Кесте 10.26 - Бір кранға кетеін материалдар шығыны нормасы
Материалдар атауы | Өлшем бірлігі | Материалдар шығыны нормасы | |
Фланцты жалғағышқа | Бұранда жалғағышқа | ||
Кран | дана | 1 | 1 |
Бұрандалысы бар темір тығын | дана | 1 | 1 |
Электродтар | кг | 0,25 | 0,25 |
Майлау | кг | - | 0,08 |
Зығыр орамы | кг | - | 0,08 |
Муфта | дана | - | 2 |
Паронидті төсем | дана | 2 | - |
Бояу | кг | 0,10 | 0,10 |
Еріткіш | л | 0,10 | 0,10 |
Сабын эмулсиясы | л | 0,08 | 0,08 |
Темір қырғыш | кг | 0,20 | 0,20 |
10.3.4. Құдықтағы жапқышты ауыстыру
Жұмыс мазмұны: Электр қорғағышты ажырату. Құдықтың қақпағын ластан және қоқыстан тазалау. Құдықты газдануға тексеру. Құдықтың қақпағын ашып, вентилдеу. Бригада мүшелерінің міндеттерін бөлу. Ажыратқыш құрылғыларды жөндеудің алдында және соңында жабу. Газ құбырларын ауамен үрлеу. Құдыққа түсу кезіндегі қажетті сақтандыру шараларын қолдану. Құдыққа түсу. Құдықты ластанудан сақтау және суды сорып алу. Шунтталатын ұстағышты орнату. Газ құбырларының жөнделіп жатқан жеріне уақытша тіректер қою. Фланцтық байланыстардың болттарын шешу. Жапқышты шешу. Фланцты байланыстардың алымдарын тазалау. Жаңа төсемдерді дайындау және орнату. Жаңа жапқыштарды орнату. Фланцты байланыстардың болттарын қатайту. Керек болғанда фланцты байланыстардың болттарын тарту. Тұтынушыға жіберетін газды жаңарту. Шунтталатын ұстағышты шешу. Боялмаған жерлерді бояу. Құдықтан көтерілу. Құдықтың газдануын тексеру. Құдықтың қақпағын жабу. Электр қорғағышты қосу.
Кесте 10.27 - Бір жапқышқа кететін материалдар шығыны нормасы
Материалдар атауы | Өлшем бірлігі | Газ құбырының диаметріне кететін шығын нормасы, мм | |||||
100 дейін | 101-200 | 201-300 | 301-400 | 401-500 | 500 жоғары | ||
Жапқыш | дана | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Парониді төсем | дана | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 |
Бояу | кг | 0,04 | 0,07 | 0,10 | 0,14 | 0,17 | 0,20 |
Еріткіш | л | 0,10 | 0,10 | 0,10 | 0,10 | 0,10 | 0,10 |
Сабын эмулсиясы | л | 0,08 | 0,16 | 0,24 | 0,32 | 0,40 | 0,50 |
Темір қырғыш | кг | 0,20 | 0,20 | 0,20 | 0,20 | 0,20 | 0,20 |
10.3.5. Құдықтағы жапқыштың қозғағыш құрылғысын ауыстыру
Жұмыс мазмұны: Электр қорғағышты ажырату. Құдықтың қақпағын ластан және қоқыстан тазалау. Құдықты газдануға тексеру. Құдықтың қақпағын ашып, вентилдеу. Бригада мүшелерінің міндеттерін бөлу. Құдыққа түсу кезіндегі қажетті сақтандыру шараларын қолдану. Құдыққа түсу. Құдықты ластанудан сақтау және суды сорып алу. Шунтталатын ұстағышты орнату. Газ жіберуін тоқтату, жұмыс аймағында жұмыс біткенен кейін және жұмыстың алдында жапқыштарды жабу. Газ құбырларын ауамен үрлеу. Жапқыштың қақпақтарындағы болттарды шешу. Қақпақтышешіп, төсемді реттеу. Жаңа реттегіш төсегішті орынына орнату. Жаңа шпиндельді маховигімен топырақ-тіркеуінен өткізу. Жапқыштың май ұстағышын тығыздайтын жаңа май ұстағышты орнату. Жапқыштың қақпағының астына жаңа майланған төсем орнату. Жапқыштың қақпағын орнату және оны болттармен бекіту. Құдықтан көтерілу. Тұтынушыға жіберетін газды жаңарту. Құдықтың газдануын тексеру. Құдыққа түсу. Байланыстардың тығыздығын тексеру. Шунтталатын ұстағышты шешу. Боялмаған жерлерді бояу. Құдықтан көтерілу. Құдықтың қақпағын жабу. Электр қорғағышты қосу.
Кесте 10.28 - Бір жапқышқа кететін материалдар шығыны нормасы
Материалдар атауы | Өлшем бірлігі | Газ құбырының диаметріне кететін шығын нормасы, мм | |||||
100 дейін | 101-200 | 201-300 | 301-400 | 401-500 | 500 жоғары | ||
Маховик | дана | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Шпиндель | дана | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Майлау | кг | 0,02 | 0,06 | 0,10 | 0,14 | 0,18 | 0,22 |
Реттелетін төсем | дана | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Бояу | кг | 0,04 | 0,07 | 0,10 | 0,14 | 0,17 | 0,20 |
Еріткіш | л | 0,10 | 0,10 | 0,10 | 0,10 | 0,10 | 0,10 |
Май ұстағышты толтырғыш | кг | 0,08 | 0,12 | 0,16 | 0,20 | 0,24 | 0,28 |
Сабын эмулсиясы | л | 0,08 | 0,16 | 0,24 | 0,32 | 0,40 | 0,50 |
Темір қырғыш | кг | 0,20 | 0,20 | 0,20 | 0,20 | 0,20 | 0,20 |
10.3.6. Топырақта орналасқан құбырсыз ковердің астындағы шарлық кранды ауыстыру
Жұмыс мазмұны: Электр қорғағышты ажырату. Ковердің қақпағын ластан және қоқыстан тазалау. Коверді газдануға тексеру. Ковердің қақпағын ашу және вентилдеу. Коверді ластанудан және судан тазалау. Бригада мүшелерінің міндеттерін бөлу. Газ жіберуін тоқтату, жұмыс аймағында жұмыс біткенен кейін және жұмыстың алдында жапқыштарды жабу. Газ құбырларын ауамен үрлеу. Ковердің айналасында топырақты өңдеу. Ковердің металдық бөлігін шығару. Фланцтық байланыстың болтын шешу немесе муфтаны бұрау. Шарлық кранды шешу. Фланцты байланыстардың тіркегіштерін тазалау. Жаңа төсемдерді дайындау және орнату. Бұрандалы крандарды жалғағанда тығыздайтын материал салу және майлау. Жаңа муфтаны орнату. Жаңа шарлық кранды орнату. Фланцты немесе бұрандалы байланыстардың болттарын бекіту. Керек болғанда фланцты немесе бұрандалы қосылыстарды тарту. Ажыратқыж құрылғыны ашу. Газды жіберу. Фланцты немесе бұрандалы байланыстардың тығыздығын тексеру. Шунтталатын ұстағышты шешу. Ковердің темір бөлігін бетонды жастықшаға орнату. Коверді периметрі бойынша жер беті деңгейімен топырақпен жабу. Каверді газдануға тексеру. Ковердің қақпағын жабу. Электр қорғағышты қосу.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 |


