4.2.24. Жөндеуден кейін газ беруді қайта қалпына келтіру
Жер беті газ құбыры жұмысының мазмұны: Тұтынушыларға газ берудің қайта қалпына келгенін хабарлау. ГРП, ШРП дан тыс орнатылған манометрлер, шырақтарды бөлшектеу, компрессорды тарақшадан ажырату. Штуцерді бөлшектеу. Қолданыстағы газ құбырларына штуцерді пісіруде штруцерді болат тығынмен жабу және дәнекермен пісіру. Газ құбырын жөндеуге дейінгі және кейінгі аймағыда ажырату құрылғысын жабу.
Ажыратылғаннан кейін газ беруді қайта қалпына келтіру кезінде жөндеу жұмыстарына дейінгі және кейінгі аймақтарындағы ажыратқыш құрылғысын ашу және қолданыстағы газ құбырын қалыпты қысым (төменгі қысым желісінде) газымен немесе 0,1 МПа дан артық емес (жоғары қысым желілерінде) қысыммен ауаны толық ығыстырып шығарғанынша үрлеу.
Қысым төмендетілгеннен кейін газ беруді қайта қалпына келтіру кезінде жөндеу жұмыстарына дейінгі аймағындағы ажыратқыш құрылғысын ашу және ГРП, ШРП немесе тұтынушылар манометрлері бойынша газ қысымының жоғарылауын бақылау.
Ажыратқыш құрылғысының тығыз бекітілгендігін тексеру.
Жер асты газ құбыры жұмысының мазмұны: Тұтынушыларға газ берудің қайта қалпына келгенін хабарлау. Құдықты газдылыққа тексеру, қақпағын ашу және желдету. Құдыққа түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Құдыққа түсу. манометрлер, шырақтарды бөлшектеу, компрессорды тарақшадан ажырату. Штуцерді бөлшектеу. Қолданыстағы газ құбырларына штуцерді пісіруде штруцерді болат тығынмен жабу және дәнекермен пісіру. Тығындарды алу және фландық қосылысының болттарын қатайту.
Ажыратылғаннан кейін газ беруді қайта қалпына келтіру кезінде жөндеу жұмыстарына дейінгі және кейінгі аймақтарындағы ажыратқыш құрылғысын ашу және қолданыстағы газ құбырын қалыпты қысым (төменгі қысым желісінде) газымен немесе 0,1 МПа дан артық емес (жоғары қысым желілерінде) қысыммен ауаны толық ығыстырып шығарғанынша үрлеу.
Қысым төмендетілгеннен кейін газ беруді қайта қалпына келтіру кезінде жөндеу жұмыстарына дейінгі аймағындағы ажыратқыш құрылғысын ашу және ГРП, ШРП немесе тұтынушылар манометрлері бойынша газ қысымының жоғарылауын бақылау.
Қосылыстардың тығыз бекітілгендігін тексеру.
Кесте 4.29 – Газ беруді қайта қалпына келтіруге кететін материалдар шығыны нормасы
Материалдар атауы | Өлшем бірлігі | Шығын нормасы |
Сабын эмулсиясы | л | 0,04 |
Жер бетi және жер астындағы газ құбырлары (тоғысқан жерлер) трубасының толлассыз емес ақауларын жою
4.2.25. Балқытып бекітілген болат газ құбырлары қосылысының саңылауын жапырақ тәрізді муфта орнатуымен жою
Жұмыс мазмұны: Электрқорғауды ажырату. Шырақ арқылы газ тастау және жөндеу жұмыстарына дейінгі аймақтарда ажыратқыш құрылғысын жабу арқылы газтарату желілерінде газ қысымын төмендету. Механизм көмегімен газ шығу орнында оржол жасау. Оржолды газдылыққа тексеру. Оржолға түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Оржолға түсу. Оржолды қолмен жетілдіру. Газ құбырының зақымдалған аймағын топырақтан тазалау. Муфта қою аймағын белгілеу. Муфта қою аймағындағы оқшаулағыш жабуын алу. Шунтталатын ұстатқышты орнату. Стандарт өлшем бойынша үлкен диаметрлі құбырдан қажетті аймақ ұзындығын кесiп алу. Құбырдың дайын кесiндiсiнен жартысақина өсiн бойлай қию және оларды балқытып біріктіруге дайындау. Жапырақтың формасын, өлшемін және санын анықтау. Жапырақшалар қию үшін жартысақина формасын кескіндеу. Жапырақшаларды ойып кесу. Болат газ құбырының механикалық зақымдалған аймағына жартысақина жапырақша тәрізді муфтаны қою. Цилиндрлік бөліктің бойымен жартысақина жапырақша тәрізді муфтаны дәнекерлеу. Муфтаның жапырақтарын өзара дәнекерлеу. Балқытып біріктіруге муфта жапырақтарының шеттерiн тазалау. Муфтаны газ құбырының екі жағынан дәнекерлеу жасау. Дәнекерленген жалғанулар сапасына бақылау жүргізу. Тұтынушыға газдың беруiн қайта қалпына келтіру. Дәнекерленген тоғысқан жерлердiң тығыз бекiтiлгенiн тексеру. Шунтталатын ұстатқышты алу. Жапырақ тәрізді муфтаны газ құбырын оқшаулау. Оқшаулаудың тегістігіне тексеру жүргізу. Құбырдың жоғарғы жағынан 0,25 м биiктiкке оржолды қолдан себу. Оржолға сигналдық лентаны қою. Механизм көмегімен оржолды көму. Электрқорғауды қосу.
Кесте 4.30 - Материалдар шығыны нормасы
Материал атауы | Өлшем бірлігі | Газ құбыры диаметріне кетеін шығын нормасы, мм | |||||
100 дейін | 101-200 | 201-300 | 301-400 | 401-500 | 500 жоғары | ||
Бір муфтаға кететін | |||||||
Электродтар | кг | 1,02 | 1,92 | 3,00 | 5,70 | 9,66 | 12,00 |
Оттегі | м3 | 3,60 | 6,95 | 10,30 | 13,65 | 17,0 | 20,70 |
Пропан | л | 25,0 | 50,0 | 75,0 | 100,0 | 125,0 | 150,0 |
Тегістеп түзейтін шеңбер | дана | 0,20 | 0,40 | 0,60 | 0,80 | 1,00 | 1,20 |
Сабын эмулсиясы | л | 0,08 | 0,16 | 0,24 | 0,32 | 0,40 | 0,50 |
Бір метрге | |||||||
Құбыр | м | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 |
Праймер | кг | 0,40 | 0,52 | 0,64 | 0,76 | 0,88 | 1,0 |
Полимерлі-битумді лента | кг | 1,50 | 3,0 | 4,50 | 6,0 | 7,50 | 9,0 |
4.2.26. Болат газ құбырының толлассыз емес коррозиялық зақымдалуын түрпілі тазалау арқылы жою
Жер беті газ құбыры жұмысының мазмұны: Болат құбырдың бетін бояудан және барлық периметрлері бойынша екі жағынан да металды жылтырағанша тазалау. Ақау аймағынан тыс құбырлардың нақты қалыңдығын өлшеу. Коррозиялық зақымдалуының тереңдігін өлшеу. Әрбір ақауға белгілеу жүргізу. Белгілеу шегінде ақауды түрпілі тазалау. Ақауларды тегістегеннен кейін құбыр қабырғасының қалыңдығын өлшеу. Газ құбырының сырланбаған аймағын екі қатар бояу.
Кесте 4.31 – Газ құбырының 1 м2 абетіне кететін материалдар шығыны нормасы
Материалдар атауы | Өлшем бірлігі | Шығын нормасы |
Түрпілі тері | м2 | 0,10 |
Бояу | кг | 0,23 |
Еріткіш | л | 0,14 |
Темір қырғыш | кг | 0,20 |
Жер асты газ құбыры жұмысының мазмұны: Электрқорғауды ажырату. Механизм көмегімен газ шығу орнында оржол жасау. Оржолды газдылыққа тексеру. Оржолға түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Оржолға түсу. Оржолды қолмен жетілдіру. Оржолдағы болат құбырдың бетін тазалау. Құбырдың коррозиялы зақымдалған жер аймағын оқшаулаудан тазалау және барлық периметрлері бойынша екі жағынан да металды жылтырағанша тазалау. Шунтталатын ұстатқышты орнату. Ақау аймағынан тыс құбырлардың нақты қалыңдығын өлшеу. Коррозиялық зақымдалудың тереңдігін өлшеу. Ақауды белгілеу жүргізу. Белгілеу шегінде ақауды түрпілі тазалау. Ақауларды тегістегеннен кейін құбыр қабырғасының қалыңдығын өлшеу. Газ құбырының сырланбаған аймағын еки қатар бояу. Шунтталатын ұстатқышты алу. Түрпілі тазалаудан кейін газ құбырының аймағын оқшаулау. Оқшаулаудың тегістігін тексеру. Оржолды құбырдың жоғарғы жағынан 0,25 м биiктiкке қолдан себу. Оржолға сигналдық лентаны қою. Механизм көмегімен оржолды көму. Электрқорғауды қосу.
Кесте 4.32 - Газ құбырының 1 м2 абетіне кететін материалдар шығыны нормасы
Материалдар атауы | Өлшем бірлігі | Шығын нормасы |
Түрпілі тері | м2 | 0,10 |
Полимерлі-битумді лента | кг | 4,50 |
Праймер | кг | 0,64 |
4.2.27. Газ шығусыз ақаулары бар болат газ құбырының балқытып бекітілген қосылысын гофралы муфтаны орнатуымен күшейту
Жер беті газ құбыры жұмысының мазмұны: Балқытып бекітілген қосылысын муфта ұзындығында бояудан тазарту. Муфтаны орнату орнын металша жарқырағанға дейін тазарту жүргізу. Муфтаның жартысақинасын дәнекерлеуге дайындау. Горфалы муфта жартысақинасының дәнекерленген қосылысы ақауын орнату. Цилиндр бөлігі ұзындығына екі жағынан жарты сақина дәнекерлеу жүргізу. Муфтаның шетін газ құбырларына балқытып бекіту. Қосылыстарды дәнекерлеу сапасына бақылау жүргізу. Балқытып біріктірілген қосылысының тығыз бекітілгендігін тексеру Газ құбырының сырланбаған аймағын екі қатар бояу.
Кесте 4.33 – бір муфтаға кететін кететін материалдар шығыны нормасы
Материалдар атауы | Өлшем бірлігі | Шығын нормасы |
Горфалы муфта | дана | 1 |
Электродтар | кг | 1,28 |
Бояу | кг | 0,23 |
Еріткіш | л | 0,10 |
Сабын эмулсиясы | л | 0,20 |
Темір қырғыш | кг | 0,20 |
Жер асты газ құбыры жұмысының мазмұны: Электрқорғауды ажырату. Механизм көмегімен газ шығу орнында оржол жасау. Оржолды газдылыққа тексеру. Оржолға түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Оржолға түсу. Оржолды қолмен жетілдіру. Балқытып бекітілген қосылысын муфта ұзындығында оқшаулаудан тазалау. Муфтаны орнату орнын металша жарқырағанға дейін тазарту жүргізу. Шунтталатын ұстатқышты орнату. Муфтаның жартысақиналарын дайындау. Гофралы муфта жартысақинасының дәнекерленген қосылысы ақауын орнату. Цилиндр бөлігі ұзындығына және периметрі бойынша муфтаның екі жағынан жарты сақина дәнекерлеу жүргізу. Муфтаның шетін газ құбырларына балқытып бекіту. Қосылыстарды дәнекерлеу сапасына бақылау жүргізу. Балқытып біріктірілген қосылысының тығыз бекітілгендігін тексеру. Шунтталатын ұстатқышты алу. Газ құбырын, гофралы муфтаның балқытып бекітілген қосылысын оқшаулау. Оқшаулаудың тегістігін тексеру. Оржолды құбырдың жоғарғы жағынан 0,25 м биiктiкке қолдан себу. Оржолға сигналдық лентаны қою. Механизм көмегімен оржолды көму. Электрқорғауды қосу.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 |


