Кесте 4.15 –Материалдар шығыны нормасы
Наименование материала | Өлшем бірлігі | Газ құбырының диаметріне кететін шығын нормасы, мм | |||||
100 дейін | 101-200 | 201-300 | 301-400 | 401-500 | 500 жоғары | ||
Бір катушкаға кететін шығын | |||||||
Бітегіш | дана | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 |
Электродтар | кг | 0,68 | 1,28 | 2,00 | 3,80 | 6,44 | 8,00 |
Сабын эмулсиясы | л | 0,08 | 0,16 | 0,24 | 0,32 | 0,40 | 0,50 |
Газбен кесуде бір катушкаға кететін шығын | |||||||
Оттегі | м3 | 3,60 | 6,95 | 10,30 | 13,65 | 17,0 | 20,70 |
Пропан | л | 25,0 | 50,0 | 75,0 | 100,0 | 125,0 | 150,0 |
Тегістеп түзейтін шеңбер | дана | 0,25 | 0,50 | 0,75 | 0,10 | 1,25 | 1,50 |
Механикалық кесуде бір катушкаға кететін шығын | |||||||
Қиылатын шеңбер | дана | 1,75 | 3,75 | 6,00 | 8,00 | 10,00 | 12,00 |
Тегістеп түзейтін шеңбер | дана | 0,25 | 0,50 | 0,75 | 0,10 | 1,25 | 1,50 |
бір метрге кететін | |||||||
Құбыр | м | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 |
Праймер | кг | 0,40 | 0,52 | 0,64 | 0,76 | 0,88 | 1,0 |
Полимерлі-битумді лента | кг | 1,50 | 3,0 | 4,50 | 6,0 | 7,50 | 9,0 |
4.2.11. Болат газ құбырының механикалық зақымдануынан газ шығуын жапырақ тәрізді муфтаны орнатуымен жою.
Жер беті газ құбыры жұмысының мазмұны: Жөндеу аймағында газ қысымын төмендету. Стандартты өлшем бойынша үлкен диаметрлi құбырдан қажетті аймақ ұзындығын кесiп алу. Құбырдың дайын кесiндiсiнен жартысақина өсiн бойлай қию. Балқытып біріктіруге муфта шетін тазалау. Жапырақтың формасын, өлшемін және санын анықтау. Жапырақшалар қию үшін жартысақина формасын кескіндеу. Жапырақшаларды ойып кесу. Болат газ құбырының механикалық зақымдалған аймағына жартысақина жапырақша тәрізді муфтаны қою. Цилиндрлік бөліктің бойымен жартысақина жапырақша тәрізді муфтаны дәнекерлеу. Муфтаның жапырақтарын өзара дәнекерлеу. Балқытып біріктіруге муфта жапырақтарының шеттерiн тазалау. муфтаны газ құбырының екі жағынан дәнекерлеу жасау. Дәнекерленген жалғанулар сапасына бақылау жүргізу. Тұтынушыға газдың беруiн қайта қалпына келтіру. Дәнекерленген тоғысқан жерлердiң тығыз бекiтiлгенiн тексеру. Газ құбырының боялмаған аймағын және жапырақты муфтаны екі қатар бояу және топырақпен жабу.
Кесте 4.16 - Материалдар шығыны нормасы
Материалдар атауы | Өлшем бірлігі | Шығын нормасы |
Бір катушкаға кететін шығын | ||
Электродтар | кг | 2,56 |
Оттегі | м3 | 6,95 |
Пропан | л | 50,0 |
Тегістеп түзейтін шеңбер | дана | 0,40 |
Сабын эмулсиясы | л | 0,16 |
Темір қырғыш | кг | 0,20 |
бір метрге кететін | ||
Құбыр | м | 1,0 |
Топырақ | кг | 0,10 |
Бояу | кг | 0,23 |
Еріткіш | л | 0,20 |
Жер асты газ құбыры жұмысының мазмұны: Электрқорғауды ажырату. Газтарату желілерінде газ қысымын төмендету. Механизм көмегімен газ шығу орнында оржол жасау. Оржолды газдылыққа тексеру. Оржолға түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Оржолға түсу. Оржолды қолмен жетілдіру. Зақымдалған түйінін топырақтан тазалау. Муфта қою аймағын белгілеу. Муфта қою аймағындағы оқшаулағыш жабуын алу. Шунтталатын ұстатқышты орнату. Стандарт өлшем бойынша үлкен диаметрлі құбырдан қажетті аймақ ұзындығын кесiп алу. Құбырдың дайын кесiндiсiнен жартысақина өсiн бойлай қию және оларды балқытып біріктіруге дайындау. Жапырақтың формасын, өлшемін және санын анықтау. Жапырақшалар қию үшін жартысақина формасын кескіндеу. Жапырақшаларды ойып кесу. Болат газ құбырының механикалық зақымдалған аймағына жартысақина жапырақша тәрізді муфтаны қою. Цилиндрлік бөліктің бойымен жартысақина жапырақша тәрізді муфтаны дәнекерлеу. Муфтаның жапырақтарын өзара дәнекерлеу. Балқытып біріктіруге муфта жапырақтарының шеттерiн тазалау. Муфтаны газ құбырының екі жағынан дәнекерлеу жасау. Дәнекерленген жалғанулар сапасына бақылау жүргізу. Тұтынушыға газдың беруiн қайта қалпына келтіру. Дәнекерленген тоғысқан жерлердiң тығыз бекiтiлгенiн тексеру. Шунтталатын ұстатқышты алу. Шунтталатын ұстатқыш қою орнын және газ құбырын, жапырақты муфтаны оқшаулау. Оқшаулаудың тегістігіне тексеру жүргізу. Құбырдың жоғарғы жағынан 0,25 м биiктiкке оржолды қолдан себу. Оржолға сигналдық лентаны сыйғызу. Механизм көмегімен оржолды көму. Электрқорғауды қосу.
Кесте 4.17 - Материалдар шығыны нормасы
Материал атауы | Өлшем бірлігі | Газ құбыры диаметріне шығын нормасы, мм | |||||
100 дейін | 101-200 | 201-300 | 301-400 | 401-500 | 500 жоғары | ||
Бір катушкаға кететін шығын | |||||||
Электродтар | кг | 1,36 | 2,56 | 4,00 | 7,60 | 12,88 | 16,00 |
Оттегі | м3 | 3,60 | 6,95 | 10,30 | 13,65 | 17,0 | 20,70 |
Пропан | л | 25,0 | 50,0 | 75,0 | 100,0 | 125,0 | 150,0 |
Тегістеп түзейтін шеңбер | дана | 0,20 | 0,40 | 0,60 | 0,80 | 1,00 | 1,20 |
Сабын эмулсиясы | л | 0,08 | 0,16 | 0,24 | 0,32 | 0,40 | 0,50 |
Бір метрге | |||||||
Құбыр | м | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 | 1,0 |
Праймер | кг | 0,40 | 0,52 | 0,64 | 0,76 | 0,88 | 1,0 |
Полимерлі-битумді лента | кг | 1,50 | 3,0 | 4,50 | 6,0 | 7,50 | 9,0 |
4.2.12. Қораптағы болат газ құбыры төсемi аймағындағы газ шығуын жою
Жер беті газ құбыры жұмысының мазмұны: Газ құбырын жөндеу аймағында газ қысымын азайту. Газ құбырының жер бетіне шығу маңындағы шұңқыр қазу. Газдылыққа шұңқырды тексеру. Қорап шеттірін герметикалау. Қорапты жер деңгейінен жоғары көтеру және қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, оны газ құбырына қол құралдарымен уақытша бекiту. Газ шығу орнын анықтау. Газ құбыры жер асты бөлігінің кесу орнындағы оқшаулауды алу, ақау аймағын белгілеу. Белгіленген аймақты кесу. Балқытып біріктіруге газ құбыры шеттерін тазалау. Уақытша бекіткішер орнату. Жаңа құбырдан катушканы дайындау. Дәнекерлеуге катушканың шеттерiн тазалау. Уақытша бекіткіштер кесу және дәнекерлеуге газ құбырының шеттерiн тазалау. Газ құбырының тесігіне балқытылатын бөлігін орнату және қою. Катушка және газ құбырының тоғысқан жерлерiн балқытып бекіту. Дәнекерленген жалғанулар сапасына бақылау жүргізу. Газ құбырының жер бетi шығуының жер асты бөлiгін оқшаулау. Аспаптық әдiспен изоляцияның тегістігін тексеру. Газ құбырының жер бетi шығуының жер бетi бөлiгін бояу. Қорапты бекiткiштерден босату, орнына түсіру және сәйкестендіру. Қораптың шеттерiн тығыз бекiту. Тұтынушыға газдың беруiн қайта бастау. Дәнекерленген тоғысқан жерлердiң тығыз бекiтiлгенiн тексеру. Шұңқырды қолдан көму.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 |


