4.2.13. Полиэтилен газ құбырынан газ шығуын катушканы пiсiрумен (жапсар дәнекерлеу) жою
Жұмыс мазмұны: Газ құбырын жөндеу аймағында газ беруді тоқтату. Механизм көмегімен газ шығу орнында оржол жасау. Оржолды газдылыққа тексеру. Оржолға түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Оржолға түсу. Оржолды қолмен жетілдіру. Газ құбырын ауыстыратын аймақты белгілеу. Зақымдалған газ құбыры аймағын топырақтан тазалау. Газ құбырын ауыстыратын аймақты белгілеу. Белгіленген газ құбыры аймағын кесу және оржолдан алып тастау. Жаңа полиэтиленді құбырдан қажетті өлшемдегі катушканы кесіп алу. Газ құбырын дәнекерлеу машина қысқыштарын және катушканың тоғысқан жерін бекіту, орталықтандыру, құбыр шетін келтіру, тоғысқан жерді дәнекерлеу жүргізу. Тоғысуларды балқытып бекіту сапасын ультрадыбыс әдісімен бақылау жүргізу. Тұтынушыға газдың беруiн қайта қалпына келтіру. Дәнекерленген тоғысқан жерлердiң тығыз бекiтiлгенiн тексеру. Қазандықты 0,25 м биiктiкте жұмсақ топырақпен көму. Сигналдық лентаны қою. Оржолды көму.
Кесте 4.20 - Бір катушкаға кететін материалдар шығыны нормасы
Материалдар атауы | Өлшем бірлігі | Шығын нормасы |
Полиэтиленді құбыр | м | қажетінше |
Майсыздандырғыш | л | 0,10 |
Темір қырғыш | кг | 0,20 |
Сабын эмулсиясы | л | 0,06 |
4.2.14. Полиэтилен газ құбырынан газ шығуын катушканы пiсiрумен, дәнекерлеу салатын жылытқыш муфтасымен жою
Жұмыс мазмұны: Тұтұнушыларға газ беруді тоқтату. Механизм көмегімен газ шығу орнында оржол жасау. Оржолды газдылыққа тексеру. Оржолға түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Оржолға түсу. Оржолды қолмен жетілдіру. Кесіп алу аймағы ұзындығына тең оған қоса құбыр шеттерінің босау ұзындығы диаметріне байланысты 125-315мм, - 1,0м құбыр диаметріне, 63-125мм – 0,5м құбыр диаметріне, 63мм-0,2м құбыр диаметріне дейін газ құбырларын топырақтан тазалау. Зақымдалған аймақты 500 мм ден кем емес ұзындықта кесу және оржолдан алып тастау. Жаңа полиэтиленді құбырдан қажетті өлшемдегі катушканы кесіп алу. Муфтаның бір ұзындығына газ құбырынан қалыңдығы 0,1-0,2мм, ал полиэтилен катушка шетінен муфта ұзындығы 0,5 тен кем емес ұзындықта полиэтиленнің беттік қабатын алу. Жарты муфтаны пiсiру орынындағы құбырдың бетiн майсыздандыру. Құрастыруға дайын тұрған газ құбырының шетіне муфта кигізу, муфтамен газ құбырының бір шетіне позиционер әкелу және онда газ құбыры шетін бекіту. Газ құбырының тесігіне түтік енгiзу, келесі шетін позиционер қысқышына бекіту. Позиционердегі орнатылған белгісі немесе тіреуі бойынша түтіктің екі жағына муфта жылжыту. Позиционерде орнатылған муфтаға дәнекерлеу аппаратын қосу және дәнекерлеу жүргізу. Салқындатылғаннан кейін бірінші балқытып қосылған позиционерді екінші муфтаның дәнекерлену орнына орын ауыстыру және дәнекерлеуді қайта жүргізу. Тоғысуларды дәнекерлеу сапасын ультрадыбыс әдісімен бақылау жүргізу. Тұтынушыға газдың беруiн қайта қалпына келтіру. Тоғысқан жерлердiң тығыз бекiтiлгенiн тексеру. Оржолды газ құбыры төселімі деңгейінен 0,25 м биiктiкте көму. Сигналдық лентаны қою. Оржолды көму.
Кесте 4.21 - бір катушкаға кететін материалдар шығыны нормасы
Материалдар атауы | Өлшем бірлігі | Шығын нормасы |
Полиэтиленді құбыр | м | қажетінше |
Жылытқышты муфта | дана | 2 |
Майсыздандыру | л | 0,15 |
Темір қырғыш | кг | 0,20 |
Сабын эмулсиясы | л | 0,24 |
4.2.15. Полиэтилен газ құбырынан газ шығуын жылытқышты жарты муфта пiсiріп салумен жою
Жұмыс мазмұны: Газтарату желілерінде газ қысымын төмендету. Механизм көмегімен газ шығу орнында оржол жасау. Оржолды газдылыққа тексеру. Оржолға түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Оржолға түсу. Оржолды қолмен жетілдіру. Зақымдалған құбыр аймағын топырақтан тазалау. Құбырда жылытқышты жарты муфта пiсiрумен салу орнын белгілеу. Белгі шегінде қалыңдығы 0,1-0,2мм полиэтиленнің беттік қабатын алу. Жарты муфта балқу орнында құбырдың бетін майсыздандыру. Полтэтиленді құбырдың дайындалған бетінде жартымуфтаны орнату және бекіту. Дәнекерлегiш сымды дәнекерлеу аппаратымен жарты муфтаның тоқ өткiзгiш клеммасын қосып дәнекерлеу. Тоғысуларды дәнекерлеу сапасына ультрадыбыс әдісімен бақылау жүргізу. Тұтынушыға газдың беруiн қайта қалпына келтіру. Дәнекерленген тоғысқан жерлердiң тығыз бекiтiлгенiн тексеру. Оржолды газ құбырынан 0,25 м биiктiкте қолмен көму. Сигналдық лентаны қою. Оржолды көму.
Кесте 4.22 – Бір жартымуфтаға кеткен материалдар шығыны нормасы
Материалдар атауы | Өлшем бірлігі | Шығын нормасы |
Жылытқышты муфта | дана | 1 |
Майсыздандыру | л | 0,10 |
Темір қырғыш | кг | 0,20 |
Сабын эмулсиясы | л | 0,06 |
4.2.16. Ойық катушканың полиэтиленді құбыр бойы әдісі бойынша қалпына келген болат газ құбырынан газ шығуын жою
Жұмыс мазмұны: Тұтынушыларға газ беруді тоқтату. Механизм көмегімен газ шығу орнында оржол жасау. Оржолды газдылыққа тексеру. Оржолға түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Оржолға түсу. Оржолды қолмен жетілдіру. Болат газ құбыры аймағын топырақтан және кесу орындарында оқшаулауынан тазалау. Болат газ құбырының кесу аймағының ұзындығын белгілеу. Белгіленген сызық бойынша болат газ құбырын кесу. Кесілген аймақты бойлай екі бөлікке бөлу және оржолдан алып тастау. Полиэтиленді құбырдың газ шығу орнын анықтау. Полиэтиленді құбырдың кесу аймағын белгілеу. Белгіленген аймақты кесу және оржолдан алып тастау. Уақытша бекіткіштер орнату. Жаңа полиэтиленді құбырдан балқыту үшін 500 мм, 50 мм құбыр диаметрі үшін 200 мм ұзындықта катушка қию. Уақытша бекіткіштерді алу. Газ құбырын дәнекерлеу машина қысқыштарын және катушканың тоғысқан жерін бекіту, орталықтандыру, құбыр шетін келтіру, катушкалардың газ құбырымен немесе жылытқышты муфталармен тоғысқан жеріне дәнекерлеу жүргізу. Тоғысуларды дәнекерлеу сапасына ультрадыбыс әдісімен бақылау жүргізу. Тұтынушыға газдың беруiн қайта қалпына келтіру. Дәнекерленген тоғысқан жерлердiң тығыз бекiтiлгенiн тексеру. Оржолды газ құбырынан 0,25 м биiктiкте қолмен көму. Сигналдық лентаны қою. Оржолды көму.
Кесте 4.23 - Материалдар шығыны нормасы
Материалдар атауы | Өлшем бірлігі | Шығын нормасы |
Бір катушкаға кететін шығын | ||
Қиылатын шеңбер | дана | 1 |
Жылытқышты муфта | дана | 2 |
Бітегіш | дана | 2 |
Бір метрге | ||
Полиэтиленді құбыр | м | 1,0 |
Майсыздандыру | л | 0,15 |
Темір қырғыш | кг | 0,20 |
Сабын эмулсиясы | л | 0,08 |
4.2.17. Жасанды мата жеңі бойы әдісі бойынша қалпына келген болат газ құбырынан газ шығуын жою
Жұмыс мазмұны: Электрқорғауды ажырату. Тұтынушыларға газ беруді тоқтату. Механизм көмегімен газ шығу орнында оржол жасау. Оржолды газдылыққа тексеру. Оржолға түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Оржолға түсу. Оржолды қолмен жетілдіру. Газ құбырының зақымдалған аймағын топырақтан тазарту. Газ құбырын ауыстыратын аймақты белгілеу және кесу орындарын оқшаулаудан тазалау. Шунтталатын ұстатқышты орнату. Уақытша бекіткіш орнату. Жаңа болат құбырдан қажетті өлшемдегі катушканы кесiп алу. Балқытып біріктіруге катушканың шеттерiн тазалау. Қолданыстағы газ құбырынан уақытша тығын қию. Газ құбыры шетінен 300 мм ден кем емес трубаның ішкі бетінен маталық шлангтті қабаттау жүргізу. Балқытып біріктіруге газ құбыры шеттерiн тазалау. Газ құбыры тесігіне катушка орнату, орталықтандыру және газ құбырын катушкамен тоғыстырып дәнекерлеу. Балқытып біріктірілген тоғысының сапасына бақылау жүргізу. Тұтынушыға газ беруiн қайта қалпына келтіру. Балқытып біріктірілген тоғысының тығыз бекітілгендігін тексеру. Шунтталатын ұстатқышты алу. Балқытып біріктірілген тоғысқан жерлерді және шунтталатын ұстатқыш орнатылған орнын оқшаулау. Оржолды газ құбырынан 0,25 м биiктiкте көму. Сигналдық лентаны қою. Оржолды көму. Электрқорғауды қосу.
Кесте 4.24 - Материалдар шығыны нормасы
Материал атауы | Өлшем бірлігі | Газ құбырының диаметріне кететін шығын нормасы, мм | |||||
100 дейін | 101-200 | 201-300 | 301-400 | 401-500 | 500 жоғары | ||
Бір катушкаға кететін шығын | |||||||
Бітегіш | дана | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 |
Электродтар | кг | 0,68 | 1,28 | 2,00 | 3,80 | 6,44 | 8,00 |
Сабын эмулсиясы | л | 0,08 | 0,16 | 0,24 | 0,32 | 0,40 | 0,50 |
Газбен кесуде бір катушкаға кететін шығын | |||||||
Оттегі | м3 | 3,60 | 6,95 | 10,30 | 13,65 | 17,0 | 20,70 |
Пропан | л | 25,0 | 50,0 | 75,0 | 100,0 | 125,0 | 150,0 |
Тегістеп түзейтін шеңбер | дана | 0,25 | 0,50 | 0,75 | 1,00 | 1,25 | 1,50 |
Механикалық кесуде бір катушкаға кететін шығын | |||||||
Қиылатын шеңбер | дана | 1,75 | 3,75 | 6,00 | 8,00 | 10,00 | 12,00 |
Тегістеп түзейтін шеңбер | дана | 0,25 | 0,50 | 0,75 | 1,00 | 1,25 | 1,50 |
бір метрге кететін | |||||||
Құбыр | м | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 |
Праймер | кг | 0,40 | 0,52 | 0,64 | 0,76 | 0,88 | 1,0 |
Полимерлі-битумді лента | кг | 1,50 | 3,0 | 4,50 | 6,0 | 7,50 | 9,0 |
4.2.18. Қораптағы полиэтиленді газ құбырының төсемi аймағындағы газ шығуын жою
Жұмыс мазмұны: Тұтынушыларға газ беруді тоқтату. Механизм көмегімен котлован жасау. Котлованды газдылыққа тексеру. Котлованға түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Котлованға түсу. Котлованды қолмен жетілдіру. Полиэтиленді құбырдың бетін тазалау. Қорап шеттерін герметикалау. Қораптан тыс полиэтиленді газ құбырының кесiндiсiн жүргізу. Қолданыстағы газ құбырларына уақытша тығындар орнату. Газ құбырының ауыстыру аймағын тарту құралына бекіту. Оржол шегіне ауыстыру аймағын қораптан тартып шығару және ауыстыру аймағының ұзындығын өлшеу. Полиэтиленді құбырдан өрімін қажетті өлшемде кесіп алу. Катушканың шетін дәнекерлеуге (орнату, майын кетіру) дайындау. Бір сағат бойына полиэтиленді өрімнің тығыз бекітілгендігіне алдын ала сынау жүргізу. Қорапқа бағыттаушы роликтер орнату. Қорапқа созуда құбырды механикалық зақымданудан сақтау үшін қорап шетіне қорғағыш полиэтиленді втулка қою. Қорап арқылы шыныпластикалық монтажды өзекше жүргізу. Тарту арқанын өзекке бекіту. Газ құбырының полиэтиленді өріміне тарту арқанын бекіту. Полиэтиленді өрімді қорапқа тарту. Газ құбырынан уақытша тығындарды алу. Құбырларды орталықтандыру және жылытқышты муфталар тоғысының монтажды дәнекерлеуін жүргізу. Тоғысуларды дәнекерлеу сапасына ультрадыбыс әдісімен бақылау жүргізу. Қорап шеттерін герметикалау. Тұтынушыға газ беруiн қайта қалпына келтіру. Балқытып біріктірілген тоғысының тығыз бекітілгендігін тексеру. Газ құбырынан 0,25 м биiктiкте котлованды көму жүргізу. Сигналдық лентаны қою. Оржолды көму.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 |


