Жұмыс мазмұны: Бригада мүшелерінің арасындағы мiндеттi бөлiп беру. Пәтерде, баспалдақ торында, көршілес этаж баспалдақ торында газ концентрациясын анықтау. Бөлмені үнемі желдетуді ұйымдастыру. Газдың шығу орнын арматура, есептегіш құрылғысы, газ қолданатын жабдықтар, ішкі газ құбырының дәнекерлеп қосылысынан іздеу. Газ құрылғысында пәтерге кіре берісіндегі шүмегін жабу арқылы немесе акт құру арқылы газ қолдану жабдықтарына газ беруді тоқтату. Газ приборында немесе газ құбырындағы газ шығуын бұрандалық қосылыс орамасын ауыстыру немесе газ приборының шүмегі көмегімен жою. Шүмектің немесе бұрандалық қосылыс беріктігін сабынды көпіршік немесе приборлық әдіспен тексеру. Пәтерді, баспалдақ торын, көршілес этаж баспалдақ торын газдылыққа сабынды көпіршік немесе приборлық әдіспен тексеру.
Кесте 4.137 – Бір сұранысқа кететін материалдар шығыны нормасы
Материалдар атауы | Өлшем бірлігі | Шығын нормасы |
Майлау | кг | 0,10 |
Зығыр орамасы | кг | 0,05 |
Сабын эмулсиясы | л | 0,50 |
4.4.19. «Даладағы газ иісі» сұранысымен жұмыс орындау
Жұмыс мазмұны: Подъезде жұмыс жасау орнына ескерту белгілерін орналастыру. Сигналдық лентамен жұмыс өткiзу орнын қоршалау. Бригада мүшелерінің арасындағы мiндеттi бөлiп беру. Газдалған аймақтағы сыртқы және енгізу газ құбырларының беріктігіне зерттеу жүргізу. Газдалған объектен 50 метр радиустағы ғимараттар, құдықтар, жертөлелер, үңгірлер және басқа да ғимараттарды газдылыққа тексеру. Газ шығу орнын приборлық әдіспен іздеу және жерасты газ құбыры аймағын бұрандалық зерттеу. Газ концентрациясы көп орында шурф жасау. Шұңқырды газдылыққа тексеру. Шұңқырға түсу кезінде қажеттi қауiпсiздiк шараларын қабылдау. Шұңқырға түсу. Шұңқырды қолмен жетілдіру. Газ құбырындағы газ шығу орнын анықтау. Құрсау немесе қамыт қою арқылы газ шығуын тоқтату. Құрсау немесе қамыт қойған орынның тығыз беріктігін тексеру. Шұңқырды газдылыққа тексеру. Шұңқырдан шығу. Ескерту белгілерін алу. Жөндеу бригадасына сұраныс беру.
Кесте 4.138 – Бір сұранысқа кететін материалдар шығыны нормасы
Материалдар атауы | Өлшем бірлігі | Шығын нормасы |
Резиналы нығыздағыш | м2 | 0,05 |
Қамыт | дана | 1 |
Болт | дана | 2 |
Гайка | дана | 2 |
Сабын эмулсиясы | л | 0,20 |
4.5.1. Газ арату желісіндегі газ қысымын бақылау
Жұмыс мазмұны: ГРП газтаратушы белгіленген сипаттамалы нүктелерімен сызбасын дайындау және тұтынушылар желідегі жоғары және орта қысымды, конденсатжинағыштағы қысымды өлшеу нүктелерін желідегі төменгі қысымды белгілеу. Конденсат жинағыш арасындағы қашықтық 500-700 метрден кем болмауы керек. Жұмысты орындау бойынша инструкциясын тындау. Жоғары және орта қысымды газ құбырларында ГРП дан шыққанда қысымды өлшеу, сонымен бірге өлшеу сызбасына сәйкес алыста орналасқан тұтынушылардың газ қысымын өлшеу. Ковер қақпағын ашып, конденсат жинағыш тірегінің тығынын бұрап және конденсат жинағыш тірегінің басына манометр жалғастырып төменгі қысымды газ құбырындағы газ қысымын өлшеу. Манометр көрсеткішін жазып алу. әрбір өлшеуден кейін манометр көрсеткішін жазу, тығынды бұрау. Сабынды көпіршік қосылысының тығыз бекітілгендігін тексеру. Өлшеулер нәтижесі бойынша жоба есебі сызбасымен салыстыру үшін қысымның режімдік картасын құру және газ қысымының жетіспеу себебін шығару.
Кесте 4.139 – Бір өлшеуге кететін материалдар шығыны нормасы
Материалдар атауы | Өлшем бірлігі | Шығын нормасы |
Майлау | кг | 0,20 |
Зығыр орамасы | кг | 0,14 |
Сабын эмулсиясы | л | 0,08 |
4.5.2. Хроматографта метанның табиғатын анықтау үшін газ үлгісін алу
Жұмыс мазмұны: Қолдық үрлегіш шлангасының бір шетін резина камерасына жалғау. Шланганың келесі шетін болжанған газ шығу орнына бағыттау. Үрлегішпен камераға газ ауа қоспасын сорып алу. Резиналық камераны талдау жүргізу үшін зертханаға жіберу.
4.5.3. Газ иісінің интенсивтілігін бақылау
Жұмыс мазмұны: Прибор инструкциясына сәйкес одориметрді жұмысқа дайындау. Тікелей газ құбырынан одориметрге газ үлгісін алу. Одориметрде анықталған газ концентрациясын 0% ден 2%ке дейін орнату. Сынақ жүргізушімен газ ауа қоспасының одаризация деңгейін ретпен анықтау, нәтижесін бланкіге жазу. Үш реттен әртүрлі газ ауа қоспасының концентрациясын сынақтан өткізу. Сынақ актісін рәсімдеу. Ауадағы газ концентрациясының газ иісі интенсивтілігіне тәуелділігі графигін жартылогарифмді қағазда салу. Иіс интенсивтілігі үш балдан төмен болмау қажет.
Газ құбырларын техникалық зерттеу
4.6.1. Топырақты ашпай прибор әдісімен жерасты болат газ құбырынын оқшаулау жабуының күйін зерттеу
Жұмыс мақсаты: тандалған орында генераторды газ құбырына қосу және газ құбырынан трассаға көлденең 10 метр қашықтықта жерлендіру. Жерлендірілетін штырды толық тереңдікте топыраққа көму. Жермен сенімді байланыстағы метал салуын қолдану. АНТПИ аппаратурасының төлқұжатына сәйкес аппаратуралар генераторды және қабылдағышты жұмыстық режімге келтіру және тексеру. Аппаратура көмегімен аймақтағы газ құбырының бағытын және оның осін орналасуын анықтау. Қабылдағышпен трасса бойымен жүріп, газ құбырының оқшауланған орындарын тексеру және қабылдағыш көрсеткішінің қалыпты көрсеткішінен екі есе жоғары көтеріген орындарын табу. Орнын байлап және сызбада белгілеу. АНТПИ аппаратурасының төлқұжатына сәйкес, оқшаулау зақымдалуы табылған орындарында газ құбырының толу тереңдігін АНТПИ приборымен анықтау.
4.6.2. Метал құбырдың күйін тексеру арқылы жерасты болат газ құбырының оқшаулау жабуының күйін шурфты тексеру
Жұмыс мазмұны: Құбырдың төменгі шетін 1,5 -2,0 м ұзындықпен және 0,5м тереңдікте газ құбырының аймағын ашу. Газ құбырының оқшаулау жабуының күйін тексеру. Қалыңдық өлшейтін прибормен оқшаулау қалыңдығын өлшеу. Метал құбырын тексеру үшін оқшаулау жабуының бөлігін алу. Құбырды тазарту. Құбырдың метал күйін тексеру. Ултрадыбысты қалыңдық өлшегіш көмегімен құбыр қабырғасының қалыңдығын анықтау. Қаттылық өлшегіш көмегімен үлкен қысымды газ құбырында құбыр металының қаттылығын анықтау. Құбырдың оқшауланған аймағына бандаж кигізу. Прибордың бір жағын оқшаулау жабуының ауыспалы кедергісін өлшеу үшін бандажға, екінші жағын құбыр металына жалғау және оқшаулау жабуының ауыспалы кедергісін өлшеу. Мултимер көмегімен қорғау мүмкіндігін анықтау. Төрт электродты М-416 прибоын жерге шурфтың қасына қою және топырақтың коррозиялық басымдылығын анықтау. Құбырдың жалаң аймағында оқшаулану жабуын қайта қалпына келтіру. Шурфты жабу және жолды жауып қалпына келтіру.
Кесте 4.140 – Бір шурфқа кететін материалдар шығыны нормасы
Материалдар атауы | Өлшем бірлігі | Шығын нормасы |
Праймер | кг | 0,64 |
Полимерлі-битумді лента | кг | 4,50 |
4.6.3. Топырақты ашпай прибор әдісімен жерасты болат немесе полиэтиленді газ құбырының тығыз бекітілгендігін тексеру
Жұмыс мазмұны: Газ құбыры трассасын қараудың бастапқы нүктесін таңдау. Газ құбырынан газ шығу орнын анықтау үшін приборды қосу және оның жұмыс істеуін тексеру. Газқұбыры трассасы өсінің орналасу орнын анықтау. Газ шығу мүмкіндігі көбірек жерде, газ құбыры осінен 30 см қиылысуы болған газ құбырынан тікелей үлгі алу. Газдың шығуы индикатордың тілшесінің ауытқуынан және дыбыстық индикациясының қосылуынан айқындалады. Газ құбыры өсінен 15 метр радиуста орналасқан ғимарат жертөлесін, коллекторларды, бақылау құбырын, газ құдықтарын және басқа жерасты коммуникацияларын газдылыққа тексеру. Оларда газдың барлығы анықталғанда газ құбырындағы газ шығу орнын анықтау. Газ шығу орнынан 50 метр радиуста орналасқан ғимараттарды газдылыққа тексеру. Газдылық анықталған жағдайда апаттық қызметті тез арада шақыру және сол жерде қалып, қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қабылдау.
4.6.4. Топырақты ашпай прибор әдісімен жерасты болат газ құбырының оқшаулап жабуының күйін және тығыз бекітілгендігін кешенді тексеру
Жұмыстың мазмұны: Анықталған орында генераторды газ құбырына косу және жерлендіру. Жерлендіру орны трассаға көлденең газ құбырынан 10 метр қашықтықта болу керек. Жерлендірілетін штырды толық тереңдікте топыраққа көму. Жермен сенімді байланыстағы метал салуын қолдану. АНТПИ аппаратурасының төлқұжатына сәйкес аппаратуралар генераторды және қабылдағышты жұмыстық режімге келтіру және тексеру. Аппаратура көмегімен аймақтағы газ құбырының бағытын және оның осін орналасуын анықтау. Қабылдағышпен трасса бойымен жүріп, газ құбырының оқшауланған орындарын тексеру және қабылдағыш көрсеткішінің қалыпты көрсеткішінен екі есе жоғары көтерілген орындарын табу. Орнын байлап және сызбада белгілеу. АНТПИ аппаратурасының төлқұжатына сәйкес, оқшаулау зақымдалуы табылған орындарында газ құбырының толу тереңдігін АНТПИ приборымен анықтау. Газ құбырынан газ шығу орнын анықтау үшін приборды қосу және оның жұмыс істеуін тексеру. Газқұбыры трассасы өсінің орналасу орнын анықтау. Газ шығу мүмкіндігі көбірек жерде, газ құбыры осінен 30 см қиылысуы болған газ құбырынан тікелей үлгі алу. Газдың шығуы индикатордың тілшесінің ауытқуынан және дыбыстық индикациясының қосылуынан айқындалады. Газ құбыры өсінен 15 метр радиуста орналасқан ғимарат жертөлесін, коллекторларды, бақылау құбырын, газ құдықтарын және басқа жерасты коммуникацияларын газдылыққа тексеру. Оларда газдың барлығы анықталғанда газ құбырындағы газ шығу орнын анықтау. Газ шығу орнынан 50 метр радиуста орналасқан ғимараттарды газдылыққа тексеру. Газдылық анықталған жағдайда апаттық қызметті тез арада шақыру және сол жерде қалып, қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қабылдау.
4.6.5. Қозғалмалы зертхана көмегімен прибор әдісімен топырақты ашпай жерасты болат газ құбырының оқшаулап жабуының күйін және тығыз бекітілгендігін кешенді тексеру
Жұмыс мазмұны: АНТПИ аппаратурасы көмегімен га құбыры күйін тексеру жүргізу. Газиндикаторымен газ құбырының тығыз бекітілгендігін тексеру жүргізу. Орындалған жұмыстар нәтижесі бойынша металдың ауытқу аумағын табу. Металдың ауытқу орнын коррозиметрде әдіспен ортаның коррозиялық қарқындылығын анықтау.
4.6.6. Сканерлеу әдісімен топырақты ашпай жерасты болат газ құбырының техникалық күйін кешенді приборлық тексеру
Жұмыс мазмұны: диагностикалау үшін трассаны (қоқысты алу, түптерді кесу) дайындау. Таныстыру белгілерін қою. Санау нүктесін таңдау. Катодты станция құрылғысына генераторды қосу, клемманың газ құбырына қосылуын қолдана және анодтық жерлендіру. Техникалық ісқағазына сәйкес генератор, одометр және С-SCAN детектор аппаратура жұмыстық режімге келтіру және тексеру. Детектормен газ құбыры трассасы бойымен қозғала жоспардағы орнын, толу тереңдігін және төменгі жиіліктегі генератордан газ құбыры арқылы өтетін, айнымалы тоқ тудыратын электромагнитті өріс градиенті өлшемін анықтау. Берілген нүктеде (техникалық ісқағаздар бойынша) берілгендерді және одометр көрсеткішін прибор жадына енгізу. Жиналған өлшеулер берілгендері нәтижесін компьютерге көшіру, онда арнайы бағдарлама көмегімен газ құбырының жалпы жабуының күйін және оқшаулау зақымдалу орнын анықтау мақсатында «Өріс кернеуі – қашықтық» - диаграммасын талдау жүргізіледі.
4.6.7. Жер асты (болат, полиэтиленді) газ құбырының беріктігін бұрғылық қараумен тексеру
Жұмыс мазмұны: Әрбір дәнекерленген қосылыстарда және конденсат жинағышта 20 – 30 мм диаметрлі скважинаны бұрғылау. Егер қосылыстар сызбасы белгісіз болса, онда скважинаны әрбір 2 метр сайын салу. Шахмат тәртібінде екі жағынан да газ құбырының өсінен, газ құбыры қабырғасынан 0,5 метр қашықтықта скважинаны орнату қажет. Газиндикаторы арқылы скважинада газ барлығын, қажет жағдайда ғимараттар мен салулардан бес метр қашықтықта ашық отпен қайталап тексеру. Тексеру нәтижесін газ құбыры төлқұжатына енгізу.
4.6.8. Ауамен нығыздау арқылы га құбырын беріктікке тексеру
Жұмыс мазмұны: бекіткіш, үрлегіш шырақ, бақылау өлшегіш приборлар, орнату орнын анықтау, компрессор қосу. Тексерілетін газ құбыры аймағын бекіткіш және қысым бақылау үшін уақытша манометр қою арқылы ажырату. Газ құбырында газ қысымын атмосфералыққа дейін түсіру. Мүмкіндігінше газды жағу. Газ құбырына компрессорды қосу. Төменгі қысымдағы газ құбырын жұмыстық қысыммен, орта және жоғарығыны 0,1 МПа (1 кгс/см2) дейінгі қысыммен газды толық шығарғанша үрлеу. Газ ауа қоспасының шығу жылдамдығын шрақта орнатылған кранмен реттеу. Үрлеу аяқталғанын алынған үлгіні талдау жолымен анықтау. Шрақ орнына бекіткіш орнату. ҚНжЕ 42-01-2және 17 кестеге сәйкес газ құбырындағы газ қысымын компрессормен сынамалыққа дейін көтеру. Газ құбырын сынақ қысымында ҚНжЕ 42-01-2және 17 кестеде көрсетілген уақытқа дейін ұстау. Қысымның тұсу өлшемін манометр арқылы анықтау және сынақ нәтижесі бойынша сынақ қысымы және оның түсу өлшемін көрсетіп акт жасау. Ауаның қысымын атмосфералыққа дейін түсіру және компрессорды ажырату. Бекіткішті алу және газ құбырын газбен толық ауа шыққанға дейін үрлеу. Ажыратылып қосылатын орындарды сабынды эмульсиямен тексеру. уақытша манометрді алу және бекіткішке штуцер қою. Бекіткішті уақытша манометр құрылғысы штуцерде пісіру.
Кесте 4.141 – Бір тексеруге кететін материалдар шығын нормасы
Материал атауы | Өлшем бірлігі | Шығын нормасы диаметрде, мм | |||||
100 дейін | 101-200 | 201-300 | 301-400 | 401-500 | 500 жоғары | ||
Бітегіш | дана | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 |
Электродтар | кг | 0,30 | 0,60 | 0,90 | 1,80 | 3,00 | 3,80 |
Майлау | кг | 0,10 | 0,20 | 0,30 | 0,40 | 0,50 | 0,60 |
Зығыр орамасы | кг | 0,10 | 0,16 | 0,25 | 0,35 | 0,43 | 0,50 |
Сабын эмулсиясы | л | 0,04 | 0,08 | 0,12 | 0,16 | 0,20 | 0,25 |
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 |


