Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Тапсырманың түрлері көп: студент берілген шартқа қарай отырып, мәселен, іскерлік ойындарда, керекті ақпаратты жеткізіп, керексізін алып тастап, болашақ кәсіби маман ретінде берілген материал бойынша мақсат көздеуі, оны жүзеге асыруы, өзара тілдесуі, әрекет жасап кәсіби ойлауын ағылшын тілінде жүзеге асырса, алар жетістігіміз көп болар еді. Ағылшын тілін жалпы білім беру пәні ретінде оқытуда кәсіптік бағыттағы лексикалық жаттығулар, студенттердің қатысымдық шеберліктерін қалыптастыруға бағытталған жаттығулар, студенттердің оқытушымен өздік тапсырмалары, қосымша материал жинау, слайд-шоу тапсырмаларын орындау жатады. Оқытушы студенттерді кәсіптік бағытта сөйлеуге бағыттай отырып, мамандыққа қатысты материалдармен жұмыс істеу шеберлігін, студенттердің пәнге қызығушылығын қалыптастыруды мақсат етуі, яғни оқытушы аудиториядағы қатысымдық жағдайды ұйымдастыра отырып қызықтырушы, бағыттаушы және анықтаушы қызметін атқарады. Студенттердің тікелей ағылшын тілінен лингвистикалық білімін күшейту үшін жұмыс жүргізіледі: грамматикалық ережелермен жұмыс, оқу, жазу, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыс жүзеге асырылуы тиіс. Мәдениетті адамның бір көрінісі – тіл мәдениетінің жоғары болуы, яғни, дұрыс сөйлеп, сауатты жаза білуі. Адамның сөйлеу мәнерінен, сөзқолданысынан, тіл мәдениетінен, оның кім, қандай кісі екенін аңғару қиын емес. Қазіргі таңда ағылшын тілі Халықаралық негізгі тіл болып тұрғандықтан болашақ мамандардың кез-келген жағдайда, өз жерімізде болсын,өзге елдің алдында болсын, өз ісінің нағыз білгір азаматы екенін кәсіби маман ретінде іскерлігімен, тіл мәдениетінің жоғарылығымен, оның үстіне ағылшын тілінде дәлелдеп, өз үлесін қосып жатса, еңбегіміздің жанғаны деп білерміз. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңге өту жағдайында болашақ кәсіби білікті маман даярлауда, олардың жоғары білім сапасының деңгейін қамтамасыз ету күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі болып табылады.

Тағы бір тілді оқытуда ерекше ескеретін жағдай топтағы студенттердің тілді меңгеру деңгейлері. Әдетте жоғары, орташа, төменгі деңгейге бөлуге болады. Әлбетте тапсырмалар түрлері де студенттің қабылдау қабілетіне сәйкес берілуі тиіс. Жоғары деңгей – өз мүмкіндіктеріне сенімді, интеллектуалды-танымдық қабілеттері жоғары, ағылшын тілін кәсіптік бағытта меңгеруге ынтасы жоғары деңгейдегі студенттерге тән; бұл деңгейдегі студенттің ағылшын тілінен білімі, тіл меңгеру шеберліктері мен дағдылары жоғары және кәсіптік бағытта сөз қоры жеткілікті. Студенттің сыни ойлау, шығармашылық тапсырмаларды орындау шеберліктері, кәсіптік бағыттағы материалдармен жұмыс істеу, өздігінен іздену дағдылары өте жақсы қалыптасқан. Өзін-өзі ұйымдастыра білу қабілеті, өздігінен іздену дағдысы жоғары деңгейде. Өз іс-әрекетін саналы түрде бағалай біледі.

Орташа деңгей – тілді кәсіптік бағытта меңгеру ынтасы, қажеттіліктері орташа деңгейде; білім, шеберлік, дағдыларды меңгеруде танымдық белсенділігі айқын; ағылшын тілін меңгеру деңгейі және тілді кәсіптік бағытта меңгеругеқатысты талаптарға толық жауап бере алмайды. Сыни ойлау шеберліктері, шығармашылық тұрғыдан келу, өздігінен іздену, тапсырмаларды орындауда өзін ұйымдастыра білу дағдылары орташа деңгейде. Төменгі деңгей –тілді кәсіптік бағытта меңгеру ынтасы нашар, танымдық белсенділігі төмен студенттерге тән. Ағылшын тілін меңгеруі және кәсіптік бағыттағы терминологиялық сөз қоры жеткіліксіз. Өзін-өзі ұйымдастыра білу дағдыларының қалыптасуы және тілді кәсіптік бағытта қолдануда қатысымдық құзіреті төмен.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Қазіргі таңда өзім қызмет атқарып жүрген Алматы технологиялық университетінде кез-келген топта осы үш деңгейдегі студенттерді кездестіруге болады. Жоғары деңгей – бұл топқа мектеп қабырғасынан тілді жақсы меңгеріп келген, арнайы лингвистикалық гимназия, лицейлерді бітірген студенттерді жатқызуға болады. Орташа деңгей – мектеп қабырғасынан тілді оқыған, бірақ арнайы лингвистикалық емес мектептерден келген студенттерді атауға болады. Төменгі деңгей –алыс шалғай ауылдардан келген студенттер, ағылшын тілін мүлдем оқымаған немесе жеткілікті деңгейде емес.

Төменгі деңгейге жататын студенттерді ең алдымен мәтінге қатысты сөздікпен таныстырып, түсіндіріп, аудармасын, оқылуын үйретуіміз қажет. Оқылуы қиын сөздерді бірнеше рет дауыстап қайталау арқылы жаттығамыз. Мәтіннің ішіндегі таныс емес сөздерді толығымен теріп алып оларды контекстке байланысты аударуымыз қажет. Сөздікпен түгелдей танысып болғаннан кейін мәтінмен жұмыс жасаймыз.

Орташа деңгейдегі студенттерді мамандықтарына қатысты жаңа сөздермен таныстырып, мәтінді оқытып, аудартып, мәтінге қатысты жаттығулар жасатамыз. Мәтін бойынша сұрақтар қойып жауап беріп мазмұнын айтып беруді талап етеміз.

Жоғары деңгейдегі студенттер мәтінді бірден оқып өз ойымен бөлісіп, мәтінге қатысты берілген жаттығуларды жасап, оқытушының басқаруыменөздік жұмыстарын жасайды.

Түйіндеп айтсақ, оқу әрекетінің түрлерінің қайсысы болса да студенттің берілген материалдан өзіне қажетті ақпаратты, мәліметті сұрыптап алуға, оны ұтымды пайдалануға дағдыландырады. Ендеше жоғарыда сөз еткен тілдік қатынастың оқу әрекеті және оның түрлерінің мамандар даярлаудағы рөлі зор екенін мойындауға тиіспіз.

ӘДЕБИЕТ

1. «Қазіргі мектеп», Алматы 2010, 2011

2. «Қазақ тілі мен әдебиеті», Алматы 2010, 2011

3. « Professional English Teaching aid for students of food specialties» Алматы 2010, Sh. B. Omarova, G. O. Seitkazy, A. T. Taubeyeva, A. A. Magauova

УДК372.8:81(574)

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА СТУДЕНТТІҢ

ӨЗДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне қосылуы халықаралық талаптарға сай жоғары және жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім алудың құрылысын енгізуге, оқытудың кредиттік жүйесіне негізделген мамандарды дайындаудың бакалавриат, магистратура, докторантура үш сатылы үлгісіне ауысуға ықпал жасады. Кредиттік жүйемен оқытудың басты артықшылығы - студенттердің өздігінен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. Бұл студенттердің білім алуында шығармашылық белсенділігін ғана арттырып қоймай, білім берудің сапасын жақсартуға да септігін тигізері анық. Осыған орай, Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізудің ауқымды міндеттері тұр. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке-ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады», - деп көрсетілген [1, 5 б.].

Кәсіби жоғары деңгеймен қоса, жоғары оқу орнын бітірген маман өз бетінше шешім қабылдауда дербестік көрсете білетін, жауапкершілік сезімі жоғары, сыни ойлай алатын, кез келген жағдайға бейім, бәсекеге қабілетті олуы тиіс. Өйткені кез келген маманның кәсіби дайындығының сапасы оның игерген білімімен ғана емес, оның өз бетімен мәселе қойып, оны шеше алатын іскерлігімен айқындалады. Демек, жоғары оқу орнын бітіретін студент өзінің қалаған мамандығы бойынша білімін толықтыра алудың жолын, әдіс-тәсілін игерген, кәсіби әрекетінде тосын жағдаяттарды шешуге дайын, мемлекеттік тілді жетік меңгерген тұлға болуы қажет. Маманның іргелі теориялық білімі мен кәсіби біліктілігі, шығармашылық ойлауы, рухани дамуы, интеллектуалдық өсуін қалыптастыратын білім беру жүйесіне оқытудың жаңа технологиялары енгізілуі тиіс. Ол үшін «халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын, аудио-бейнематериалдарды әзірлеу керек» [2, 17 б.]. Бұндай талап қазіргі білім беру жүйесіне енген кредиттік оқыту технологиясының басты мақсатына сәйкес келеді. Жоғары оқу орнындағы оқыту үрдісі студенттің ынталы, белсенді танымдық әрекетіне негізделетіні белгілі. Ал белсенді танымдық әрекет кредиттік оқыту жүйесінде қазіргі заман талабына сай сапалы маман дайындаудың негізі болып отыр. Сонымен қатар бұл жүйеде жан-жақты жетілген, көп тілді меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыру және дамытуға, оның қоғамның экономикалық, саяси және мәдени өміріне қатыса білуін тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Бұл мәселенің орыстілді студенттерге қазақ тілін тиімді меңгертуге де қатысы бар.

Орыстілді студенттерге қазақ тілін тиімді меңгертудің басты жолы қазақ тілі сабағында берілетін өздік жұмысты өз деңгейінде дұрыс ұйымдастыру деп ойлаймыз. Студенттердің өздік жұмысын тиімді ұйымдастыру арқылы олардың сөйлеу тілін дамытуға болатындығы ғылыми-әдістемелік тұрғыдан да дәлелденуде. Болашақ экономист мамандығында оқитын орыстілді студенттерге қазақ тілінен берілетін өздік жұмысты болашақ кәсіби мамандығына бейімдей ұйымдастырудың маңызы зор.

Студенттердің өз бетінше білімін толықтыруда өздік жұмыстың маңызының ерекше екендігін , С.И. Архангельский, , Ж. Е.Сәрсекеева, С. Г.Тәжібаева, Х. Сүлейменов т. б. ғалымдар атап көрсеткендігі белгілі. Аталған ғалымдар өздік жұмысты оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі бір формасы ретінде тани отырып, оны жеке әдістемелік міндеттерді шешудің, яғни оқу пәнін тереңдете игертудің, студенттің ойлау әрекетін дамытудың құралы, жолы ретінде зерттейді. Өздік жұмысты ұйымдастырудың әдістемелік аспектісі мен жолдары , , Г. К.Нұрмұхамбетова, ң еңбектерінде де зерделенеді.

Еліміздің Болон үрдісіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-экономикалық таңдауына толық жауап береді. Тәуелсіз мемлекетіміздің білім беру жүйесі төмендегі екі түрлі маңызды үрдісті жандандыруға: ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу және әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағытталған. Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуі үшін, білім саласында да үлкен реформалар жүргізілуі тиіс. Бұл жөнінде Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»,- деп ерекше атап көрсетеді [3, 3 б.].

Жоғары оқу орнының негізгі мақсаты - студентке теориялық білім беріп қана қоймай, сол білімді өз бетінше ізденіп табу қабілетін, оқу әрекетін ғылыммен, кәсіби әрекетімен байланыстыра білу дағдысын қалыптастыру. Студенттің өз бетінше білім алу дағдысы - ең түпкі нәтижеге жету. Сол арқылы маман өмір бойы шығармашылықпен жұмыс істейді, ізденеді, білімін толықтырады. Өз бетінше ізденуден туған тұжырымдар олардың түсініктерін кеңейтеді, өмірге, құбылысқа көзқарастарын қалыптастырады, шығармашылық-рухани танымдық қабілеттерін дамытады. Сондықтан да студенттің өздік жұмысы жоғары мектептегі оқу үрдісінің негізгі элементі болып саналады. Студенттің өздік жұмысы олардың танымдық әрекетінің ішкі сипатын: белсенділік деңгейін, жұмысының өнімділігін, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін байқатады. Демек, өздік жұмыс танымдық міндеттерді шешуге қажетті білім, дағды, іскерлікті қалыптастырады. Өздік жұмысты белгілі психолог-ғалым студенттің оқу-танымдық әрекетін ұйымдастырудың амалы, жолы, тәсілі деп бағалайды.

Оқу тапсырмасын өз бетінше орындау үшін тек теориялық білімнің болуы ғана жеткілікті емес. Сонымен қатар студент қалыптасқан әрекеттік дағдылар мен ой әрекеті тәсілдерін жақсы меңгеруі тиіс.

СӨЖ - дидактикалық міндеттерді өз бетінше орындауға, танымдық әрекетке деген қызығушылықты қалыптастыруға және белгілі ғылым саласы бойынша білімін толықтыруға бағытталған студенттердің оқу әрекетін, логикалық ойын, шығармашылық белсенділігін, зерттеу қабілетін қамтамасыз ете отырып, практикалық міндеттерді жүзеге асырумен байланысты болады. Оқытудың кредиттік жүйесі бойынша СӨЖ-дің жалпы сағат көлемі күндізгі бөлімде бакалавриатта пәнге бөлінген жалпы сағатының 60% құрайды, оның жартысы СОӨЖ-ге беріледі. Сырттай бөлімде СӨЖ көлемі 80%-дан кем емес. СӨЖ-дің ұйымдастырылуы ЖОО-ның негізгі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде өздік жұмыстың негізінен екі түрі аталады: аудиториядан тыс СӨЖ және аудиториялық СӨЖ.

СӨЖ материалдарына: негізгі және ұсынылатын әдебиетпен қамтамасыз етілу картасы, студенттердің білімдерін ағымдық және кезеңдік бақылауға арналған тест тапсырмалары, бақылау сұрақтары, дидактикалық материалдар, қорытынды тест тапсырмалары немесе билеттер, әдістемелік нұсқаулар, кейстер, сөзжұмбақтар, көрнекті құралдар, ОТҚ, сырттай оқитын студенттерге арналған әдістемелік пакет, практикалық сабақтардың барлық түрлері бойынша бағдарламалар, пән бойынша оқу үрдісінің картасы жатады.

СӨЖ мазмұны курс тұжырымдамасы, ЖОО-ның техникалық мүмкіндіктері, кітапхананың кітаптармен қамтамасыз етілуімен анықталады. СӨЖ-дің нәтижесі бақылаудың жазбаша формалары: конспект, реферат, баяндама, эссе, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, жаттығу жұмысы, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс, ғылыми мақала, аудио, видео есеп т. б. түрінде рәсімделеді және ақпараттың әр түрлі көздерін еркін пайдалана алу мен оқытудың электрондық құралдарын қолдануға тиімді жағдайлар жасалуына байланысты.

Еліміздегі тәуелсіздік таңы атқаннан кейін тілдерді оқытуға, үйретуге басты назар аударыла бастады. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұжырымдамасы» (1996, 4 қараша), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998, 5 қазан), «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің аясын кеңейту туралы» (1998, 14 тамыз) құжаттар қабылданып, қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуға, үйретуге үлкен мән берілді. Осыған орай қазақ тілін өзгетілділерге оқыту мен үйретуге байланысты Н. Оралбаева мен К. Жақсылықованың, Х.Қожахметованың, К. Сариеваның, З. Күзекова, Г.Қарағұсованың, А. Алдашева, З. Ахметжанова, Қ.Қадашева, Э. Сүлейменовалардың т. б. оқулықтары мен оқу құралдары жарық көрді. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың теориялық және әдістемелік негізін салған еңбек - Ф. Оразбаеваның «Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі» атты оқулығы. Оқулықта қазақ тіл біліміндегі тілдік қатынас мәселесі жан-жақты қарастырылады. Атап айтқанда, тілдік қатынастың ғылыми негіздері айқындалады, сөйлесім әрекеті, тілді оқыту ұстанымдары, әдіс-тәсілдері, тілдік тұлғаларды оқыту әдістемесі зерделенеді.

Білім берудің қазіргі талаптарына сай қазақ тілін жаңа технология негізінде оқыту мәселесі де ғалымдардың назарынан тыс қалған жоқ. Оған педагогика ғылымдарының докторлары Қ.Қадашеваның қазақ тілін өзге тілділерге жаңаша жаңғыртып оқыту технологиясы мен К. Жақсылықованың модульдік оқыту технологиясына негізделген ғылыми зерттеу жұмыстарын атауға болады. Орыс бөлімдерінде қазақ тілі бойынша жүргізілетін өздік жұмыстар мәселесі педагогика ғылымдарының докторы Р. Шаханованың зерттеуінде де біршама айтылады [5, 34-35 б.].

Өзгетілділерге қазақ тілін болашақ мамандығына қарай бейімдей оқыту мәселелері де зерттелуде. Оған Қ.Қ.Мұқанованың, Ә.Әлметованың, ң т. б. зерттеулерін атауға болады. Демек, өзгетілді дәрісханада қазақ тілін үйрету, оқыту әдістемесі туралы оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, зерттеу жұмыстары аз емес. Алайда, аталған ғылыми-әдістемелік еңбектерде студенттермен жүргізілетін өздік жұмыс арнайы сөз болмағаны байқалады.

өздік жұмысты оқу үрдісінде студенттің өздік әрекетін басқару және ұйымдастыру құралы ретінде қарастырады [7]. Соның нәтижесінде ғылыми зерттеулерде өздік жұмыс келешек маманның шығармашылық ойлауын, ғылымға қызығушылығын, кәсіби қарым-қатынас қажеттілігін туғызатын оқыту әдісі, таным үрдісі, студенттің өз бетінше жасайтын іс-әрекеті, дербес әрекеттің сипаты және оқушының қабілеттілігінің көріну формасы, оқу үрдісінің негізі, студентті өз бетімен білім алуға дайындаудың жолы, оқу әрекетін ұйымдастырудың формасы, тәсілі, оқытудың бір түрі (Ы. Алтынсарин), танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру формасы (), оқыту құралы () ретінде қарастырылды. өздік жұмысты «оқу материалын меңгерту мен бекітудің ең тиімді, әрі ең қажет құралы» [8], оны оқушының бойында өзіндік жеке қасиеттерін дамытуды тәрбиелеу [9], ал «оқытушының білім алушыға ұйымдастырған жағдайы», , «бұл оқушының өзге біреудің көмегінсіз, өзінің біліміне, ойына, дағдысына, өмірлік тәжірибесіне, түсінігіне қарап жүзеге асыратын іс-әрекеті» деп сипаттайды. Бұл жерде «өздік жұмыс» пен «өзіндік іс-әрекет» ұғымдарын шатастыру байқалады. Аталған авторлар өздік жұмыстың сыртқы сипаттамасына, ұйымдастыру жағына ғана көңіл аударса, «өздік жұмыстың өзіндік белгілерін (ішкі және сыртқы) бірлікте қарау арқылы ғана ашуға болады», - дейді [10]. Демек, өздік жұмыстың сыртқы ерешеліктері оқытушының үйрету қызметімен, ал ішкі ерекшеліктері білім алушының танымдық әрекетімен сипатталады. Жоғарыда аталған еңбектердің барлығында өздік жұмысты ерекшелейтін басты белгі – тапсырманы оқытушының көмегінсіз білім алушының өзінің орындауы деп көрсетілген. Бұл белгі өздік жұмысты оқытудың ерекше бір формасы ретінде сыртқы ұйымдастырылуы жағынан ғана сипаттайды. Оқыту үрдісіндегі өздік жұмысқа байланысты ғалымдардың пікірлерін саралай келе, олардың өздік жұмыстың мәнін түсінуде бір пікірде емес екендігін байқаймыз. Ол өздік жұмысты екі жақты: сыртқы (ұйымдастыру) және ішкі (мазмұны) жағынан қарастырумен байланысты. Жоғарыда келтірілген анықтамалардың қай-қайсысы болмасын маңызды, өйткені олар оқу-педагогикалық әрекеттегі өздік жұмыстың маңыздылығын айқындайды, алайда, оның мәнін толығымен дәлелдемейді.

Өздік жұмыстың ерекше белгісі - оның дербестік сипаты. Өздік жұмыс - жеке тұлғаның игерген білімін көрсетудің, жеке басының қабілеті мен мүмкіндігін байқатудың негізгі формасы. оқудағы дербестікке үлкен мән беріп: «Біз студентті «бәріне» оқытқымыз келмейді, оның жанында не лектор, не оқытушы болмаған уақытта біз оны өздік білім алуға, оны болашақ өмір ағымында дербестікке үйреткіміз келеді, оған керектінің бәрін үйрету қажет»,-деп тұжырымдайды [11]. Бұл пікірлер дербестіктің оқуда қалыптасуы және өздік жұмысты ұйымдастыру мәселелерінің жоғары мектепте, педагогикалық білім беруде терең тамыр жайғандығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

ӘДЕБИЕТ

1. ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан. -20желтоқсан, -№ 000-

2. Н.Ә. Назарбаевтың жолдауы // Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекет саясаттың басты мақсаты. - Петропавл, 20б.

3. Н.Ә. Назарбаевтың жолдауы // Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Егемен Қазақстан. -20наурыз, -№52 (24305).

4. Техникалық жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері: Пед.ғыл. докторы... дисс. автореф.: 13.00.02. –Алматы: Абай атындағы АлМУ, 20б.

5. Низамов основы активизации учебной детельности студентов. – Казань: Изд-во Казанского университета, 19с.

6. Пидкасистый и структура самостоятельной деятельности учащихся в обучении: Дисс. док. пед. наук: 13.00.02. - М., 19с.

7. Штульман основы моделирования экспериментально - методического исследования в методе обучения иностранным языкам: Дисс. док. пед. наук: 13.00.02. –М., 19с.

8. Значение самостоятельной работы школьников // Советская педагогика. –М., 1942. -№8. –С. 16-23.

9. Буряк работа учащихся. – М.: Просвещение, 19с.

10. Блонский педагогические и психологические сочинения. - М.: Педагогика, 1979. - Тс.

11. Щукин преподавания русского языка как иностранного // Учеб. пособие для вузов. – М.: Высшая школа, 20с.

УДК 81

КОНЦЕПТ «ĢELT» /GELD/ В БЫТОВОМ СОЗНАНИИ НОСИТЕЛЕЙ ДИАЛЕКТА

Алматинский технологический университет, г. Алматы, Республика Казахстан

e-mail: gulnar_05@inbox.ru

В нашей языковой картине мира носителей диалектов концепт «Деньги» - Ģelt эксплицируется в виде когнитивной структуры при помощи тех стереотипных представлений, которые существуют в обществе в отношении важности-неважности денег, их значимости в оценке человека, способов их зарабатывания, реализуемыми вариативными речевыми произведениями, текстами, пропозициональными связями. Кроме того, в рассматриваемую когнитивную структуру «Деньги» - «Ģelt», входят единицы языковой системы (Pfennig, Grosch, Heller, Deut, Dreier, Sechser, Batzen, Scherflein, Taler, Mark), выражающие относящийся к данной сфере опыт в виде значения языковых знаков. Они представлены нейтральными наименованиями денежных знаков, их экспрессивными, часто стилистически сниженными синонимами, пословицами, фразеологизмами, повествующими о деньгах и отражающих стереотипные представления, бытующие о них в обществе. Отношение немецкого общества к деньгам отражается в пословицах и поговорках, в основе их лежат когнитивные структуры «Wealth/ Богатство».

Концепт «Ģelt» имеет сложную структуру, включающую в себя пять составляющих: 1) понятийную. В ней дается общее представление о деньгах. Деньги – показатель богатства, независимости. Они всемогущи. В немецком языке имеются пословицы и фразеологизмы, показывающие всепобеждающую силу денег, например: Geld und Gut, jedem Geld abknöpfen, jemand dickes Geld, hat klotziges Geld и др.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11