқаны белгілі. Солардың ішінде деңгейлік оқыту технологиясы өте жақсы бір әдіс деп табылып, көптеген зерттеулердің негізі болып жүр. Бұл мәселе қазақ тілін өзгетілді дәрісханаларда оқытуда деңгейлік оқыту мәселесі тек соңғы жылдары жарық көрген әдістемелік еңбектерде, кейбір оқулықтарда («Қазақ тілі» оқулығы авторлары: Қ.Қадашева, Э. Сүлейменова, Д. Ақановалар мен «Қазақ тілі» Т. Аяпова, «Қазақ тілі» З. Күзекова) айтылып жүр. Яғни, деңгейлік оқыту ғылыми тұрғыдан қарастырылып, зерттеліп жатыр. Ғалымдар өз зерттеулерінде деңгейлік оқыту мәселесінің теориясын жан-жақты талдап ашып берген. Осыдан соң қанша деңгейге бөліп оқытамыз деген мәселе де әдістемеші ғалымдар тарапынан қарастырылған. Еуропада, Ресейде деңгейлер өлшемі заңды түрде бектілген. Ал, біздің елімізде алты және үш деңгейлік оқыту үрдісі қалыптасқан.

Алдымызға келген баланың қабілетін бірден танып, оны қарай дамытудың жолдарын қарастыру нәтижесінде жаңа технологияларды іздестіру жалпы педагогиканың бірден-бір қасиеті десек болады. «Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдайды тудырудың, оқу процесін ұтымды ұйымдастыру мен жүргізудің, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі» деген ң сөзіне дәлел озық технология әрқашан да сапалы, ұтымды білім берудің бірден-бір жолы болып қала бермек. Студент қабілетін ашып, дамытып, жетілдіру жолында біз өзіміздің университетіміздің қабырғасында қазақ тілі пәнін өткізуде түрлі озық технологиялармен жұмыс жасап жатырмыз. Бұған дәлел өткен жылдан бастап біз университетімізде деңгейлік оқыту технологиясын ғылыми тұжырымдарға сүйеніп практикалық негізде қолданысқа енгізіп отырмыз. Өйткені дәрісханадағы барлық студенттің тілді білу қабілеті бірдей емес. Алдында біз бір топты бастаушы және жалғастырушы деп екіге бөліп оқыттық. Тілді үйретуде бұл да тиімсіз болды. Өйткені, кейбір топтарда студент саны көп немесе топтың сексен пайызы қазақ тілін білу дәрежесі өте төмен болып шықты. Міне, осындай жайттардың барлығын бастан өткізіп, саралап, жүйелей келе біз деңгейлік оқытуды өте тиімді тәсіл деп отырмыз. Әрине, бұл тұста оқытушыға көп салмақ түседі. Дегенмен өз ісіне берілген, өз ана тілінің шын жанашырлары болып саналатын қазақ тілінің оқытушылары үлгереді. Алдыңа келген баланың тіл білу дәрежесін анықтап алып, соған лайық тапсырмаларың қолыңда болса, сабақ өтудің өзі бір ғанибет екені шындық. Баланың қазақ тілінен білім дәрежесін тек сол пәннен сабақ беретін мұғалім тани білу керек. Осы орайда топқа бөліп, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тиімділігі зор. Аталмыш мәселе жайында көптеген зерттеулерде айтылып та, жазылып та жүр. Біз осы тұста әдістемелік оқулықтарда және басылымдарда айтылып жүрген деңгейлеп оқыту мен деңгейлік оқытудың айырмашылығын ашып алып, оларды шатастырып алмауымыз қажет. Деңгейлеп оқытудың қазақ топтарындағы қазақ тілін оқыту барысында балаларды бір деңгейден екінші деңгейге сатылап өткізіп ынталандырып отыру үшін тиімді және таптырмас тәсіл. Ал деңгейлік оқыту технологиясында қазақ тілін түрлі деңгейде білетін өзге ұлт өкілдерін оқыту қарастырылады. Бұл тұста оқытушының алдында қайтсем бағдарламадан қалып кетпей, барлық сабақты өтемін деген емес, қайтсем алдымда отырған балаларға қазақ тілін үйретемін, білгіземін, жан-тәнімен сезіндіремін деген мақсат болады. Деңгейлік оқыту технологиясының белгілі бір қалыптасқан жүйе ретінде қазіргі кезде анықталып, қалыптасқан мақсаты, бағыты, принципі, ерекшелігі, ұстанымы және айырмашылығы бар. Енді осы айтылған жайттарға жеке-жеке тоқталып кетейік.

Деңгейлік оқыту технологиясының мақсаты - әрбір студентке өзінің тілді білу деңгейіне сәйкес келетін оқу материалын меңгертуді қамтамасыз ету. Өтіліп жатқан тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар.

Деңгейлік оқытудың ең басты бағыты – сөйлеудің ең қарапайым түрінен күрделіге жету жолдары, яғни дайын үлгідегі жекелеген сөздер мен сөз тіркестері арқылы ойын айтудан бастап, өзі мәтін құрып, өз сөзімен белгілі тақырыпты кеңейтіп, дамыта айтуға дейін жеткізу.

Деңгейлік оқытудың принципі – тілдік материалдарды кәдімгі өмір шындығындағы жағдайлардың негізінде ұйымдастырып қолдану.

Деңгейлік оқытудың басты ерекшелігі – оқу материалдары бір деңгейден екінші деңгейге қарай күрделі болып, яғни, қарапайымнан күрделіге қарай өсіп отырады.

Деңгейлік оқытудың бұрынғы оқулардан айырмашылығы – бұл бағдарлама бойынша оқытушы барлық оқу материалын қайтсем де меңгертем деп емес, қайтсем тілді үйретем деген стратегияны мықтап ұстануы керек.

Деңгейлік оқытудың негізгі ұстанымдары:

1. Тілдік материалдарды кәдімгі өмір шындығындағы жағдайлардың негізінде ұйымдастырып сөйлеу жағдаятында қолдану.

2. Грамматиканың мәтін мазмұнынан шығарылып түсіндірілуі.

3. Контекст сөйлеу жағдаятында қоршаған ортадағы сөйлеуге қатысты топиктерден бастап ресми немесе бейресми жағдайларды күнделікті тіршілікте беруде қарастырылады.

4. Мәтін мазмұны грамматикалық тақырып пен лексиканы анықтайды [1].

Әрбір деңгейдегі тыңдалым, оқылым, айтылым, жызылымның, тілдесімнің көлемі қандай болу керектігін, нені меңгерту керек екендігін де анықтаған. Ғалым Қ.Қадашева қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде игеруді жетілдірудің ең тиімді жолы – үш деңгейде оқыту деп санайды. Олар: бастапқы деңгей, негізгі (базалық) деңгей, жоғары (жалғастырушы) деңгей. Әрбір деңгейдегі тыңдалым, оқылым, айтылым, жызылымның көлемі қандай болу керектігін, нені меңгерту керек екендігін анықтаған [2].

Ал ғалым З. С. Күзекова «Екінші тіл ретіндегі қазақ тілі оқулығы теориясының лингвистикалық негіздері» монографиясында жалпы сөйлеу материалдарымен жұмысты үш кезеңге бөліп қарайды:

1. Білік-дағдылықтарды қалыптастыру кезеңі

2. Білік-дағдылықтарды жетілдіру кезеңі

3. Өз біліктілігін қалыптастыру кезеңі [3]

Әдіскер-ғалым Т. Аяпова тілдік материалдармен егжей-тегжейлі жұмыстың мынадай түрлерін атап көрсетеді:

•  Сөздердің айтылуы және оларды жаттықтыру,

•  әртүрлі кестелермен карточкалармен жұмыс,

•  мәтіндер оқу,

•  мәтіндегі қиын жерлерді аудару,

•  мәтіндегі әдемі жерлерді жаттап алу,

•  диалогтық сөйлеу үлгілерін есте сақтау (ұлттық нақыштағы) сөздіктермен, анықтамалармен жұмыс

•  әңгіме жаза білу сияқты жаттығулар осы бағдарда қамтылады да, барлық оқу уақытының төрттен бір бөлігін қамтиды.

Бұл бағдардың да қоятын шарттары бар

Олар:

•  Тіл үйренуші тілдік материалдарға аса үлкен зейінмен қарау керек.

•  Тілдік материалды тереңірек зерттеп ұғыну керек.

•  Тілдік материалдар және олар дұрыс стратегиялармен берілуі керек.

•  Бұл тілдік материалдар оқу процессінде жиі қайталануы керек, яғни жоғарыда аталған бағдарларда жиі кездесуі қажет. [4]

Екі ғалым атап айтып отырған тілдік материалдардың игерілуінің барлық түрі де деңгейлік оқытуда орын алады.

Ғалымдар пікіріне сүйене отырып, біз бөлінген үн топты бастапқы деңгей, аралық деңгей, жалғастырушы деңгей деп атадық. Мақсатқа жету әрбір деңгейді жете меңгерумен байланысты және ол табысқа жетудің бағытын анықтап береді.

Бастапқы деңгейде – танымын, логикасын тексеруге арналған қарапайым сұрақтар арқылы тілдік негіз жасалады. Таңдалған тілдік материал тіл үйренушілер өз бетінше қысқа диалог, сипаттау құра алатындай лексикалық, грамматикалық тіркесімді болу керек.

Аралық деңгейде – грамматика мен сөйлеу дағдысы бойынша аталған білімін әрі қарай жетілдіруде сөйлеу жағдаяттық және тақырыптық сөйленіске жаттықтыру ойластырылады.

Жалғастырушы деңгейде – сөйлеу әрекеті түрлерінде дағды мен ептілікті мейлінше жетілдіру мақсаты орындалады. Мұнда негізінен дербес белсенді сөйленіс ең басты тапсырма ретінде орын алады.

Деңгейлік оқытуда білім мазмұны мынадай бөліктерден тұрады: бірінші, студенттің өз білімімен қоса жаңадан игеруге тиісті тілдік материалы, екінші, лексика-грамматикалық минимумдар, үшінші, тілдік бірліктер құрамы. Осындай білім мазмұнына негізделген соң оқытушы мен студент арасындағы коммуникативтік әрекет түрлері, педагогикалық техника, педагогтің ізденімпаздығы, студенттің коммуникативтік әрекеті толығымен жүзеге асады. Атап айтар болсақ олар:

Оқытушының коммуникативтік әрекеті

перцептивтік білік

n  тіл үйренушіні түсіне білу;

n  оның өзіндік ерекшелігін тану;

n  өзіндік қасиетін бағалау;

n  әлеуметтік көзқарасына түсіністікпен қарау.

коммуникативтік қабілет

n  тіл үйренушімен дұрыс қарым-қатынас жасай білу;

n  тіл үйренушінің істеген әрекетін таразылау;

n  оған әсер ететін мотивті аңғару;

n  олардың әр түрлі ситуацияда өзін-өзі ұстай білуін бақылау;

n  өзара түсіністікті қалыптастыру.

Оқытушының коммуникативтік мәдениеті

n  қатысымдық;

n  ізденімпаздық;

n  этикеттік;

n  жетекшілік;

n  әмбебаптық.

Педагогикалық техника

n  тиімді әдістер мен тәсілдерді пайдалану;

n  қарым-қатынас жасауда дұрыс сөйлеу мәнерін таңдау;

n  тіл үйренушінің назарын қажетті, өзекті, тиімді мәселеге аудара білу

Педагогтің ізденімпаздығы

n  шәкірттің сұранысына ден қоя отырып, ұстаздың өз білімі мен білігін жетілдіріп дамытуы.

Студенттің коммуникативтік әрекеті:

n  тілді үйренуге түрткі болатын уәж;

n  игерілуге тиісті білім мазмұны мен оның құрылымы;

n  тіл үйренушінің материалды меңгеру қабілеті мен дағдысы;

n  өзіндік іскерлігі. [5]

Өзіміздің студенттерге деңгейлік тапсырма беру тәжірибемізден бір мысал келтіруге болады. Біз әрбір сабағымызда грамматикалық тақырыпты қамтитын екі немесе үш жаттығуды міндетті түрде барлық деңгейге бірдей орындатамыз. Өйткені, мектептен келген кез келген студент грамматиканы ұмытып қалады. Бұл біріншіден, грамматиканы жақсылап еске түсіру болса, екіншіден, дұрыс жаза білуге, оқи білуге, сауатты тілдесе білуге негіз болады. Ары қарай мәтінмен жұмыс болады. Өйткені тілдесімнің де, жазылымның да, оқылымның да бірге жүзеге асатыны мәтінмен жұмыста анық көрінеді.

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Тәуелдік жалғау.

Сабақтың лексикалық тақырыбы: Менің отбасым.

Ең бірінші мәтін толығымен диктордың оқуымен үн таспадан тыңдалады. Ары қарай мәтінмен жұмыс басталады.

І Бастапқы деңгей. Мәтіннен түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін дәптеріңізге жазып алыңыз да, сөздіктен аудармасын табыңыз және сол сөздерден қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілеңіз.

ІІ Аралық деңгей. Мәтіннің ішінен тәуелдік жалғаулы және көптік жалғаулы сөз бен сөз тіркестерін тауып, астын сызыңыз.

ІІІ Жалғастырушы деңгей. Төменде белгілі кәсіп атаулары берілген. Өз отбасы мүшелеріңіздің кәсібін жазыңыз.

І Бастапқы деңгей. 1.Мәтіннің толық мазмұнын айтыңыз.

2. Келесі берілген сөйлемдермен келісесіз бе, келіспейсіз бе?

3. «Отбасы» тақырыбына арналған қандай сөздер мен сөз тіркестерін білесіз?

ІІ Аралық деңгей. 1. Мәтінге сүйене отырып, өз отбасыңыз туралы айтыңыз.

2. Адамдардың жағымды, жағымсыз мінездерін сипаттайтын сын есімдерді топтап екіге бөліңіз.

3. «Ата-ана» деген ұғым төменде берілген қай сөзбен тіркес жасай алады?

ІІІ Жалғастырушы деңгей. 1. Досыңызбен отбасы туралы сұхбат құрыңыз.

2. Туыстық атауларын кестеге толтырыңыз.

3. Тордағы жасырын тұрған сөздерді тауып жазыңыз.

Бұл сабақтың СОӨЖ-і мен СӨЖ-інің тапсырмаларын да көрсетейік:

СОӨЖ

І Бастапқы деңгей. Мына буындардан «Отбасы» тақырыбына байланысты 12 сөз жасаланады. Ойланып көріңіз.

ІІ Аралық деңгей. Төмендегі торда адам мінезін сипаттайтын жағымды, жағымсыз сын есімдер берілген. Қайсысы сіздің аға-ініңіздің мінезімен сәйкес. Ойыңызды дәлелдеңіз.

ІІІ Жалғастырушы деңгей. Төмендегі мақал-мәтелдердің, нақыл сөздердің қайсысын «Отбасына» қатысты деп есептейсіз? Тапқан мақал-мәтеліңіздің немесе нақыл сөзіңіздің мағынасын түсіндріңіз.

СӨЖ

І Бастапқы деңгей. Өзінің өмірбаянын айту.

ІІ Аралық деңгей. «Менің отбасым» деген тақырыпта шығарма жазу.

ІІІ Жалғастырушы деңгей. «Қазіргі заманғы отбасы үлгісі» тақырыбында эссе жазу.

Қорыта келгенде, деңгейлік оқыту тілді үйретудің ең жақсы тәсілдерінің бірі болып табылады.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11