4.2.57. Газ құбырының резеңке төсемін ауыстыру

Жұмыстың мазмұны: Электрқорғауды ажырату. Шунтталатын ұстатқышты орнату. Бейөткізгіш тқсемін орнату орнында тірек үстіне газ құбырын тұрғызу. Ескі тқсемін алу және жаңа бейөткізгіш төсемін салу. Газ құбырын жаңа төсемге орнату. Шунтталған ұстатқышты алу. Электрқорғауды қосу.

Кесте 4.59 – Бір төсемге кетеін материалдар шығыны нормасы

Материалдар атауы

Өлшем бірлігі

Норма расхода

Төсем

дана

1

4.2.58. Дәнекерлеу қолданып тіректі жөндеу

Жұмыстың мазмұны: Газ құбырына уақытша тiректер орнату. Тіректің иілген элементтерін дәнекерлеу арқылы жылытып түзету. Қосымша элементтер және балқытк көмегімен тірек элементтерін күшейту. Тіректің жобалық күйін қалпына келтіру. Газ құбыры тірегінің бөктерін қалпына келтіру. Тірек бетін шаңнан, қоқыстан тазарту, топырақтау және бояу. Цемент ерітіндісін дайындау. Цементтi ерiтiндiсiмен қиыршық тасты араластыру. Тірек негізін бетондау. Тiрекке газ құбырын қою. Уақытша тіректерді жинау.

Кесте 4.59 – Бір тірекке кетеін материалдар шығыны нормасы

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Материалдар атауы

Өлшем бірлігі

Шығын нормасы

Оттегі

м3

2,06

Пропан

л

15,0

Бояу

кг

0,14

Топырақ

л

0,10

Еріткіш

л

0,10

Цемент

кг

7,0

Құм

кг

22,0

Тас қиыршық

кг

15,0

Темір қырғыш

кг

0,20

4.2.59. Тірек негізін бетондау

Жұмыстың мазмұны: Тiректiң iргесi тереңдiгінде топырақтан ашу. Цемент ерiтiндiсiн дайындау. Цемент ерiтiндiсiмен қиыршық тасты араластыру. Шұңқырдың негiзiн бетондау. Тiректi орнату және жер бедерiне дейiн шұңқырды бетондау.

Кесте 4.60 - Бір тірекке кетеін материалдар шығыны нормасы

Материалдар атауы

Өлшем бірлігі

Шығын нормасы

Цемент

кг

12,50

Құм

кг

45,0

Тас қиыршық

кг

39,0

4.2.60. Тіректің отыруын жою

Жұмыстың мазмұны: Уақытша тiректi орнату. Отырған тiректен газ құбырын алу және уақытша тірекке қою. Тiректiң iргесiн бөлшектеу және құрылыс қоқысын жинау. Шұқырдан тіректі алу. Іргенің орнату биіктігіне дейін топырақ себу. Цемент ерiтiндiсiн дайындау. Цемент ерiтiндiсiмен қиыршық тасты араластыру. Шұңқырдың негiзiн бетондау. Тiректi шұңқырға орнату және шұңқырды жер бедерiне дейiн бетон ертіндісімен толтыру. Газ құбырын тірекке орнату.

Кесте 4.61 - Бір тірекке кетеін материалдар шығыны нормасы

Материалдар атауы

Өлшем бірлігі

Шығын нормасы

Цемент

кг

12,50

Құм

кг

45,0

Тас қиыршық

кг

39,0

4.2.61. Газ құбырының бекітлу тірек шегінен шығуын жою

Жұмыстың мазмұны: Газ құбырына уақытша тiректер орнату. Тiректiң iргесiн бөлшектеу. Тiректiң отыру орына топырақ себу. Цемент ерiтiндiсiн даярлау. Қиыршық тастыцемент ерiтiндiсiне араластыру. Шұңқыр негiзін құю және бетон ерiтiндiсiне тiректi орнату. Жер бедерiне дейiн бетон ерiтiндiсiмен шұңқырды толтыру. Керек болған жағдайда дәнекерлеу арқылы тiректiң иiлген элементтерi түзету. Лежка және бекiткiшті түзету. Тiректiң бетiн тегiстеу және бояу. Тiрекке газ құбырын жатқызу. Уақытша тiректерді алып тастау.

Кесте 4.62 - Бір тірекке кетеін материалдар шығыны нормасы

Материалдар атауы

Өлшем бірлігі

Шығын нормасы

Оттегі

м3

2,06

Пропан

л

15,0

Тас қиыршық

кг

39,0

Құм

кг

45,0

Цемент

кг

12,50

Бояу

кг

0,50

Еріткіш

л

0,10

Темір қырғыш

кг

0,20

4.2.62. Газ енгізу қорабындағы саңылауды бұрғылау

Жұмыстың мазмұны: Қорапты қоқыс және кiрден тазалау. Автономды қоректену көзiне электродрелді қосу. Қораптың сыртқы бөлiгiндегi саңылауы бұрғылап тесу.

4.2.63. Жер беті газ құбырының шығуын, газ енгізу қорабын нығыздауын ауыстыру

Жұмыстың мазмұны: Қорапты қар, мұз, қоқыстан тазалау. Қораптың ескi құрсауын алып тастау. Жаңа тығыздағыш құрсаулау және таушайырмен құю.

Кесте 4.64 – Бір қорапқа кететін материалдар шығыны нормасы

Материалдар атауы

Өлшем бірлігі

Шығын нормасы

Битум

кг

2,0

Каболка

кг

1,50

4.2.64. Конденсат жинағыш тірегінің сағасын ауыстыру

Жұмыс мазмұны: Электрқорғауды ажырату. Керек жағдайда желіде газ қысымын 0,1 МПа дейін төмендету. Ковер қақпағын тазалау. Коверды газдылыққа тексеру. Ковер қақпағын ашу және желдету. Ковердан су мен қоқысты алу. Конденсат жинағыш тірегі бұрандалық қосылысын бұрап ағыту. Бұранда қосылысына нығыз материал орау, майлау және гайкасын, муфтаны, кранды, конденсат жинағыш тығынын бұрап қатайту. Бұрандалық тоғысқан жерлердiң тығыз бекiтiлгенiн тексеру. Сырланбаған жерлерді бояу. Желіде газдың жұмыс қысымын қалпына келтіру. Ковер қақпағын жабу. Электрқорғауды қосу.

Кесте 4.65 – Бір конденсат жинағышқа кететін материалдар шығыны нормасы

Материалдар атауы

Өлшем бірлігі

Шығын нормасы

Муфта, контргайка, тығын, кран, конденсат жинағыш тығыны

дана

1

Майлау

кг

0,10

Зығыр орамасы

кг

0,07

Бояу

кг

0,02

Сабын эмулсиясы

л

0,01

Темір қырғыш

кг

0,20

4.2.65. Конденсат жинағыш енгізу құбыры, бақылау құбыры қимасы

Жұмыс мазмұны: Электрқорғауды ажырату. Керек жағдайда желіде газ қысымын 0,1 МПа дейін төмендету. Ковер қақпағын тазалау. Коверды газдылыққа тексеру. Ковер қақпағын ашу және желдету. Ковердан су мен қоқысты алу. Конденсат жинағыш құбырын, бақылау құбырын кесу. Бақылау құбырын қыздыру және майыстыру. Конденсат жинағыш құбырының соңына бұранда қию. Бұранданы майлау және нығыз мата орау. Конденсат жинағыш тірегінің сағасы бекітілген бөліктерін бұрау. Бұрандалық тоғысқан жерлердiң тығыз бекiтiлгенiн тексеру. Сырланбаған жерлерді бояу. Желіде газдың жұмыс қысымын қалпына келтіру. Ковер қақпағын жабу. Электрқорғауды қосу.

Кесте 4.66 - Бір конденсат жинағышқа кететін материалдар шығыны нормасы

Материалдар атауы

Өлшем бірлігі

Шығын нормасы

Майлау

кг

0,05

Оттегі

м3

1,39

Пропан

л

10,0

Зығыр орамасы

кг

0,0

Бояу

кг

0,02

Сабын эмулсиясы

л

0,01

Темір қырғыш

кг

0,20

Жер асты газ құбырлар аймағын ауыстыру

4.3.1. Болат газ құбыры бөлігін ауыстыру

Жұмыс мазмұны: Тұтынушыларға газ беру тоқтатылуы туралы хабарлау. Электрқорғауды ажырату. Жөндеу аймағына дейінгі бекіткішті жабу арқылы тұтынушыларға газ беруді тоқтату. Механизмдер көмегімен оржол жасау. Оржолды газдылыққа тексеру. Газ құбырын ауамен үрлеу және құрастырылған тарақшаны штуцерге жалғау. Қажет жағдайда қолданыстағы газ құбырына штуцерді дәнекерлеу. Газ құбырында газ барын тексеру. Кесілетін аймақты белгілеу. Кесу орнын оқшаулау жабуын алу. Шунтталатын ұстатқышты орнату. Газ құбырының ауыстырылатын бөлігін кесу және оржолдан алып тастау. Қосылатын құбырлар кесіндісінің өлшемін алу, газ құбыры шеттерін балқытуға тазалау. Жаңа құбырдан ауыстырылатын газ құбыры бөлігі өлшемін дайындау. Дәнекерлеуге қосылу бөлігінің шеттерін тазарту. Газ құбыры кесілген жерге катушка орнату, газ құбырларын орталықтандыру және қосылу орындарын дәнекерлеу. Сырттай бақылап және радиографикалық әдіспен дәнекерлеу қосылысының сапасын тексеру. Газ құбырының тығыз бекітілгеніне сынақ жүргізу. Үрлеу құрылғысын бөлшектеу, қажет жағдайда саңлауды штуцермен балқытып бекіту. Бекіткішті ашу. Газды жіберу. Тұтынушыларға газ қалпына кегенін хабарлау. Ұстатқышты алу және электрқорғауды қосу. Шунтталған ұстатқыштарды және штуцер орнатылған орынды, түйіскен жерлерді оқшаулау. Оқшаулаудың тегістілігін приборлық әдіспен тексеру және орнатылған формалы хаттама жасау. Механизмдер көмегімен оржолды көму.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120