4.1.14. Құдықтан суды тартып тастау

Жұмыс мазмұны: Жұмыс жүргізілетін орын маңайында ескерту белгілерін қою. Жұмыс жүргізілетін орынды сигналды ленталармен қоршау. Жөндеу бригадасына нұсқаулар жүргізу. Қар, мұз, қоқыс және бөтен заттардан құдықтың қақпағын тазалау. Құдықтың қақпағын ашу. Құдықты газдылыққа тексеру және желдету. Құдықта газдылық жоқ болғанда сорғышқа шлангтiң шетін қосып, екiншi шетін құдыққа түсiрiп, суды тартып шығару. Керек болған жағдайда қол жеткізуге қиын орындардан суды тартып шығару үшін қажеттi шаралар қабылдау. Құдықтан шығу. Құдықты газдылыққа тексеру. Шланг шетін құдықтан алып шығып, сорғыштан екінші шетін ажыратып, сорғыш пен шлангіні жинау. Құдықтың қақпағын жабу. Ескерту белгілерін алу. Сигнал ленталарын жинау.

Кесте 4.4 – Бір құдыққа кететін материал шығыны нормасы

Материал атауы

Өлшем бірлігі

Шығын нормасы

Жанармай

л

0,50

4.1.15. Құдық желдетілуі

Жұмыс мазмұны: Жұмыс жүргізілетін орын маңайында ескерту белгілерін қою. Жұмыс жүргізілетін орынды сигналды ленталармен қоршау. Жөндеу бригадасына нұсқаулар жүргізу. Қар, мұз, қоқыс және бөтен заттардан құдықтың қақпағын тазалау. Құдықтың қақпағын ашыңқырау. Құдықты газдылыққа тексеру. Құдықтың қақпағын ашу. Құдықтың желдетуiн өткiзу. Құдықтың қақпағын жабу. Ескерту белгілерін алу. Сигнал ленталарын жинау.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

4.1.16. Құдықтар, тоғындар, сатылар, газ құбыры қорабы, шунтталатын ұстағыш және арматуралар конструкцияларының техникалық күйiн визуалды тексеру.

Жұмыс мазмұны: Жұмыс жүргізілетін орын маңайында ескерту белгілерін қою. Жұмыс жүргізілетін орынды сигналды ленталармен қоршау. Жөндеу бригадасына нұсқаулар жүргізу. Қар, мұз, қоқыс және бөтен заттардан құдықтың қақпағын тазалау. Құдықтың қақпағын ашыңқырау. Құдықты газдылыққа тексеру және желдету. Құдыққа түспей құдықты қарап шығу. Құдыққа түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Құдыққа түсу. Құдықтың сатылар қалауының, тоғын бітеуінің беріктігін қолмен қосымша күш жұмсап көз жеткізу, қораптар, шунтталатын ұстағыштар, тиек арматуралары және компенсатордың бүтіндігін қарап көз жеткізу. Құдықтан шығу. Құдықты газдылыққа тексеру. Құдықтың қақпағын жабу. Ескерту белгілерін алу. Сигнал ленталарын жинау.

4.1.17. Тоғын және сатыларды бекіту

Жұмыс мазмұны: Жұмыс жүргізілетін орын маңайында ескерту белгілерін қою. Жұмыс жүргізілетін орынды сигналды ленталармен қоршау. Жұмыстың орындалуын бригада мүшелері арасында бөлу. Құдық қақпағын қоқыстан және бөтен заттардан тазалау. Құдықты газдылыққа тексеру және желдету. Құдыққа түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Құдыққа түсу. Сатыларды және тоғындарды бекiтуде бұзылуды айқындау. Цемент ерiтiндiсiн дайындау. Құдық қалауындағы бұзылу орынын тазалау. Құдық қалауында цемент ерітіндісі көмегімен сатыны және тоғынды жөндеу. Құдықтан шығу. Құдықты газдылыққа тексеру. Құдықтың қақпағын жабу. Ескерту белгілерін алу. Сигнал ленталарын жинау.

Кесте 4.5 - Б ір құдыққа кететін материалдар шығыны нормасы

Материал атауы

Өлшем бірлігі

Шығын нормасы

Цемент

кг

5,0

Құм

кг

15,0

Газ құдықтары

4.2.1. Газ құдықтың люк қақпағының қиғаштануын жою

Жұмыстың мазмұны: Жұмыс жүргізілетін орын маңайында ескерту белгілерін қою. Жұмыс жүргізілетін орынды сигналды ленталармен қоршау. Жұмыстың орындалуын бригада мүшелері арасында бөлу. Қар, мұз, қоқыс және бөтен заттардан құдықтың қақпағын тазалау. Құдықтың қақпағын ашу. Құдықты газдылыққа тексеру және желдету. Люктің отырғызу орнын және құдық қақпағын қоқыстардан тазалау. Құдықтың қақпағын жабу. Ескерту белгілерін алу. Сигнал ленталарын жинау.

4.2.2. Газ құдықтың люк қақпағының отыруын жою

Жұмыстың мазмұны: Жұмыс жүргізілетін орын маңайында ескерту белгілерін қою. Жұмыс жүргізілетін орынды сигналды ленталармен қоршау. Бригада мүшелері арасында міндеттерін бөлу. Қар, мұз, қоқыс және бөтен заттардан құдықтың қақпағын тазалау. Құдықтың қақпағын ашу. Құдықты газдылыққа тексеру және желдету. Отырғызатын орынды тазалау. Құдықтың уақытша қақпағын орнату. Шеберхана шартында құдықтың қақпағын жөндеу. Уақытша қақпақты шешу. Отырғызатын орынға құдықтың жөнделген қақпағын орнату. Ескерту белгілерін алу. Сигнал ленталарын жинау.

4.2.3. Газ құдықтың қылташасының бұзылуын жою

Жұмыстың мазмұны: Жұмыс жүргізілетін орын маңайында ескерту белгілерін қою. Жұмыс жүргізілетін орынды сигналды ленталармен қоршау. Бригада мүшелері арасында міндеттерін бөлу. Қар, мұз, қоқыс және бөтен заттардан құдықтың қақпағын тазалау. Құдықты газдылыққа тексеру және желдету. Құрылыс қоқысын жинау және беттiк қабатты бөлшектеу. Құдық қалауынан люкті тарту. Цемент ерiтiндiсiн дайындау және құдық қалауының қылташасын қалпына келтіру. Люкті құру, құдықты газдылыққа тексеру және оны қақпақпен жабу. Беттiк қабатты цементтеу. Беттiк қабаттың қатуынан кейiн ескерту белгілерін жинау. Сигнал ленталарын жинау.

Кесте 4.6 - Бир құдыққа кететін материалдар шығыны нормасы

Материал атауы

Өлшем бірлігі

Шығын нормасы

Кесек

дана

8

Құм

кг

195,0

Цемент

кг

65,0

4.2.4. Газ құдығының қабырғасындағы сызатты жою

Жұмыстың мазмұны: Жұмыс жүргізілетін орын маңайында ескерту белгілерін қою. Жұмыс жүргізілетін орынды сигналды ленталармен қоршау. Бригада мүшелері арасында міндеттерін бөлу. Құдықтың қақпағын қоқыстан және бөтен заттардан тазалау. Құдық қақпағын ашу. Құдықты газдылыққа тексеру және желдету. Цемент ерiтiндiсiн дайындау. Құдыққа түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Құдыққа түсу. Сызат орнын тазалау. Цемент ерітіндісі көмегімен құдық қабырғасындағы сызатты жою. Құдықтан шығу. Құдықтың қақпағын жабу. Ескерту белгілерін алу. Сигнал ленталарын жинау.

Кесте 4.7 - Бир құдыққа кететін материалдар шығыны нормасы

Материал атауы

Өлшем бірлігі

Шығын нормасы

Құм

кг

3,0

Цемент

кг

1,0

4.2.5. Газ құдығы гидроизоляция бұзылу орнын қалпына келтіру

Жұмыстың мазмұны: Жұмыс жүргізілетін орын маңайында ескерту белгілерін қою. Жұмыс жүргізілетін орынды сигналды ленталармен қоршау. Бригада мүшелері арасында міндеттерін бөлу. Құдықтың қақпағын қоқыстан және бөтен заттардан тазалау. Құдықты газдылыққа тексеру. Құдық өлшемі бойынша жер қазу жұмыстарын жүргізу. Құдықтың сыртқы қабырғасын ескі изоляция материалынан босатып, оқшауланған зақымданған жерін тазалау. Дайындалған орынға гидроизоляция жағу. Құдықтың периметрi бойынша топырақ себу. Цемент ерiтiндiсiн дайындау және беттiк қабатты қалпына келтiру. Ескерту белгілерін алу. Сигнал ленталарын жинау.

Кесте 4.8 - Бир құдыққа кететін материалдар шығыны нормасы

Материал атауы

Өлшем бірлігі

Шығын нормасы

Битум мастикасы

кг

5,0

Гидроизол

кг

5,0

Цемент

кг

50,0

Құм

кг

150,0

4.2.6. Газ құдығы қабырғасы арқылы өту орнында газ құбыры қорабының герметизациясын қалпына келтiру

Жұмыстың мазмұны: Жұмыс жүргізілетін орын маңайында ескерту белгілерін қою. Жұмыс жүргізілетін орынды сигналды ленталармен қоршау. Бригада мүшелері арасында міндеттерін бөлу. Құдықтың қақпағын қоқыстан және бөтен заттардан тазалау. Құдықты газдылыққа тексеру, ашу және желдету. Құдыққа түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Құдыққа түсу. Қораптан ескі толтырылған затты алып тастау. Қорапқа толтырылатын затты қалпына келтіру. Қораптың шетiне таушайыр құю. Құдықты газдылыққа тексеру. Құдықтан шығу. Құдықтың қақпағын жабу. Ескерту белгілерін алу. Сигнал ленталарын жинау.

Кесте 4.9 – Бир қорапқа кететін материалдар шығыны нормасы

Материал атауы

Өлшем бірлігі

Шығын нормасы

Битум

кг

4,0

Каболка

кг

5,0

4.2.7. Беттiк қабатты қалпына келтiру

Жұмыстың мазмұны: Жұмыс жүргізілетін орын маңайында ескерту белгілерін қою. Жұмыс жүргізілетін орынды сигналды ленталармен қоршау. Бригада мүшелері арасында міндеттерін бөлу. Құдықтың қақпағын қоқыстан және бөтен заттардан тазалау. Құдықты газдылыққа тексеру, ашу және желдету. Құрылыс қоқысын жинау және зақымдалған беттік қабатты алып тастау. Цемент ерiтiндiсiн дайындау және дайындалған аумаққа құю. Құдықты жабу. Беттiк қабаттың қатуынан кейiн ескерту белгілерін алу. Сигнал ленталарын жинау.

Кесте 4.10 – Бір құдыққа кететін материалдар шығыны номасы

Материал атауы

Өлшем бірлігі

Шығын нормасы

Цемент

кг

50,0

Құм

кг

150,0

Қиыршық тас

кг

40,0

Жер асты және жер беті газ құбырларынан газ шығуын жою

4.2.8. Конденсат жинағыш, сутығындаманың бұрандалық байланысқан жерінің герметикалық еместігін жою

Жұмыстың мазмұны: Электрқорғауды ажырату. Газтарату желілерінде газ қысымын төмендету. Ковер қақпасын қоқыстан және бөгде заттардан тазалау. Коверді газдылыққа тексеру. Ковер қақпағын ашу және желдету. Конденсат жинағыш тірек тығынын бұру және уақытша бітеу орнату. Тығын бұрандасын, ескi тығыздағыш материалынан жасалған су бұрғыш құбырын тазалау және майлау. Қажет жағдайда су бұрғыш құбырда бұранданы алдын ала кесу. Конденсат жинағышның (су тығындама) су бұрғыш құбыры бұрандасын жаңа орау және майлау. Конденсат жинағыш (су тығындама) тiрегінде тығынды бұрау. Тұтынушыға газ беруді қалпына келтіру. Бұрандалық қосылыстың тығыз бекiтiлгендiгін тексеру. Коверді газдылыққа тексеру. Ковер қақпасын жабу.

Кесте 4.11 – Бір конденсат жинағыш, су тығындамасына кететін материалдар шығыны нормасы

Материал атауы

Өлшем бірлігі

Шығын нормасы

Бітеуіш

дана

1

Майлау

кг

0,05

Зығыр орамасы

кг

0,04

Сабын эмулсиясы

л

0,02

Темір қырғыш

кг

0,10

ЕскертуУақыт нормасында газдың беруiн (қайта бастау) төмендету шығыны ескерімеген. Уақыт нормасын газдың беруiн (қайта бастау) төмендетуін 4.2.22 п(.4.2.24п) қараңыз.

4.2.9. Катушка балқымасы болат газ құбырының балқытып бекітілген тоғысында сызат және жарылыс болған кезінде газ шығуын жою

Жер беті газ құбыры жұмысының мазмұны: Жөндеу аймағында газ қысымын азайту. Кесу аймағына дейінгі және кейінгі аймақта уақытша тірегіш орнату. Газ құбырының зақымдалған аймағын кесіп тастау. Газ құбырының кесілген шетін балқытып біріктіруді өңдеу, уақытша бекіткіш орнату, катушка дайындау үшін өлшемін алу. Жаңа құбырдан катушканың керек өлшемін белгілеу және кесiп алу. Балқытып біріктіруге катушканың шеттерiн тазалау. Қолданыстағы газ құбырына уақытша тығын қию. Балқытып біріктірілетін газ құбырларының шетін тазалау. Газ құбырларының арасында катушканы сәйкестендіру және орнату. Қолданыстағы газ құбырының катушкасын пiсiруiн жүргізу. Сәйкестендіргіш сақинасын алу. Балқытып біріктірілген тоғысының сапасына бақылау жүргізу. Тұтынушыға газ беруiн қайта қалпына келтіру. Балқытып біріктірілген тоғысының тығыз бекітілгендігін тексеру және газ құбырын сары түске екі қатар бояу. Уақытша тіректерді алып тастау.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120